Сайт жасау
Home » Жаңалықтар (page 2)

Жаңалықтар

ҚР Президенті Әкімшілігінде жаңа тағайындау болды

Мемлекет басшысының Өкімімен Бақытжан Берікбайұлы Темірболат Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Жалпы бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.  Мемлекет басшысының Өкімімен Мирболат Хабиұлы Жақыпов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Жалпы бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды.

Толығырақ »

Қазақтың «Көкжалы» Шиандағы жарыста бас жүлдені жеңіп алды

Қазақтың «Көкжалы» Шиандағы жарыста бас жүлдені жеңіп алды — kazakcnr.com   Шианда ережесіз жекпе-жектен 84 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Естай Темірұлы (лақап аты «Көкжал») іріктеу турнирінде бас жүлдені жеңіп алды. Ол осылайша ақпанның 5-8 күндері Қытайда өтетін әлемдік жекпе-жекке жолдаманы қанжығалап отыр. «Біздің батырымыз Естай додада шешесі тіккен ұлттық киімді киіп, салауатын асырып, дұшпанның сағын сындырардай айбармен шаршы алаңға ...

Толығырақ »

Түркияда тұратын қазақ скрипкашы 101 жасында өмірден өтті

Фото: Baq.kz Қазақ скрипкашысы ретінде танылған этникалық қазақ Әлім Алмат (Ғалымжан Әбсәләмов) Стамбулда 2 ақпан күні 101 жасқа қараған шағында дүние салды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі. Азаттыққа бұл хабарды марқұмның Ақтөбеде тұратын туысы Роман Рахиев жеткізді. — Бізге хабар бүгін таң алдында келді. Ақтөбеден Стамбулға тікелей рейс болмағандықтан, жаназасына үлгере алмаймын. Сондықтан Әлім Алматтың ұлы Төреге қоңырау шалып, көңіл ...

Толығырақ »

Баян Мақсатқызы Улаанбаатарда Қазақ аруы халықаралық байқауын ұйымдастырмақ

«Қазақ аруы» халықаралық байқауына биылдан бастап Қазақстан Республикасынан сырт Моңғолия, Түркия, Ресей, Өзбекстан және Қырғызстанда іріктеу өткізіліп, ақтық мәреде бақ сынайтын үміткерлер таңдап алынады. Қазақстанның белгілі продюсері Баян Мақсатқызы Улаанбаатар қаласында 2018 жылы ақпанның 15-20 күндері «Қазақ аруы» халықаралық байқауын ұйымдастырмақ. Қазақ тілін еркін меңгеріп, тарих, мәдениет, салт-дәстүрді білсеңіз, сымбаты мен сәніңіз, өнер мен дарыныңыз келіссе, Сізге «Қазақ аруы» болу мүмкіндігі ашық. Аталған ...

Толығырақ »

Моңғолиялық қандасымыз қазақстандық кикбоксинг шеберлерін рингке шақырды

Кәсіпқой кикбокстан Моңғолияның бірнеше дүркін чемпионы, әлем чемпионатының қола жүлдегері Исламаллабек Шаяхметұлы 65-70 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Қазақстандық әріптестерін рингке шақырды. Бұл туралы осы аптада kaznews.mn порталы хабарлаған еді. Моңғолиялық кикбоксшы осылайша, қазақстандық әріптестерімен де бағын сынап көрмек екен. «Оның айтуынша, Қазақстанда кикбоксинг жақсы дамыған. Сондықтан бағымды сынап көргім келеді. Қазақстандық спортшылар тарапынан ұсыныстар келіп түссе, шаршы алаңда жекпе-жек ...

Толығырақ »

Елбасы «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасарын ауыстырды

Мемлекет басшысы «Нұр Отан» партиясы төрағасының жаңа бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаевты таныстырып, Мұхтар Құл-Мұхаммедке атқарған жұмысы үшін алғыс айтты. – Мұхтар Құл-Мұхаммед Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалуына байланысты партия төрағасының бірінші орынбасары лауазымынан босатылады. Осы жауапты қызметтегі үлесіңіз бен сіңірген еңбегіңіз үшін алғыс білдіремін. Осыған орай партия төрағасының бірінші орынбасары лауазымына Мәулен Әшімбаевты тағайындау туралы шешім қабылданды. Ол ...

Толығырақ »

Ыстамбұлдан шыққан қазақ (видео)

25 қаңтар күні Алматыда «Ыстамбұлдан шыққан қазақ» атты деректі фильмнің тұсасуы кесілген еді. 29 қаңтар күні тұсаукесер көрсетілім қайталанады деп хабарлайды Jebeu.kz. Осыған дейін бір бөлім көрермен фильмді ютуб желісінен көріпте үлгірді. Деседе, «үлкен экраннан көргеннің әсері бөлек» деп Фильмді түсіруге демеуші болған Досым Сәтбаевтің жеке мәдени-ағартушылық қоры мен Қазақ Неміс университеті тұсау кесер көрсетілімнің қайталануына шақырып отыр. Режиссер Райхан ...

Толығырақ »

Атырауда Көші-қон қызметі орталығын салу ұсынылды

АСТАНА. ҚазАқпарат — ҚР Ішкі істер министрі Берік Бисенқұлов Атырау облысына жасаған жұмыс сапары барысында өңір орталығында орналасқан бірқатар нысан құрылысымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. ҚР ІІМ баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ол Атырау облыстық ІІД және Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының жаңа ғимаратында болды. Облыстық ІІД басшылығы өңірге жыл сайын шамамен 60 мың шетелдік жұмыс күшіне квота берілетіндігін айта келе, ...

Толығырақ »

Батыс Қазақстанға бір жылда 45 оралман отбасы көшіп келді

ОРАЛ. ҚазАқпарат — Батыс Қазақстан облысына өткен жылы 45 оралман отбасы көшіп келді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі. Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Қалияр Айтмұхамбетовтің айтуынша, осылайша, өңірге қоныс аударған 68 қазаққа оралман мәртебесі берілді. ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасы бекітіліп, оған Ақмола, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстары енгізілген. ...

Толығырақ »

Қазақтың қар шаңғысын жасаушы қарт

Қытайдың Алтай аймағында тұратын қандасымыз Сіләмбек Сағынышұлы қазақтың байырғы тері шаңғысы қалай жасалатынын айтып берді. Бұл туралы Қытайда жарық көретін «Халық газеті» жазды. Қазақ құндылығын құнттап жүрген Сіләмбек Сағынышұлы Алтайдың Ласты кентінің Ноғайты ауылында тұрады. Ол әлі де көне мұрамыздың отын өшірмей жалғастырып келе жатқанын, сондай-ақ, арнайы шәкірт тәрбиелеп жүргенін айтады. Өңірде тері шаңғы жасауда одан асатын шебер жоқ. 2010 ...

Толығырақ »