Сайт жасау
Home » Сын-сарап » «Мен қытайға қайтпаймын!»: Қазақ Еліне көшіп келген ауру қарт араша сұрайды

«Мен қытайға қайтпаймын!»: Қазақ Еліне көшіп келген ауру қарт араша сұрайды

«kunnews.kz» ақпараттық проталы – басына іс түсіп, құжаттық кедергілерге жолығып, көмек сұрай келген оралман азаматтардың жанайқайын жеткізуді жөн көрді.

 

Қазақстан Республикасының

 Ішкі істер министрі

Қалмұханбет Қасымовқа!

Құрметті Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы!

Қытай Халық Республикасының азаматы, ұлты қазақ Сабырғали Солтаншәріпұлы (15.04.1956 жылы туған) мен жұбайы Тарақан Сағатбекқызы (15.09.1956 жылы туған) 2016 жылдың 27 сәуірінде Қазақстан Республикасына көшіп келіп, Ақмола облысы Ерейментау ауданы Күншалған ауылына тұрақтаған. Ол кезде визалық рұқсат уақыты сол жылдың 13 желтоқсанына дейін болған.

Көшіп келе сала Ақмола облысы Ерейментау аудандық көші-қон полициясына тұрақты тіркелу үшін құжаттарын дайындап барған кезде «Қытайға, Бейжіңге барып сотталмағандарыңыз туралы анықтама әкелесіздер» деп бірнеше рет қайтарып жіберген.

Қытай үкіметі заңында ондай анықтама беру туралы еш тармақта жазылмағандықтан, өзідерінің Қытай еліндегі туып-өскен ауданындағы полиция мекемесінен «бұрын сотталмаған» деген анықтама әкелсе, оны бұл жақтағылар жарамсыз деп тапқан.

Екі аяғы салданып, қздігінен жүре алмайтын сырқатқа шалдыққан отағасының қазіргі ауру жағдайы көрген адамның жанын ауыртады. Тіркелу проблемасына сырқат қосылған бұл отбасы ауыр халден қалай шығу жолын таппай дағдаруда.

Сөйтіп екі ортада бір жарым жылдың үстінде сандалған бұл кісілер қазір тығырыққа тіреліп отыр.

Екі аяғынан жан кетіп, салдану ауруына шалдыққан отағасы Сабырғали Солтаншәріпұлы құжаттарды жинауға шамасы келмей қалады. Соңында Ерейментау аудандық көші-қон полициясы бұл істі аудандық сотқа береді.. Ал аудандық сот: «ӘҚБТ ҚРК 517 бабының 4 бөлігімен кінәлі» деп танып, оған он бес айлық есептік көрсеткіш көлемінде 36075 теңге айыппұл салу» жөнінде шешім шығарған.

Бұл қаулыны алған олар айыппұлды төлеп, Ақмола облысының ішкі істер департементіне тұрақты тіркеуге қою туралы өтінішпен барғанда олар: «Қытайға шығып кету визасын ашып береміз. Сосын, Қазақстан Республикасына кез-келген визамен айыппұлды төлеген сәттен бастап 1 (бір) жыл өткеннен кейін келуіңіз қажет» деп шығарып салады.

Қазақстанда тұрақты қалу үшін отбасымен көшіп келіп алған бұл азаматтар енді қайда барарын, не істерін білмей басы қатуда.

Қытайға қайтса, ол жақтың қазір жүргізіп жатқан аса қиын саясатының салқыны тиіп, түрмеге қамаламыз ба деп қорқады.

Сізден бұл істің әділ шешімін тауып, аталған азаматтардың Отанында қалуына жәрдем етуіңізді сұраймыз!

Facebook арқылы пікір жазыңыз

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды. Required fields are marked *

*