Сайт жасау
Home » Атажұрт-арнасы, отандастар ойы » Билікке,  Елбасына айтылып жүрген сын шындық па әлде жабылған жала ма?

Билікке,  Елбасына айтылып жүрген сын шындық па әлде жабылған жала ма?

Анық-қанығы халыққа  қажет

    Соңғы кездері халықтың алаңдаушылығын тудырып,  билікке, Елбасына жала жапқан келеңсіз деректерге әдейі тоқталып, оның анық-қанығына жетуді жөн көрдік. Сол үшін «Тарихи атажұрт»қоғамдық бірлестігінен  Мемлекеттік заң, құжаттарға таныстық. Министрліктер мен облыс, аудандардың  тиісті лауазым иелерімен жолықтық, қарапайым халықпен тілдестік. Билікке, Елбасы атына  қатысты айтылып жүрген келеңсіз әңгімелер шындық па әлде жала ма дегенге көз жеткізуді мақсат тұттық.

1.Екі жылдың алдында оралмандар атынан арнайы дайындалған түсірілім жарияланды. Мағынасы: «Мемлект жерді шет елге сатты. Енді қатынымызды, қызымызды сат, сосын бәрін сат…. Атырауға 10 млн қытай кіріп алды, олар 20 жылда 40-50 млн-ға жетеді.  Сөйтіп тәуелсіздігімізден айырылған деген осы»  деп билікті қаралады, құдайға тапсырды.

-Бұл түсірілімді оралмандар жасамағаны анық болды. Оралмандардың атын жамылған өзгелер (арандатушылар) жасаған.

Атырауға 10 млн қытай кіргені рас болса, бүгін олар қайда? Атырауда қаптап жүрген қытай көрген жоқпыз.

Жердің шетелдіктерге, соның ішінде қытайға сатылмайтынын Елбасы шегелеп отырып айтты. Күні бүгін қытайға сатылған жер жоқ. Ал жерді ұтымды пайдалану үшін, ел экономикасын дамыту үшін игерілмеген жер шетелдіктерге жалға беріледі. Жалдаушылар салық төлеудің сыртында сол елді мекеннің әлеуметтік саласына қомақты үлес қосады. Олар сол жерге тұрғызған қала, зауыт, өндіріс, салған жол бәрі жалдау мерзімі біткенде елімізге қалдырады. Мұны да Қ.Р заңдары шеңберінде ұйымдастыруды, заң бұзылған жағдайда жерді қайтарып алуды келісім шартпен бекіткен.

 

  1. Шығыс Қазақстан, Павлодар, Алматы облыстарында қытайларға жер сатылды. Мұны Елбасының ҚХР-нан алған қарызы үшін берген.

-Жер сату, жалға беру мәселесі Қ.Р заңы бойынша облыс, аудан, ауыл әкімдерінің билігінде. Олар тек қана тұрғылықты халықпен ақылдасып, кеңесіп, өздеріне пайдалы болған жағдайда солай шешеді. Дәл осы мәселе Елбасы құлағына жеткен. Елбасы облыс әкімдеріне халықпен сөйлесіп шешулерін қайта талап етті. Жер мәселесін тіпті, өзге мәселелерді де егер халық қолдамаса, мен де қолдамаймын дегенді ашық айтты.

 

3.ҚХР-ның 50 компаниясы елімізге келіп, жұмыс жасап жатыр. Бұл елді, жерді қытайлықтарға беру деген сөз.

-Ел экономикасын өркендетуге аса қажет 50 зауыт, өндірісті олар салып, бізге өткеріп беріп кетеді. Мұның қандай қателігі бар. Ел экономикасына, ұлттық қауіпсіздігімізге қатер төндірмеуі жан-жақты ескерілген. Бұл дамыған елдердің қатарына тез жетудің сара жолы. Қазақстан тек Қытаймен емес, Ресеймен, АҚШ-мен, басқа да елдермен осылай жұмыс жасап отыр.

 

  1. «Қазақстан қарызға батты. Қазақстан халқының әрбір адамына шаққанда 10 млн теңгеден айналады. Бұл ұрпақ қамын ойламау. Назарбаевқа ғана пайдалы» дейді.

