Сайт жасау
Home » Атажұрт-арнасы, отандастар ойы

Атажұрт-арнасы, отандастар ойы

Еліміздің елдігіне, оның тәуелсіздігіне ешкім қиянат жасай алмайды.

Елағаы Байболат Бүтікейұлымен «Атажұрт kz»  тілшісі сұхбаты -Сіз бүгінгі қоғамның саяси ахуалына қанықсыз. Соның ішінде соңғы кездері билікке, Елбасына қарсы түрлі пікір айтушы жеке адамдар мен топтардың көзқарасына қалай қарайсыз? -Әрине, бұқаралық баспасөз ақпарат құралдарын, соның ішінде ғаламтор сайттарына көз жіберіп, оқып отырамын. Бүгінгі өркениет  жетістігі – төңіректің төрт бұрышын байланыстырған ғаламтор желісі адамдардың барлығын саясаткер қылып жіберді десек те ...

Толығырақ »

Қазақпен қазақ қасиетті тілімізде сөйлесейік

Тіл – адам баласын басқа тіршілік иелерінен артықшылығын даралайтын ерекше қасиет, қоғамдық қатынас құралы екенін әлемдік ойшылдар ғасырлар бойы айтып келе жатқанын жақсы білеміз. Соның ішінде әр ұлттың өз тілі өзіне соншалықты қымбат, ұлт болып жаралуының орынды мақтанышы. Тілі жоқ ұлт болу мүмкін емес. Басқаша айтсақ, тілін жоғалтқан халық өлген халық, өлген ұлт. Қазақ халқы тағдырдың басқа тауқыметтерінен болып ғасырлар ...

Толығырақ »

Құрылтай жастарға сенім жүктеді

Тәуелсіздіктен соң атажұртына оралған бір топ зиялы азаматтардың бастамасымен құрылған «Тарихи атажұрт» қоғамдық бірлестігінің жуықта алғашқы құрылтайын  өткізгені белгілі. Құрылтайда жасалған баяндамалар да, қабылданған шешімдер де жұрт көңілінен шықты деп ойлаймын.  Әсіресе «Тарихи атажұрт» қоғамдық бірлестігін құруға бастама көтерген,  сол бастаманы ақырына жеткізіп, ресми тұрғыда құрған Үзбен Құрманбайұлы ағамыздың баяндамасы мен жиынды ұйымдастыру барысындағы айтқан сөздері қоғамдық бірлестік туралы бұрынғы ...

Толығырақ »

Рухани жаңғыру және жадымыздағы жағымсыз қасиеттер

Бұл күндері Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласындағы көтерген идеяларды жүзеге асырудың жолдарын бүкіл халық болып қарастырып жатырмыз. Әсіресе филасоф, тарихшы ғалымдарымыз әргі-бергі өткен тарихымызға терең үңіліп, халқымыздың рухын әлсіреткен факторларға терең талдаулар жасауда. Отарлау саясаты қалыптастырған құлдық психологияны санамыздан сылып тастау, рухымызда сілкініс жасау рухани жаңғырудың негізі екені белгілі. Оның басты жолдары ұлттық рух, отансүйгіштік қасиеттерімізді ояту екендігінде дау ...

Толығырақ »

Көптің көңілінен шығатын үндеу

Қазақ «келісіп пішкен тон келте болмас» дейді. Әр іске ақылмен байыппен қарап, көпшілік пікірімен санасып істеген іс шаруаның нәтижелі болары сөзсіз. Мен «Тарихи атажұрт» қоғамдық бірлестігінің алғашқы құрылтайына бастан аяқ қатысып, көтерілген мәселелерге, сөз алған адамдардың ой пікірлеріне мұқият зер салдым. Менің басты түйген ойым; Елбасы үнемі айтып ескертіп келе жатқан тәуелсіздігімізді қорғау, халықтың ынтымақ-берекесін арттыру сияқты маңызды іске  жеке ...

