Сайт жасау
Home » Жаңалықтар » Елбасы қалталы азаматтарды оралмандарға көмек беруге үндеді

Елбасы қалталы азаматтарды оралмандарға көмек беруге үндеді

Отандық бұқаралық ақпарат құралдарына сұxбат берген ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қалталы азаматтарды оралмандарға көмек беруге үндеді.

«Қандастарын еліне шақырып жатқан дүниеде үш-ақ мемлекет бар. Соның біреуі — Қазақстан. Бастапқы кездерде біз әдейі сол елдерге барып, жағдайларын сұрап, бірінші Құрылтайды өткіздік. Ұлы көшті бастадық. Содан бері бір миллион қандасымыз келді. Олардан өсіп жатқан ұрпақтар одан да көп. Ұлы көш тоқтаған жоқ. Ешқашан да  тоқтатпаймыз, ешкімге қарсылығымыз жоқ. Келем дегендерге есік ашық», — деді Президент.

Мемлекет басшысының айтуынша, шетелде әлі де 4 млн-нан астам қандастарымыз бар. «Ол жақта жағдайлары жақсы, қиыншылық көрмесе, тұра берсін. Келем дегендерге кел дейміз. Біздің қалталы азаматтарға айтарым, қандастырымызды қабылдауға жақын болуымыз қажет. Қазір арнайы қор құрылды. Сол қорға қол ұшын беруіміз керек. Жұмысқа орналасуға, баспана салуға, аз да болса, көмек беруіміз керек. Квотаны көбейтіп жатырмыз.

Сондықтан журналистер де осы мәселені айтып отырса,  қиыншылық болса, бәріміз көмектесіп отырсақ, барлық қандастарымызға жақсылық жасағанымыз болып саналады», — деп атап көрсетті Н.Назарбаев.

Facebook арқылы пікір жазыңыз

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды. Required fields are marked *

*