Сайт жасау
Home » Жаңалықтар (page 20)

Жаңалықтар

Павлодар облысына қандастарымызды қоныстандыруға 100 квота бөлінді

ҚР Үкіметінің «Оралмандар мен қоныс аударушыларды қоныстандыру үшін өңірлерді айқындау туралы» қаулысына сәйкес, «Павлодар облысына 100 отбасыға квота берілді. Сонымен қатар, ішкі мигранттар үшін 50 квота бөлінді». — деп хабарлайды Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметіне сүйеніп Atazhurt2050.kz ақпараттық порталы. Ведомствоның бөлім басшысы Меруерт Есембаеваның хабарлауынша, Павлодар облысы әлем елдеріндегі қандастарымызды да қоныстанып жатқан көрінеді. Ресми мәліметтерге сүйенсек жыл ...

Толығырақ »

Тұрсынбек Кәкішевтің 90 жылдығына орай шағын футболдан халықаралық турнир өтеді

2017 жылдың 21-22 қазанында филология ғылымдарының докторы, профессор Тұрсынбек Кәкішевтің 90 жылдығына орай «Ер Жәнібек» халықаралық қоғамдық қорының ұйымдастыруымен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың спорт кешенінде дүние жүзі қазақ жастары арасында шағын футболдан дәстүрлі «ER JANIBEK CUP» халықаралық турнирі өтеді. Осыған орай, бар өмірін қазақ әдебиеті сынын зерттеу мен Алаш арыстарын жоқтауға арнаған білгір ғалым, ұлағатты ұстаз Тұрсынбек Кәкішевтің 90 жылдығында шағын ...

Толығырақ »

Алтайдан көшіп келген ағайын ауданда « Ат сүйер» қауымдастығын құрды

Қоғам қайраткерлерінің бірі «Қазақ ұлтына сырттан келер үлкен көмек бар, ол-оралмандар» деген сөз айтқаны бар. Шеттен келіп жатқан қазақтар бүгінде қай жерде болса да еңбекқорлығымен ерекшеленіп, кәсіппен айналысуға, мал табуға деген құлшынысымен қадірлі болып жүр. Жоғалып бара жатқан ата-дәстүр, салтымызды қайтадан ортамызға алып келіп, жаңғыртып, жалғастырып жатқан да сол ағайындар екені рас.  Зайсан ауданына іссапармен барған жолы Қарабұлақ ауылына көшіп ...

Толығырақ »

Тамара Дүйсенова. Шетелден білікті қазақ мамандарын тарту үшін дербес электронды дерек қоры жасақталады

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова үкіметте көші-қон саясаты тұжырымдамасының жобасын таныстырғанда бесінші Дүниежүзі қазақтары құрылтайындағы Елбасы тапсырмасын тиянақтауға басымдық берілгенін тілге тиек етті. «Шетелде тұратын қандастарымызбен байланысты жандандыру үшін Дүниежүзі қазақтары қауымдастығымен етене жұмыс жасау көзделіп отыр. Бүкіл әлем бойынша этникалық қазақтар сапынан жоғары білікті мамандарды тартуда жүйелі іс-қимыл атқару үшін дербес электронды дерек қоры жасақталады», –деді ...

Толығырақ »

Шығыс қазақстанға бір жылда шетелден 305 қазақ отбасы көшіп келді

Шығыс Қазақстан облысына ағымдағы жылдың өткен сегіз айының қорытындысы бойынша 305 қандас отбасы, жалпы саны 595 адам қоныс аударды, деп хабарлайды Atazhurt2050.kz ақпараттық порталы. Анықтап айтар болсақ Қытай халық республикасынан 260 отбасы (513 адам); Монғолиядан 30 отбасы (60 адам); Өзбекстаннан 5 отбасы (7 адам); Ауғанстаннан — 6 отбасы (11 адам); Ресей Федерациясынан — 4 отбасы (4 адам) көшіп келген. Көшіп ...

