Сайт жасау
Home » Жаңалықтар » ШЫҰ-ның стратегиялық бағыты — саяси диалогты нығайту – Назарбаев

ШЫҰ-ның стратегиялық бағыты — саяси диалогты нығайту – Назарбаев

Қытайдың Циндао қаласында өтіп жатқан ШЫҰ саммиті барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұйымның стратегиялық басымдықтарын атады, деп хабарлайды Qamshy.kzақпарат агенттігінің тілшісі.  «Бүгінгі жиынның нәтижесінде Пәкістен мен Үндістанның қосылуымен сегіздік форматтағы ұйым жұмысының ары қарай дамитынына сенімдімін. Құрметті әріптістер, біздің ынтымақтастығымыздың келесі аспектілеріне тоқталып өтсем деймін: біріншіден, ШЫҰ-ның стратегиялық басымдылығы саяси диалогты нығайтып, ұйымға мүше елдердің қауіпсіздігін қамтамасыз …

Review Overview

User Rating: Be the first one !
0

Қытайдың Циндао қаласында өтіп жатқан ШЫҰ саммиті барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұйымның стратегиялық басымдықтарын атады, деп хабарлайды Qamshy.kzақпарат агенттігінің тілшісі. 

«Бүгінгі жиынның нәтижесінде Пәкістен мен Үндістанның қосылуымен сегіздік форматтағы ұйым жұмысының ары қарай дамитынына сенімдімін. Құрметті әріптістер, біздің ынтымақтастығымыздың келесі аспектілеріне тоқталып өтсем деймін: біріншіден, ШЫҰ-ның стратегиялық басымдылығы саяси диалогты нығайтып, ұйымға мүше елдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен дамуын жалғастыру болып қалуы тиіс. Осыған байланысты біз ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің ұзақмерзімді ынтымақтастығы мен татулығы туралы келісімімізді жүйелі түрде жүзеге асыра береміз», — деді Елбасы саммитте.

Назарбаевтың айтуы бойынша бұл құжат серіктестіктің көздеген мақсаттарға жетелейтін негізгі бағыты саналады.

«Бүгін қол қойылып жатқан 2018-2022 жылдарға арналған жұмыс жоспары ұйымның осы жолдағы жол картасына айналады. Екіншіден, ұйымға мүше елдердің үш миллиард адамы бар кеңісітігін ШЫҰ-ның негізгі экономикалық ынтымақтастықты жандандыратын негізгі қуат күші ретінде пайдалануымыз керек», — деді Назарбаев.

Айта кетейік, Циндао саммиті сегіздік форматта алғаш рет өтіп жатыр. Отырысқа Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Ресей Президенті Владимир Путин, Қырғыз Президенті Сооронбай Жээнбеков, Пәкістан Президенті Мамнун Хусейн, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеев, Үндістан Премьер-Министрі Нарендра Моди, ШЫҰ-ғы байқаушы мәртебесі бар Ауғанстан Президенті Ашраф Ғани, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Иран Президенті Хасан Роухани және Моңғолия президенті Халтмаагийн Баттула және бірқатар халықаралық ұйымның басшылары қатысты.

Жиын қорытындысына сәйкес, Шанхай Ынтымақтастық ұйымының келесі төрағасы Қырғызстан болды. Ши жин пиң Қырғыз Республикасының ұйымға төрағалығына қолдау көрсететінін мәлімдеді.

Кеңейтілген құрамдағы отырыстан кейін саммиттің басты құжаты Циндао декларациясы қабылданып, 20-дан астам құжатқа қол қойылмақ. Оның 17-сін Мемлекет басшылары рәсімдейді.

Facebook арқылы пікір жазыңыз

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды. Required fields are marked *

*