Сайт жасау
Home » Тарих қоржыны

Тарих қоржыны

АЛТАЙ ТӨҢКЕРІСІ

Асқар ТАТАНАЙҰЛЫ,  жазушы, тарихшы        АЛТАЙ ТӨҢКЕРІСІ       (Оспан батыр хақында)  Халықтың қаһарынан қорыққан Шың шы цай үкіметі елді қан қақсатып соғысқа дайындалып жатқанда, төңкерісшілердің ішіндегі құрал тапсырмай кеткен партизандар Оспан Исламұлының бастауында іске кірісті. Оспан Исламұлы – Көктоғай ауданының Сұпты, Күрті деген жерін мекендеген адам, руы – абақ керей ішінде молқы, ата-бабасы шалқыған дәулетті де, ел білген білікті ...

Толығырақ »

ҚОЖАБЕРГЕН БАТЫР

Жоңғарға қарсы күресте Қабанбай, Бөгенбай, Ер-Жәнібек секілді батырлармен үзеңгілес болып, хан Абылайдың қасынан орын тепкен,   қазақ сарбаздарын  жеңістен жеңіске бастаған киелі ақ туын алып  жауға қарсы   аттанған  қазақтың  атақты  батырлардың бірі  Абақ керейдің Шұбарайғыр атасынан тараған Қожаберген Жәнібекұлы еді. Бұл  жерде бабаларымыздың талай  қанды  шайқастарының майдан  алаңдарында  желбіреген, Абылай заманынан бері атадан балаға өтіп, осы күнге дейін жеткен жалғыз ту ...

Толығырақ »

Бір ғана әнімен Алты Алашқа танылған сазгер

Қуанған Зияданұлы туралы үзік сыр Атажұртқа келген соң 1990-жылдардың соңына ала қазақ радиосында, тіпті ауыл үйлердің тойында «Заманымның қолын бұлғап өтіп бара жатқан-ай» деген құлаққа жағымды сазды әнді естіп, не болсада бір атақты композитордың шығармасы шығар деп жүрдім. Әнші болмасамда үйреніп алып үйде оңашада айтып жүрейінші деп әннің өлеңін іздей бастадым. Бірде Ақмола облысы Еркіншілік ауылында тұратын театрда 40 жылдай ...

Толығырақ »

Отарлаушы естеліктері: «Қазақты алма үшін ит сияқты атып тастады…Өкінбеді!»

Патшалық Ресей Қазақ Елін үш ғасыр бойы отарлау саясатын жүргізді. Жыл өткен сайын отарлау саясаты да, қазақ халқына жасалған әділетсіз қысым да күшейе берді. О баста шекаралас аумақтарға бекініс салудан бастаған Патшалық Ресей, кейінірек ішке ілгерілеп көші-қон және жайылымдық аудандарды басып алып, жергілікті халықты қысымға алды. Ал 19 ғасырдың екінші жартысынан бастап Патшалық Ресей қазақ даласына жаппай орыс шаруалары мен ...

Толығырақ »

ГОЛОЩЕКИН: «Қазақ ұлтшылдары кеше күшік, бүгін ит! Оларды жазалау керек»

Қазақстанның партиялық ұйымының бірінші басшысы Ф.Голощекин 1927 жылы бүкіл қазақтық конференциясында республикадағы басшылықта отырған қазақ патриоттарын сынады: «Біздің ұлтшыл бай, буржуазиялық интеллигенциямыз қандай? Жазықсыз ғой?! Ал олардың іс-әрекетін 1917 жылғы қазан революциясы уақытында және қазан революциясынан кейін қараңызшы.Ұлтшыл күшіктеріміз уақыт өткен сайын үлкен итке  айналуда.(күліп) Ұлтшылдықтың түрлі ұғымы бар. Бірі теңдікке ұмтылатын, дені сау, түзу жүретін тұлғалар болса, бірі байлардың ...

Толығырақ »

Өткен ғасырда қазақтар қандай болған — Ресей архивінен табылған суреттер

Атырауда «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында жарық көрген «ХХ ғасырдың 20-жылдарындағы Каспий маңы қазақтарының мәдениеті мен тұрмысы фотоқұжаттарда» альбомы кітапханаға тапсырылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. «Альбомда Ресей ғылым академиясы архивінің Санкт-Петербургтегі бөлімшесінде табылған 200-ден астам бірегей архивтік суреттер жинақталған. Бұл суреттерді профессор С. Руденконың жетекшілігімен 1926 жылы Одақтық және автономиялық республикаларды зерттеу жөніндегі арнайы комитеттің антропологиялық бөлімшесі Адаев уезінде ...

Толығырақ »

ҚОЖАБЕРГЕН БАТЫРДЫҢ ШАПАНЫ ТАБЫЛДЫ

Қазақ тарихы тағы бір жәдігермен толықты. Жақында Абылай хан за­манында өмір сүріп, қазақ-жоңғар соғысына қатысқан, кейін жоңғар ақсүйегі Әмірсанамен бірге жо­рықта болған, қазақ-қытай қақ­тығы­сы кезінде қол бастаған батыр Қожа­берген Жә­ні­бекұлының ша­паны табыл­ды. Құнды жә­дігер өткен ғасырдың 30-жыл­да­рына дейін Моң­ғолиядағы ұрпағы­ның қолын­да батырдың туымен бірге сақталып келіпті. Кейін батырдың ша­паны әулеттің жиен­дерінің қолы­на көш­се керек. Қазір жәдігер Қарағанды об­лысында сақтаулы тұр. ...

Толығырақ »

ҚАРАҚЫТАЙЛАР КӨШІ

Жунгоның орта ғасырлар тарихында Қидандарды Дун-ху (монголоид нәсілі) тобындағы Сяңби тармағынан деген. Олардың көнеден жеткен аңызы бойынша арғы тектері аспаннан жаралған (хоуи) ақбоз атқа мінген аспан адамымен тағы бір көк өгіз (өкреш) жеккен арбалы аспан сұлуынан (найман ана) таралады екен. Бұлар Мәуешан тауының етегінде Пендисунлин деген өзенмен қосылатын Шара Мұрын өзенінің бойында кездесіп қосылған дейді. Осылардан сегіз ұл туып сегіз ...

Толығырақ »

Он үш үйлі жанның аштықтан құтылуы

Ақын, ауыз әдебиетін жинаушы Бидолда Байсалаңұлы Бидолда Байсалаңұлы 1933 – жылы 11- айда ҚХР ШҰАР-ның Жеменей ауданының Маскөз (Ласты өзені) деген жерінде дүниеге келген. 1941-1944-жылдары Бурылтоғай ауданының Жетіарал өңірінде 1944- 1947-жыл діни дәріс алған. 1947-1950-жылдары  орталау мектепті бітірген. 1950-1951-жылдары Алтай аймақтық кадрлар мектебін бітіріп, 1951- 1954-жылдары Бурылтоғай аудандық, райондық-ауылдық үкімет құру қызметімен шұғылданған. 1955 жылы Шынжаң өлкелік кадрлар мектебінің заң ...

Толығырақ »