Сайт жасау
Home » Көші-қон (page 2)

Көші-қон

Өзбекстандағы қазақ қария: Арманым – қазақ болып өлу

Тағдырдың сан талқысымен, ғасырлар шаңдағында адасып, ғаламға шашылған қазақы қанды бауырларымыз бүгіндері 42 елде тұрады екен. Солардың бір парасы һәм көп бөлігі Өзбек елінде ғұмыр кешуде.  «Алаш жолымен» деп аталған ғылыми-танымдық экспедициясының тобында Ташкентке жасаған сапарымызда біраз жайларға қанығып, көптеген қандастармен кездесіп, сұхбаттасудың орайы түсті. 86 жастағы қария Еркінқұл Мәуленқұлұлы басындағы қилы тағдырлар жайлы қысқаша әңгімелеп берді. Әсіресе, өзінің және ...

Толығырақ »

Тәуелсіздік түркиялық туыстармен табыстырды

Шығыс Түркістан өлкесіне қытайдың гоминдан үкіметі лаң салған сонау 1930- жылдардан соң  Алтай, Қобдадағы Абақ керейлердің көп әулеті ағайын туыстарынан бөлініп, бір-бірінен көз жазып қалғаны тарихтан белгілі. Менің нағашым Жәнтекей ішінде Шақабай          деген кісі екен. Біздің білетініміз Қытайдан Үндістан, Пакстан арқылы Түркияға кеткен Елісхан бастаған қазақтардың ішінде кеткен деп естиміз.Қытай мұнан кейінгі заманда кеңестер елімен теке тірес салдарынан шекараларын тарс ...

Толығырақ »

Құшағымыз бауырларға айқара ашық

Дүниежүзі қазақтарының басын қосқан тұңғыш құрылтайдың шақырылған кезінен бесінші құрылтайдың арасын уақыт өлшемімен cанасақ, 25 жылдың жүзі болған екен. Төрткүл дүниеге шашыраған қандастарымыздың бірінші құрылтайға жиналған кезінде олардың кіндік қаны тамған атамекені жайлы, ата-баба жеріне оралу туралы қуаныш пен күдікке толы ойлары мен V құрылтайдағы өзгерістерді салыстырып көрсек, өткен 25 жыл уақыт – бірнеше ғасырлық уақытқа тұратындай өзгерістерге ұйтқы болған ...

Толығырақ »

Жаңа тұжырымдама көш керуенін қайта жандандыруы мүмкін

Үкімет бекіткен тұжырымдама: біріншіден, жақын келешекте Қазақстан құрамына кіруді жоспарлап отырған Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің тәжірибесіне сүйене отырып, көші-қон үдерісін ырықтандыру тәсілдерін ендіруді көздеп, екіншіден, әлем экономикасы мен елдегі ағымдағы жағдайды, ұзақ мерзімдегі сын-қатерлерді ескере отырып әзірленді. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, тек соңғы бес жылда келген шетелдік азаматтардың ішінде шамамен 300 мыңға жуығы қызмет бабымен, ал 204 мыңы тарихи Отанына ...

Толығырақ »

250 ҚАНДАСЫМЫЗ ҚЫТАЙҒА ҚАЙТАРЫЛМАСЫН!

Жамбыл облысында 2015 жылы Қытайдан атамекеніне қоныс аударған 250 этникалық қазақтың ықтиярхаттары ҰҚҚ тарапынан тексеру кезінде жалған болып шығыпты. Жамбыл облыстық ішкі істер департаментінің көші-қон полициясы өздерінің оған қатысы жоқтығын айтып азар да безер. Заң бойынша әлгі 250 қазақ елден дереу депортациялануға тиіс. 2015 жылы бұрынғы Қытай азаматтары Қазақстанға тұрақты тұруға өтініш берген кезде №992 бұйрыққа сәйкес қажетті құжаттардың бәрі ...

Толығырақ »

Моңғолия қазақтары білімге құмар

Алыстағы ағайын десе елеңдемейтін жан аз. Бүгіндері ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты болып отырған Бақытбек Смағұл да ұлтын жай тәнімен сүйетін, қандасым десе ішкен асын жерге қоятын айтулы азаматтың бірі. Сол Бәкең осыдан көп жыл бұрын алыстағы ағайынды аңсап жетіп, осы жазбаларын қағазға түсірген екен. Аталған жазба да Моңғолия мен Қазақстанды бөліп тұрған Ресейдегі азғана жердің бөгеті де тілге тиек етіліпті. ...

Толығырақ »

Қазақ көшінің өзекті бес мәселесі…

БІРІНШІ МӘСЕЛЕ: ШЫНАЙЫ БАҒА БЕРУ, АЛДАМАУ, АЛДАНБАУ      Мұратқа адал болу, мақсатқа жету қашанда шыншылдықты, шынайылықты талап етеді. Тек шынайы анализ, шынайы баға, шынайы болжау ғана істі алға жетелейді. Бұл – айқайлаған ақиқат, аңқылдаған аксиома. Осымыз рас десек, сонау 1992 жылғы тұңғыш қазақ құрылтайынан бастап, 2002, 2005, 2011 жылдары өткізілген әрбір құрылтайда айтылған сөздер, алынған міндеттемелер сараланып, ой елегінен ...

Толығырақ »

Жердің арғы бетіндегі қазақтар

АҚШ-қа қазақтар Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін көшіп бара бастады. Негізінен, АҚШ-тың қазақ халқын бірнеше топқа бөлуге болады: 1) Бұрынғы КСРО азаматтары, Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде тұтқынға түсіп, Алмания аумағындағы концентрациялық лагерьлерде ұсталған, одақтастар әскерлері азат еткеннен кейін және тексеруден өткен соң өздерінің өтініштері бойынша Түркияға тұруға жіберілген, сосын Түркиядан Штаттарға көшіп барған, онда қазір олардың екінші және үшінші ұрпақтары тұрып ...

Толығырақ »

Қазақстанда бір миллион оралман жоқ

 Қа­зақстан халқының санын көбейтіп, де­мо­графиялық жағдайымызды көтеруде шеттен оралған ағайынның үлес-салмағының көп екені жасырын емес. ҚРПрезиденті Н.Назарбаевтың елі­міздің тұрғындарының санын алдағы 20 миллионға жеткізу керек деп нақты міндет бел­гілеуінің де басты себебі, міне, осыған байланысты. «Халықтың көші-қоны тура­лы» жаңа заң ішкі және сыртқы көшке қатысты біраз мәселелерді қамтыды. Алайда, дәл «қазірге дейін қазақстанда бір миллион оралман бар» деген атау шындыққа ...

Толығырақ »