Сайт жасау
Home » Сын-сарап » Телеарна тілі. Басымызда ми болса…

Телеарна тілі. Басымызда ми болса…

Какім Абай айтқандай  «басымызда ми, өзімізде ой» болса,  Қазақ елі тәуелсіздікке қол жеткігеннен бергі 27 жылда  басқаны қойғанда ұлттық тілдегі ақпарат орындарының тілші-журналистері  қазақша мүлтіксіз сөйлер еді-ау. Дап-дайын баламасы бар сөздің өзін орысшадан сөзбе-сөз аударып аламыз да бытпылдай береміз. Болмағандағы өз дене мүшелеріміздің қазақша аттарын білсек нетті! Мәселен журналистеріміз ми дегеннің  не екенін күні бүгін толық түсіне алмай келеді. Ми деген – ми. Түсіндірме сөдік тілімен айтсақ  «Адамның және жан-жануарлардың, орталық жүке жүйесінің ең басты мүшесі» Адамның, жан-жануардың денесінде жалғыз-ақ ми болады. Қазақтың тілі бай, орыстар сияқықты бастың миы, омыртқаның миы деген атау жоқ. Баста ми, омыртқада жұлын болады. Осыны білмеген тілшінің тіліне теріскен шықсын.

Теледидар хабарын көріп отырсаңыз дәрігерлер көбіне  миды «бас ми» деп жатады.  Тілшілеріміз   солай айтып жатса, дәргерлерге кешіріммен қарағаннан  өзге не дерсіз. (Бірақ біздің тілшілер қауымы профессор Ахмет-Төре Мұхамбедия  ағамыз сияқты дәрігерлерден дәріс алса ғана медицина тілін   толық меңгерер еді деген ой келеді). Миды білмейтін тілшілер бар дегенге сенбесеңіз, телеарна хабарларына құлақ түріңіз. Керек болса, бір күнде бір сағатта  (17-қаңтар «Астана» және «31-телеарна») екі бірдей телеарнаның кешкі ақпарат жүргізушілер осылай деп «сайрағанына» куә болдық.  Дәлірек айтқанда  «Астана»  телеарнасы  «бас миына донор екі есе көбейді»  десе, «31-телеарна» одан да асып түсіп,  «жабық бас ми жарақатын алған»  деп  айды аспанға бірақ шығарды. Ай аспанға шықпағанда қайтсін,  жай бастың емес, жабық бастың миы жарақат алса. Дұрысы «мидың жабық жарақаты» ғой.   «Басымызда ми жоқ»,  ұлттық тіліміздің мәртебесін асырайық деген өзімізде ой жоқ болғандықтан  ана тіліміздіде дұрыс сөйлеуге  мән бере алмайтынымыз өкінішті .

 Бодаухан Тоқанұлы

 

Facebook арқылы пікір жазыңыз

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды. Required fields are marked *

*