Сайт жасау
Home » Жаңалықтар » «Ер Жәнібек кубогі» футбол турнирі өтеді

«Ер Жәнібек кубогі» футбол турнирі өтеді

2018 жылдың 13-15 шілдесінде Петропавл қаласында Сегіз сері Бахрамұлының 200 жылдығына орай «Ер Жәнібек» халықаралық қоғамдық қорының және СҚО әкімдігінің ұйымдастыруымен дүниежүзі қазақ жастары арасында шағын футболдан дәстүрлі «ER JANIBEK CUP-2018» турнирі өтеді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Іс-шараның басты мақсаты – әлем қазақ жастарының басын қосу, олардың арасындағы қарым-қатынасты нығайтып, Қазақстанға деген сүйіспеншілігін арттыру.

Кезекті турнирге Франция, Германия, Италия, Түркия, Қытай, Ресей, Моңғолия, Иран, Өзбекстан және Қырғызстандағы этинкалық қазақ жастарынан құралған командалар мен Қазақстанның әр облысынан келген шағын футбол командалары бақ сынасады.

Жалпы жүлде қоры – 2 миллион теңге. 1-орынға 1 млн теңге, 2-орынға 500 мың теңге, 3-орынға 300 мың теңге, 4-орынға 200 мың теңге көлемінде сыйақы тағайындалған.

«Ер Жәнібек» халықаралық қоғамдық қоры мен Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі әлемнің әр түкпіріндегі қазақ жастарын Петропавл қаласында өтетін «ER JANIBEK CUP-2018» турниріне қатысуға және барлық қазақтілді БАҚ өкілдерін ақпараттық қолдау көрсетуге шақырады.

Facebook арқылы пікір жазыңыз

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды. Required fields are marked *

*