Сайт жасау
Home » Жаңалықтар (page 5)

Жаңалықтар

АСТАНА БІТІМГЕРЛІК ОРДАСЫНА АЙНАЛДЫ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» атты еңбегінде Қазақ елінің ең басты  33 нәтижесінің 30-тармақшасы бітімгерлікке арналған. Нақтырақ айтсақ, ресми Астана араздасқан елдерге араағайындық жасап, әлемге бейбітшілікті жақтайтын мемлекет ретінде танылуда. Мысалы, Иранның ядролық бағдарламасына қатысты Батыс пен Парсы елінің арасындағы араздықты азайтып, бітімге келуге шақырды. Сондай-ақ Астана Түркия мен Ресей арасындағы салқын қарым-қаты­насты жылытуға күш салды. Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» кітабында ...

Толығырақ »

Қысқы олимпиада ойындарына қытай атынан бір қандас қазағымыз қатысып жатыр

Бұл жолғы олимпиадаға қытай атынан 86 спортшы барады, деп хабарлайды  eduinfo.kz сайты. Сол 86 спортшының бірі қандасымыз Аршынғазы Шәкенұлы екен. Аршынғазы Шәкенұлы 1995 жылы 18 шілдеде Қытайдың Шин Жияң өлкесі Үрімжі ауданында дүниеге келген.   Бойы — 185 см, Салмағы — 83 кг. Айналысатын спорт түрі: Конкимен сырғанау. (Speed Skating) Қатысатын жарыс түрі: 1500 метр (Басталуы: 13 ақпан 20:00) 3000 метрге ...

Толығырақ »

ПРЕЗИДЕНТ ЛАТЫН ӘЛІПБИІНІҢ КЕМШІЛІКТЕРІ ТУРАЛЫ АЙТТЫ

Бүгінгі Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев латын әліпбиіндегі түсініксіз әріптер туралы айтты. «Рухани жаңғыру» бойынша көп жұмыс атқарылды. Жаңа латын әліпбиі қабылданды. Ең соңғы өзгерістерді мен кеше көрдім. «І» деген әріп бар қазақта, іні деген сияқты. Ол – латында да бар әріп. Сол «і-ні» і деп қалдыру ұсынылып жатыр қазір. Ағылшын тілінде біздің «е» «и» деп оқылады. Ойланайық. ...

Толығырақ »

Сағынтаев Тамара Дүйсенованың орнына келген министрді таныстырды

Мемлекет басшысының тапсырмасымен ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев жаңа министр — Мәдина Әбілқасымованы ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ұжымына таныстырды. Мемлекет басшысының Жарлығымен Т. Дүйсенова ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметінен босатылды. ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Тамара Дүйсеноваға атқарған жұмыстары үшін алғыс білдіріп, оның ведомство құрылымында қатардағы маманнан министр лауазымына дейін жеткенін және мемлекеттік қызметтегі меритократия қағидатының ...

Толығырақ »

Кореяда тұратын қандасымыз атажұртынан келген спортшыларға жанкүйер болатынын айтты

Ертең Пхенчханда қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты өтеді. Осы орайда Оңтүстік Кореядағы Сонгюнгван университінің саясаттану және дипломатия мамандығының магистранты Бауыржан Даутов корей халқының дүбірлі додаға дайындығымен бөлісті, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі. «Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтетін Қысқы Олимпиада ойындарының басталуына тура бір күн қалды. Айта кетсек, Олимпиада ойындары 9-25 ақпан аралығында өтеді. Ресми мәліметтерге сүйенетін болсақ, Олимпиада ойындарына 95 мемлекеттен ...

Толығырақ »

ҚР Президенті Әкімшілігінде жаңа тағайындау болды

Мемлекет басшысының Өкімімен Бақытжан Берікбайұлы Темірболат Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Жалпы бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.  Мемлекет басшысының Өкімімен Мирболат Хабиұлы Жақыпов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Жалпы бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды.

Толығырақ »

Қазақтың «Көкжалы» Шиандағы жарыста бас жүлдені жеңіп алды

Қазақтың «Көкжалы» Шиандағы жарыста бас жүлдені жеңіп алды — kazakcnr.com   Шианда ережесіз жекпе-жектен 84 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Естай Темірұлы (лақап аты «Көкжал») іріктеу турнирінде бас жүлдені жеңіп алды. Ол осылайша ақпанның 5-8 күндері Қытайда өтетін әлемдік жекпе-жекке жолдаманы қанжығалап отыр. «Біздің батырымыз Естай додада шешесі тіккен ұлттық киімді киіп, салауатын асырып, дұшпанның сағын сындырардай айбармен шаршы алаңға ...

Толығырақ »

Түркияда тұратын қазақ скрипкашы 101 жасында өмірден өтті

Фото: Baq.kz Қазақ скрипкашысы ретінде танылған этникалық қазақ Әлім Алмат (Ғалымжан Әбсәләмов) Стамбулда 2 ақпан күні 101 жасқа қараған шағында дүние салды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі. Азаттыққа бұл хабарды марқұмның Ақтөбеде тұратын туысы Роман Рахиев жеткізді. — Бізге хабар бүгін таң алдында келді. Ақтөбеден Стамбулға тікелей рейс болмағандықтан, жаназасына үлгере алмаймын. Сондықтан Әлім Алматтың ұлы Төреге қоңырау шалып, көңіл ...

Толығырақ »

Баян Мақсатқызы Улаанбаатарда Қазақ аруы халықаралық байқауын ұйымдастырмақ

«Қазақ аруы» халықаралық байқауына биылдан бастап Қазақстан Республикасынан сырт Моңғолия, Түркия, Ресей, Өзбекстан және Қырғызстанда іріктеу өткізіліп, ақтық мәреде бақ сынайтын үміткерлер таңдап алынады. Қазақстанның белгілі продюсері Баян Мақсатқызы Улаанбаатар қаласында 2018 жылы ақпанның 15-20 күндері «Қазақ аруы» халықаралық байқауын ұйымдастырмақ. Қазақ тілін еркін меңгеріп, тарих, мәдениет, салт-дәстүрді білсеңіз, сымбаты мен сәніңіз, өнер мен дарыныңыз келіссе, Сізге «Қазақ аруы» болу мүмкіндігі ашық. Аталған ...

Толығырақ »

Моңғолиялық қандасымыз қазақстандық кикбоксинг шеберлерін рингке шақырды

Кәсіпқой кикбокстан Моңғолияның бірнеше дүркін чемпионы, әлем чемпионатының қола жүлдегері Исламаллабек Шаяхметұлы 65-70 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Қазақстандық әріптестерін рингке шақырды. Бұл туралы осы аптада kaznews.mn порталы хабарлаған еді. Моңғолиялық кикбоксшы осылайша, қазақстандық әріптестерімен де бағын сынап көрмек екен. «Оның айтуынша, Қазақстанда кикбоксинг жақсы дамыған. Сондықтан бағымды сынап көргім келеді. Қазақстандық спортшылар тарапынан ұсыныстар келіп түссе, шаршы алаңда жекпе-жек ...

Толығырақ »