Сайт жасау
Home » Сын-сарап (page 8)

Сын-сарап

Тұрсынхан Зәкенұлы. Латынға көшуде тек дыбысты таңбалаумен ғана шектелген дұрыс емес

Бұдан бұрын латын алфавитінің бірінші варианты Парламентте таныстырылғаннан кейін, өз ойларымды ФБ парақшамда жазған едім. Енді екінші варианты жарық көріпті. Қазанның 9 күні мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік тілді латын әліпбиіне көшіру жобасы бойынша жұмыс тобының мүшелерін қабылдап, осы екінші нұсқамен танысқаны белгілі. “Көпшіліктің пікірімен санасып, қорытынды жасағандарыңыз дұрыс болды. Латын графикасына әбден қалыптасқан екі диаграф қана бар. Қалған қазақтың ...

Толығырақ »

Жүз бірінші әліпби жобасы

Бүгінгі таңда ұсынылған жүзден астам әліпби жобасын жинақтап, жүйелейтін болсақ, оларды кірме дыбыстармен ішінара ымыраластырылған әліпби, кірме дыбыстармен мүмкіндігінше толық ымыраластырылған әліпби, түркі кеңесі ұсынған ортақ түркілік әліпби жобасы және төл дыбыстарымызды бейнелейтін таңбалардан құралған таза ұлттық дәстүрлі әліпби жобасы қатарлы нұсқалардың бар екендігі белгілі болып отыр. Әрине, бұл нұсқалардың бәрінде де барлық ұлттарға ортақ қолданылмалы дыбыстар төңірегінде күрделі мәселе ...

Толығырақ »

«Асар» қалашығы – қазақтың басын қалай қосудың жарқын жолы!

…1960-жылдардың ортасында тәуелсіздік алған Алжирдегі 6 млн.француз отаршыларының жағдайы қиындай түсті. Сол кезде президент Шарль де Голль іскер, білімді, ұлтшыл кадрларының біріне (аты-жөні есме түспей тұр) 2 жылдың ішінде 6 млн.французды көшіріп әкелу, жұмыс және баспанамен қамтамасыз ету бағдарламасын жасауды тапсырады. Бағдарлама жасап әкелген жігіт өзін премьер-министрдің орынбасары етіп тағайындауын, және оның баспана мен көлік сұраған өтініштері тоқтаусыз шешілетін болуын ...

Толығырақ »

Оқулықтағы олқылық жалғаса берсе жирма жылға жетпей ұрпақты мылқау етеміз

7 сыныптың Қазақ тілі мен Әдебиеті қолыма тиіп еді… «Болып табыладылар» мен «баратын…көретін боламыздар» тарақанша өріп жүр. Түрлі саладағы мамандардың баяндамаларының тілі баршамызға мәлім, солардан біраз еніпті(( сайтардан көшірілген мәтіндерден көз сүрінеді, адам ұқапас мәңгүрт сөйлемдер баршылық. Бүгінгі білім саясаты мен Сағадиев аман болса енді бір жиырма жылда мақау ұлтқа айналамыз! Орыс тілі пәніне қатысты шу шыққан Оралға «срошно» комиссия ...

Толығырақ »

Жұмамұрат Шәмші. Азғындықта шек жоқ

Өткенде Керекуден досым  Ресейде қыздарды сатып бес жылға сотталған Дмитрий Еретенко деген атты шулы шоумен қыздар сайысын өткізді деп хабарласты. Содан қолыма қалам алып болған жәйт туралы кеңірек жазуды ұйғардым. Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттердің ең бастысы—өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу болып табылады. Болашақ қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени-ғылыми өрісі озық азамат ...

Толығырақ »

Қазақтың алтайын қазақ иелей алмай ма?

«Алтай Алтай болғалы не көрмеген, Кімдер туып, Алтайда кім өлмеген. Қытай, дүңген бауырында ойнақ салып, Сорлы Алтайдың емшегін кім ембеген?», – деп, Бұқара Тышқанбаев ағамыз жырлағандай, қасиетті Алтай сан ғасырлар бойы кімге пана болмады дейсіз! Тарихқа көз жіберсек бүгінгі таңда Ресей, Қазақстан, Моңғолия, Қытай мемлекеттері төрт емшегін таласа еміп отырған қойнауы кенге бай, қолтығы сыңсыған қара орман, жүгірген аң мен ...

Толығырақ »

АБЫЛАЙДА АУДАН, ӘЛИХАНДА УНИВЕРСИТЕТ ЖОҚ ПА?!

Тектілік тамырының түркіден жалғасқан алып бәйтерегінің бір бұтағы Шыңғысхан болса, кейінгі Қазақ мемлекеті мен Алашорда үкіметі осы алтын арқаудың бір үзігі еді. Абылайдың қазақ мемлекеттігін қалыптастыру, сақтау жолындағы ерен еңбегі мен бүгінгі өр рухымызға тұғыр болған алашшылдар күресі ешқашан ұмытылмақ емес. Тәуелсіздік алғаннан қазірге дейін ақтаңдақ беттеріміз түгенделіп, талай-талай өлгеніміз тірілді, өшкеніміз жанды. Не бір ұлы тұлғалар тарих қойнауынан суырыла ...

Толығырақ »

Телеарна тілбұзарларына қашан тоқтау саласыз?

       Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігінің назарына!       Қазақ тілінің кежегесінің кетуіне тікелей әсер етіп, оны өзекке теуіп, қатарға қосылуына жасанды тосқауыл қойылып отырғандығы көңілге кірбің ұялатады. Бұл жолы өзегімді өртке шалдырып, айтпақ боп отырғаным ана тіліміздің мемлекеттік мәртебесі емес, «Жығылғанға жұдырық» дегендей, онсызда төрге шыға алмай, табалдырық тұсынан жаутаңдап тұрған тілімізді шұрайынан айырып, берекесін қашырған телеарна тілшілеріне тыйым ...

Толығырақ »

ИСЛАМ ДІНІ ҚЫТАЙҒА ҚАЛАЙ ТАРАДЫ?

Ислам діні VII ғасырдың орта шенінде Қытайға енді. Таң дәуірінің У-ды жылдарында (618-626), Мұхаммедтің Қытайға жіберген «төрт кемеңгер діндарының» бірі Гуаңжоуға, бірі Яңжоуға, екеуі Чуанжоуға барып Ислам дінін таратты. Мұхаммед пайғамбардың нағашы ағасы Оңқас құранды жан-тәнімен қорғап, Гуаңжоу арқылы Чаң-анға жеткізді. Ол жінгуаннің 6-жылы (632 жылы) яғни, Мұхаммед пайғамбардың жылдығы болатын күні еді. Бұл барыста ол Таң Тай Зұңның қызу ...

Толығырақ »

Өткен кезең және латынға көшу

Қазіргі латын әрпіне көшуге қатысты ел ішінде әр түрлі пікірлер бар. Тұтастай алғанда толық қалыптасқан, дамыған, рухы бай халықтар туралы айтқанда әріптер өзгерісі олардың тарихи дамуын кері шегіндіре алмайды. Қазақ тілінің төркіні және қазақ жазуының тарихы зерттеушілерді арғы замандарға (біздің заманымыздан бұрынғы 3-7 ғасырларға) дейін алып барады. Бұған археологиялық қазбалар мен ескі тарихи жазбалардағы деректер дәлел. Әлкей Марғұлан өзінің «Таңбалы ...

Толығырақ »