Сайт жасау
Home » Жаңалықтар » Елордада «Рухани жаңғыру және отандастардың елдік болмысы» атты халықаралық конференция өтеді

Елордада «Рухани жаңғыру және отандастардың елдік болмысы» атты халықаралық конференция өтеді

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың шетелдердегі қандастарымызды отанынына шақырған салиқалы саясатының арқасында 26 жыл ішінде алыс жақын шетелдерден 1.5 миллион ағайын атажұртына оралды.  Сол отандастарды атажұртына бейімдеу, өз Отаны – Қазақ еліне деген сүйіспеншілігін тереңдетіп, шынайы қызмет еттіру, оларды ел бірлігіне үйлестіріп, Елбасы саясатын қолдап, «Нұр Отан» партиясы айналасына нық топтасуына және әртүрлі мәселелерінің құзырлы органдар арқылы оңтайлы шешілуіне ықпал ету мақсатымен «Тарихи Атажұрт» қоғамдық бірлестігі құрылған еді.

Қоғамдық бірлестік үстіміздегі жылдың 29-қарашасында алғашқы құрылтайын және «Рухани жаңғыру және отандастардың елдік болмысы» атты халықаралық конференция өткізбекші. Құрылтайда «Бәрінен де еліміздің елдігі, оның тәуелсіздігі қымбат» екенін айқындап, бұл іске отандастарды жұмылдыру арқылы елімізді «Мәңгілік ел» ету жөніндегі Елбасы саясатын қолдаған баяндамалар жасалады. Сондай-ақ халықты береке-бірлікке шақырып, «бір отан, бір мүдде» идеясын қуаттай отырып, ел мен жер тұтастығын қорғауға шақырған үндеу қабылданады.

Коференцияда мемлекет басшысының  «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы идеясын қолдаған «Рухани жаңғыру және отандастардың елдік болмысы» тақырыбы ауқымында баяндамалар жасалып, елімнен аламын деп емес, беремін деп қызмет ету ойлары өрбиді. Қандастарымыздың атажұртына қосқан үлесі тілдге тиек етіледі.

Аталған құрылтай мен конференцияға  ҚР Парламент  Мәжілісінің депутаттары, министірліктер, қоғам, өнер қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері және алыстан келген ағайындар қатысады деп күтілуде.

Аталған іс-шаралар екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім – құрылтай (14-15:50); екінші бөлім – конференция (16:30-17:45).

Келемін деушілерге есік ашық. Алыстан келген ағайындарға байланысты сұрақ, өтініш-тілектер жазбаша түрде қабылданады.

Өтетін орыны: Астана қаласы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің Тұңғыш Президент аудиториясы.

Өтетін уақыты: 29.11.2017.  Басталуы: 13:30 сағат.

 

Ұйымдастырушылар:

«Тарихи атажұрт» қоғамдық бірлестігі

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

ТОО «Бақкелді-2012» ЖШС, «Қахан» ЖШС, «Hazifa» сән үйі

РМА – Республикалық медицина академиясы

 

Байланыс тел: 8 776 131 13 78, 8 701 618 99 90

 

Facebook арқылы пікір жазыңыз

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды. Required fields are marked *

*