Сайт жасау
Home » Жаңалықтар » Америкадағы қазақтар: Ақсайдан шыққан қарапайым жігіт Америкада бизнесін қалай ашты?

Америкадағы қазақтар: Ақсайдан шыққан қарапайым жігіт Америкада бизнесін қалай ашты?

Бүгінгі күнде біз шетелдік компанияларда жұмыс істейтін талантты қазақстандықтар жайлы жиі естиміз. Біздің бүгінгі кейіпкеріміз де шетелдегі талантты қазақстандықтардың бірі. Бірақ ол компанияда жұмыс істемейді, ол өзінің жеке фирмасын Америкада құрып, онда бизнес жасап жүр. Нұржан Әбілгазы- жас кәсіпкер. Бизнесін бұрын Қазақстанда жасаған. Кейін АҚШ-қа кетіп, сол жерде жеке фирмасын ашқан. Фирмасының аты —  ANK. Ол қалай ашты, не істегені жайлы мақаладан біле аласыздар. 90 жылдан кейін анам коммерциялық қызметпен айналысуға шешім қабылдады. Мәскеуден Ақсайға тауар әкелді.Базарда бірнеше нүктелерін ашты.

Осы жылдары мен «ақша жасау» мүмкін екенін түсіндім. Осы сәттен бастап менің алғашқы капиталымды құра бастадым. Жиналған ақшаға  алғашқы тауарларым үшін анаммен бірге Мәскеуге бардым. Сатып алып, үстіне 100% қосу жаман пайда болмады. Бірақ  өкінішке орай, сабақты  базардағы сауда-саттықпен біріктіру мүмкін болмады. Дегенмен, мектепте сағаттарды алып келіп,  сыныптастарымның басқа да құнды заттарына айырбастадым, Солай істеп,  соңында, өзім армандаған велосипедке қол жеткіздім.

Бірақ мамандық таңдауда жолым болмады. Батыс Қазақстан Мемлекттік Университетіне Бухгалтерлік есеп және аудит мамандығы бойынша оқуға түскеніммен, 3 айдан кейін тастадым… Сосын халықаралық қатынастар мамандығында(екі жылда екі университет)  оқыдым. Одан кейін шет тілдері факултетіне түсіп, соңында метрология және сертификаттаумен аяқтадым. Иә, сабақ оқу менің ісім емес еді.

«Бай әке,кедей әке»

Оқуды бітіріп, бір жыл қиындықтардан кейін, мен Маңғыстау облысы Каспий теңізінің жағалауындағы ЕРСАЙ мекемесіне орналастым. Бастапқы жылдары мен,осы халықаралық компаниядан көп нәрселер үйреніп,жұмысты ынта-ықыласыммен істедім. Алайда кейінгі жылдары өзімді жұмыс істеуге мәжбүр еттім. Бәрі менің Роберт Киосакидің «Бай әке,кедей әке» кітабымен танысуыммен өзгерді. Ол(кітап) менің бизнес жайлы түсінігімді түбегейлі өзгертті. Осы уақыттан бастап, менің барлық армандарым өзімнің жеке кәсібімді ашуға бағытталды. Менің әріптестерім мансап сатысына көтеріліп, маман ретінде өздерінің дағдыларын жетілдірді.Шетелдің ЖОО-на түсіп жатты. Ал мен… Бұның бәрі менікі емес деп шештім. Енді өзімнің не қалайтынымды нақты білдім. Мектеп кезіндегідей, сауда-саттықпен айналыстым. Бірақ енді тауарларды Мәскеуден емес, Әзербайжан мен Грузиядан әкелдім. Алайда бұл ұзаққа жалғаспады… Табыс түсіре алмадым, бірақ қайтпадым. Басқаратын  бірдеңе жасау керек, сосын мен құрылыс компаниясын ашуға бел будым. Құдіреті шексіз Құдайдың мейірімі арқасында  көптеген жақсы адамдар маған, осы оңай емес шаруада көмектесті.

