Сайт жасау
Home » Әдебиет арнасы

Әдебиет арнасы

Тұрдықызы Құндыз. Тағдыр 

Жүрегімде мекендеген құсымды, Бір суық сөз селк еткізып ұшырды. Өзі көре алмаған сөң қызғанып, Ояатты да,  бұзды тәтті түсімді. Осы адамдар,  әй адамдар қызық _ақ, Мен қуансам күлкілері бұзылад(ы). Сосын,  олар өнерлерін сынайды _ Мен мұңайсам,  суретімді сызып ап. Гүлден нәзік біле тұра жанымды, Білмеген боп қайнатады қанымды. Қурай көріп жүргеніне таңғалам, Құдай ғана ала алатын тағымды. Ата -анамда самайында ...

Толығырақ »

Әкемнің хаты

— Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар: Құрметті күтіп алушылар. Сапаржай автобекетіне Моңғолия- Қазақстан бағытындағы халықаралық автобусы келіп тоқтады… Сыңғырлаған диктордың дауысы ойымды бөліп жіберді. Не ойлап отыр едім өзі? Иә, көкемді көрмегелі көп болып еді. Бала кезімдегі қызық мінездерін ойлап отыр едім. Сағатыма қарасам межелі уақыттан он минут кешігіп келіпті. Автобус тоқтайтын перронға келсем адам ығы- жығы. Бәрінің көзі автобус есігінде. Ашылып кетсе ...

Толығырақ »

От тілді Отарбай ақын жайлы

(Жыр құмар балалық шағымнан есте қалғандар)   «Мекенім Сайқан, Сәуір, Бурылтоғай, Керейдің басқаруымен жүрміз Жанай. Салбырты  мен Жетіарал құт мекенім, Жаз жаннатым жап-жасыл Орта Алтай»,- деп өзі жырға қосқандай Өр Алтайдың қасиетті  топырағынан жаралып, өз заманында ақындығымен бүкіл қазақ халқына белгілі болып, аты тарихқа қалған Отарбай Дүйсенбіұлы 1864-жылы туылып, 1924-жылы алпыс жасында қайтыс болған.       Отарбайдың ең алғаш ақын болып танылуына ...

Толығырақ »

Гүлманат Әуелхан. Жүрегіме ұя салды ымыртта

Гүлманат Әуелхан 1980жылы ҚХРдың Тарбағатай аймағы Толы ауданында дүниеге келген.2004жылы ата жұртқа оралған,  «жас толқын» «қоштасқым келмейі» «Алатау жырлайды» жыр жинақтарына және «Қазақ поэзиясының антологиясына» жырлары енгізілген.республкалық бірнеше мәрте жыр мүшайраларының жұлдегері,2006ж қайнар университетінде өткізілген республикалық жас ақынарың жыр мүшайрасының бас жүлегері,2007ж «Үн»журналы жағынан ұйымастырған «Ақыт Үлімжі және ұлттық рух» атты халқаралық жыр мүшайрасының бас жұлдегері,халқаралық шабыт фестивльның дипломаты.2007ж.  2008ж. ...

Толығырақ »

Бекболат Тілеухан. Оралман деген кім десең…

Оралман деген кім?- десең, Шошқаның етін жемек түгілы, Бейнесінеде қарамаған, Сан тарих самайын жаралаған. Есін жыйып еліне оралғанда, «Қашқынсың»,-деп бауыры қаралаған. Қалтасында көк тиын болмасада, Адамнан нан сұрауды қаламаған. Тіл мен діні қалпында жойылмаған, Пәктігіне еш шекіт қойылмаған. Қазақстан қазағы мойындамай, Бүкіл алем (момын) мұхмын деп мойындаған Баласы 4 жасында атқа мінген, Патшаданда байсалды таққа мінген. Атасының қылышын дат бастырмай, ...

Толығырақ »

Азамат Мәуленұлы. Ол — менмін

Ол — менмін Көз алдыңда бір бейне, Қарауытқан ол — менмін. Жымыңдасаң кей-кейде, Алабұртқан ол — менмін. Тауға қарай адымда, Самал тұрса ол — менмін. Табиғаттың барында, Бұлақ тұнса ол — менмін. Өзен-көлдің дидары, Ғажап болса ол — менмін. Дала сазы күй-бағы, Азат болса ол — менмін. Аспан атса жұлдызын, Қосылатын ол — менмін. Мамыр-сәуір қырмызын, Ұсынатын ол — менмін. ...

Толығырақ »

Сахнаның тарлан бозы (Әнікей Есмағзамұлы туралы эссе)

Күнделік дәптеріме қаралы хабар: «Әнікей қайтыс    болыпты тағы бір хас талант бақиға аттанды…» деп бастап Әніш туралы көрген-білгенімді қысқаша жазып белгілеппін. Қан қысымнан жығылып, отырып қалғалы он шақты жыл болған. Әр жылы барып, қасында бірер күн болып, өткен кеткенді әңгімелесіп, өзімде сергіп қайтушы едім. Тек биыл ғана бара алмағам. Театардың 60 жылдығына барып келген соң жаңалықты арқалап бірақ келейін деп ...

Толығырақ »

Хабджалел Сахарияұлы. Тәуелсіздік күніне арнау

Азатпын деп мақтанып жарқын үнмен, Қазақпын деп тәуелсіз шалқыдым мен. Егемендік, бостандық Тәңір сыйы Бақытты елдің бөлек қой нарқы мүлдем. Тәлкегі мен тағдырдың сан сүрінген, Қасіретті ғасырда жан түңілген. Ата-бабам арқалап сағынышын, Ата-жұртқа оралдым жер түбінен. Зар заманда басыма бұлт үйрілген, Табаныма шұбыртып шаң сіңірген. Қайран елден айрылып қамыққанда, Қан аралас жас аққан кірпігімнен. Жанарымнан адасып ұйқы мүлдем, Ажарымнан аластап ...

Толығырақ »

Арғы бетте не қалды, Құлжа қалды..

Арғы бетте не қалды, Құлжа қалды, Ару қалды-ау, жәудіреп мұң жанары. Жүрегіңде сөнбесін үміт шоғы , Шоғың сөнсе қайтадан кім жағады? Арғы бетте не қалды, Бұлғын қалды, Қатар аққан Қобда мен Тұрғын қалды. Бала кезден бал бұлақ кешіп өскен, Тай-құлындай тебіскен құрбым қалды. Арғы бетте не қалды, Толы қалды, Жүріп өткен бабамның жолы қалды. Қара мекен жұртынан хабар күтіп, Қарайлаған ...

Толығырақ »

«Тарихи Атажұрт» қоғамдық бірлестігінің алғашқы құрылтайына арнау

Қайғылы ғасырды аттап қасіретпен, Жазықсыз зар заманда жапа шеккен. Азаттық, бостандықтың ақ жолында Сан батыр ұл-қызының басы кеткен. Балақтан шаң, балтырдан қан сорғалап, Ақтабан-шұбырынды басып өткен. Сан қорлық, санзыз азап көрседағы Өшпестей рухымды асыл еткен. Сұқтанған сұмырайлар сұғын қадап, Етті ғой ұлтымызды астан-кестең. Әлегі қызыл қырғын коммунизм Әлемге бар қазақты шашып кеткен. Зар болып бір көруге ата-жұртын Қор болып бөтен ...

Толығырақ »