-Жаңадан дамып келе жатқан елдердің өркендеуінің негізгі жолы қарыз алу. Қаржы енгізу. Әлемнің барлық елдері бір-бірінен қарыз алады. Әлемдегі ең өркенді мемлекет АҚШ-ның қарызы да жетіп артылады. Ресей де солай. Қазақстанның сыртқы қарыз мөлшері олардан ойлағанда түкте емес. Қарызды ала алмайтын елдер де бар. Олардың тұрақтылығына  сенбегендіктен қарыз бермейді. Қазақстан қарызын әлем банктері бақылап, сеніп отыр. Қазақстан ел экономикасының заңдылығы, төлем қабілетіне сай ғана қарыз алып келді.Бұл жаңадан дамушы елдердің экономикалық тұрғыда алға басуының сара жолы. Қарыз берген кейбір елдер жылдар өте келе қарызын кешіріп те отырады. Сондықтан олармен бүгінгі таңда қатынасымыз өзгермеуі абзал.

 

5.Елбасы жемқорлыққа, сыбайластыққа жол берген.Халықты қанап, дәулетті шашып, жемеңқорлармен ауыз жаласып отыр.

-Қазақстан жемқорлықпен күресуде әлем елдеріне үлгі бола алады. Елбасы бұл індетпен үнемі күресіп келеді. Премьер министрді, өз баласын, сенімді адамы Ермегаевтардан бастап қанша адамды сотқа тартты.Сол сотталған азаматтардың  кешірім сұраған арыздарының бірін де қабылдамағанын халық біледі. «Менің сенімімді ақтамау – халықтың сенімін ақтамау» деп тура кесіп айтып келеді.

 

6.Мемлекеттік тіл қазақ тілін тиісті орынға қоймады. Халықты тілінен, дінінен айырды.

-Қазақ тілін дамытуға байланысты Елбасы барлық жағдайды жасады. «Әуелі екі қазақ бірімен-бірі қазақша сөйлесін» деп өз ұлтымызды қайрады. «Аюға намаз үйреткен таяқ» деп өзге ұлттарға талап қойды. Мемлекеттік тілді дамытуға жыл сайын қыруар қаржы бөліп келеді.

Соңғы шара  крилл әліпбиін латынға көшірудің түп саясаты да қазақ тілін орыс тілінің ықпалынан шығару. Біз көп ұлтты елміз. Өзгелердің мүддесін де ойлау, сыйлау Елбасының парызы. Сол себепті «қызым саған айтамын, келінім сен тыңда» деп айтып жүр. Елбасы: «Қазақ тілін дамытуға әрбір қазақ ұйтқы бол, үлгі көрсет, айтқызып емес, өздерің айтқызбай жасаңдар деген сөзін  түсінейік. Енді қазақтың қолын ешкім қақпайды. Сол үшін су басынан тұнады, лауазым иелері баста, қарапайым халық қостасын, ананың тілінен артық әдемі, сүйкімді тіл жоқ» деп ескерткені ел жадында. 2018 жылдың ақпан айының соңында Үкіметке, Парламентке жиналыс. отырыстарды қазақ тілінде өткізуді, іс қағаздарды қазақша жүргізуді қатаң тапсырды. Елбасыұлттық мүддемізге  бұдан артық не жасауы керек.

 

7.Торғайда, Арқалықта көптеген жерді Ресейге беріп жатыр.

-Өткен жылдары Байқоңыр өңіріндегі көптеген жерлерді Ресей Қазақстанға қайта қайтарды.  Ал жуықта Байқоңырдан көтерілген ғарыш станциясы құлап Арқалықта ауыр жағдай болуына сәйкес Қазақстан жағына «Мұндай қауіп тағы да қайталануы мүмкін. Сондықтан белгіленген елді мекенге отырмау, мал жаймау, егін екпеуге сұраныс жасады. Бұл жерлер қауіпті зона деп есептеліп, Ресей жағы  жерге тұрақты төлем төлеп отыратын болғаны бәрімізге белгілі.Бұл жерді Ресей біржолата алып жатқан жоқ.

 

8.Бағаның өсуін, зат тауардың қымбаттауын реттемеді.

-Бұл нақты нарықтық экономиканың заңдылығы бойынша шешілуге тиіс. Қайта Елбасы бағаны ұзақ жылдар бойы ұстап келді. Жалпы бағаны мемлекет жасанды түрде күшпен ұстап отыра алмайды. Ал Елбасы бағаның өсімінен болып халықтың әлеуметтік жағдайы төмендеп кетпеу үшін мезгіл сайын, жыл сайын жалақы, зейнетақыны, түрлі жәрдемақыны қосып келеді. Баға Елбасының ықпалымен емес, нарықтық экономиканың заңдылығымен реттеледі. Әлемнің барлық елдерінде  солай. Нарық жолына түскен барлық мемлекет басында осындай қиыншылыққа тап болғанмен, соңы нәтижелі болатыны өмірде анықталып отыр.

