Сайт жасау
Home » Тарих қоржыны (page 7)

Тарих қоржыны

«Өлді» сөзінің өзгеше мәні не?

Қазақ тілі түркі тектес халықтар тілі ішінде ең бай тіл екенін ғалымдар 130 мыңдай сөз енген «Қазақ сөздігі»      (Алматы 2013 ж) арқылы танытты. Қазақ тілі сияқты моңғол тілі де аса бай тіл. Бірақ өз тіліңе қырғы тигізбейсің ғой, құмалағыңды төрттен қоясың. Осы саладығы әңгімеде бір моңғол досым: «Моңғолдар «өлді», «өлтірді» деген ұғымды 100 түрлі синониммен (балама сөзбен) жеткізеді, моңғолдың тілінің ...

Толығырақ »

ТЕГІН БІЛУ – ТЕКТІЛІК

Біз ата-бабамызға қатысты ескі тарихты немесе шежірені ақтарып жатсақ, жаңсақ түсінушелер кейде оны рушылдық шеңберінен қарайды. «Құран Кәрім» Ниса сүресі 1 аятында: «Алладан және туыстардан безуден сақтаныңдар!» деген Аланың қасиетті сөзі бар. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) хадистерінде туыстық қарым-қатынас, бауырмалдық жайында талай даналық айтылады. «Алашорда» ұлттық территориялық үкіметінің төрағасы Әлихан Бөкейхан сонау 1913 жылдың өзінде «Қазақ» газеті, № 2 саныда: «Өзінің ...

Толығырақ »

Ақыт қажының төрт өсиетін кім біледі?

Ақыт қажы Үлімжіұлы туралы Қытай, Моңғол қазақтарындай емес, атажұрттағы ел аса көп дерек біле бермейді.  Немесе атын естігенімен, еткен еңбегінен хабарсыз. Бүгінгі мақаламызда Ақыт қажының ғибратқа толы ғұмыры мен жүріп өткен жолы, артында қалған мол мұрасы туралы айтпақпыз. Дәл Ақыт қажыдай қажылық сапарын суреттеген адам кемде—кем.  Ақыт қажыдай Абайды түсінуге, оның өлеңдерін ақыл таразысынан өткізіп, халыққа жаюға ұмтылған адам кемде—кем. ...

Толығырақ »

Несіпалды Шақабайқызы туралы түйгендерім

     Найман ішіндегі Матай елінен тартайтын Қызай руының ұрпағы Жолболдының үлкен ұлы-Қожаназардың бәйбішесі, Қожаназарды «18 Қожаназар» атандырған әулие анамыз-Несіпалды күллі Қызай елі «Ақ ана» деп ардақтаған. Ақ ана-атанған Несіпалды Керейдің Жәнтекей руындағы әйгілі батыр Шақабай Есентайұлының жан дегенде жалғыз қызы. Оның Қызай еліне келін болып келуіндегі әңгіме «Мұра» журналының 2002 жылғы 3 санында жарияланған деректі аңыз мақаласын жұрттың көбі оқыған ...

Толығырақ »

АЛАШ ИДЕЯСЫ ЖӘНЕ ОСПАН БАТЫР БАСТАҒАН ӨР АЛТАЙ КҮРЕСІ

Өр Алтайдағы Оспан батыр Сіләмұлының ат жалын тартып мінген шағы Алаш дәуіріне тура келеді. 1899 жылы өмірге келген Оспан 1917 жылғы алашшылдар дәурендеген тұста оттай лаулаған он сегіз жаста еді. Өр Алтай қазақтары мен Семей, Өскемен өңірінің байланысы ежелден үзіліп көрген жоқ. Арғы жағы Құнанбай қажының Өр Алтай керейлеріне барып-қайтуынан басталатын жесір дауы, жер дауы, құда-жегжаттық, нағашы-жиендік, қажылық сияқты қазақы ...

Толығырақ »

Меккені 10 жыл басқарған ҚАЗАҚ

Абдолла қажы Сарыұлы Әл-Бұқари – Қазақтың екінші Бейбарыс сұлтаны. Араб елінде Бейбарыс сұлтаннан кейін, Сауд елі патшасының оң қол уәзірлігіне және Мекке қаласының әкімі лауазымына дейін көтерілген, Сауд-Арабия еліне «Еңбегі сіңген генарал», министр дәрежелі әскери басшы. Абдолланың өз есімі – Шәкен Сарыұлы. 1927 жылы Қытайдағы өр Алтайдың Шіңгіл ауданында туған, Орта жүз Керей ішіндегі Сарбас руынан. 1940-жылы қазақты қынадай қырған ...

Толығырақ »

Біз Түркияға қалай келдік?

1951 жылы Пәкістанға Түр­кияның елшілігі келді. Түркияға кетсек деп өтініш берген едік, түрік үкіметі: «1953 жылы аламыз», – деп қа­был етті. 1950 жылы Қы­тай­дан қашқан қазақтар легі Кашмирге келді. Солтан тәй­жі, Құсайын тәйжі, Қа­либек, Хамза Шөмішбайұлы, Дә­лел­хан Жанымханұлы, Омар Байқонақұлы, Хасен батыр, Қарамолда. Бұл адамдар екіге бөлініп, Түркияға кетті. 1952 жылы жартысы, 1953 жы­лы жартысы кетті. Кейі­нірек біздер Түркияға кетуге ...

Толығырақ »

Серік Мұратхан Алашорда үкіметі және Шығыс Түркістан қазақтары

Қазақ осы заманғы тарихында өз орнын ойып тұрып алған, алты Алаштың арманын бөліп-жармай, ортақ көтерген, тұтас Алаш ұранды Қазақтың басын біріктіргісі келген бірден-бір қозғалыс – Алаш Орда қозғалысы. Бірден-бір үкімет ол – Алаш-Орда үкіметі. Алаш  партиясы мен Алаш орда үкіметі, Алаш қайраткерлері туралы аға буын,  орта буын құлшына еңбектеніп жүр. Тіпті саясат сахынасына енді қадам басқан орта-жаңа буын саясаткерлерде өз ...

Толығырақ »

Тұрсынбай батыр

Абақ керейдің ұлтанды бөлегі Алтайға ат басын бұрғанда ашамайлы керей балалары Қызылжар өңірін мекендеп қалады да «Ошыбай», «Тұрсынбай» есімдерін ұран қылады. Мәшһүр-Жүсіп Көпеев аңыздарында 1757 жылы Талқы қамалындағы қытай әскеріне қарсы соғыста Балтакерей Тұрсынбай батырдың Абылай жасағының алдыңғы шабуылдаушы, кезеуілші тобының қолбасшыларының бірі болғаны туралы мағұлымат берілген. М.С.Мұқанов шежіресінде Тұрсынбай Қарасарыұлының (1713-1819) өмір сүрген жылдары мен ата-тегі: «Керей – Арыстанбек ...

Толығырақ »

Шәкәрім Құдайбердіұлы: ҚАЗАҚТЫҢ ҚАЙДАН ШЫҚҚАНЫ ТУРАЛЫ

Жоғарғы әр түрлі шежіре кітаптардың сөзінен біздің қазақ Нұх пайғамбардың Яфас деген баласының нәсілінен, қытайша Тукю – біздің тілде түрік аталған халықтан екені анық болды. Түрік деген «дулыға» деген сөз екен. Онан соң бір кезде ғун, яки хун деп аталыпты. Оны Нәжиб Ғасымбек Орхон өзеніне қойылған аттан қойылды дейді. Онан кейін әр түрлі атпен бөлектеніп кетсе де, біз ұйғыр атынан шыққан ...

Толығырақ »