Сайт жасау
Home » Тарих қоржыны » ГОЛОЩЕКИН: «Қазақ ұлтшылдары кеше күшік, бүгін ит! Оларды жазалау керек»

ГОЛОЩЕКИН: «Қазақ ұлтшылдары кеше күшік, бүгін ит! Оларды жазалау керек»

Қазақстанның партиялық ұйымының бірінші басшысы Ф.Голощекин 1927 жылы бүкіл қазақтық конференциясында республикадағы басшылықта отырған қазақ патриоттарын сынады: «Біздің ұлтшыл бай, буржуазиялық интеллигенциямыз қандай? Жазықсыз ғой?! Ал олардың іс-әрекетін 1917 жылғы қазан революциясы уақытында және қазан революциясынан кейін қараңызшы.Ұлтшыл күшіктеріміз уақыт өткен сайын үлкен итке  айналуда.(күліп) Ұлтшылдықтың түрлі ұғымы бар. Бірі теңдікке ұмтылатын, дені сау, түзу жүретін тұлғалар болса, бірі байлардың идеологиясын қолдайды. Оларды біз жазалауымыз қажет». Голощекинның бұлай деп айтуына да себеп бар еді.

1921-1927 жж  мемлекеттік қызметтерді атқарған Смағұл Сәдуақасов 1918-1921 жылдары қазақтың 1 млн-дайы аштықтан қырылғанын ашық сынаған болатын. «Ешқандай да марксистік әдебиетте адам өлтіру арқылы коммунизм шегіне жетуге болады деп көрсетілмеген» деп айтқан еді Алаш зиялысы. Ол әрине сайтанның сыңары Голощекинге ұнамады. Революция тарихын зерттеуші В.Л. Бурцев Голощекинді былай деп сипаттайды: «Ол тура Лениннен кем түспейді. Оны тіпті қан да тоқтатпайды. Оның бұл ерекшелігі табиғатынан-ақ байқалады: қатал, демагог, қазақты тіпті адам деп санамайды. Қазақстанға келмей жатып, «Кіші қазан» революциясын ұйымдастыру қажет» деген пікірде болды. 1926 жылғы санақ бойынша Қазақстанда  3 968 289 адам тұрса,  1939 жылғы санақтың көрсеткіші  3 100 949 деп көрсетті. Яғни 13 жыл ішінде қазақтардың үлесі 867 340 тұрғынға кеміген. Голощекин уақытында ұйымдастырылған байларды тәркілеу мен колхоз ұйымдастыру жұмысында 1 750 000 қазақ , 200 000 украиналық , 125 000 өзбек пен 27 000 ұйғыр қаза тапқан болатын. Бұл тек ресми мәлімет еді. Ал шындығында бұл залымның саясаты 3 млн қазақтың көзін жойған еді.

 

Қанат Байұзақов

М

Facebook арқылы пікір жазыңыз

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды. Required fields are marked *

*