Сайт жасау
Home » Жаңалықтар » Елбасы Қытайға сапарын қорытындылап, журналистермен брифинг өткізді

Елбасы Қытайға сапарын қорытындылап, журналистермен брифинг өткізді

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев үш күнге жалғасқан Қытайға сапарын қорытындылап, журналистермен брифинг өткізді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігінің тілшісі. Брифинг барысында Елбасы сапардың маңызы мен ондағы талқыланған мәселелерге тоқталып өтті. Биылғы жылы АҚШ-тан бастап, Ресейге жалғасқан сапарларының қорытындысын айта кетіп, Қытайға сапарының сәтті аяқталғанын мәлімдеді. – Биылғы жылдың жартысы аяқталып келеl3. Бірнеше сапар болды. Алғашқысы қаңтардағы АҚШ-қа …

Review Overview

User Rating: Be the first one !
0

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев үш күнге жалғасқан Қытайға сапарын қорытындылап, журналистермен брифинг өткізді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

Брифинг барысында Елбасы сапардың маңызы мен ондағы талқыланған мәселелерге тоқталып өтті. Биылғы жылы АҚШ-тан бастап, Ресейге жалғасқан сапарларының қорытындысын айта кетіп, Қытайға сапарының сәтті аяқталғанын мәлімдеді.

– Биылғы жылдың жартысы аяқталып келеl3. Бірнеше сапар болды. Алғашқысы қаңтардағы АҚШ-қа сапар. Ол есте қалатын елеулі мәселе. Ірі кәсіпкерлермен кездесіп, екі елдің арасында 9 млрд-қа жуық қаражатқа қол қойылды. Іле-шала солардың кәсіпкерлері Қазақстанға келіп, біздің іс жалғасын тапты. Кейін Ресей президентімен кездестік. Екі арада бірнеше мәселе, әсіресе Байқоңырдағы Қазақстанның қатынасуы сөз болды. Байқоңырдың бір бөлігінде «Бәйтерек» деген бағдарламаны жүзеге асырып, 2022 жылдан бастап тиісті зымыран іске қосылады. Қазақстанда жер серігін жасайтын зауыт салынып жатыр. Оның үстіне Ресейдің басына түскен қиыншылықтарға байланысты батыстың көп компаниясы Қазақстан арқылы жұмыс істеуден үмітті, бұл біз үшін аса тиімді, — деді Назарбаев.

Сонымен қатар Қытаймен арадағы қарым-қатынастың маңыздылығына тоқталып өтті.

– Осы жолы Қытайға келдік. Тәуелсіздік алғанға дейін екі ел арасында ешқандай қарым-қатынас болған жоқ. Керісінше Совет одағы мен Қытай арасы шиеленісіп тұрды. Екі арадағы шекарада, әсіресе Жалаңашкөлде бірнеше адам өлді. Соңғы 20 жылдың ішінде екі елдің арасындағы қарым қатынас едәуір жақсарды. Шекара жөніндегі келісімге қол қойылды. Шекарада 6 елдің басшылары кездесіп, Шанхай ұйымын құру туралы келісімге келді. Кейін экономикалық байланыс жөнінде сөз қозғап, ШЫҰ құрылды. Идеяны алға тартушылардың бірі Қазақстан болды. Мұныөздері біледі, қашан да айтып отырады, — дей келе Елбасы саммиттің нәтижелі қорытындысын атап өтті.

– Қытай төрағасының шақыруымен келген ресми сапар өте нәтижелі болды. Тарихи XIX партияның съезі өтті. Үлкен мәселелер талқыланды. 2049 жылы ҚХР-дың тәуелсіздік алғанына 100 жыл толады. Сол жылы біздің «Қазақстан — 2050» стратегиямыз секілді Қытай да дамыған ең алдыңғы қатардағы мемлекеттердің тізімінен көрінуді көздеп отыр. Екіншіден, бұрын Қытай арзан тауарларды шетке шығаратын ел болып саналса, қазір нағыз технологиялық әрі бүгінгі заманға сай ғылыми тауарларды экспорттамақ. Қазірдің өзінде Қытайды АҚШ-тан кейінгі экономикасы дамыған ел ретінде танимыз. Қытайдың бүгінгі технологиясы Батыстан артық болмаса, кем емес. Біз үшін де қолайлы.  Бұрындары мен индустриялық бағдарламаларды орындау үшін қондырғы керек, зауыттар керек екенін айтқанмын, соған байланысты біз 28 млрд доллар көлеміндегі 51 объектіге қол қойған едік. Қазір жаңа 40 объектіге қол қойылды, — деді Елбасы өз сөзінде.

Facebook арқылы пікір жазыңыз

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды. Required fields are marked *

*