Сайт жасау
Home » Сын-сарап » Қазақстандықтар тегін оқи алатын шетелдік оқу орындарының тізімі жарияланды

Қазақстандықтар тегін оқи алатын шетелдік оқу орындарының тізімі жарияланды

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ сайтында қазақстандықтар тегін оқи алатын шетелдік жоғары оқу орындарының тізімі жарияланды. Шетел азаматтары үшін тегін білім алуды Германия, Франция, Норвегия, Чехия, Польша және Грекия университеттері ұсынып отыр.

Алайда халықаралық бағдарламалар орталығының мәліметінше, тізімдегі әрбір ЖОО-ның оқуға түсуге қатысты өз талаптары бар.

Сондай-ақ, шетелде оқығысы келетіндер орталықтың 8 (7172) 76-90-44, 76-91-04, 76-90-92, 24-93-96 нөміріне хабарласып, «Болашақ» стипендиясы туралы, үкіметаралық гранттар және құжаттарды қабылдау, талапкерлерді іріктеу шарттары туралы біле алады.

Бұдан бұрын белгілі болғандай, 2018 жылы Венгрия  ЖОО-лары қазақстандықтар үшін 200 білім грантын бөлген. Оқу тегін. Сондай-ақ Венгрия тарабы жатақхана мен медициналық сақтандырумен қамтамасыз етуге дайын.

Десек те, ХБО президенті Жанболат Мелдешов 2017 жылдың қараша айында қазақстандықтардың көбі грант ұсынып отырған еуропалық университеттерден гөрі АҚШ пен Англияның ақылы ЖОО-ларын жиі таңдайтынын айтқан.

 

Facebook арқылы пікір жазыңыз

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды. Required fields are marked *

*