Сайт жасау
Home » Әдебиет арнасы » Жәдігер: Абайдың хаты

Жәдігер: Абайдың хаты

Жақында Астана қала­сында ор­наласқан Қол­жазбалар мен сирек кітап­­тар ұлттық орта­лығында болып, ондағы көр­ме залына қойыл­ған көшпелі жәді­герлер арасынан Абай атамыздың баласы Мағауияға жазған хатының көшірмесін көріп қалдық. Атал­мыш мекеме бас­шысының орын­басары Қайыр­жан Күзем­баевтың айтуынша, бұл жәді­гер Се­мей қала­сында орналасқан Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мем­лекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемо­риалдық қорық-музей қорынан әкелініп, елордалықтар үшін уақытша көрмеге қойылыпты.

Бұл хат қалай, қайдан табылып жүр? Бұл сұраққа жауап беретін адам семейлік тарихшы Амантай Исин. Өйткені бұл жәдігерді тапқан, хат мәтінін қазақшалаған, алаш баласына алғаш жария еткен осы кісі.  Оқиға желісін әріден бастасақ, 1997 жылы Абай музейінің директоры марқұм Төкен Ибрагимов бірде Амантайды шақырып алып, қолына бір бума ескі қолжазбаны ұстатып, «бұларды сүзіп шықшы, ішінде не бар екен» дейді. Амантай қағаздарды сүзіп келе жатып, Абайдың хатын тауып алған. Дер кезінде құнды дүние табылғаны жайлы алаш баласына сүйіншілеп «Семей таңы» газетіне (1997 жыл, 20 қыркүйек) «Ұлы Абайдың хаты табылды» деген тақырыппен мақала жариялап, хаттың қазақшаланған нұсқасын да жарыққа шығарған екен. Хаттың қазақша мәтіні: «Дұғай сәлем (Ғиза)тлу уа һәм хүрматлу Мағашқа жетіп мағлұм болсын-ки. Үй (ішіне) менен дұғай сәлем. Әлгі малды Бәкеңнен айдатып жібер. (…) Ақылбай бірге келсін. Мұн­дағы істер жақсы жүріп (жаты)р. Шәһкәрімге 1) һәм сәлем айтың­дар, ол да келсін. Ой жүгіртіп қарашы  Мағаш бала, Сан дегенің тоғыз-ақ;  бірден сана. Нөлді ертпесе бұлар да  қысырайды, Единица сыфат деп біл  тек қана. Көп білгенге көп надан  болады қас, Маужуд пенен мансухты  ол айырмас, Бәйтерек те күндейді  көлеңкесін, Байқап тұрсаң осы жұрт  соған ұқсас. Үшбу сөзді зейін қойып оқы һәм солай істе, шырағым. Амандықта ағаңыз Абай. Семей 1896 жылдың…». Осы орайда оқырман көкейі­не «жоғарыдағы бір бума қол­жазба қайдан жүр?» деген заңды сұрақтың да туары хақ. Оған жауапты жоғарыда атап өтілген газет пен «Абай» журналының 1997 жылғы 4-ші санында жа­рия­ланған мақаладан таба­мыз. Осында айтылғандай бұл дү­ниелерді Мұсахан Балта­қай­ұлы деген адам сақтап келген. Мұсакең 1929 жылы Қытай асып кетіп, 1956 жылы қайта оралған. Бірақ қолжазбаны жоғалтпаған. Кейін жазбаларды музейге Ертуған Кеңесбайұлы тапсырған. Амантай ақтарғанға дейін көне қағаздар арасында Абай хаты барын ешкім білмеген.  Бұл жәдігерді «хат» дегеннен гөрі ұлы ақының «өлеңі» табылды десе де болатын сияқ­ты. Өйткені жазбадағы екі шу­мақ жырда тек Абай ғұламаға тән ойшылдық сарын жатқан сияқты.  Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ,  Суретті түсірген Орынбай БАЛМҰРАТ, «Егемен Қазақстан»

Жақында Астана қала­сында ор­наласқан Қол­жазбалар мен сирек кітап­­тар ұлттық орта­лығында болып, ондағы көр­ме залына қойыл­ған көшпелі жәді­герлер арасынан Абай атамыздың баласы Мағауияға жазған хатының көшірмесін көріп қалдық. Атал­мыш мекеме бас­шысының орын­басары Қайыр­жан Күзем­баевтың айтуынша, бұл жәді­гер Се­мей қала­сында орналасқан Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мем­лекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемо­риалдық қорық-музей қорынан әкелініп, елордалықтар үшін уақытша көрмеге қойылыпты. Бұл хат …

Review Overview

User Rating: Be the first one !
0

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды. Required fields are marked *

*