Сайт жасау
Home » Жаңалықтар » Қытай Иран келісімі аясында Ресеймен бірлесуге дайын

Қытай Иран келісімі аясында Ресеймен бірлесуге дайын

Қытай төрағасы Ши жин пиң АҚШ-тың Иран ядролық келісімінен шығып кеткенінеөкінішін білдіріп, келісімді сақтауда Ресеймен бірлесіп жұмыс істеуге дайын екенін мәлімдеді.

«Біз АҚШ-тың Иран келісімінен шығып кеткеніне өкінеміз. Келісімді сақтау аясында Қытай Ресеймен және өзге мемлекеттермен бірлесіп жұмыс істеуге дайын», — деді Ши жин пиң ШЫҰ-ның кеңейтілген отырысында.

Айта кетейік, 8 мамырда АҚШ президенті Дональд Трамп арнайы мәлімдеме жасап, Вашингтон Иран келісімінен шығатынын мәлімдеген. Ол Иранды «терроризмді қолдады» деп айыптады. Мәлімдемесі барысында «Иран келісімін қайта қарау керек немесе мүлде тоқтату қажет» деп тоқетерін айтқан болатын. Өз кезегінде Иран президенті Хасан Роухани «АҚШ 2015 жылғы ядролық келісімнен шықса, опық жейді» деді.

Facebook арқылы пікір жазыңыз

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды. Required fields are marked *

*