Сайт жасау
Home » Сын-сарап (page 2)

Сын-сарап

Ашық хат. Қазақ қазақпен қазақша сөйлесейік

 Құрметті қазақ ағайындар, ғасырларға жалғасқан отарлау саясаты салдарынан жартыкеш күйге түскен ұлттық тілімізді қалпына келтіруді ел тәуелсіздігінің алғашқы сәтінен бастасақ та күні бүгін айтарлықтай нәтижеге жете алмай келеміз. Ата заңымызбен бекітіп, мемлекеттік тіл мәртебесін бердік. Арнайы заң қабылдадық. Ел басымыз да ұдайы айтып, нақты тапсырмалар беріп келеді. Басқаны қойғанда Елбасының  «қазақ қазақпен қазақ тілінде сөйлессін» деген ақыл да нақыл идеясына ...

Толығырақ »

Қазақпен қазақ қасиетті тілімізде сөйлесейік

Тіл – адам баласын басқа тіршілік иелерінен артықшылығын даралайтын ерекше қасиет, қоғамдық қатынас құралы екенін әлемдік ойшылдар ғасырлар бойы айтып келе жатқанын жақсы білеміз. Соның ішінде әр ұлттың өз тілі өзіне соншалықты қымбат, ұлт болып жаралуының орынды мақтанышы. Тілі жоқ ұлт болу мүмкін емес. Басқаша айтсақ, тілін жоғалтқан халық өлген халық, өлген ұлт. Қазақ халқы тағдырдың басқа тауқыметтерінен болып ғасырлар ...

Толығырақ »

Телеаналардың тікенек тілі

Тіл білмеген, тулақ «илейді» 14-қаңтар. Эфирде «КТК» арнасының «Аптап» бағдарламасы.  Бағдарламаның жүргізушісі  соңғы кездегі айтыс төңірегіндегі  айтыс-тартыс жайлы сөз қозғамақ. Ол сөз бастамас бұрын үстел үстінде жатқан иленген қой терісін қолымен ұстап, олай-бұлай аударып-төңкеріп көрсетті. Иін қандырып отырып, жұп-жұмсақ етіп илеген тері екені білініп тұр. «Міне, мынау иленген көн тері – тулақ» деді жүргізуші. О, жаратқан журналист әріптестеріміздің де кейбірі ...

Толығырақ »

Айтпаса сөздің атасы өледі

Тіл тағдыры – ұрпақ тағдыры. Ұрпақ тағдыры – ел тағдыры. Бұл – бұлжымас қағидат. Дегенмен әлі ақсау тұстарымыз сүйекке дақ боп тұрғаны. «Айтпаса сөздің атасы өледі», бей-берекет заманда, ел-жұрт дін аманда, исі қазақ баласы ана тілде сөйлеуде тұтылды. Сөйтіп, қашырды, халқым, құтыңды. ХХ ғасыр әкімшіл-әміршіл жүйе болса бір сәрі еді. Бүгінде егемен елміз. Әлем алпауыттарымен теңбіз. Жаутаңдайтын несі бар, жалтаңдайтын ...

Толығырақ »

Қазақтар Қазақстанда диаспора болса, мына ел мен жердің иесі кім?

«Қазақтар Қазақстанда диаспора ма?» деген ашық хатымды бұдан бір жарым жыл бұрын, яғни 2016 жылдың тамыз айында жариялағанмын. Кезінде еліміздің көптеген БАҚ-тарында жарияланды. Бірақ, Қазақстанның орыс тілді билігі тарапынан ешқандай қозғалыс болған жоқ. Қазақстан Республикасы Конституциясында көрсетілген менің заңды құқығым ескерілмей Ашық Хатыма жауап та берілмеді. Сол хаттың мәтіні мынау: ҚАЗАҚТАР ҚАЗАҚСТАНДА ДИАСПОРА МА? «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы 1997 ж. ...

Толығырақ »

Сатира сардары Көпен Әмірбек “Қозы Көрпеш-Баян Сұлу” телехикаясын сынап тастады

Қазақтың көрнекті сатира сардары, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Көпен Әмірбек Ұлттық арнадан көрсетіліп, үлкен дауға айналған «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» сериалына қатысты өз пікірін осылай жеткізді. Бұл туралы «Қазақ үні» ұлттық порталы хабарлайды. “Біздің қазақ киносы тарихында дәл осы «Баян Сұлу» сериалындай дау-дамай туғызған сериал болған жоқ. Неге? Бұл жанжал қайдан шықты? Негізгі сыншы халық емес пе? Халық – елек. Өнерді ...

Толығырақ »

Семейдің жаңа төлтаңбасы қашан қабылданады?

2007 жылы 16 маусымда Семейге келген сапарында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қала атауын өзгерту туралы ұсы­ныс жасады. Мемлекет бас­шысы өз сөзінде: «көшеде «Се­мей», «Се­мипалатинск» деп қосар­ла­нып жазылыпты. «Абай» яки «Алаш» деп атасақ деген ұсыныс бар. «Семипалатинск» деген сөз­ді шетел инвесторлары полигон баламасы ретінде түсінеді. Сондықтан бұл қаланы ендігі жерде тек «Семей» деп атасақ қайтеді. Қалалық мәслихат депутаттары солай деп ұйғарса, тездетіп ...

Толығырақ »

Қазақтың 3 дерті бар олар-сауатсыздық,көреалмаушылық жəне қорқақтық

Ең бірінші дертіміз – ол сауатсыздық. Сауатты адам дегеніміз бүкіл ғылым-білімді судай ішіп,ақылы дария болып ағып төгілу емес. Кешегі от ауызды орақ тілді бабаларымыз оксфордта оқып, Қаз дауысты Қазыбек би бабамыз кэмбридждің дипломын алып,шешен,абыз атағың алған жоқ. Демек сауаттылық дегеніміз қызыл диплом алып шаршы топты жару дегеніміз емес.Сауаттылық дегеніміз алыс-жақынды ойлау жəне қарым қатынас жасай білу.Сасқан үйрек артымен сүңгиді дегендей, ...

Толығырақ »

Қайран ән, қанатынан қайырылған…

Сөзімізді ретімен ілгерілету үшін айтылар әңгіменің басын бірден ашып алайық. Қазақ классикалық әндеріне байланысты дәл бүгінгі күнде туындап отырған мәселелер аз емес. Қазақ классикалық әндерінің дәл бүгінгі күнде тап келіп отырған екі мәселесі төңірегінде ой қозғайтын бұл мақаламызда біріншіден мәтіннің жұмбақталуы, екіншіден әуен, үннің жұмбақталуы жайын сөз еткенбіз. Бұл екі жұмбақталу біздің көшпелі тұрмыстан, табиғаттан алыстап, кейбір қазақы ұғым, ым-ишаралық ...

Толығырақ »

«Сендер ертең өлетіндеріңді де ұмытып кеттіңдер». Моңғолиялық қазақ ақынның Ашық хаты

Моңғолияда тұратын танымал ақын, жазушы Байыт Қабанұлы бұл хатын өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Қазіргі шеттегі қазақтың саяси өкілдеріне арналған Ашық хатта халықтың тұрмысы, өздері сенім артқан саяси тұлғалардың жігерсіздігі ашып айтылып, хат жазудағы басты себеп түсіндірілген. Baq.kz ақпарат агенттігі ақынның ашық хатын қаз-қалпында беруді жөн санады. АШЫҚ ХАТ Бұл хатымды мен — Монғолиядағы аз ғана қазақ халқының арасынан туып ...

Толығырақ »