Сайт жасау
Home » Жаңалықтар » Қысқы олимпиада ойындарына қытай атынан бір қандас қазағымыз қатысып жатыр

Қысқы олимпиада ойындарына қытай атынан бір қандас қазағымыз қатысып жатыр

Бұл жолғы олимпиадаға қытай атынан 86 спортшы барады, деп хабарлайды  eduinfo.kz сайты. Сол 86 спортшының бірі қандасымыз Аршынғазы Шәкенұлы екен.

Аршынғазы Шәкенұлы 1995 жылы 18 шілдеде Қытайдың Шин Жияң өлкесі Үрімжі ауданында дүниеге келген.

 

Бойы — 185 см, Салмағы — 83 кг.

Айналысатын спорт түрі: Конкимен сырғанау. (Speed Skating)

Қатысатын жарыс түрі: 1500 метр (Басталуы: 13 ақпан 20:00)

3000 метрге топтық сырғанау. (Басталуы: 24 ақпан 17:45)

Аршынғазы 2010 жылы Өлкелік Кәсіптік спорт техникасы институтының мұздан сырғанау мамандығына оқуға түседі. Сол жылы Шин Жияң өлкесінің құрамасына қабылданады. 2010-2017 жылдар аралығында қытайдың ішкі біріншіліктеріне сан мәрте қатысқан Аршынғазы, талай мәрте жүлделі орындарға ие болды. Оның ішінде 1500 метрден бірнеше рет Қытай чемпионы атанды. 10 000 метрден бір рет ел чемпионы атанды. 3 000 метрге топтық сырғанаудан бір рет ел рекордын жаңартты.

 

Facebook арқылы пікір жазыңыз

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды. Required fields are marked *

*