Сайт жасау
Home » Жаңалықтар » Тайвань Қытаймен соғысқа дайындалып жатыр

Тайвань Қытаймен соғысқа дайындалып жатыр

Тайвань елі Қытайдың шабуылына төтеп беру негізіндегі әскери жаттығу өткізді. Жаттығуға Тайвань президенті Цай Инвэнь өзі қатысты. Оның айтуы бойынша қарулы күштер  ел іргесінің қауіпсіздігі мен демократияның мызғымас кепілі болып табылады. Ресми Бейжің болса «Тайвань тәуелсіздік жарияламақ» деп күдіктеніп отыр. Ондай жағдай орын алса, онда Тайваньның  тас-талқанын шығарамыз дейді Қытай билігі. «Қытай әскерінің саны мығым ал күші көп болғандықтан Тайвань АҚШ көмегінсіз жеңіліс таппақ. Ресми Вашингтон аралды көмексіз қалдырмайды», — дейді саяси сарапшы Василий Кашин. Әскери жаттығуға 4 мың сарбаз қатысып, жаттығу барысын әуеден арнайы дрондар түсіріп, тікелей эфирден таратқан. Жаттығу барысында жау әскерінен бұзылған әуежайды қалпына келтіріп, қарымта соққы беру тактикасы жүзеге асты. Қытай аталмыш аралды өзінің қасиетті мекені санайды. Бейжің сыртқы және ішкі саясатын өз бетінше жүргізіп отырған Тайваньды қайтарып алуды алдағы басты міндеті ретінде қойған. Қытай бұл аралдан ешқашан бас тартпайтынын бірнеше мәрте мәлімдеген болатын. Соңғы екі айда екі мәрте аралға жақын аймақта әскери жаттығу өткізген ҚХР, бұл аймақты өзіне бағындыратынын жасырмайды. Тайвань әскері көбіне АҚШ-тан шыққан қарумен жарақтанған. Тайбэй өзіне көбірек Батыстық қаруды алуды талап етіп отыр. Дей-тұра соңғы жылдары ҚХР-дың әскери қуаты Тайваньнан бірнеше есе асып түсті. Қиыр Шығыс мәселесі бойынша бас сарапшы Василий Кашин: » 1979 жылы қабылданған заңда, Бейжің Тайваньға күш көрсеткен жағдайда, АҚШ Қытайға қарсы қару қолдану мүмкіндігіне ие деп жазылған. Осы уақытқа дейін бұл мәселе ашық көтерілмеген еді. Бірақ соңғы жылдары Қытайдың империялық тәбеті тым жоғарылап кетті. Сондықтан соңғы жылдары АҚШ Тайваньға кез келген уақытта көмекке келетінін жеткізді. Ал Тайваньның әскери құрылымы, АҚШ әскері көмекке келгеншне Қытайға төтеп беретіндей етіп салынған», — деді. АҚШ президенті Д.Трамп Тайваньды қолдайтынын жасырған емес. Ал оның ұлттық қауіпсіздік саласы бойынша көмекшісі Джон Болтон болса, Тайваньды Қытайды әлсірету мақсатында тиімді пайдалануымыз керек дегенді сан мәрте ашық айтты. Жаттығуда АҚШ-тың ядролық бомбалаушы ұшақтары В-52-нің аралға көмекке келіп, қарсыласқа соққы беруі де жоспарланған. АҚШ Қытай экспансиясы жүріп жатқан аймақтарға үнемі өзінің қарулы күштерін жіберіп, керек болса әскери қимылға көшетінін көрсетіп келеді. Ал Тайвань ресми түрде Қытаймен соғысқа дайындығын азайтпайтынын және өз тәуелсіздігін қорғайтынын мәлімдеді. Сонымен қатар бір аралын АҚШ-қа жалға беріп, онда Вашингтоннан әскери база құруын сұрамақ.

Facebook арқылы пікір жазыңыз

Тайвань елі Қытайдың шабуылына төтеп беру негізіндегі әскери жаттығу өткізді. Жаттығуға Тайвань президенті Цай Инвэнь өзі қатысты. Оның айтуы бойынша қарулы күштер  ел іргесінің қауіпсіздігі мен демократияның мызғымас кепілі болып табылады. Ресми Бейжің болса «Тайвань тәуелсіздік жарияламақ» деп күдіктеніп отыр. Ондай жағдай орын алса, онда Тайваньның  тас-талқанын шығарамыз дейді Қытай билігі. «Қытай әскерінің саны мығым …

Review Overview

User Rating: Be the first one !
0

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды. Required fields are marked *

*