Сайт жасау
Home » Жаңалықтар » Қанат Ислам жанкүйерлерімен кездесу өткізеді

Қанат Ислам жанкүйерлерімен кездесу өткізеді

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам жанкүйерлерімен кездесу өткізеді, деп хабарлайды спортшының PR менеджері Берік Сұлтан өзінің facebook парақшасында жазды.

«Құрметті жанкүйерлер, Алматы тұрғындары мен қонақтары! Ертең Алматы қаласында Розыбакиев көшесіндегі «MEGA ALMA-ATA»-ның 1 қабатында əлемге əйгілі UNDER ARMOUR спорттық дүкені ашылады. Ашылу құрметіне орай Қанат Ислам 19:00-де өз жанкүйерлерімен сол жерде жүздеседі. Суретке түсіп, қолтаңба алғыңыз келсе біз сіздерді күтеміз. 26 желтоқсан, сағат 19:00-де жүздескенше!», — деп жазды ол.

Еске сала кетейік, Қанат Ислам соңғы кездесуін 9 қыркүйек күні елордамыз Астана қаласында өткізіп, канадалық Брэндон Кукты (18-1, 11 КО) тоғызыншы раундта техникалық нокаутпен жеңді. Осылайша отандасымыз WBO NABO және WBA Inter-Continental белбеулерін сақтап қалды.

Қараша айының соңында Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBA) Қанат Ислам мен осы салмақта рейтингте екінші тұрған америкалық Джон Вера арасындағы кездесудің өтуін міндеттеген еді. Бұл кездесуде жеңіске жеткен боксшы чемпионнның міндетті қарсыласы болады.

Facebook арқылы пікір жазыңыз

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды. Required fields are marked *

*