Сайт жасау

Daily Archives: 14.02.2018

АСТАНА БІТІМГЕРЛІК ОРДАСЫНА АЙНАЛДЫ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» атты еңбегінде Қазақ елінің ең басты  33 нәтижесінің 30-тармақшасы бітімгерлікке арналған. Нақтырақ айтсақ, ресми Астана араздасқан елдерге араағайындық жасап, әлемге бейбітшілікті жақтайтын мемлекет ретінде танылуда. Мысалы, Иранның ядролық бағдарламасына қатысты Батыс пен Парсы елінің арасындағы араздықты азайтып, бітімге келуге шақырды. Сондай-ақ Астана Түркия мен Ресей арасындағы салқын қарым-қаты­насты жылытуға күш салды. Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» кітабында ...

Толығырақ »

Отарлаушы естеліктері: «Қазақты алма үшін ит сияқты атып тастады…Өкінбеді!»

Патшалық Ресей Қазақ Елін үш ғасыр бойы отарлау саясатын жүргізді. Жыл өткен сайын отарлау саясаты да, қазақ халқына жасалған әділетсіз қысым да күшейе берді. О баста шекаралас аумақтарға бекініс салудан бастаған Патшалық Ресей, кейінірек ішке ілгерілеп көші-қон және жайылымдық аудандарды басып алып, жергілікті халықты қысымға алды. Ал 19 ғасырдың екінші жартысынан бастап Патшалық Ресей қазақ даласына жаппай орыс шаруалары мен ...

Толығырақ »

ГОЛОЩЕКИН: «Қазақ ұлтшылдары кеше күшік, бүгін ит! Оларды жазалау керек»

Қазақстанның партиялық ұйымының бірінші басшысы Ф.Голощекин 1927 жылы бүкіл қазақтық конференциясында республикадағы басшылықта отырған қазақ патриоттарын сынады: «Біздің ұлтшыл бай, буржуазиялық интеллигенциямыз қандай? Жазықсыз ғой?! Ал олардың іс-әрекетін 1917 жылғы қазан революциясы уақытында және қазан революциясынан кейін қараңызшы.Ұлтшыл күшіктеріміз уақыт өткен сайын үлкен итке  айналуда.(күліп) Ұлтшылдықтың түрлі ұғымы бар. Бірі теңдікке ұмтылатын, дені сау, түзу жүретін тұлғалар болса, бірі байлардың ...

Толығырақ »

Алпыс жылда 11000 шәкірт тәрбиеледім

Шет елдерде өмір сүріп жатқан көптеген қандас бауырларымыз баршылық. Олардың арасында биік лауазымға қол жеткізгендері немесе ғылым-білім, кәсіп, медицина саласында танымалдылыққа ие болғандары қаншама. Солардың бірі – көзі тірісінде «Моңғол медицинасының атасы» атанған дәрігер-хирург, Моңғолияға еңбек сіңірген дәрігер (1990), Моңғолия Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1993), Моңғолия елінің Халық дәрігері (2001), Еңбек Ері (2007), академик (2009) ардагер ақсақал Қайыролла Жәлелұлы. Жоғарыда жазылған ...

Толығырақ »