Сайт жасау
Home » Жаңалықтар » Ерекше қабілетті егіздер Гиннестің рекордтар кітабына енді

Ерекше қабілетті егіздер Гиннестің рекордтар кітабына енді

АСТАНА. ҚазАқпарат — «ҚазАқпарат» ХАА шетелде қазақ тілінде тарайтын ақпарат көздеріне апталық шолуын ұсынады.

Қытайдың Хаңжоу қаласында ең жаңа үлгідегі өрт сөндіру роботы пайдалануға берілді — Тяньшаньнет Қытайдың Хаңжоу қаласында ең жаңа үлгідегі өрт сөндіру роботы пайдалануға берілді, деп хабарлайды kazakh.ts.cn сайты. Алғашқы күні бір топ жаңа үлгідегі өрт сөндіруші робот машиналары Хаңжоу қаласына қарасты Шяушан ауданында пайдалануға берілген. Бұл ерекше құлтемірлердің өрт сөндіру, жарылстан сақтану, сондай-ақ барлаушылық сынды әртүрлі ерекшеліктері бар. Оңай жарылатын, улы немесе өттегі жетіспейтін орындарда өрт сөндіруде аталған құралдың рөлі ерекше екендігі айтылған. Әзербайжан ЮНЕСКО-ге қатысты комитетке сайланды — TRT Әзербайжан 2018-2022 жылдарын қамтитын кезеңде ЮНЕСКО Материалдық емес мәдени мұраның қорғалуы келісімі арасында үкіметтер комитетінің мүшелігіне сайланды. Бұл туралы осы аптада Түркия Теле-радио мекемесінің ресми порталы хабарлады. Әзербайжан Сыртқы істер және Мәдениет министрліктерінің ортақ мәлімдемесінде Парижде Материалдық емес мәдени мұраның қорғалуы келісіміне тарап елдердің 7-ші Жалпы жиналысында Әзірбайжанның Үкіметтер арасындағы комитетке сайланғаны айтылған. Беларусь, Грузия, Польша, Словакия, Румыния және Македония да кандидат болған сайлауда Әзербайжан 9 дауыс жинаған. Енді Әзербайжан комитет мүшесі ретінде 2018-2022 жылдар арасында басқа да елдермен бірге әлемде материалдық емес мәдени мұраның қорғалуына үлес қосатынын жазады түркиялық БАҚ. Еске сақтау қабілеттері ерекше егіздер Гиннестің рекордтар кітабына енді — kaznews.mn Еске сақтау қабілеттері ерекше моңғолиялық егіз қыз Н.Мөнхшүр мен Н.Энхшүр Гиннестің рекордтар кітабына тіркелді. Бұл туралы осы аптада kaznews.mn ақпараттық порталы жариялады. Моңғол спортшысы Н.Мөнхшүр 30 минуттың ішінде еш қателік жібермей 5445 санды есіне сақтап алған. Оның сыңары Н.Энхшур 60 минутың ішінде есіне сақтап алған 1924 картадан тұратын жиынтықты рет-ретімен санап берді. Айта кетейік, әлемдік рекордтарға қол жеткізіп жүрген егіз қыздардың зияткерлік спорт түрімен айналысқандарына бір жыл ғана болған.   Яо Пэйшен: Қазақстан «Жібек жолы экономикалық белдеуі» бағдарламасын тұңғыш ортаға қойған ел — Қытайдың «Орталық халық радиосы» (CNR) Алдағы 9-10 маусымда Қытайдың Шэньси провинциясындағы Циндао қаласында болатын Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) саммитіне орай Қытайдың Қазақстандағы бұрынғы бас елшісі Яо Пэйшен «Қытай үні» радиосына берген сұхбатында Шаңхай ынтымақтастық ұйымына қатысты өзекті мәселелерді таныстырды. Бұл туралы осы аптада Қытайдың танымал ақпарат көздерінің бірі CNR ақпараттық порталы хабарлаған болатын. «Қазақстан «Жібек жолы экономикалық белдеуі» бағдарламасын тұңғыш ортаға қойған мемлекет әрі Қытайдың батыс желісіндегі құрлықты өзара жалғастыратын алғашқы аялдама. Екі жақтың ынтымақтастығы Еуропа мен Азия «Жібек жолы экономикалық белдеуі» құрылысының тұтас барысына саяды». Қытайдың Қазақстандағы бұрынғы бас елшісі болған Яо Пэйшен «Қытай үні» радиосына берген сұхбатында осылай деген. Яо Пэйшен соңғы кездері екі мемлекеттің арасындағы оңды өзгерістерге куә болған сәттерді еске алады. Бұрын Қазақстанда қытайлық юаньды айырбастау қиын болғанын, қазір АҚШ долларын, юаньды, евроны айырбастау өте оңай, сондықтан Қытай ақшасын істетуге қолайлылық жаратылды. Бұның бәрі қаржыны тұтастырудың жемісі екенін алға тартады экс-елші. Бұл сұхбатында Яо Пэйшен екі ел арасындағы қарым-қатынастың жыл санап жедел алға жылжып келе жатқанын да айтқан. «Қытай мен Қазақстанның экономикалық жақтағы ынтымақтастығы көрнекті әрі жедел дамығанын, жаратылыстық байлығы мол, ең үлкен ішкі құрлықтық ел болған Қазақстанның Қытаймен, әуелі ШЫҰ-на мүше елдермен болған нақты ықпалдастықта барлық кәсіптерді және тарауларды, тіпті әскери өнеркәсіп және ғылым-техниканың әр саласын қамтыды»,- дейді Яо Пэйшен. Ол жақында Президент Назарбаевтың «Батыс Қытай — Батыс Еуропа» автомобиль көлік жолы дәлізі туралы айтқан пікірін құптайтынын алға тартады. «Онда Қазақ басшысы Қытайдың батысынан Еуропаның батыс бөлігіне тұтасатын ең ұзын тасжол Қазақстан жерін жерін басып өтетінін, бұдан кейін екі ел арасындағы тасымал мөлшері барған сайын кеңейетіні, екі мемлекеттің экономикалық ықпалдастығы барынша нығая түсетінін айтқан болатын», деп жазады қытайлық БАҚ.   Қазақстанда ирандықтарға ескерткіш орнатылды — «Фарс» ақпарат агенттігі Бұл аптада Қазақстандағы өз отандастарына ескерткіш қойылғанын ирандық ақпарат көздері де ескерусіз қалдырған жоқ. Солардың бірі parstoday ақпарат агенттігі екенін айта кеткен жөн. Аталған БАҚ-та Сталин кезінде Кеңес Одағының лагерлерінде құрбан болған ирандықтарға арналған ескерткіш қазақстандық саяси қайраткерлердің қатысуымен ашылғаны туралы ақпаратты оқырмандарымен бөлісті. «Фарс» ақпарат агенттігі ескерткіш Қарағанды қаласынан 30 километр жерде орналасқан Спасск аймағында басқа елдер орнатқан 28 ескерткіштің қасына орнатылғанын, ескерткіш 1936-1946 жылдары абақтыларда қаза болған ирандықтарды еске салғанын жазады. Айта кету керек, Кеңес Одағы кезінде 12 мыңнан астам ирандық Қызыл армияның қолына түсіп, лагерьлер мен абақтыларға ауыстырылды, олардың алты мыңнан астамына өлім жазасына кесілді.

