Сайт жасау
Home » Жаңалықтар » ЕЛІМІЗ ҚЫТАЙ ТАРАПЫНА ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ НОТА ЖІБЕРДІ

ЕЛІМІЗ ҚЫТАЙ ТАРАПЫНА ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ НОТА ЖІБЕРДІ

Қытайдағы этникалық қазақтардың жаппай қысымға ұшырағаны туралы ақпараттар расталды. Мәселенің мән-жайын анықтау үшін еліміздің Сыртқы істер министрлігі Қытай тарапына дипломатиялық нота жіберді. Бұл туралы бүгін министр Қайрат Әбдірахманов тілшілердің сұрағына жауап беру барысында мәлімдеді. Айта өтейік, бұрын «Шыңжаңда қазақтарды ұстап жатыр, олардың қатарында Қытайдан тарихи Отанына оралып, Қазақстан азаматтығына ие болғандар да бар» деген ақпарат тараған еді. Балаларымыз жазықсыз қамауда отыр деген ата-аналар ел үкіметінен көмек те сұраған болатын.

Қайрат Әбдірахманов, ҚР Сыртқы істер министрі:
— Бұл мәселені өзіміздің бақылауымызда ұстап отырмыз. Өйткені, ұсталған азаматтардың туыстары бізге қажетті мәліметтерді берді. Ол мәліметтер расталған соң, Қытай тарапына ресми түрде дипломатиялық арналар арқылы дипломатиялық нота жібердік. Толық мәлімет алған соң, оның барлығын бізге өтініш білдірген Қазақстан азаматтарының туыстарына міндетті түрде береміз. Біз олармен де тығыз байланыстамыз.

Досымжан ЕРМҰРАТ

Facebook арқылы пікір жазыңыз

One comment

  1. Қытайдан қорқып қажеті жоқ! Олар жауынгер емес, саудагер. Еңбекқор, дамуы бізден жоғары, техникасы озық, бізден əлдеееқайда көп, оны есепке алмауға болмайды. Дегенмен, тарихқа үңілейік. Олар қанша елді соғысып жеңді? На то пошло)

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды. Required fields are marked *

*