Сайт жасау
Home » Жаңалықтар (page 22)

Жаңалықтар

«Әуезов» бағы Алматы облысында ашылды

Алматы облысының Кербұлақ ауданындағы Нұрым ауылында Мұхтар Әуезовтің 120 жылдығына орай «Әуезов» бағы ашылды. Аумағы 2 гектарды құрап жатқан қазақтың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезовтың мерейтойына арналған «Әуезов» бағының ашылуына жазушының немересі Зифа-Алуа Мұратқызымен қатар елімізге танымал ақын жазушылар, аудан тұрғындары қатысты. Қонақтар 120 жылдыққа орай 120 түп ағаш отырғызды.  

Толығырақ »

Талдықорғанда өткен айтыстың Бас жүлдесін Сара Тоқтамысова қанжығалады

Талдықорған қаласында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық аясында Ескелді би Жылгелдіұлының 325 жылдығына арналған «Ерлігі мұра- Ескелді би» атты республикалық ақындар айтысы ұйымдастырылды. Аталмыш айтысқа 5 облыс, 3 қаладан Айнұр Тұрсынбаева, Балғынбек Имашев, Сара Тоқтамысқызы, Жандарбек Бұлғақов сынды азулы ақындардан 10 ақын қатысып, өзара сөз жарыстырды.  Нәтижесінде Бас жүлдені Сара Тоқтамыс қанжығасына байлап, , бір миллион теңгені ұтып алды. ...

Толығырақ »

2017 жылғы көші-қон көрсеткіші

Көші-қон қызметі органдары ұсынған мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2017 жылғы қаңтар-шілдеде елімізге тұрғылықты тұруға келгендердің тіркелу саны 2016 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда 39,1% көбейіп, 9 711 адамды құрады. Елімізден кеткен көшіп-қонушылардың тіркелу саны 2,3% көбейіп, 19 407 адамды құрады, көші-қонның айырымы -9 696 адам болды. Еліміздегі негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен болуда. ТМД елдерінен келгендердің үлесі 70,8%; ТМД елдерге кеткендердің үлесі 89,6% құрады. ...

Толығырақ »

Өзбекстан тәжірибесі: Латын әліпбиі арқылы шетелдегі қандастармен байланыс нығайды

Қазақстан латын әрпіне көшу арқылы дүниежүзіндегі қазақтармен емін еркін араласа алады. Бұл өзбекстандық Ziyouz.com ақпараттық порталының редакторы Давранбек Тожиалиевтың пікірі, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі. «Қазақтарға ұқсас біздің қандастарымыз да шет елдерде тұрады. Мәселен, Түркияда 500 мыңдай, Ауғанстанда 3 млн-нан астам, Қытайда және Америкада да өзбектер бар. Олар үшін де латын әліпбиі оқу оңай болып, арадағы байланыс жақсарды. Сондықтан Қазақстан ...

Толығырақ »

Этникалық қазақтардың елге оралу көрсеткіші артып отыр — Тамара Дүйсенова

ҚР Еңбек және xалықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың айтуынша, көші-қон саясатына қатысты заңнама өзгергелі бері шетелдегі қандастарымыздың елге оралу көрсеткіші өсті, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Этникалық қазақтардың қайта оралуына, бейімделуіне және кірігуіне кедергі келтіретін бірнеше проблемалар өткен жылдан бастап күшіне енген заң аясында өз шешімін тапты. Атап айтсақ, этникалық қазақтарға оралман мәртебесі қоныстану аймағына қарамастан бір жылға беріле бастады. ...

Толығырақ »

Батыс Қазақстанға 77 қандастар отбасы көшіп келген

  Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне тарихи Отанына оралған қандастарды қолдау мәселесін қарастыру міндеті қойылғаны мәлім. Оларды әлеуметтік ортаға бейімдеу, мамандық алуына, жұмысқа орналасуына жәрдемдесу және баспанамен қамту жергілікті атқарушы органдарға жүктеліп отыр. Бұл туралы Хабар24 хабарлады. Батыс Қазақстан облысына былтыр 77 этникалық қазақ отбасы көшіп келген. Олардың барлығына да оралман мәртебесі беріліп, тұрақты жұмыспен қамтылды. Ал жыл басынан ...

Толығырақ »