Аппақ қарда құлпыра ашылған қызғалдақ туристерді таңдандырды
— Тяньшаньнет ҚХР-дың Шонжы ауданы Жамбұлақ көрініс өңіріндегі қызғалдақ гүлі қарда құлпыра ашылды. Көктем маусымының құбылмалы ауа райының әсерінен мамыр айының соңғы күндері Шынжаң өлкесіне қарасты Шонжы ауданы Жамбұлақ көрініс ауданында қар жауған. Ақ ұлпа жамылған кең даладағы 1 миллион 500 мыңға жуық қызғалдақ гүл қар арасында құлпыра ашылып, тамашалауға келген туристерді өзіне баурады. Бұл туралы осы аптада «Тяньшаньнет» ақпараттық порталы хабарлаған болатын. «Жамбұлақ сөзі қазақ тілінде «киелі бастау» деген мағына білдіреді. Шынжаңның Шонжы ауданындағы Жамбұлақ көрініс районының жалпы көлемі 48 шаршы километр. Ол Тяньшань тауының «Бидай теңізі», «Гүл теңізі», «Тяньшаньның ғажайып беткейі», «Тоғыз бірлескен көл» қатарлы көріністерді қамтыған мемлекеттік орман бақшасы әрі мемлекттік AAAA дәрежелі(мемлекеттік екінші дәрежелі статус — авт.) көрініс ауданы» деп жазды қытайлық БАҚ.

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды. Required fields are marked *

*