Сайт жасау
Home » Жаңалықтар (page 17)

Жаңалықтар

Зауытбек Тұрысбеков «Тарихи атжұрт» қоғамдық бірлестігінің атқарушы директорын қабылдады

Кеше, Дүниежүзі Қазақтары Қауымдастығының бірінші орынбасары Зауытбек Тұрысбеков «Тарихи атжұрт» қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Үзбен Құрманбайұлын қабылдап әңгімелесті. Бұл туралы Atazhurt2050.kz ақпараттық порталының тілшісі хабарлайды. Кездесуде Үзбен Құрманбайұлы жаңадан құрылған «Тарихи атжұрт» қоғамдық бірлестігінің алдағы атқарар іс қызметі туралы таныстырып, бірлестіктің мақсаты мен мүдесі Дүниежүзі Қазақтары Қауымдастығымен ниеттес екенін жеткізді. Аталмыш қоғамдық бірлестіктің  Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар – рухани жаңғыру» мақаласы ...

Толығырақ »

Елбасы латын әліпбиін бекітті

Президент әкімшілігіне тиісті жарлық әзірлеу тапсырылды. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев латын графикасындағы ұсынылған әліпби жобасын бекіту туралы жарлық әзірлеуді тапсырыпты. Бұл туралы президент әкімшілігінің жетекшісі Әділбек Жақсыбеков пен президент әкімшілігі жетекшісінің бірінші орынбасары Марат Тәжинмен болған кездесу барысында белгілі болды. Бұл жайында Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаев латын қарпіне негізделген қазақ әліпбиінің соңғы жобасы қызу талқыланып, қоғам тарапынан қолдау тапқанын атап өтті. – ...

Толығырақ »

Қандастар Сыртқы істер министрлігінен араша сұрады

24 қазан күні Алматы қаласы мен Алматы облысында тұратын бір топ қандасымыз Сыртқы істер министрлігінен араша сұрап, аталған министірліктің Алматы қаласындағы басқармасына бас сұқты. Өздері қазақстан республикасының азаматтығын алғанымен, азаматтық алып үлгірмеген туыстарының қолды болуы оларды қатты алаңдатқан екен. Жəбір көрушілердің айтуына қарағанда олардың көбі осы елге — Отанына көшіп келіпті. Алайда екіге жарылған отбасылардың жарым-жартысы көшу-қамымен жүргенде қытай жағынан ...

Толығырақ »

Дүниежүзі қазақ жастары арасында шағын футболдан жарыс өтті

Әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған қазақ жастары Алатаудың баурайында «Ер Жәнібек» халықаралық қоғамдық қорының ұйымдастыруымен шағын футболдан дәстүрлі «ER JANIBEK CUP-2017» халықаралық турнирін өткізді. Жыл сайын өтетін теңбіл доп жарысының биылғы турнирі белгілі ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Тұрсынбек Кәкішевтің 90 жылдық мерейтойына арналды. Жүлде қоры 2 млн теңгені құраған турнирге биыл Франция, Германия, Түркия, Иран, Ресей, Монғолия, Қытай және Өзбекстанда тұратын ...

Толығырақ »

Қытайда оқитын қазақ қыздары не істеп жүр?

Шетел асып, білім алып жатқан қазақстандық студенттер саны жыл сайын өсіп келеді. Соңғы жылдары әсіресе Қытай елінде оқуға жастардың қызығушылығы артып жатқан секілді. Осы орайда, Қытайдың Нанкин қаласында оқитын қазақ баласы NUR.KZ порталының тілшісіне аспан асты еліндегі оқу мен студенттік өмір туралы айтып берген болатын. Өзінің ата-жөнін атамауды өтінген студент ең алдымен қазақстандықтарға Қытайға оқуға түсу өте оңай екенін атап өтті. «ҰБТ ...

Толығырақ »

Министр Қытайда қысым көрген қазақтардың мәселесі қалай шешіліп жатқанын айтты

Қазақстанның сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Қытайда қиындыққа тап болған қазақтардың мәселесі қалай шешіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды Sputnik. 23 маусымда Астанада өткен Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайында Германиядан келген қазақ елбасыға Қытай үкіметінің ондағы қазақтарға қысым көрсетіп, қандастарымыздың құқықтарын таптап жатқанын жеткізген болатын. Нұрсұлтан Назарбаев бұл жағдайдан хабарсыз екенін айтып, Сыртқы істер министрлігіне мәселенің анық-қанығын анықтауды тапсырған еді. “Жуырда өткен қазақтардың ...

Толығырақ »

Алматыда Тұрсынбек Кəкішұлының 90 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиын өтті

Бүгін əл-фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде профессор, қазақтың үлкен ғалымы, қайраткер азамат Тұрсынбек Кəкішұлының 90 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиын өтті. Ұлағатты ұстазды еске алуға арналған шара әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Тұрсынбек Кәкішев атындағы дәрісхананың ашылуынан басталды. Зиялы қауым көрнекті ғалымның ұлтқа сіңірген еңбегін жастарға өнеге ретінде айтып берді. Соңында ғалымның еңбегіне арналған ғылыми конференция өтті. Кеште оның тәлімін алып, көзін ...

Толығырақ »

Қанат Ислам Boxrec рейтингінде тағы да екі саты жоғарылады

Қазақ кәсіпқой боксшысы Қанат Ислам жаңарған Boxrec рейтингінде екі саты жоғарылап, 11-орынға көтерілді, деп жазады Массагет.кз. Рейтингте бірінші орта салмақтағы боксшылар арасында америкалық Эрисланди Лара көш бастап тұр. Екінші орынға екінші бір америкалық боксшы Джермелл Чарло орналасқан. Үштікті пуэрто-рикалық Мигель Котто түйіндеп тұр. Қанат Ислам соңғы жекпе-жегін 9 қыркүйек Астана қаласында Брэндон Кукке қарсы өткізіп, 9-раундта техникалық нокаутпен жеңіске жеткен ...

Толығырақ »

Көрші Өзбек еліндегі қазақтардың тұрмыс-тіршілігі туралы не білеміз? (видео)

Ресми дерек бойынша, бүгінде Өзбекстан елінде бір миллионға жуық қандасымыз тұрады. Оның басым көпшілігі Ташкент қаласы мен Навои облысында. Осы ретте Оңтүстік Қазақстан облысындағы NUR.KZ тілшісі шекара асып, өзбек еліндегі қазақ ауылында болып қайтты. Өзбекстан Республикасының Навои облысы қазақтардың мекені ретінде көпшілікке таныс. Аталған облысқа сегіз аудан қараса, оның төртеуі: Кенимех, Тамды, Үшқұдық және Нұр Ата аудандарындағы тұрғындардың басым көпшілігін қазақтар құрайды. ...

Толығырақ »

Моңғолиялық қандасымыз Моңғолия мемлекетінің министірі атанды

Қазақтар Моңғолияның жан санының 7 пайызын ғана құрайды. Соған қарамастан күні бүгінге дейін мемлекеттік биліктің жоғары лауазымды қызметтерінен  қазақ азаматтары үзіліп көрген емес. Ғылым докторы, академик марқұм Зардыхан Қинаятұлының Монғолия парламенті спикерінің орынбасары, вице премьр дәрежесіне дейін көтерілгені елімізге белгілі. Ал Тілейхан Орынұлы , Мәуліт  Ұтқанұлы, Сандалхан Раздықұлыл қатарлы азаматтар құрылыс, энергетика, тау-кен салалары бойынша министр лауызымына, Ахмет, Тегісші Төлеубай, ...

Толығырақ »