Сайт жасау
Home » Жаңалықтар » ПРЕЗИДЕНТ ЛАТЫН ӘЛІПБИІНІҢ КЕМШІЛІКТЕРІ ТУРАЛЫ АЙТТЫ

ПРЕЗИДЕНТ ЛАТЫН ӘЛІПБИІНІҢ КЕМШІЛІКТЕРІ ТУРАЛЫ АЙТТЫ

Бүгінгі Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев латын әліпбиіндегі түсініксіз әріптер туралы айтты.

«Рухани жаңғыру» бойынша көп жұмыс атқарылды. Жаңа латын әліпбиі қабылданды. Ең соңғы өзгерістерді мен кеше көрдім. «І» деген әріп бар қазақта, іні деген сияқты. Ол – латында да бар әріп. Сол «і-ні» і деп қалдыру ұсынылып жатыр қазір. Ағылшын тілінде біздің «е» «и» деп оқылады. Ойланайық. (…) Кезең-кезеңімен, ақырына дейін жеткізіп, түбегейлі шешім қабылдап, реттеп енгізуді бастауымыз керек. Бұл мәселе Үкіметтің бақылауында болуы тиіс», – деді Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Baq.kz

Facebook арқылы пікір жазыңыз

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды. Required fields are marked *

*