 

  1. Қазақстан халқының тұрмысы төмен. Бұл да Елбасының саясатының терістігінен халық жаппай кедейленді.Ешбір жақсылық көрген жоқпыз.

-Бұған ешкім де сенбейді. Бастысы жұмыс  іздеген адамға еліміз көлемінде жұсыс көп. Сол жұмыстарды өзбек, қырғыз т.б.  ағайындар келіп атқарады екен. Кім аянбай еңбек етсе, сол бай болатыны өмір шындығы. Бай болу, бақытты болу жеке адамдардың талабына, ізденісіне сай болады. Елбасы бізде бәрі бар, соларды игеріңдер, елдің, жердің иесі өздерің болыңдар деп үнемі ескертіп келе жатқанын ұмытпайық.

 

  1. Жер қойнауындағы байлықтың бәрін шетел компанияларына беріп, өзіміз далада қалдық.

-Тәуелсіздікке жаңадан қол жеткізген, нарықтық экономикаға жаңадан көшкен, жаңадан дамып келе жатқан ел болғандықтан әр салада кадр тапшы, ірі өндіріс орындары жоқ болғандықтан шетелдерге тәуелдіміз. Оны шешу жолдарын еліміз қолға алып жатыр. Елбасының Қазақстанды өркендетудегі индустриялды-иновациялық жобалары бойынша қарқынды даму жолына түстік. Іскер, білімд-білікті, бай-қуатты Қазақстан азаматтары құдайға шүкір, молайып келеді. Жер байлығын шетелдерге текке беріп отырған жоқпыз. Ұзақ жылдық келісім шартпен жалға беріп, акция арқылы үлесімізді алып отырмыз. Шарт мерзімі біткен кезде қалған байлық та, шетелдіктердің өндіріс орындары да бізде қалады. Елбасы болашақ бағдарламасынан бастап көптеген жолдармен ұрпақтарды білімді, білікті етіп, бәрін өздері жасайтын, өндіретін, иелік ететін мүмкіндік  жасап отыр. Жалпы Қазақстан халқын жасампаз, әлемдегі ең білікті, бақытты халықтар қатарына  қосудың жолын ашты. Ол – «Мәңгілік Ел» саясаты.

 

  1. Елімізге, «ЭКСПО-2017»-ге арам ақша кіріп жатыр. Бізге мұндай арам ақшаның қажеті жоқ.

-Жеке адамның өзі бастабында қарыз алып барып алдын ашады. Сөйтіп барып  бай, бақуатты болады. Мемлекеттер де солай.  Соның ішінде 25 жылдың алдында колхоз, совхоздар тарап, өндірістер тоқтап, ел кедейленген кезде Қазақстан үшін алдағы мақсатына жету оңай болмады. Сол үшін Елбасы халқына серт беріп, орнында бар оңалады деген еді. Сөйтіп 26 жылда халқын 200 жылдық өркениетке жеткізді. Сол үшін Елбасы талпыныс жасап, шетелдерден қарыз алған. Мұның көбі өзінің бет-беделімен өсімсіз алған қарыз. Ал көмек ретінде қыруар қаржы келгенін жала жабушылар білмейді. Білсе де айтқысы келмейді. Мысалы Астана қаласын салуға жұмсалған қаржының жартысын Елбасы өзінің бет беделімен тегін кіргізген.  Мұны білетін адамдар Нұрекеңе таңқалып, «бұл адамның бетінің алмасы бар»  деп тгін айтпаса керек. Нұрекеңнің арқасында әлемді жайлаған үш реткі дағдарыстан да қысылмай шықтық. «ЭКСПО-2017»  көрмесі арқасында  Елбасының жоқтан  бар етуі арқылы әлемде теңдесі жоқ ғажайып қалашық тұрғызды. Елбасы бәрін өзінің елі, халқы үшін жасады. Көрмейтін түйені де көрмеуге болмас.

