Сайт жасау
Home » Көші-қон » ШЕТ ЕЛДЕГІ ҚАЗАҚ: БIЗ ҚАЗАҚСТАНҒА НЕГЕ КӨШПЕЙ ОТЫРМЫЗ?

ШЕТ ЕЛДЕГІ ҚАЗАҚ: БIЗ ҚАЗАҚСТАНҒА НЕГЕ КӨШПЕЙ ОТЫРМЫЗ?

Мен Стамбул каласында тұрамын. Ұлтым – қазақ. Руым – Қонырат және Түркияда 20 мың Қазақ бар..

Қазақстанның тәуел сiз дiк алғанына 26 жыл болды. Қазақстан содан берi шеттен келген қа зақтарды қабылдап жатыр. Ешкiмдi кеудесiнен итерiп жатқан жоқ. Солай бола тұрса да, түркиядағы казактар неге көшпей отыр. Бұл неден? Мұның қандай себебi бар?

Бiз күнде болмаса да, жыл аралата Қазақстанға келiп-кетiп тұрамыз. Сондағы көргендерiмiз бiздi үркiтiп-шошыта бередi. Мәселен, Қазақстандағы билiк – орыстiлдiлердiң қолында. Ол жерге қазақ тiлдiлер кiре де, ене де алмайды… Билiк кiмнiң қолында болса, соның дегенi болатыны да бел гiлi.

Жоғары оқу орындары – түгел орысша. Қазақстанда тұратын бауырларым “қазақ тiлiн бiлмейтiн қазақтар – халықтың 40 пайызы” дейдi. Менiң өз басыма қазақ тiлiн бiл мейтiндер бұдан әлдеқайда көп болып көрiнедi. Бәлкiм, 60 пайыз. Өйткенi мен Қазақстанға кiрген нен қайтқанша еститiнiм – тек орысша: орысша сөз, орысша ән, орысша телехабар, орысша радио хабар, орысша боқтау…Түркияда болса Қазақша мектеп болмагасын Жастар Қазақша білмейді… Егер Қазақстан да Түркия секiлдi мемлекеттiк тiлiн жаксы кылса, қазақтанып, қазақшасын жолға қойып жатса, онда бiз де Қазақстанға, ата жұртқа көшер едiк.

Facebook арқылы пікір жазыңыз

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды. Required fields are marked *

*