Сайт жасау
Home » Жаңалықтар

Жаңалықтар

Шетелдегі қандастарды тегін грантпен қамтамасыз ету үшін ХБО мен ДҚҚ меморандумға қол қойды

Бүгін Астанада Халықаралық бағдарламалар орталығы мен Дүниежүзі қазақтар қауымдастығы шет елде тұратын қазақ балаларын білім гранттарымен қамтамасыз ету бойынша меморандумға қол қойды.  Бұл жолғы білім гранттарын Ресей оқу орындары бөліп отыр. Әзірге анығы 10 мың грант. Қырғызстан мен Өзбекстанда тұратын қандастарымыздың оқушыларына деп жоспарланған гранттар 2018-2019 оқу жылына арналған. Қол қою рәсіміне қатысқан Дүниежүзі қазақтар қауымдастығы Төрағасының бірінші орынбасары Зауытбек ...

Толығырақ »

Бауыржан Дәлелұлы: Баян-Өлгий Атажұртпен бірлесіп жұмыссыздық мәселесін шешкісі келеді

Атажұрттан жырақта, азғана қазақтың басы қосылған, байырғы баба дәстүрдің бүгінге жеткен сарқытындай Баян-Өлгийдің басты мәселесі – жастардың жұмыссыздығы. Baq.kz ақпарат агенттігінің тілшісіне сұқбат беру барысында Баян-Өлгий аймағы Азаматтар өкілдер құрылтайының төрағасы Бауыржан Дәлелұлы шеттегі қандастардың Атажұртпен қарым-қатынасы жайлы ой бөлісті. — Бауыржан мырза, Астанаға қош келіпсіз! Алыстағы ағайын-туыс, қаймана қазағымыз аман ба? — Рахмет, атажұрттан жырақтағы аз ғана ағайын аман-есен, ...

Толығырақ »

Елбасының тапсырмасынан кейін Үкімет отырысы қазақ тілінде өтіп жатыр

Сейсенбідегі Үкімет отырысы қазақ тілінде өтіп жатыр. Мемлекет басшысы өз сөзінде латын әліпбиіне көшудің тарихи тұрғыда маңыздылығын атап өтті. «Біз қазақ тілінің мәртебесін көтеру жұмыстарын жалғастыруымыз керек. Парламент пен Үкімет тек қазақ тілінде жұмыс істеуі тиіс, бірақ бұл мәселеде азаматтардың құқығына нұқсан келмеуі керек. Олар үшін синхронды аударма мүмкіндігін қарастыру қажет», – деді Президент. Бүгін Үкімет отырысында алғашқылардың бірі болып ...

Толығырақ »

Туған жерге тағзым

Мына бір фотоға қараған сайын терең ойға батамын. Тегі, әуежай болуы керек, арғы жағында алып ұшақтың жайма қанаты көрінеді. Ер адам, қазақшалап айтқанда ақсақал қара жерді құшырлана сүйіп жатыр… Қасында ақ жаулықты бәйбішесі. Хош сонымен… Бұлар кімдер? Топырақты емірене иіс­­кеуіне қарағанда, атажұр­тына де­ген арман-аңсары тұла бойын­да сартап болып, сағынышқа айналған біреу-дағы! Демек, ата­жұртқа орал­ғандар-ау! Расында солай екен. Енді осы тарихты ...

Толығырақ »

Елордада ашылатын төртінші ауданға Байқоңыр атауы бекітілді

Жақында қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларының қоғамдық тыңдауында Астанада ашылатын төртінші ауданға Байқоңыр атауы ұсынылып, мақұлданды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі «Астана Ақшамы» газетіне сілтеме жасап. Облыстық мәслихат депутаттарының Байқоңыр атауына қатысты ұсынысы республикалық ономастика комиссиясымен мақұлданды. Соңғы кездесуде Сәулет және қала құрылысы басқармасының бастығы Бақтыбай Тайталиев Астанада жаңа аудан құру қажеттілігін түсіндірді. «Соңғы бес жылда Астана қаласының тұрғындары 35 пайызға ...

Толығырақ »

Қазақтың тарихи тұлғаларымен байланысты шетелдегі киелі жерлерді зерттеу жалғасады

Қазақ халқының тарихи тұлғаларымен байланысты шетелдегі киелі жерлерді зерттеу жалғасады. Бұл туралы бүгін Ақордада өткен ҚР Президенті жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның кезекті отырысында Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Бүгінде Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы жобасы бойынша 2018 жылға жоспар әзірленді. Олардың қатарында мынадай іс-шаралар енгізіліп отыр: кітаптар, фотоальбомдар, энциклопедиялар, соның ...

Толығырақ »

Қазақстанда үй сатып алу үшін қанша ақша жинау қажет?

Қазақстанда аумағы 40 шаршы метр болатын бір бөлмелі пәтер сатып алу үшін 63,5 орташа айлық номиналды жалақы немесе 367,5 минималды табыс жинау керек, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі LS сайтына сілтеме жасап. Екінші деңгейлі нарықтағы үйді сатып алу үшін 45,2 орташа немесе 261,5 минималды табыс қажет. Орал және Павлодар қаласының тұрғындары үйге бәрінен тез ақша жинай алады. Олар 3,4 жылда бір орташа ...

Толығырақ »

ЕЛІМІЗ ҚЫТАЙ ТАРАПЫНА ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ НОТА ЖІБЕРДІ

Қытайдағы этникалық қазақтардың жаппай қысымға ұшырағаны туралы ақпараттар расталды. Мәселенің мән-жайын анықтау үшін еліміздің Сыртқы істер министрлігі Қытай тарапына дипломатиялық нота жіберді. Бұл туралы бүгін министр Қайрат Әбдірахманов тілшілердің сұрағына жауап беру барысында мәлімдеді. Айта өтейік, бұрын «Шыңжаңда қазақтарды ұстап жатыр, олардың қатарында Қытайдан тарихи Отанына оралып, Қазақстан азаматтығына ие болғандар да бар» деген ақпарат тараған еді. Балаларымыз жазықсыз қамауда ...

Толығырақ »

Бүгін «Қиырдағы қазақтар» фильмінің тұсаукесері өтеді

Астанадағы «Mega Silk Way» СОО-да Моңғолия қазақтарының тарихы мен бүгінін баяндайтын «Қиырдағы қазақтар» деректі фильмінің тұсаукесері өтеді. Бұл жобаны 2017 жылдың маусым айынан бастап www.e-history.kzпорталының базасында ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі жүзеге асырды.  Деректі фильмнің мақсаты – ұлттық сана мен төл тарихты жаңғырту, алыс-жақын шетелдерде тұрып жатқан қазақтардың шынайы өмірін көрсету. Түсірілім тобы өте ауқымды жұмыстарды атқарды. Ресейдің Астрахань, Моңғолияның Ұлан-Батыр ...

Толығырақ »

Америкадағы қазақтар: Ақсайдан шыққан қарапайым жігіт Америкада бизнесін қалай ашты?

Бүгінгі күнде біз шетелдік компанияларда жұмыс істейтін талантты қазақстандықтар жайлы жиі естиміз. Біздің бүгінгі кейіпкеріміз де шетелдегі талантты қазақстандықтардың бірі. Бірақ ол компанияда жұмыс істемейді, ол өзінің жеке фирмасын Америкада құрып, онда бизнес жасап жүр. Нұржан Әбілгазы- жас кәсіпкер. Бизнесін бұрын Қазақстанда жасаған. Кейін АҚШ-қа кетіп, сол жерде жеке фирмасын ашқан. Фирмасының аты —  ANK. Ол қалай ашты, не істегені ...

Толығырақ »