Сайт жасау
Home » 2017 » Октябрь

Monthly Archives: Октябрь 2017

Бауырларға бауырмалдық танытқан басшы

Еліміздің тәуелсіздігінен соң алыс жақын шетердерден ата жұртына оралған бауырлас қазақ  ағайындарды әлеуметтік топ ретінде «оралман» деп  атап, баспасөз құралдары арқылы нақты атау сыпатына ие болғаны белгілі. Алайда бұл атау қарапайым халыққа, әсіресе шеттен келген ағайындардың өзіне ұнаған жоқ. Елбасымыз Н.Назарбанв Дүниежүзі Қазақтарының  V құрылтайында сөйлеген сөзінде елге оралғаны бар, оралмағаны  бар халқымыздың осы тобын «отандастар» деп атаған еді. Ал ...

Толығырақ »

Өзбекстандағы қазақ қария: Арманым – қазақ болып өлу

Тағдырдың сан талқысымен, ғасырлар шаңдағында адасып, ғаламға шашылған қазақы қанды бауырларымыз бүгіндері 42 елде тұрады екен. Солардың бір парасы һәм көп бөлігі Өзбек елінде ғұмыр кешуде.  «Алаш жолымен» деп аталған ғылыми-танымдық экспедициясының тобында Ташкентке жасаған сапарымызда біраз жайларға қанығып, көптеген қандастармен кездесіп, сұхбаттасудың орайы түсті. 86 жастағы қария Еркінқұл Мәуленқұлұлы басындағы қилы тағдырлар жайлы қысқаша әңгімелеп берді. Әсіресе, өзінің және ...

Толығырақ »

2017-2021 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН КӨШІ-ҚОН ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ ӘЗІРЛЕНІП ЖАТЫР

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде мемлекеттік ортақ мүдде мен көші-қон үдерістерінің әлемдік даму үдерістерін сақтай отырып, алдағы бес жыл көлеміндегі стратегиялық мақсаттар мен міндеттерді және негізгі көзқарастарды айқындайтын 2017-2021 жылдарға арналған Көші-қон саясаты тұжырымдамасы әзірленуде. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады. Құжатта басты межелер ретінде орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуды және елдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету аясында халықты үйлестірілген тең сипатта ...

Толығырақ »

Ғалым Жайлыбай. Өр Алтай мен Тәңіртаудың арасы..

* * * Алаң да, алаң, алаң күн, көңіл көгін түреді. … Жүрегі бар адамның ауырады жүрегі.   Санамдағы көпірдің, Биігінен ыршыдым. … Өр Алтай боп өкірдім – Сайрам көл боп сыңсыдым.   Көрсет маған жұртыңды, Бар ма ағатай, қалғаның… торығады бір түрлі Тарбағатай тарланым…   Артта талай жол қалып, Өлең болып өрілдім. …Таңжарық боп толғанып Әсет болып төгілдім.   ...

Толығырақ »

Ұлы Жібек жолының алғашқы картасы

Ұлы Жібек жолының қайта жаңғыруы көз алдымызға өткен тарихтың сырлы қырларын тағы бір елестеткендей. Біздің тарихымыз бен мәдениетіміз Жібек жолымен тығыз байланысты. Себебі түркі халықтарының қасиетті мекендері түгел осы Жібек жолының бойына орналасқан. Жібек жолы тек Қытаймен ғана шектелмейді, Жібек жолын ашуға және оны Еуропаға дейін жалғастыруға түркі халықтарының қосқан үлесі зор. Егер тарихта түркілер болмаған болса, Жібек жолы болмас ...

Толығырақ »

Қолы жоқ ер адам мүгедек анасын асырап отыр

Чэнь Синь-Иньнің өмірі өте ауыр. Ол жеті жасында тоққа түсіп, екі қолынан бірдей айырылған. Чэнь қолынан айырылғанына қарамастан, егістікте жұмыс істей бастаған. 20 жасында әкесі дүниеден озған соң, мүгедек анасымен жалғыз қалады. Уақыт өте келе анасының жағдайы нашарлай түскен. Әлдебіреулер Чэньге қайыршылықпен айналысуға кеңес берген. Ашуланған ол аяғының сау екенін айтып, бас тартқан. Екі қолы жоқ болса да, ас ас ...

Толығырақ »

Тәуелсіздік түркиялық туыстармен табыстырды

Шығыс Түркістан өлкесіне қытайдың гоминдан үкіметі лаң салған сонау 1930- жылдардан соң  Алтай, Қобдадағы Абақ керейлердің көп әулеті ағайын туыстарынан бөлініп, бір-бірінен көз жазып қалғаны тарихтан белгілі. Менің нағашым Жәнтекей ішінде Шақабай          деген кісі екен. Біздің білетініміз Қытайдан Үндістан, Пакстан арқылы Түркияға кеткен Елісхан бастаған қазақтардың ішінде кеткен деп естиміз.Қытай мұнан кейінгі заманда кеңестер елімен теке тірес салдарынан шекараларын тарс ...

Толығырақ »

«Оралмандар, сендер ойланбайсыңдар…»

Алматының іргесіндегі Еңбекшіқазақ ауданында бір туысқан ағамыз тұрушы еді. Өзі базардан мал сатып алып, оны байлап үстеме бағамен қайта сатып, тірлік жасайтын. Жақында әлгі ағамыздың үйінде болып, біраз әңгімелестік. Жанармай бағасының өсуі, еліміздегі қымбатшылық жайында сөз қозғадық. Бір уақытта әңгіменің ауаны оралмандарға қарай ойысты. – Осы оралмандардың еңбекқор екенін білемін. Таң атқаннан қас қарайғанша еңбектеніп, бір тынбай еңбек етеді. Бірақ кей мінездерін түсінбеймін? ...

Толығырақ »

Моңғолияда Ақыт Үлімжіұлы шығармаларының түп нұсқалары жарық көрді

Қазақ жазба әдебиеті негізін қалаушылардың бірі, көрнекті ақын, ағартушы, діни қайраткер Ақыт Үлімжіұлы туралы Моңғолияда тағы бір кітап жарық көрді. Кітаптың авторы Моңғолия Ғылым Академиясының жетекші ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының докторы (Sc.D), профессор  Хурметхан Мухамадиұлы. Жауапты редакторы зерттеуші Шынарбек Сейітханұлы. Аталмыш кітап Ақыт Үлімжіұлының туғанына 150 жыл толуына орай, ақын жайлы зерттеулер және сонау 1895-жылдардан Қазан қаласында Шағатай әліпбиінде жарық ...

Толығырақ »

Қазақтардың Моңғолияға қоныс аудару кезеңдері

Шетелдегі қазақтар десе, кейбір адамдардың ол жайлы түсінігі көбінде басқаша келеді. Кезінде ұланбайтақ терриортияны иелеген көшпенділер мұрагері – қазақтардың әр тарапқа не үшін шашырап кеткені жайлы мақалалар тізбегін жариялап келеміз.  Төменде Моңғолияны мекендеген қазақтардың тарихы жайлы зерттеуші Асылбек Байтанұлының материалын ұсынып отырмыз. Қазақ тарихындағы әлі де болса айқындай түсуді қажет ететін мәселенің бірі – Моңғолия қазақтарының аталған мемлекет аумағына қай ...

Толығырақ »