Сайт жасау
Home » Жаңалықтар » Елордада ашылатын төртінші ауданға Байқоңыр атауы бекітілді

Елордада ашылатын төртінші ауданға Байқоңыр атауы бекітілді

Жақында қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларының қоғамдық тыңдауында Астанада ашылатын төртінші ауданға Байқоңыр атауы ұсынылып, мақұлданды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі «Астана Ақшамы» газетіне сілтеме жасап.

Облыстық мәслихат депутаттарының Байқоңыр атауына қатысты ұсынысы республикалық ономастика комиссиясымен мақұлданды. Соңғы кездесуде Сәулет және қала құрылысы басқармасының бастығы Бақтыбай Тайталиев Астанада жаңа аудан құру қажеттілігін түсіндірді.

«Соңғы бес жылда Астана қаласының тұрғындары 35 пайызға өсіп, саны 1 миллион 10 мың адамға жетті. Былтыр қала территориясына 8 000 гектардан астам жер қосылды. Бұл – Майбалық көлі, пантеон. Халықтың тығыздығы мәселесін шешу үшін жаңа мектептер, балабақшалар, емханалар, көлік жүйесі мен инженерлік инфрақұрылым салу мақсатында төртінші ауданды ашу қажеттілігі туындады», — дейді Бақтыбай Тайталиев.

Қазіргі уақытта Астана Алматы, Есіл, Сарыарқа сияқты үш ауданға бөлінеді. Ал төртінші ауданның пайда болатыны туралы 2017 жылдың қараша айында белгілі болған еді. Қала аумағы 79 мың 733 гектарды құраса, жаңа аудан соның ішінде 18 мың 129 гектарды алады. Халық санына келсек, онда 211 мың адам тұратын болады.

Сондай-ақ, отырыста қала экологиясы, елордаға газ тарту мәселесі, оның тиімділігі туралы да айтылды. Осыдан бірнеше жыл бұрын Астананың бірқатар нысандары сұйытылған газбен жылытыла бастады. Алдағы жылдары Қызылордадан құбыр бері қарай тартылып, Қарағанды арқылы табиғи газ келуі тиіс. Астанадағы қоршаған ортаны сауықтырудың 2018-2020 жылдарға арналған кешенді жоспары жобасын жүзеге асыруға инвесторлар тартылмақ. Қоғамдық кеңес бұл жобаны бекітті.

 

Facebook арқылы пікір жазыңыз

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды. Required fields are marked *

*