Сайт жасау
Home » Жаңалықтар (page 10)

Жаңалықтар

Астанада 300-ден астам дарынды оқушы бас қосты

Елордадағы Оқушылар сарайында «Балаға мейірімді Қазақстан» атты республикалық балалар форум-фестивалі ұйымдастырылды. Оған еліміздің әр өңірінен келген 320 дарынды оқушы қатысуда, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.  Балалар форумы 20-21 қараша аралығында Дүниежүзілік балалар күнін мерекелеу аясында өтіп жатыр. Іс-шараға Парламент Мәжілісінің Қазақстан Республикасындағы балалар құқығы бойынша уәкілі және Қазақстандағы БҰҰ балалар қоры (ЮНИСЕФ) қолдау білдірді. Ал форумды ҚР Білім және ғылым министрлігі ...

Толығырақ »

Елордада «Көш көлікті болсын!» Республикалық акциясы өтті

Бүгін елордада «Нұр Отан» партиясы Орталық апаратының Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесі және аудандық, аймақтық  филиалдарының қоғамдық қабылдау бөлмелерінде Қр Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Ішкі істер, Сыртқы істер, Ауыл шаруашылығы, Әділет министрлігі және Астана мен Алматы қаласы, облыс, қала, аудан әкімдіктерінің қатысуымен екінші рет «Көш көлікті болсын!» Республикалық акциясы өтті. Аталмыш акцияға ҚР Мәжіліс депутаты Ерсұлтан Бектұрғанов, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Төрағасының ...

Толығырақ »

Моңғолия премьер-министрі бүркітші қыз Айшолпанмен кездесті

АСТАНА. ҚазАқпарат — Қыран бүркіт баптап, қырдың қызыл түлкісін аулап, әлемге танымал болған моңғолиялық қандасымыз Айшолпан Нұрғайыпқызын Моңғолия прьемері Ухнаагийн Хурэлсух (Khurelsukh Ukhnaa) мырза қабылдады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА. АҚШ киногерлерінің «Бүркітші қыз» фильмі арқылы әлемге танымал болған Айшолпан қарындасымыз Моңғолия премьерімен болған кездесуге қазақтың ұлттық киімін киіп барған. Аталған елдің премьері Facebook әлеуметтік желісіндегі жазбасында Айшолпан бас кейіпкер ретінде ...

Толығырақ »

Шетелдегі қазақтардың кітаптары халықаралық көрмеде таныстырылды

Түркияда 36-шы халықаралық «Ыстамбұл кітап көрмесі» өтті. Биыл айтулы шараға дүние жүзінен қатысқан 800-ден астам баспа үйінің өнімдері көпшілік назарына ұсынылды. Олардың арасында сиясы кеппеген су жаңа туындылар да бар. Сондықтан көрме аясында тұсаукесер рәсімі өтіп, кітап авторлары оқырмандарына өз шығармаларын кеңінен таныстырды. Халықаралық көрмеде Түркиядағы қазақ диаспорасының қолдауымен жарық көрген кітаптар да ел назарына ұсынылды. «Қазақ түріктері» білім және ...

Толығырақ »

Қанат Ислам жыл спортшысы атанды

Қанат Ислам қазақстандық «Жыл таңдауы» жобасының нұсқасы бойынша жылдың үздік спортшысы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл туралы Қанат Исламның PR-менеджері Берік Сұлтан Facebook желісіндегі парақшасында жазды. «Қанат Ислам «Жыл таңдауы» жобасының нұсқасы бойынша жыл спортшысы атанды. Кəсіпқой рингте 25 кездесу өткізіп барлығында жеңіске жеткен, оның 20-сын нокаутпен ұтқан ұлтымыздың мақтанышы, WBA intercontinental, WBO NABO чемпиондық белбеуінің иегері Қанат Ислам «Қазақстандағы ...

Толығырақ »

Қытайда төте жазудан латын графикасына көшу ұсынылды

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қазақ тілі әліпбиінің латын графикасына көшірілуіне Қытай лингвистері қызу қолдау білдіріп, шыңжаңдық қазақтар мен ұйғырларға да латын графикасына көшуді ұсынып жатыр. Бұл туралы «Жібек жолының жаңа көкжиегі» сайтына сілтеме жасай отырып «ҚазАқпарат» хабарлады. Басылым қытайшадан қазақ тіліне аудару ісінің маманы, көп жылдар бойы ҚХР Ұлттар істері жөніндегі мемлекеттік басқармасының жанындағы аударма бюросында еңбек еткен аудармашы Ши Чжунсяоның (Shi ...

Толығырақ »

Шетелге шығатын болсаңыз, есте сақтаңыз!

«Әр елдің салты басқа, иттері қара қасқа дегендей» шекара асып басқа елдің табалдырығын аттайтын болсаңыз, есте қатаң сақтау керек нәрселер де бар. Өйткені елімізден жай қыдырып қайту үшін өзге елге барып, істі болып, қайта алмай жататын қандастарымыз жетерлік.  Шет елге шыққан кезде, ең алдымен, жол құжаттарыңыздың дұрыстығын тексеріп алу керек. Әсіресе, паспорттағы тегіңіздің, атыңыздың, әкеңіздің атының (латын тіліндегі транслитерациясы да), ...

Толығырақ »

Қазақ жігіті Моңғолия құрамасы тарихында тұңғыш болып хэт-трик жасады

Қазақ жігіті Жансерік Маратханұлы Моңғолия футбол тарихында ресми ойындарда бірінші болып хэт-трик жасады, деп хабарлайды Vesti.kz порталы. Бұған дейін Моңғолия футбол тарихында мейлі жастар болсын, мейлі Ұлттық құрама сапында болсын ешкімде ресми кездесулерде үш гол соғып, хэт-трик жасамаған. Маратханұлы хэт-трикті Азия біріншілігінің жастар арасындағы (19 жасқа дейінгі) іріктеу кезеңінде Сингапур құрамасына жасады. Ал ойын жалпы 4:2 есебімен аяқталды. Кездесу барысында Моңғолия құрамасы ...

Толығырақ »

Қазақтың бүркітші қызын Гарвард және Оксфорд университеттері оқуға шақырды

Айшолпанның дәрігер болсам деген арманы жуық арада орындалады. Моңғолия премьер-министрі У.Хүрэлсүх бейсенбі күні бүркіт баптап танымал болған қазақ қызы Айшолпан Нұрғайыпқызын қабылдады, деп хабарлайды  asiarussia.ru. Режиссер Отто Белланың «Бүркітші қыз» деректі фильмінің бас кейіпкері, моңғолиялық қазақ қызы Айшолпан қазіргі таңда 11-сыныпта оқиды. Таяуда ғана ол Азияның «Asia Game Changer Awards 2017» марапатын жеңіп алған болатын. «Бүркітші қыз» фильмі — тамаша ...

Толығырақ »

Көші-қон полициясы тіркеуді сатып жүргендермен күресе алмайтынын айтады

Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысынан ши шығып жатыр. Үй иесіне айтпай тіркеу жасап беретін кімдер? Құзырлы орган көші-қон полициясы неге қауқарсыз? Жуырда Алматыдағы Халыққа қызмет көрсету орталығындағы жеке деректердің тарап кетуі көпшілікті сары уайымға салды. Жаппай egov.kz порталындағы жеке кабинетіне кіріп көрсетілген қызмет тізімін қарай бастаған жұрт өздері тапсырыс бермеген қызметтің көрсетілгенін Facebook желісінде жарыса жазып, тіпті жеке меншік үйінде бейтаныс адамдардың ...

Толығырақ »