Сайт жасау
Home » Жаңалықтар (page 21)

Жаңалықтар

Үрімжі-Алматы бағытында жаңа пойыз қатынайтын болды

30 қыркүйектен бастап қытайдың Үрімжі қаласынан қорғас өткелі арқылы шекарадан шығып Қазақстанның Алматы қаласына баратын халықаралық  транзиттік пойызы жүре бастайы. Бұл туралы Atazhurt2050 ақпараттық порталының тілшілері хабарлайды. Үрімжі темір жол мекемесінің хабарлауына қарағанда,  ҚР мен ҚХР Темір жол ынтымақтастығы ұйымының келісімі бойынша Үрімжі-Алматы K9795/K9796 пойызы бұрынғы Алатау сағасы-достық өткелі арқылы шекарадан шығу жолын енді Қорғас — Алтынкөл өткелдеріне өзгертті. Аптасына бір рет қатынайтын транзиттік пойызы 24 сағатта 1048 ...

Толығырақ »

Моңғолия қазақтары Қазақстанның латын әліпбиіне көшуін қалайды

Қазақстан халқы тілдері күні аясында Моңғолияның астанасы Ұлан-Батыр қаласында Қазақстанның Моңғолиядағы Елшілігі  қазақ тілін латын әліпбиге көшіру мәселелеріне арналған «дөңгелек үстел» ұйымдастырды. Бұл туралы Қазақпарат агентігі хабарлап отыр. Аталмыш шараға Моңғолиядағы қазақ диаспорасы, мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ шығармашыл зиялы қауым және белсенді қазақ жастары қатысты. Қазақстанның Моңғолиядағы Елшісі Қалыбек Қобыландин жиналғандарға Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» ...

Толығырақ »

Қандастарымыз алматыдағы Қытай консулдығының табалдырығын аттап баса алмай жүргендеріне наразы

Алматыдағы Қытай консулдығында екі айлап мекеменің табалдырығын аттап баса алмай жүрген отандастарымыз наразылық танытты. Олардың айтуынша екі ай бойы  күнде таңғы төрттен  кеш батқанша жүргендерімен консулды табалдырықты әлі аттай алмай жүрген көрінеді.  Бұл туралы КТК теле арнасы мәлімдеді. Виза үшін өзге қаладан келгендер көп. Кейбірі, тіпті, далада түнеуге мәжбүр. Еңкейген қария да, еңбектеген бала да мекеменің ішіне кіруге зәр. Тіпті, осы жағдайдың ...

Толығырақ »

Латыншада қазақ әріптерін тани алатын 3D-оқулықты оқушылар құрастырып шықты

Оңтүстік Қазақстандық 16 жастағы Жүсіп Амангелді латын тілін 3D-технология көмегімен меңгеріп шығуға болатын оқулық жасады. Оның көмегімен балалар латыншаға көшкеннен кейін қазақ әліпбиін жылдам меңгеріп кете алады.Бұл туралы 31 арна хабарлайды. Жоба әлі құрастыру кезеңінде. Оны мобилді қосымша арқылы жетілдіріп жатыр. Бұл қосымшаны жасап шығуға оқушы екі апта уақытын жұмсаған. “Бір әріп үшін бір күн жұмсадым. Бірақ бұл жерде ең қиыны ...

Толығырақ »

«Әуезов» бағы Алматы облысында ашылды

Алматы облысының Кербұлақ ауданындағы Нұрым ауылында Мұхтар Әуезовтің 120 жылдығына орай «Әуезов» бағы ашылды. Аумағы 2 гектарды құрап жатқан қазақтың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезовтың мерейтойына арналған «Әуезов» бағының ашылуына жазушының немересі Зифа-Алуа Мұратқызымен қатар елімізге танымал ақын жазушылар, аудан тұрғындары қатысты. Қонақтар 120 жылдыққа орай 120 түп ағаш отырғызды.  

Толығырақ »

Талдықорғанда өткен айтыстың Бас жүлдесін Сара Тоқтамысова қанжығалады

Талдықорған қаласында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық аясында Ескелді би Жылгелдіұлының 325 жылдығына арналған «Ерлігі мұра- Ескелді би» атты республикалық ақындар айтысы ұйымдастырылды. Аталмыш айтысқа 5 облыс, 3 қаладан Айнұр Тұрсынбаева, Балғынбек Имашев, Сара Тоқтамысқызы, Жандарбек Бұлғақов сынды азулы ақындардан 10 ақын қатысып, өзара сөз жарыстырды.  Нәтижесінде Бас жүлдені Сара Тоқтамыс қанжығасына байлап, , бір миллион теңгені ұтып алды. ...

Толығырақ »

2017 жылғы көші-қон көрсеткіші

Көші-қон қызметі органдары ұсынған мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2017 жылғы қаңтар-шілдеде елімізге тұрғылықты тұруға келгендердің тіркелу саны 2016 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда 39,1% көбейіп, 9 711 адамды құрады. Елімізден кеткен көшіп-қонушылардың тіркелу саны 2,3% көбейіп, 19 407 адамды құрады, көші-қонның айырымы -9 696 адам болды. Еліміздегі негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен болуда. ТМД елдерінен келгендердің үлесі 70,8%; ТМД елдерге кеткендердің үлесі 89,6% құрады. ...

Толығырақ »

Өзбекстан тәжірибесі: Латын әліпбиі арқылы шетелдегі қандастармен байланыс нығайды

Қазақстан латын әрпіне көшу арқылы дүниежүзіндегі қазақтармен емін еркін араласа алады. Бұл өзбекстандық Ziyouz.com ақпараттық порталының редакторы Давранбек Тожиалиевтың пікірі, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі. «Қазақтарға ұқсас біздің қандастарымыз да шет елдерде тұрады. Мәселен, Түркияда 500 мыңдай, Ауғанстанда 3 млн-нан астам, Қытайда және Америкада да өзбектер бар. Олар үшін де латын әліпбиі оқу оңай болып, арадағы байланыс жақсарды. Сондықтан Қазақстан ...

Толығырақ »

Этникалық қазақтардың елге оралу көрсеткіші артып отыр — Тамара Дүйсенова

ҚР Еңбек және xалықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың айтуынша, көші-қон саясатына қатысты заңнама өзгергелі бері шетелдегі қандастарымыздың елге оралу көрсеткіші өсті, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Этникалық қазақтардың қайта оралуына, бейімделуіне және кірігуіне кедергі келтіретін бірнеше проблемалар өткен жылдан бастап күшіне енген заң аясында өз шешімін тапты. Атап айтсақ, этникалық қазақтарға оралман мәртебесі қоныстану аймағына қарамастан бір жылға беріле бастады. ...

Толығырақ »

Батыс Қазақстанға 77 қандастар отбасы көшіп келген

  Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне тарихи Отанына оралған қандастарды қолдау мәселесін қарастыру міндеті қойылғаны мәлім. Оларды әлеуметтік ортаға бейімдеу, мамандық алуына, жұмысқа орналасуына жәрдемдесу және баспанамен қамту жергілікті атқарушы органдарға жүктеліп отыр. Бұл туралы Хабар24 хабарлады. Батыс Қазақстан облысына былтыр 77 этникалық қазақ отбасы көшіп келген. Олардың барлығына да оралман мәртебесі беріліп, тұрақты жұмыспен қамтылды. Ал жыл басынан ...

Толығырақ »