Сайт жасау
Home » 2017 » Сентябрь

Monthly Archives: Сентябрь 2017

Халықаралық айтыста шетелдегі қандастарымыз да жүлделі орындарыдан көрінді

Атырау қаласында Атырау облысының әкімдігінің қаржылай қолдауымен Қазақстан Жазушылар Одағының Атырау облыстық филиалы және Айтыс ақындары  мен жыршы-термешілердің Халықарлық Одағының ұйымдастыруымен екі күнге жалғасқан «Қайта жаңғырған Қазақстан» атты халықаралық ақындар айтысы аяқталды. Дүбірлі додаға елімізге танымал аузымен құс тістеген шайырлармен  қатар Қытай, Моңғолия, Қырғызстан,  Өзбекстаннан ақындар қатысты. Айтысты ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Айтыс ақындары  мен жыршы-термешілердің Халықарлық Одағының басқарма төрағасы Жүрсін Ерман тізгіндеді. ...

Толығырақ »

Қазақтың қаны ауысса не болады?

Он жасқа келіп, ес біле бастаған кезіміз болатын. Анам Қамария (марқұм) ауруханада әйелдер босанатын жерде жұмыс істейтін. Біздің үйдің қасында көрші Сәрсенкүл деген орта жастағы келіншек босану кезінде көп қан жоғалтып, екінші топтағы донор іздегені есімізде. Содан донорлыққа базарда сауда сатып тұрған, аузы аузына жұқпайтын, сумаңдаған бір әйел келісіпті. Соның қанын құйып аман қалды деп үйге анам айтып келген болатын. ...

Толығырақ »

МОҢҒОЛИЯДАН КЕЛГЕН АҒАЙЫННЫҢ ЗЕЙНЕТАҚЫ МӘСЕЛЕСІ ҚАШАН ШЕШІМ ТАБАДЫ?

Дүниежүзі қазақтарының осы жазда өткен V құрылтайынан ағайындар көп үміт күтті. Соның бірі алыс-жақын шетелдерден оралған қандастардардың зейнетақы мәселесі. Нақтылап айтқанда өздері тұрған және қызмет еткен елмен ҚР арасындағы еңбек келісім шарттарына орай іске асатын жеңілдіктердің, әлеуметтік тиімділіктердің қамтылу-қамтылмау мәселелері түбегейлі шешілмей келеді. Соның салдарынан моңғолиядан келген ағайындар осы топыраққа келгеннен кейін зейнетақыларын ала алмай қиындықтар көруде. Өзі тұрған елде ...

Толығырақ »

Франциядағы қазақтары да төл тілінің латын қарпіне ауыстырылуын қолдайды

Ата-бабалары кәрі құрлыққа өткен ғасырда қоныс аударғандықтан, бірнеше еуропалық тілде сөйлейтін этникалық қазақ жастары латын қарпі туған тілді ұмытпау үшін Франциядағы қазақтары да төл тілінің латын қарпіне ауыстырылуын қолдайды.  Францияда тұратын қанасымыз Табарак Догу: «Қазақ тілі грамматикасының жаңғыруы – өзге тілдің бәрін біліп, өз тілін құрметтейтін қандастар үшін зор мүмкінд. Бізге өте қуаныш болды, өйткені шетелде өмір сүрген қазақтарға, әсіресе ...

Толығырақ »

Үрімжі-Алматы бағытында жаңа пойыз қатынайтын болды

30 қыркүйектен бастап қытайдың Үрімжі қаласынан қорғас өткелі арқылы шекарадан шығып Қазақстанның Алматы қаласына баратын халықаралық  транзиттік пойызы жүре бастайы. Бұл туралы Atazhurt2050 ақпараттық порталының тілшілері хабарлайды. Үрімжі темір жол мекемесінің хабарлауына қарағанда,  ҚР мен ҚХР Темір жол ынтымақтастығы ұйымының келісімі бойынша Үрімжі-Алматы K9795/K9796 пойызы бұрынғы Алатау сағасы-достық өткелі арқылы шекарадан шығу жолын енді Қорғас — Алтынкөл өткелдеріне өзгертті. Аптасына бір рет қатынайтын транзиттік пойызы 24 сағатта 1048 ...

