Сайт жасау
Home » Сыр-сұхбат

Сыр-сұхбат

Руслан Тілеубаев: Оралмандар Үкімет ұсынған өңірлерге барса, мүмкіндік көп

Шеттен келген қандастарымыз мемлекет бекітіп берген Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Ақмола, ШҚО өңірлеріне қоныстанса мемлекет тарапынан көптеген қолдауға қол жеткізе алады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің басқарма жетекшісі Руслан Тілеубаевпен әңгімелесу барысында білдік. — Елбасы тапсырмасынан кейін шеттегі қандастарымызға рухани көмек ретінде қолға алынып жатқан іс бар ма? — Өткен жылы жазда өздеріңіз білетіндей Елбасының қатысуымен үлкен ...

Толығырақ »

Алпыс жылда 11000 шәкірт тәрбиеледім

Шет елдерде өмір сүріп жатқан көптеген қандас бауырларымыз баршылық. Олардың арасында биік лауазымға қол жеткізгендері немесе ғылым-білім, кәсіп, медицина саласында танымалдылыққа ие болғандары қаншама. Солардың бірі – көзі тірісінде «Моңғол медицинасының атасы» атанған дәрігер-хирург, Моңғолияға еңбек сіңірген дәрігер (1990), Моңғолия Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1993), Моңғолия елінің Халық дәрігері (2001), Еңбек Ері (2007), академик (2009) ардагер ақсақал Қайыролла Жәлелұлы. Жоғарыда жазылған ...

Толығырақ »

Оразгүл Асанғазы: Тіл мәселесінің жанында орамал мәселесі түк емес

ⒸBNews.kz Қоғам қайраткері Оразгүл Асанғазы Qamshy.kz ақпарат агенттігіне сұхбат берді. Ол кісі қазақ тілінің бүгінгі халіне биліктен бұрын қарапайым халықты кінәлады. Ашық әңгімеде дін мен ұлттық құндылық мәселелері де бүкпесіз айтылды. – Қазақ тілі шын мәніндегі мемлекеттік мәртебесіне қашан ие болады? – Қазақ тілі ел конституциясында айқындалған мемлекеттік мәртебесіне жетуі үшін қазіргіден де пәрменді шаралар қажет деп ойлаймын. Бұл – бір.  Екіншіден, ...

Толығырақ »

Бауыржан Дәлелұлы: Баян-Өлгий Атажұртпен бірлесіп жұмыссыздық мәселесін шешкісі келеді

Атажұрттан жырақта, азғана қазақтың басы қосылған, байырғы баба дәстүрдің бүгінге жеткен сарқытындай Баян-Өлгийдің басты мәселесі – жастардың жұмыссыздығы. Baq.kz ақпарат агенттігінің тілшісіне сұқбат беру барысында Баян-Өлгий аймағы Азаматтар өкілдер құрылтайының төрағасы Бауыржан Дәлелұлы шеттегі қандастардың Атажұртпен қарым-қатынасы жайлы ой бөлісті. — Бауыржан мырза, Астанаға қош келіпсіз! Алыстағы ағайын-туыс, қаймана қазағымыз аман ба? — Рахмет, атажұрттан жырақтағы аз ғана ағайын аман-есен, ...

Толығырақ »

Еліміздің елдігіне, оның тәуелсіздігіне ешкім қиянат жасай алмайды.

Елағаы Байболат Бүтікейұлымен «Атажұрт kz»  тілшісі сұхбаты -Сіз бүгінгі қоғамның саяси ахуалына қанықсыз. Соның ішінде соңғы кездері билікке, Елбасына қарсы түрлі пікір айтушы жеке адамдар мен топтардың көзқарасына қалай қарайсыз? -Әрине, бұқаралық баспасөз ақпарат құралдарын, соның ішінде ғаламтор сайттарына көз жіберіп, оқып отырамын. Бүгінгі өркениет  жетістігі – төңіректің төрт бұрышын байланыстырған ғаламтор желісі адамдардың барлығын саясаткер қылып жіберді десек те ...

Толығырақ »

Қойшыбек Мүбарак: Біздің оқырман әлемге орыстың көзімен қарап үйреніп қалған

– Qazaqtimes сайтының құрылып, жұмыс істегеніне бір жыл толыпты. Сайт ашудағы әуелгі мақсат қандай еді? Оны сұрап отырғаным, қазір сайтты екінің бірі ашып, көшірме сайт көбейді ғой. – Иә, біздің сайттың қазақ ақпарат әлемінде жұмыс істеп жатқанына да бір жылдан асты. Сайтты ашудағы негізгі мақсат – бүгінгі сан алуан түрлі сапырылсқан ақпарат ағыны заманында ұлтқа, мемлекеттікке қызмет ететін халықтың ақпараттық ...

Толығырақ »

Шетелдегі әр қазақ Қазақстанды ат байлар түп қазығы санайды — Токиодағы профессор Әбдібек Қалибекұлы

ХХ ғасырдың басында алаш арыстары болашақ Қазақ мемлекетін құруда, шығыстағы Жапон елін үлгі етуді мұрат тұтқан болатын. Сол Жапония бүгінде әлемнің дамыған елдерінің көшін бастап жүр. Қазіргі заманда Алаштың мұратын арқалаған, өнер-білім бар жұрттан ғылым іздеген қазақ баласы әлемнің әр түкпірінде кездеседі. Міне сондай талапты азаматтардың бірі —  Жапонияның беделді университетінде жұмыс жасайтын, медицина ғылымдарының докторы, білікті профессор Әбдібек Қалибекұлы. ...

Толығырақ »

Айшагүл Азаматқызы: Әр өңірден табылған археологиялық жәдігер жергілікті музейде сақталуы керек

Биыл атажұрттан жырақтағы азғана қазақтың құтты ордасы, мәдени бесігі болған Бай-Өлке музейіне 70 жыл толады. Осыған орай музей басшысы Айшагүл Азаматқызымен арнайы әңгімелесудің сәті түскен еді. Ендеше Орталық Азиядағы көшпенділер тарихынан ең көп мұра сақталған жәдігерлер үйінің жай-күйі жайында сіз де біле отырыңыз.  — Айшагүл ханым, әуелі Бай-Өлке орталық музейнің құрылу тарихына аздап тоқталып кетсеңіз? — Баян-Өлгей аймағы алғаш 1940 ...

Толығырақ »

Өзгеріс Шерікбайұлы: Ән әлемінде өзгеріс жасағым келеді

Қазір дәстүрлі өнерде асқақ дауысты, өзіндік мәнері бар, өзгелерден дараланып, толысып келе жатқан Өзгеріс Шерікбайұлы есімді ұлан бар. Әкесі де бекзат өнердің беделін биіктеткен асылдардың бірі, дәстүрлі әнші – Шерікбай Ұнатұлы. Талантты тұлға 2004 жылы қыршын кетті. «Орнында бар оңалар» дегендей, отыз жетісінде орны ойсырап қалған өнерпаздың ұлы дәстүрлі әнге үлкен өзгерістер әкелеріне сенім мол. «Асылдың сынығы, тұлпардың тұяғын» көзқарақты ...

Толығырақ »