Сайт жасау
Home » Сын-сарап (page 5)

Сын-сарап

Зайсан сапары немесе Құранды қазақшаға аударған ардақты Уақап Қыдырханұлы 85 жасқа толды

Белгілі жазушы, публицист, аудармашы, дінтанушы, ҚР Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының төрт мәрте иегері, «Құрмет» орденінің иегері, «Зайсан ауданының құрметті азаматы», бүгінде сеңгірлі 85 жасқа шыққан Уақап Қыдырханұлымен туған жері Зайсандағы алғашқы кездесу аудандық кітапханадан басталды. Кітапхана меңгерушісі Райса Самарханова бастаған кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Өз елім – өзегім» атты кездесуге Зайсан ауданы әкімі Темірбек Қасымжанов, əкімнің орынбасары ...

Толығырақ »

Арғынбек Гүлжаз. Латын әліпбиіне көшу — ғылым мәдениеттегі өсу

Латын әліпбиіне көшу жөніндегі елбасының нұсқауын, Шаяхмет атындағы мемлекеттік тіл – жазу қызмет орталығының жобасын батыл қолдаймын. Қазақстан Республикамыздың батысы мен шығысындағы Латын әріпін қолданып отырған көрші мемлекет халықтарының сәтті тәжірибелеріне сүйене отырып, мен мынадай жобаны ұсынамын. Менің осы жобам бойынша тіліміздің дыбыстық жүйесіндегі жіңішке дауысты апострофасы (Aposerophe) Ү, Ө, Е, Ә әріптері мен дауыссыз Ғ, Һ әріптерін Латын әліпбиіне сәйкестіру үшін «жал – құйрық ...

Толығырақ »

Рухани жаңғыруда имамның орыны бөлек

Біздің бұл шағын мақаламыз, Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы орталық мешітінің бас имамы Моңғолиядан тарихи атажұртына оралған Тілейбек  қажы Соянұлы дейтін аңғарлы, әрекеті мен қараекеті берекетке толы  азамат жайында болмақ. Жаны жайсаң, сөзге ділмәр, жұмысқа елгезек жастың Күршім ауданына имам болғанына да он жылдан асты. Күні бүгінге дейін, бір жамағаттың көңілін қалдырып, бір адамның бетіне тіке келіп қарамаған қоғамдағы  рухани ...

Толығырақ »

Ақтауда жүздеген оралманның далада қалу қаупі бар

Маңғыстау облысының әкімдігі Ақтау қаласындағы оралмандар орталығында тұрып жатқан шет елдерден келген 142 қазақ отбасын сотқа беріп жатыр. Кезекті сот процессі 8 қарашада Ақтау қалалық №2 cотында өтті. Бұл сотқа Иран, Өзбекстаннан келген жеті отбасы тартылған. Облыстық әкімдіктің жұмыспен қамтуды үйлестіру, әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Әлеуметтік жатақханасы» мекемесі онда тұратын оралмандардан жатақхананы босатуды, жинақталып қалған коммуналдық төлемді төлеуді (200-500 мың теңге ...

Толығырақ »

Моңғолиядан келген оралмандар Қазақстандағы зейнетақының аздығына күйінді

Қазақстан мен Моңғолия арасындағы келісім 2014 жылы күшін жойған соң, ол жақтан келген оралмандардың зейнетақы мөлшері де тым азайып кеткен деп хабарлайды sputniknews.kz. Қазақстанда Моңғолиядан келген қандастардың еңбек өтілін есепке алмай отырғанын бірнеше жыл болған. Кеше ол еңбек және әлеуметтік қамсыздандыру министрі Тамара Дүйсеноваға депутаттық сауал жолдап, 1990 жылдары Моңғолиядан келген қазақтардың үндеу жазғанын айтты. «Мәжіліске оралмандардан үндеу хат келіп түсті, олар ...

Толығырақ »

Шынжаңдағы өктемдік және одан қорғану…

Шынжаң бүгінгі қытайдың негізгі аумағы болғанымен ежелдің ежелінен көп байлықты басып қалған өгей баланың күйін кешіп келеді. Байлығы қызық болғанмен, бағы ашылмаған түртінді сияқты. Байлығын ғана ойлағандар сол аумақты және оның халқын «алтын артқан есек» сынды көреді. Алтыны – қазынасы көп; халқы өгей немесе «есек» сияқты. Сол себепті де осы өлкеге ат басын тіреген әрқандай қытай әміршісі жергілікті байлықты барынша ...

Толығырақ »

Жайна Сламбектің тілі «Шымкентке» қашан келеді?

Өткенде «31-арнаның» ақмолалық тілшісі  Ерболат Асылбектің тілінің Ақмола атауына келмейтінін айтқан едік.  Ал осы сенбі күні «Астана» телеарнасының «Біздің уақыт» бағдарламасын тыңдап отырып, «аттыға жол, ауыздыға сөз бермес» деп жүрген Жайна Сіламбектің де  тілінен мүкістік, мүкістік қана емес мүгедектік байқадық. «Қалған 5000 теңге бір айлық азық-түлікке жетеді ме?»  деді. Құдай-ау осы тілімізге тікенек болып қадалатын «жетеді ме, барады ма, табылады ма» сияқты тіл бұзар сөзден ...

Толығырақ »

«Kazakh TV»  тілшілері қазақ па?!

31-қазан күнгі «Қой туралы аңыз»  хабарының мәтінін тыңдап көріңіз: -«Қазақтар жылқы, түйе, қой көптеп өсірген. Ірі мүйізді мал аз өсірген»-Шара жоқ. Қазақ түйе, жылқы, сиырды іріқара мал дейтінін Қазақстанның бүкіл БАҚ-тары, тіпті, мемлекеттік  статистика ұйымы да білмейді. (Жылқыны ірқараға жатқызбайды) «Kazakh TV» тілшілері қайдан білсін. Бірақ мүйізді ірі қара  демей ірі мүйізді мал дегеніне жол болсын. Шамасы  орысшасы да нашар біреу жазған ...

Толығырақ »

Дүниежүзі қазақтарына хат

Төрткүл дүниеге тарыдай шашылған, әй қазақ баласы! Қытайдағы қандасыңның жайы сені ойландырмай ма? Ешбір кінәсі жоқ қазағың темір торға тоғытылып, кейбірі «өзіне-өзі қол жұмсады» деген сылтаумен өмірімен қоштасып жатыр. Шекарадан бері өте алмайтынын біліп, қаншама қандасың ах ұрып, өкінішпен өзегін өртеуде. Бүкіл әлемдегі қазақтың арқасүйері саналатын Қазақ билігінің өзі Қытайдың ішкі саясатына араласа алмай тығырыққа тіреліп тұр. «Мұндай жай басқа ...

Толығырақ »

«Оралмандар, сендер ойланбайсыңдар…»

Алматының іргесіндегі Еңбекшіқазақ ауданында бір туысқан ағамыз тұрушы еді. Өзі базардан мал сатып алып, оны байлап үстеме бағамен қайта сатып, тірлік жасайтын. Жақында әлгі ағамыздың үйінде болып, біраз әңгімелестік. Жанармай бағасының өсуі, еліміздегі қымбатшылық жайында сөз қозғадық. Бір уақытта әңгіменің ауаны оралмандарға қарай ойысты. – Осы оралмандардың еңбекқор екенін білемін. Таң атқаннан қас қарайғанша еңбектеніп, бір тынбай еңбек етеді. Бірақ кей мінездерін түсінбеймін? ...

Толығырақ »