Сайт жасау
Home » Сын-сарап (page 3)

Сын-сарап

Оралман куәлігінің уақыты өткен қандастар азаматтық ала алмай жүр

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова ханымның назарына   Құрметті, Тамара Қасымқызы! Қазақстан тәуелсіз алғанда, шеттегі қандастардың да қуанышында шек болмады, сондықтан да атажұртқа ат басын бұрып, әр шетелден қандастар келе бастады, соның ішінде Қытайдан тарихи отаны Қазақстанға біржолата көшіп келген азаматтардың саны да бүгінде 200 мыңға жетіпті. Солардың ішінде 2016 жылы келіп, Қазақстан азаматтығын алу ...

Толығырақ »

«Қытайда Қазақстанды Тәуелсіздік күнімен құттықтаған қазақтар тұтқындалды» деген ақпарат тарады

Қытайдың Шынжаң жерінде 40-қа жуық ұлты қазақ Қытай азаматы Қазақстанның тәуелсіздік күнін әлеуметтік желіде құттықтағаны үшін тұтқындалған. Бұл туралы RFA-ның ресми сайты хабарлады. Шынжаңда қауіпсіздік қызметкерлері 16 желтоқсан күні Қытайда жасап жатқан этникалық қазақтардың әлеуметтік желілеріне тексеру жүргізген.  Полицейлер 40-қа жуық қазақ азаматын WeChat Group әлеуметтік парақшаларында Қазақстанның тәуелсіздік күнін құттықтағаны үшін тұтқындаған. Хабарда тұтқындалғандардың көбі жастар екені, олардың арасында Сәуле, Қайсар, ...

Толығырақ »

Қазақ Қытайдың ішкі ісіне араласып отырған жоқ

Соңғы кезде Қытайдағы туыс-туғандары жазықсыз сотталған қандастарымыздың шағымы көбейді. Ара-тұра ол жақтан да жекелеген адамдар арқылы түрлі жаға ұстатар ақпараттар бой көрсетіп қалады. Шетел және Қазақстан сайттарында жазылып жатқан қандастарға саяси қысымның жоғарлауына, құқықтарының тапталуы, еркіндіктерінің шектелуіне байланысты Қытай тарапы «бұл біздің ішкі ісіміз», «өзге елдің ішкі ісіне араласуға құқыңыз жоқ»  дейтін сөздер жиі айтылатын болып кетті. Соған байланысты «ішкі ...

Толығырақ »

Тарақан жегіш директор қытайлықтарға «торт жеуді» үйретпек

«Қытайлықтар торт жеуді білмейсіңдер», «мен тарақанды да жеп қоямын!» Бұл Қоянды орта мектебінің жаңа директоры Бақытжан Саттарұлы Сатбаевтің сөзі. Астананың іргесіне орналасқан Қоянды ауылында екі мың бала оқитын бір ғана мектеп бар. Аталған мектеп өткен 3-4 жыл ішінде атағы аспандап, жақсы жағынан көзге түсіп келген еді. Соңғы бір жыл ішінде бұл мектепке бірнеше директордың ауыс-күйісі орын алды. Осы жылдың сәуір айында ...

Толығырақ »

Телеарналардың тікенек тілі

«KAZAKH TV» телеарнасы 7-желтоқсан  «Connectung cultures» айдары Оңтүстік Африкадан келген Шантел деген қыздың сөзін қазақшалаған түрлері: «Менің әкем жақтан да, анам жақтан да ата, әжелерім бар». Дұрысы: «Менің  атам, әжем, нағашы атам, нағашы әжем бәрі бар» Сонда қалай? «KAZAKH TV» тілшілері нағашы ата, нағашы әже деген атауларды білмей ме?! Жалпы біздің қазақ журналистерінің  ұлттық тілден ең көп сүрінетін тұсы ұлттық дәстүр-салт, қазақ  халқының байырғы тұрмыс ...

Толығырақ »

«Сендер жабайы көшпенділерсіңдер, барлығын сендерге біз үйреттік»

Демалыс күні атам екеуміз қалада тұратын менің әке-шешеме барайық деп жолға шықтық. Автобустың іші жолаушыларға толы. Біздің алдымыздағы орында ұсқынсыз, үсті-басы кір, сақал-мұрты өскен екі қазақтың жігіті отыр. Қолдарында шөлмек сыра. Әлгі екеуі бір-бірімен көшедегі бұзықтардың былапыт тілінде орысша сөйлесіп отыр, ауыздарынан ақ ит кіріп көк ит шығады. Олардың қасында ақсақал мен жүкті әйел тұр. Атам біздің алдымызда отырған жастарға: ...

Толығырақ »

«Қалай отказ беремін?» – қытайдан жүкті болған барахолкадағы қазақ қызы

Фейсбукте Райхан Олжасқызы деген келіншектің мына бір жазбасын көшіріп алып, сіздерге жолдап отырмын. Ол көтеріп отырған проблема бүкіл қазаққа ортақ секілді. Оқып көріңіздерші: Қайыршы қазақтан қалталы қытай артық па? «Ғаламторды ақтарып отырып, мынадай дерекке кез болдым. «Соңғы 10 жылда 30 мыңдай қазақ қызы шетел азаматтарына тұрмысқа шығыпты. Оның ішінде өзгесін былай қойғанда, қытайларға тиген қыздар да аз емес екен. 2016 жылы 62 қытай біздің елге күйеу атанса, биылғы жылдың қарашасына ...

Толығырақ »

Бақыршық зираты неге тапталмады?

Бүгіндері Қазақстандағы ең бай кеніштерінің біріне саналатын Бақыршық алтын кен орнын еліміз түгіл алтын десе періштедей жолдан таятын алпауыт елдердің осы саладағы ірі компаниялары да жақсы біледі. Бірақ, осы кеніш өз атымен аталған Бақыршық деген кім еді? Әлемге әйгілі «Медеу» мұз айдынының кезінде осы сайға қыстақ салған  қазақтың Медеу деген қариясының атымен аталғаны сияқты Бақыршық  кенішінің аты да ХҮІІ ғасырда ...

Толығырақ »

 Алауыздық қанымызға сіңген дегенге мен сенбеймін

   Жуырда «Атажұрт» қоғамдық бірлестігінің алғашқы құрылтайына қатысқан едім.  Мені атажұртын аңсап келіп, еліміздің дамуына өз еңбегімен үлес қосып жүрген қыздардың бірі ретіне құрылтай басқармасына сайлап, сөз бергеніне дән риза болдым. Құрылтай мақсаты сан ғасырлар бойы ата-бабаларымыздың арманы болған, бүгінгі бақытты ұрпақ біздің дәуірімізде қолымыз  жеткен тәуелсіздігімізді сақтау, қорғау, ол үшін ұлтымыздың бойындағы алауыздық, көралмаушылық, бақталастық, қызғаншақтық сияқты жағымсыз қасиеттерді ...

Толығырақ »

Болат Бопайұлы Жотақажы. Салтың – санаң, ғұрпың – ғұмырың

Тау – биік болса да, күн астында. Адам – биік болса да, салт астында. Қазақ – «аттан жығылса да, салттан жығылмаған» ұлы халық. Салтын сақтаған, баба өсиетін ақтаған дана халық, дәстүрге бай, бақытты халық… Салт демекші, дәстүр дейікші. Қазақ халқының – салты саналы, ғұрпы ғұмырлы, дәстүрі бағалы, әдебі әдемі, ибасы инәбатті, ұяты иманды, жүрегі мейірімді, ісі қайырымды, кәдесі дәйекті, мәдениеті ...

Толығырақ »