Сайт жасау
Home » Сарғайған парақтар

Сарғайған парақтар

СӨЗ СӘУЛЕСІ

…Мұхаңмен жүзбе-жүз жолығу қуанышы 1940 жылдан кейін туды. Көбірек есімде қалған сәт – 1944 жыл. Өйткені, сол жылы республикалық ақындар айтысы өткізіліп, оны ұйымдастыратын комиссияға мен де мүше болдым. Айтыс үш күнге созылды. Мұхаң болса маңдайы жарқырап блокнотын тастамай, үнемі бір нәрселерді түртіп алумен болды. Әр ақын сөзін зор зейінмен тыңдап, қошаметшіл көбіктеу сөзді қабағымен тыйып тастаңқырап отырды. Асыл сөзді ...

Толығырақ »

Зардыхан Қинаятұлы. Өскен ортадағы жаттығымды бала кезімде сезіндім

Тағдыр-ай десейші, мен ұлтым да, ұраным да қазақ бола тұра сонау Моңғолия жерінде, оның өзінде қазақ ортасынан жырақта, нағыз моңғол ортасында туып-өстім. Көзімді ашып, тал мініп, шыбық мініп жүргенде-ақ жат екенімді сезіне бастадым. Балалар мені «Хасаг» деп, басқаларын өз аттарымен шақырады. Менің де өз атым бар емес пе десем, «сенің атың біз үшін шақыруға қиын, айта алмаймыз» дейді. Ал үйдегілер ...

Толығырақ »

Әлібек Асқар, Тәуелсіздіктің тұң­ғыш қуанышы бар қазақтың бас қосқаны

…Ұшақ келіп белгіленген жерге тоқтады. Бүкіл әуежайды аңыратып, төбе-құйқаны шымырлатып «Елім-ай» кетті шырқалып. Басқыштан түрік тақиялы ақсақалдар, ақ жаулықты аналар бірі еңіреп, бірі қол орамалдарымен көздерінің суағарын іліп, сүртіп түсіп келеді. Жерге жеткен бойда еңкейіп асфальтті сипайды, сүйеді (әуежайда қара жер қайдан болсын). Бір ақсақал тіпті жерге етпетінен жатып қалды. Мауқы басылған соң екі қолынан демдеп, сабыр сұрап тұрғызып алып ...

Толығырақ »

Халифа Алтай. Тәуелсіздік әр қазаққа мақтаныш

…Әрине, туған жерден қол үзіп, ана-отаннан  айырылып, ұзақта жүрген адамның көңілі қашанда қаяулы болады. Бүгінгі мына Қазақстанның тәуелсіздік алғандығы және осы салтанатты құрылтай сол мұңымызды тарқайтып, мақтаныш сезімін тудырды. Дегенмен тағдырмен бетпе-бет келіп, «мың өліп, мың тірілген» қазақтың сонау зар замандар, «ақтабан шұбырынды, алқакөл сұламаның» тауқыметтері ойға оралып, «Елім-айлап» ән салып зарлаған елдің қайғылы дауысы құлаққа естілмей, қамықтырмай қоймайды.         ...

Толығырақ »

Н.Ә.НАЗАРБАЕВ. Әр қазақтың тілегі ортақ

…Сіздер қазақтың елі мен жерінен алыста жүрсеңіздер де, ниеттеріңіз бізбен ортақ, жүректеріңіз Қазақстан деп соғатынын білемін. Қазақстанда болып жатқан жақсылық өзгерістерді, экономика мен мәдениетіміздегі, саясат пен әлеуметтік саладағы айтулы жетістіктерді естіп-біліп жүрсіздер. Біз бүгінгі таңда дүниежүзінің ең озық, өркениетті елдерінің қатарына қосылу бағытында жұмыс істеп жатырмыз. Атажұрттарыңыз мақсат еткен осынау үлкен міндетті абыроймен жүзеге асыру әлемдегі барша қазақтың ортақ міндеті ...

Толығырақ »