Толығырақ »

«Тарихи атажұрт» Қоғамдық бірлестігінің I құрылтайының Қазақстан халқына жолдаған ҮНДЕУІ

                     2017 жыл 29 қараша Астана қаласы   «ҚАЗАҚ ЕЛІМ  МӘҢГІ  ЖАСАСЫН!»  Тәуелсіз қазақ мемлекетінің бүгінгі алтын ғасырында халқымыз «атасында көрмегенді ботасында көріп», бейбіт, бақытты өмірге жетті. 26 жылда жүздеген жылдарға тең келетін жеңістер мен жетістіктерге қол жеткізген Қазақ елі 2050 жылға дейін әлемдегі өркениет биігіне көтерілген ірі мемлекеттер қатарына өтуге бет бұрды. Әрине, бұл – тек қана береке-бірліктің, бір ...

Толығырақ »

 Алауыздық қанымызға сіңген дегенге мен сенбеймін

   Жуырда «Атажұрт» қоғамдық бірлестігінің алғашқы құрылтайына қатысқан едім.  Мені атажұртын аңсап келіп, еліміздің дамуына өз еңбегімен үлес қосып жүрген қыздардың бірі ретіне құрылтай басқармасына сайлап, сөз бергеніне дән риза болдым. Құрылтай мақсаты сан ғасырлар бойы ата-бабаларымыздың арманы болған, бүгінгі бақытты ұрпақ біздің дәуірімізде қолымыз  жеткен тәуелсіздігімізді сақтау, қорғау, ол үшін ұлтымыздың бойындағы алауыздық, көралмаушылық, бақталастық, қызғаншақтық сияқты жағымсыз қасиеттерді ...

Толығырақ »

«Тарихи Атажұрт» қоғамдық бірлестігі құрылтайынан Қазақстан халқына жолдаған үндеуінің маңызы

«Тарихи Атажұрт» қоғамдық бірлестігінің  құрылу себебін, алға қойған мақсатын жақсы түсінесіздер. Біз оралмандар өзгенің елінде, өзгенің жерінде туып өстік. Өмір бойы солардың жыртысын жырттық. Қазақтың біртуар азаматтарының бірі, қоғам қайраткері Дөрбетхан Тотилаұлы айтқандай соның өзінде олардан артық болсақ, тең болып, тең болсақ, кем болып өмір сүрдік. Сөйтіп жүргенде Қазақстан тәуелсіздігін алып, жеке ел болды. Осы сәтте Елбасы алыстағы ағайындарға ақ ...

Толығырақ »

Тарихи шешім қабылдаған құрылтай

Құрметті «Тарихи атажұрт» қоғамдық бірлестігін құрушы зиялы азаматтар, сіздердің алғашқы құрылтайға шақыруларыңызды қабыл алғаныммен, ауыл алыс жер шалғайлықтан бара алмағаныма кешірім өтінемін! Бірақ құрылтайларыңыздың сәтті өткенін ғаламтор арқылы көріп, біліп отырмын. Әсіресе, құрылтайдан көтерген үндеуді шетелдегі қазақтар біздер де қатты қуана қарсы алдық. Әрине, бұл өте-мөте уақытын тапқан, тарихта қалатын тарихи құжат деп білеміз. Күллі қазақ баласына керегі де осы ...

Толығырақ »

Көреалмаушылық, бақталастық, алауыздық –арымызға сын, бағымызға қиянат

Мен ана адаммын. Алты бала тәрбиелеп өсіріп отырмын. Ұрпағымды, әулетімді ойлайтыным шындық. Еліме, атажұртыма сол ұрпақ қамы үшін оралдым. Мен отанның қаншалықты ыстық екенін ерекше сезінемін. Қазір Қарағанды облысында тұрғылықты халықтан ешбір кем емес тіршілік етіп жатырмын. Өзім де, күйеуім де өнер саласында. Екеуіміз де өнер қайраткеріміз. Жолдасым Ерлан Бақтыгереев таяуда ғана еліміз көлеміндегі сараптаудан өткен «100 жаңа есім» жобасы ...

Толығырақ »