Сайт жасау
Home » Жаңалықтар » Қытайдағы адам құқықтарын дамыту Қорының вице-президенті Қазақстанға келді

Қытайдағы адам құқықтарын дамыту Қорының вице-президенті Қазақстанға келді

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Абзал Нүкенов Қытайдағы адам құқықтарын дамыту қорының вице-президенті Ванг Гукинг бастаған делегациямен кездесті.  

Абзал Нүкенов шетелдік мейманды Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі қызметінің негізгі бағыттарымен таныстырды. Сонымен қатар, вице-министр министрліктің дін саласын реттеу, мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылының тиімді моделін қалыптастыру, мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асырудағы негізгі орган болып табылатынын атап өтті.

Ал, өз кезегінде Ванг Гукинг мырза вице-министрге жылы қабылдауы үшін алғысын білдіріп, Қытайдағы адам құқықтарын қорғау жөніндегі қордың қызметі туралы хабардар етті. Қордың қызметі Қытайдағы адам құқықтарын дамытуға және жетілдіруге, әлем халықтарымен адам құқықтары мәселелері бойынша өзара түсіністік пен ынтымақтастықты нығайтуға, сондай-ақ, осы салада бірлескен іс-қимылды жүргізуге бағытталған. Қор 1994 жылы құрылған және Қытай Халық Республикасының Мемлекеттік Кеңесінің құрамына кіреді.

Кездесу барысында екі елдің мүдделері адам құқықтарын қорғау саласындағы маңызды мәселелер талқыланды.

Кездесу соңында тараптар адам құқықтарын қорғау мәселелері бойынша сындарлы диалог пен ынтымақтастықты орнатуға өзара мүдделі екендерін білдірді.

Facebook арқылы пікір жазыңыз

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Абзал Нүкенов Қытайдағы адам құқықтарын дамыту қорының вице-президенті Ванг Гукинг бастаған делегациямен кездесті.   Абзал Нүкенов шетелдік мейманды Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі қызметінің негізгі бағыттарымен таныстырды. Сонымен қатар, вице-министр министрліктің дін саласын реттеу, мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылының тиімді моделін қалыптастыру, мемлекеттік жастар саясатын жүзеге …

Review Overview

User Rating: Be the first one !
0

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды. Required fields are marked *

*