Сайт жасау
Home » Жаңалықтар » Қазақстан мен Моңғолияны байланыстыратын автокөлік жолы салынады

Қазақстан мен Моңғолияны байланыстыратын автокөлік жолы салынады

Қазақстан мен Моңғолияны байланыстыратын автокөлік жолын салу талқыланып жатыр, деп хабарлады Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов мәжілістегі үкімет сағатында.

Министр Моңғолияда қазақ диаспорасының болуына байланысты бұл елдің Қазақстанның сыртқы саясатында маңызды орын алатынын атап өтті.

«Екіжақты қарым-қатынастардың басымдыққа ие мәселелері – Баян-Өлгий аймағында консулдық пунктін ашу, сондай-ақ Қытай мен Ресей аумағы арқылы өтетін Қазақстанды Моңғолиямен байланыстыратын автокөлік жолының құрылысы болып табылады», — деді Әбдірахманов үкімет сағатында.

Бұдан бөлек, министр Қазақстанның Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея, Үндістан, Вьетнам, Сингапур, Малайзия, Индонезия елдерімен көпжақты әріптестікті тереңдетуге ниетті екенін айтты.

Facebook арқылы пікір жазыңыз

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды. Required fields are marked *

*