 

  1. «Бесік-кz”» сайтының тек бір бетінде: «…Жанарбек бауырым, дұрыс айтасың. Ойымыз бір жерден шықты. Қазақтың елдігін, бірлігін құртып жатқан сатқын билік кінәлі. Қазақтың ұлттық мүддесіне кеселін тигізіп жатыр. …Бізде обал жоқ, сезімталдық қасиетімізден айырылдық, немқұрайлылық дертіне ұшырадық. Қазаққа қарсылардың сөзін сөйлеп кеттік. Енді іске көшуіміз керек. Байлықты, жерді, мұнайды беріп қойдық. Қарызын алып, қытайды қаптатуға уәдені беріп қойды. Арам юанын берсе болды, бәрін сатуға әзірміз. Осылай бәрін Ресейге, Қытайға бердік делінген.

 

Бұған байланысты жауапты  ақыл парасатты ардагерлер,  ғалымдар, қоғам қайраткерлері ағаларымыздан іздедік. Одардың пікірлері төмендегідей:

Қазақ елінің, Елбасының саясаты дұрыс. Мемлекетіміз ата заңымызға қарсы нәрсе істеген жоқ. Барлық елдермен, әсіресе, көрші елдермен тату, сыйластықта болу арқылы олармен тепе-теңдікті сақттап келеді. Өйтпесе болмайды: Ресейдің де, Қытайдың да экономикасы, әскери күш қуаты бізден көп артық. Біз жаңадан тәуелсіздік алған жас мемлекетпіз. Әлі өсіп, толғамыз жоқ. «Аяз би әліңді біл» деген. Сол үшін әуелі екі көршімізбен сыйластықта болған жөн. Олармен шектесетін де шендесетін де  қалге жеткен жоқпыз. Елу жылда ел жаңа, бізде өсіп жетілеміз.  Олармен араздасамыз деп жүріп, өкінішке қалмайық. Олардың пасық ойы бәрі бір іске аспайды, тозып жоғалады.

      Мысалы Қытайлар қазақ жерін Талдықорғанға дейін біздікі дейді. Жириновский қазақта елде жоқ, жер де жоқ, бәрі орыстікі дейді. Не  айтса, соны айтсын, бәрі бір Қазақ елінің күш қуаты күн өткен сайын нығая береді. «Ит үреді, керуен көшеді.»  Қазақтың елін, жерін қорғауға байланысты Елбасы саясаты өте дұрыс. Семей полигонын жабарда Ресейдің бір топ ғалымы Ельцинге кіріп, «Бұл деген бізді АҚШ-на жығып беру. Полигонды жабуға байланысты Н.Назарбаевпен келіспеңіз» деп қатаң талап етке екен. Н.Назарбаев  Ельцинге «Сіз бәрін түсінесіз. Мен енді қазақтың баласын да, даласын да улата алмаймын» деген екен.

   Тағы бір кездесуде  ресейлік ғалымдар Ельцинге: Сіз Қазақстанға бәрін бердіңіз. Қазақстанның ауыр, жеңіл өрнеркәсіп орындары, фабрика, заводттар, тас жол, темір жолы бәрі Ресейге тиесілі. Тіпті Каспи теңізінің астындағы мұнайды да беріп отырсыз. Бұл – үлкен қателік» деген.  Ельцин «Нұрсұлтанмен бәріміз отырып сөйлесейік, қайтарып алайық» депті. Ал кездесуде Нұрсұлтанға  мәселенің мән-жайын түсіндірген соң Нұрекең өте сабырлылықпен: «Сіз не айтсаңыз, сол болады. Мен Каспи теңізіндегі Қазақстанға тиесілі жерді Ресейге қайтарайын. Сіз Қазақстанның тарихи астанасы Орынборды бізге қайтарыңыз» дегенде, Ресей Президенті: «Жарайды, ескі жараның аузын тырнамайық» депті.

   Елбасының Астананы көшірудің өзінің  саяси маңызын көбіміз түсіне бермейді екенбіз.

   Ал Шығыс Қазақстан мен Семей облыстарын қосуға семейлік қанша адам, соның ішінде ақсақалдардың өздері  қарсы болғанын білеміз.  Сонда Семейде өткен бір жиналыста Н.Назарбаев «ымды түсінбеген дымды да түсінбейді».  Мұның мәнін түсінетін күн жақын. Бұл болашақ үшінгі қадам деген болатын. Иә, бүгін түсініп отырмыз. Екі облыстың қосылуы арқылы қазір Шығыс Қазақстан, әсіресе Өскемен қаласы қазақтанды. Билік басындағылар мен халыққа қызме жасайтын барлық ұйымдардың жұмысшы, қызметкелрінің көпшілігі өз ұлтымыздан болды. Қоғамда қазақ тілі орнықты.

