Сайт жасау
Home » Жаңалықтар » Қытайлық қазақ боксшы IBF турнирінде жеңіске жетті

Қытайлық қазақ боксшы IBF турнирінде жеңіске жетті

Қытайда туып өскен 19 жастағы кәсіпқой боксшысы Бекзат Социалханұлы (1-1-2, 1КО) Халықаралық бокс федерациясы өңіраралық ұйымының (IBF B&R) Жібек жолы чемпионат туры (IBF Silk Road Championship Tournament) Қытайдағы кезеңінде жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қытай халық газеті» ақпараттық сайтының хабарлауынша, айтулы доданың Қытайдағы кезеңі Сюйчжоу қаласында өтті. Орта салмақта жұдырықтасатын Бекзат жеңіліп көрмеген тайландтық Чайват Муэнфунмен (4-0-0 ,2КО) кездесті. Қорытындысында жекпе-жек 10 раундқа созылып, қандасымыз төрешілер шешімімен (96:93, 97:92, 96:92) жеңіске жетті. Осылайша, Бекзат ақпан айының соңында Макаода өтетін IBF Жібек жолы чемпионат туры ақтық бәсекесіне жолдама алды. Қандасымыз чемпионаттың ақтық белдесуінде IBF B&R титулы үшін айқасады. Айта кетейік, Бекзат Социалханұлы Шыңжанның Тарбағатай аймағында туған. Кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін 2016 жылы Қытайдағы IBF турында бастап, жалпы  саны 4 кездесу өткізді.

Facebook арқылы пікір жазыңыз

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды. Required fields are marked *

*