 Сол жылы мен үйленіп, жұмысымнан кетуді шештім. Көпшілігі менің ісімді түсінбеді. Үш айдан кейін, мен 7 жыл жұмыс істеп келе жатқан фирмамен қоштастым. Мен енді өзім ғана емес, басқалар үшін де жауапкершілік ала отырып, өзіме артқа шегінерге жол жоқ болатындай шарт қойдым. Маңызды әрекет жасау қажет болды. Таңдау болмады… Мен белгісіз әлемге кірдім… Бизнес әлеміне. Менің қолымнан келе бастады.  Мен ірі мұнай компанияларына мотор майларын жеткізе бастадым, құрылыс лицензиясын алдым, далада сорғы стансасын салдым. Бәрі жақсы болып жатты.Бірақ бір-ақ күнде бәрін тоқтатуға мәжбүр болдым… Ұлттық валютаның құлдырап,тұрақсыз бола бастағанда, мен тәуекелге бел бумадым. Менің тұңғышым дүниеге келді. Енді менде толыққанды отбасы болды. Мен табыс табудың басқа жолдарын қарастыра бастадым. Ақшаны доллармен табу керек деп шешім қабылдадым.  Мұхиттың арғы жағындағы алыс Америкаға қарындасыммен бірге аттандым.

Америка

АҚШ-қа 2015 жылы келдім. Келген соң, фирма ашумен кәсіби түрде айналысатын адаммен жолықтым. Арада біраз уақыт өткен соң, салық комитетімен мәселе туындады. Бұның бәрі орындаушының жұмысты аяғына дейін жеткізбеуінің салдарынан болды.  Маған фирманы жабуға тура келді. Алдыңғы тәжірибемді зерделеп , мен заң фирмасына жүгіндім. Керекті құжаттарды алуға 2 апта жеткілікті болды. 2016 жылы коммерциялық қызметіме кірістім.

Америка Құрама Штаттары келген кез келген адамға компания ашуға мүмкіндік береді. Бүгінгі күнде айналысып отырған  салама жету үшін көп күш-жігер мен уақыт жұмсалды.Бұл сала тағы да сауда. Мен аптасына 7 күн, 24 сағат жұмыс жасаймын. Фирмамда 10 –нан аса адам жұмыс істейді. Жұмыс бабымен көп жерлерге барамын, жиі ұшамын. Қызметімнің арқасында, көп штаттарда болдым. Адамдармен таныстым. Бұл менің жақындармның үлкен еңбегі, әсіресе әйелімнің , мені жылға жуық уақытта үйде күтті. Америкадағы бизнесім  әлі бастапқы қалпында. Әрбір істе болатыны сияқты, бұл да уақытша. Мен үміттеніп,  бұдан да үлкен етуге әрекет жасаймын. Алайда бәрі менің күшіммен емес, Құдайға да арқа сүйеймін. Қандай жағдай болса да, адам өзін түсінсе, жақсы нәтижелерге қол жеткізе алады.

Менің жақындарым шешіміме қарсы болмады. Олар АҚШ-тың  үлкен мүмкіндіктерге жол ашып, іске асыра алатын әрі менің балаларым ағылшын тілін әлдеқайда жылдам үйреніп, болашақта американдық білім алу мүмкіндігіне ие бола алатындығын жақсы түсінді.  Көптеген Қазақстандықтар азаматтықтарын өзгертуге әрекет жасайды. Мен үшін бұл нәрсе мүлдем жат. Біз өз еліміз бен халқымызды жақсы көреміз. Менің жасап жатқан әрекеттерімнің бәрі,  отбасым мен елім үшін жақсы болу ғана. Біз Америкада алған тәжірибемізді міндетті түрде Қазақстанда қолданатын боламыз.

Біздің айналамыз мотивацияға толы. Мысалға, сіз жаман жолды көрсеңіз, сізге бұл нәрсе ұнамаса, онда бұл сізге мотивация. Сіз қалайда осының шешімін табу керексіз. Отбасы өсу үшін, жоғарыға көтерілу үшін себеп болатын үлкен ынта. Егер мен кәсіпкер болмасам, онда мүмкін саяхатшы болып, туризммен айналысатын шығармын деп ойлаймын. Осы уақытқа дейін көптеген бизнес кітаптар оқыдым. Тек бір кітап қана әрекет жасауға әсер ете алды. Ол Роберт Киосакаидің «Бай әке кедей әке» кітабы.

Facebook арқылы пікір жазыңыз

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды. Required fields are marked *

*