Толығырақ »

КӨКПЕКТІДЕГІ ЖАҒДАЙ КӨҢІЛ ҚҰЛАЗЫТАДЫ

Ел аман жұрт тынышта Шығыс Қазақстанның Көкпектісінде болған қаралы жағдай талайдың жүрегін түршіктірді. 11 қыркүйекке қараған түні екі бірдей адамды жазықсыз атып өлтіріп, бір миллион теңге тонаған бұзақылардың қылығы аса айуандық болған. Жазым болушылар мен зардап шегушілер қытайдан көшіп келген қандастарымыз екен. Былай қарағанда бұл қылмыстық істі әлде біреулер алыстан келген ағайындарға қарсы әдейі ұйымдастырып отырған жоқ. Арам ниетті жандардың ...

Толығырақ »

Біз Түркияға қалай келдік?

1951 жылы Пәкістанға Түр­кияның елшілігі келді. Түркияға кетсек деп өтініш берген едік, түрік үкіметі: «1953 жылы аламыз», – деп қа­был етті. 1950 жылы Қы­тай­дан қашқан қазақтар легі Кашмирге келді. Солтан тәй­жі, Құсайын тәйжі, Қа­либек, Хамза Шөмішбайұлы, Дә­лел­хан Жанымханұлы, Омар Байқонақұлы, Хасен батыр, Қарамолда. Бұл адамдар екіге бөлініп, Түркияға кетті. 1952 жылы жартысы, 1953 жы­лы жартысы кетті. Кейі­нірек біздер Түркияға кетуге ...

Толығырақ »

Жердің арғы бетіндегі қазақтар

АҚШ-қа қазақтар Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін көшіп бара бастады. Негізінен, АҚШ-тың қазақ халқын бірнеше топқа бөлуге болады: 1) Бұрынғы КСРО азаматтары, Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде тұтқынға түсіп, Алмания аумағындағы концентрациялық лагерьлерде ұсталған, одақтастар әскерлері азат еткеннен кейін және тексеруден өткен соң өздерінің өтініштері бойынша Түркияға тұруға жіберілген, сосын Түркиядан Штаттарға көшіп барған, онда қазір олардың екінші және үшінші ұрпақтары тұрып ...

Толығырақ »

Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» романы моңғол тіліне қалай аударылды?

Қазақ жазушларының шығармаларын моңғол тіліне аудару үрдісі 1960 жылдардың соңынан бастау алады. Моңғолия қазақ жазушылары ішінде бұдан бұрын шығармасын моңғол тілінде жазатын немесе моңғол тіліне әдеби тәржіма жасайтын ақын жазушылар жоқтың қасы болды.  1970 жылдардың басында Моңғолия Жазушылар Одағы әлем классиктерінің шығармаларын моңғол оқырмандарға таныстыруға ерекше ден қойды. Осы мақсатта таңдап алған шығармалар тізімінде М.Әуезовтың «Абай жолы» романының екі томдығы ...

Толығырақ »

Моңғолия қазақтары Қазақстанның латын әліпбиіне көшуін қалайды

Қазақстан халқы тілдері күні аясында Моңғолияның астанасы Ұлан-Батыр қаласында Қазақстанның Моңғолиядағы Елшілігі  қазақ тілін латын әліпбиге көшіру мәселелеріне арналған «дөңгелек үстел» ұйымдастырды. Бұл туралы Қазақпарат агентігі хабарлап отыр. Аталмыш шараға Моңғолиядағы қазақ диаспорасы, мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ шығармашыл зиялы қауым және белсенді қазақ жастары қатысты. Қазақстанның Моңғолиядағы Елшісі Қалыбек Қобыландин жиналғандарға Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» ...

Толығырақ »