Сайт жасау
Home » Сыр-сұхбат (page 2)

Сыр-сұхбат

Бақыт БАҚДӘУЛЕТ: Қайт, қазақ Отаныңа!

«Атамекен» халықтық отбасылық ансамблінің жетекшісі Бақыт БАҚДӘУЛЕТПЕН әңгіме  – Бақыт, Үштерек ауылы­на келген себебімді білесіз. Әң­гіменің сәті бүгін түскендей.  – Шетте жүрген қай қазақ баласы болсын «Осы біз бөтен елде неге жүрміз? Неге Қазақ елінде, олардың ортасында емес­піз?», деп ойлайтыны анық. Ес білгелі қазақ елі қан­дай екен деп аңсаумен өмір сүрдік. Қазақ жазушыларының кітап­тары қолдан-қолға өтеді, кезегің келгенше күтіп жүресің. ...

Толығырақ »

Атажұртқа жол салған құжат

1997 жылы желтоқсан айының 13-і күні Қазақстан Республикасы Парламенті тарихында ерекше оқиға орын алды. Елбасы Н.Назарбаев елорда төрінде Мәжіліс депутаты Әкім Ысқақ ұсынған «Халықтың көші-қоны туралы» заңға қол қойды. Сонымен қатар бұл заң Парламент тарихында алғаш рет мемлекеттік тілде дайындалған құжат ретінде тарихқа қатталды. Аталмыш оқиғаға міне, биыл 20 жыл толып отыр. Осы орайда біз «Халықтың көші-қоны туралы» заңның авторы, ...

Толығырақ »

Отанына оралған ағайындар өздерінің береке-бірліктің ұйтқысы екендіктерін көрсетуі керек

«Тарихи атажұрт» қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Үзбен Құрманбайұлымен сұхбат -Жуықта ғана «Тарихи атажұрт» қоғамдық бірлестігінің алғашқы құрылтайы өткенінен ақпарат құралдары арқылы хабардармыз.  Құрылтайға кімдер қатысты, қалай өтті. Толықырақ тоқтала кетсеңіз. -«Тарихи атажұрт» қоғамдық бірлестігі ҚР Әділет министірлігіне арнайы тіркеліп, ресми құрылғанына төрт айдың ғана жүзі болды. Осы алғашқы сәтімізден бастап, халыққа өз үнімізді жеткізу үшін құрылтай өткізіп, мақсатымызды, көтеретін басты ...

Толығырақ »

Шыңжаңдағы шырғалаңды екі жақты келісім арқылы шешуге болады

Шыңжаңда тұратын қазақтардың жергілікті билік тарапынан қатты қысымға ұшырап, зорлық-зомбылық пен жаппай заңсыздықтан жапа шегіп жатқаны қаймана қазақтың қабырғасына батып отыр. Байырғы мекенінде көшпелі тірлігін кешетін қандастарымыздың ахуалы соңғы бір-екі жылда неге нашарлап кетті? Шиеленіскен мәселені шешудің қандай жолдары бар? Саясаттанушы Расул Жұмалымен арадағы ашық сұхбатымыз осы тақырыпта өрбіді. -Расул мырза, мәселенің мәнісіне тереңдеп үңіліп көрейікші. Шыңжаңда қысымға ұшыраған қазақтардың ...

Толығырақ »

Қандастарға жасалған қиянаттарды халықаралық ұйымдарға жеткізе алмай отырмыз

Соңғы кездері Қытайдағы қазақтардың қысым көріп жатқаны туралы БАҚ беттерінде жиі жазыла бастағанымен, еліміздің құзырлы орындарында қузау салғанымен, қандастарымыздың қал-ахуалдары оңала қойған жоқ. Қысым күннен күнге артып келе жатқаны жиі айтылып жүр. Осы тұрғыда қандастарды қытай билігінің тартқызып отырған тауқыметінен арылтудың жолы қалай?  Қытайда жатқан екі миллионға тарта қазақтың құқығын қалай қорғау керек? Міне осы мақсатта біз ҚР Президенті Нұрсұлтан ...

Толығырақ »

ПАРИЖДЕГІ ҚАЗАҚ АПАЛАРЫ АЙТАТЫН МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕР

Ақлима апа мен Әлима апа соңғы отыз жылдан астам уақыттан бері Парижде тұрады. Екеуі ауылдас, бүлдіршін кезден құрбы, сырлас. Қалың француздың ортасында жұтылып кетпей, қазақы қалпын, ұлттық салтын сақтап отырған аяулы да, ардақты қос қажы ана  өңіне сөзі сай нағыз қазақты көрсе: «Міне, тұнық қазақ осындай болады ғой!..» деп тамсанып қояды екен. Осылайша, ол кісілермен дидар ғанибет, пікір алмасу кезінде ...

Толығырақ »

Еуропадағы ер жасайтын қазақ Германияда тұрады

Темірхан – Гималай асқан қазақтың ұрпағы. 10 жасынан тері киім тігіп, 25 жасында Еуропаға барған. Қазір Kieffer generations of excellence-те ертоқым жасайды. Қасиетті туған жер топырағынан тарыдай шашыраған қазақтың баспаған жері, бармаған елі жоқ шығар. 19 ғасырдың 80-90 жылдары Алаш қаласы Жетішатырдан Алтай мен Сауырға ауған елдің бір түйір тұқымы – бүгінгі кейіпкеріміз. «Шөбін жеген төрт түлік мал құтырған» Жетішатырдың ...

Толығырақ »

Жәди Шәкенұлы: Қазақ көшінің қайта қанаттануынан үміт көп

— Жәди аға, Сіз қазақтың қарымды қаламгері ретінде алыстағы ағайынның отанына оралуы жайында талай-талай сүбелі ойлар қозғап едіңіз. Дәл қазіргі кезеңде қазақ көші тұралап қалды ма дейтін алаңдаушылық та жоқ емес. Ең әуелі осы жайында не айтар едіңіз? — Қазақтың жер дауы, жесір дауынан қалса көші-қон мәселесіндегі сыры мен жыры да таусылмайды. Қазақ елі тәуелсіздігін алғаннан кейін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ...

Толығырақ »

Бауыржан Момышұлы: ҚАЗАҚҚА ОРЫНСЫЗ ТАҒЫЛҒАН ЕКІ КІНӘ

– Кейбіреулер қазақ жалқау дейді. Бұған сіз қандай көзқарастасыз? – Бұл түбірімен қате пікір. Қазақ ешуақытта жалқау болып көрген емес. Оны жалқау дейтіндер ақылды надандар емес, ақылсыз надандар! Қазаққа – көшпенді, жалқау деп орынсыз тағылған екі кінә бар. Екеуі де – оттауизм. Қазақ ешуақытта көшпенді болған емес, қазақ – отырықшы. Ол сығандар секілді бір елден екінші елге көшіп жүрген жоқ қой. ...

Толығырақ »

Сәбит Құрманбеков. Бәріміз де оралманбыз!

Еліміз егемендік алғаннан бері атамекенге сырт жерде жүрген миллионнан астам қандасымыз оралды. Елге ел қосылды. Бірақ содан бері осы ұлы оқиға жайында жазылған сүйекті әдеби шығарма немесе түсірілген көркем фильм жоқтың қасы еді. Міне, осы олқылықты «Оралман» фильмі толтырғандай болды. Өзім солай қабылдадым. Жаңа туынды жарыққа шыққаннан бері ол жайында киносыншылар, журналистер жазды. Мен сол жолды шиырлағым келмей, киноның бас ...

Толығырақ »