 Қазақтың берекесіздігіне, рухының төмендігіне билікті кінәлауға болмайды.  Елбасы өзі бастама көтеріп, халқын 26 жыл бойы береке-бірлікке, өзара татулыққа шақырап келеді. Қазір қазақ елін әлем біледі. Елбасын әлем халқы танып, құрметтейді. Қазақ елінің елдігі, абыройының асқақтатуы Елбасының дана саясатының арқасы. Қазақ елі бірліктің арқасында әлемдегі мыңдаған жылдық тарихы бар, экономикасы дамыған ірі елдердің қатарына қосылды. Қазақстан саяси аренада әлемнің әртүрлі елдеріндегі ішкі және сыртқы  қақтығыстар мен шиеленістерді  шешуге,  татуластыруға араағайындық жасайтын  көшбасшы елге айналды. 

   Елбасының дамыған Қазақ елін құрып,  жасампаз етуге, халқымыздың рухын асқақтатуға  назар аударып отырғанына «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы куә.

 

13.Нұрсұлтан Назарбаев Президентке өзінің мұрагерін қалдырмақ. Олай болса, халық көтеріліске шығады.

 

-Елбасы еш жерде орнына өз мұрагерін қалдыру туралы айтқан емес. Ондай ойы да болмаған. Тіпті қызы Дәриғаның өзі өткен жылы мен мұрагер емеспін деп ресми мәлімдеген.

 

  1. Жуықта ғана «Бесік-кz”» сайтында «Жана озен мой протест Назарбаеву руки прочь от Бекет Ата» атты түсірілім жариялады.

 

-Бұған жауап таппадық. Бұл тек билікке, Елбасына жасаған қиянат, көреалмаушылық, алауыздық, бақталастықтың айқын дәлелі. Бұл түсірілім жоспарлы түрде, қасақана әдейі ұйымдастырған. Сондықтан әрбір қазақ азаматы абай болайық. Осындайларға сеніп «мың өлген» қазақ тағы өліп жүрмейік. Өткеннен тағлым алайық.

Күні кеше ғана 1,5 млн Қазақстан азаматы – зиялылар творчествалық Одақтар, оппазиция, журналистер, жұмысшылар, партиялар, 120-дан астам диаспара, халықаралық ұйымдар Үкметке қарсылық білдіріп, ашық хат жазды.

Жер мәселесі туралы осыдан екі жылдың алдында Елбасы шешімінің өзгермегенін, ары қарай өзгермейтінін жиынға қатысқандар өз құлақтарымен естіп, істің анық-қанығына жетті.

-Ал шетел банкне сақталған ақшаларды елімізге қайтартуға байланысты Елбасы өткенде нақты тапсырма берді. Соның нәтижесінде Қазақстан азаматтарының шетелде сақталған ақшаларының 40-тан астам пайызы қайтарылған. Қалғандары күн санап қайтарылып, ел экономикасына үлесін қосатын болады. Бірақ халық өз ақшасын қай елге, қайда сақтатады өз құқы. Шын мәнінде бұған Елбасы араласуға да тиіс емес, тек ел экономикасы үшін халқына ұғындырып, оларға түсінісушілікпен қарауын ұсынып отыр.

«Енді билікті сынап-мінеу емес, ақылын алып артынан еру қажет. Өмірдің шындығы осы. Айналып келгенде өз ішіміздегі алауыздықтан айықпайынша бәрі оңалмайды. Сондықтан ең алдымен Елбасының  «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы идеясына сай ішіміздегі алауыздық, бақталастық, көралмастықты жою – ұлттық мүддеміз. Сол үшін «Тарихи атажұрт» қоғамдық бірлестігінің  бастамасы бізге ауадай қажет».

Міне, көптеген ардагер, қоғам қайраткерлері, ғалымдардың пікірлері осылай.

Елбасы есен, халқымыз аман, жұртымыз тыныш болғай!

 

               

                    Тарихи атажұрт» қоғамдық бірлестігін

 

Facebook арқылы пікір жазыңыз

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды. Required fields are marked *

*