Толығырақ »

Жамбыл облысының полициясы 250 жалған құжатқа қатысты пікір білдірді

Жамбыл облысында түпнұсқа құжаты жоқ 250 шетел азаматының Қазақстаннан шығарылуы жайындағы мәселе қарастырылып жатыр. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды. Жуырда 2015 жылы Қытайдан көшіп келген қандастарымыздың жалған ыхтиярхатпен жүргендерін анықтаған болатынбыз. Заңға сәйкес, олар елден депортацияланулары керек. Бірақ, олар Қытайға қайтқан жағдайда, сол елдің заңына сәйкес өздерінің сотталатындарын айтып жатыр. Ал Жамбыл көші-қон полициясы оларға ешқандай да жалған құжат бермегендерін мәлімдеген. “2015 жылы ҚХР ...

Толығырақ »

Мемлекет басшысы Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеу туралы Өкімге қол қойды

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеу туралы Өкімге қол қойды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлап отыр. Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеуді дайындау және өткізу мақсатында: 1. Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласының 20 жылдығын дайындау және өткізу жөніндегі комиссия (бұдан әрі –Комиссия) құрылсын. 2. Мыналар: 1) «ЕЛ ЖҮРЕГІ — АСТАНА» Қазақстан Республикасының елордасы – ...

Толығырақ »

БЕЛГІЛІ ЖАЗУШЫ ДУЛАТ ИСАБЕКОВТЫҢ 75 ЖЫЛДЫҒЫ ЛОНДОНДА БАСТАЛМАҚ.

Қуанышты хабар: ағамыздың үш кітабы бұрындары Лондонда ағылшын тілінде жарық көрген болса, енді оның 75 жасқа келуіне орай Лондонда «Дулат Исабеков фестивалі» өтпек екен. Фестиваль аясында қазан айының 1-күні «Жау жүрек» атты спектакльді Әуезов атындағы академиялық театр қояды. Қазан айының 2-күні қазақ жазушысы лордтар палатасында сөз сөйлемек. Осы арада атап өтерлігі, Исабеков қазақ жазушылары ішінде бірінші мәрте сол мінбеде сөз ...

Толығырақ »

Халықаралық айтыста шетелдегі қандастарымыз да жүлделі орындарыдан көрінді

Атырау қаласында Атырау облысының әкімдігінің қаржылай қолдауымен Қазақстан Жазушылар Одағының Атырау облыстық филиалы және Айтыс ақындары  мен жыршы-термешілердің Халықарлық Одағының ұйымдастыруымен екі күнге жалғасқан «Қайта жаңғырған Қазақстан» атты халықаралық ақындар айтысы аяқталды. Дүбірлі додаға елімізге танымал аузымен құс тістеген шайырлармен  қатар Қытай, Моңғолия, Қырғызстан,  Өзбекстаннан ақындар қатысты. Айтысты ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Айтыс ақындары  мен жыршы-термешілердің Халықарлық Одағының басқарма төрағасы Жүрсін Ерман тізгіндеді. ...

Толығырақ »

МОҢҒОЛИЯДАН КЕЛГЕН АҒАЙЫННЫҢ ЗЕЙНЕТАҚЫ МӘСЕЛЕСІ ҚАШАН ШЕШІМ ТАБАДЫ?

Дүниежүзі қазақтарының осы жазда өткен V құрылтайынан ағайындар көп үміт күтті. Соның бірі алыс-жақын шетелдерден оралған қандастардардың зейнетақы мәселесі. Нақтылап айтқанда өздері тұрған және қызмет еткен елмен ҚР арасындағы еңбек келісім шарттарына орай іске асатын жеңілдіктердің, әлеуметтік тиімділіктердің қамтылу-қамтылмау мәселелері түбегейлі шешілмей келеді. Соның салдарынан моңғолиядан келген ағайындар осы топыраққа келгеннен кейін зейнетақыларын ала алмай қиындықтар көруде. Өзі тұрған елде ...

Толығырақ »