Сайт жасау
Home » Сын-сарап » АЛТАЙ ТӨҢКЕРІСІ

АЛТАЙ ТӨҢКЕРІСІ

Асқар ТАТАНАЙҰЛЫ,

 жазушы, тарихшы

       АЛТАЙ ТӨҢКЕРІСІ     

 (Оспан батыр хақында)

 Халықтың қаһарынан қорыққан Шың шы цай үкіметі елді қан қақсатып соғысқа дайындалып жатқанда, төңкерісшілердің ішіндегі құрал тапсырмай кеткен партизандар Оспан Исламұлының бастауында іске кірісті.

Оспан Исламұлы – Көктоғай ауданының Сұпты, Күрті деген жерін мекендеген адам, руы – абақ керей ішінде молқы, ата-бабасы шалқыған дәулетті де, ел білген білікті де болған. Оз басы – егін салып, саудамен айналысқан. Оспан сом денелі, балуан бітімді, ұзын бойлы (1.90 метрге таяу), қалың тұйық қабақты, сақал-шашы қою және ерекше қайратты, әрі ірі, қызыл шырайлы, көз шарасы үлкен әрі отты, сәл дөңестеу қыр мұрынды, жүріс-тұрысы салмақты, алып денелі кісі. Дінге сенімінің күштілігінен болуы керек, шашын алдырып, қалың қою сақал-мұртын үнемі бастырып тұратын адам. Сыр сақтағыш, аз сезді, бір сөйлесе – шешен сөйлейтін, орны келмегенде жұрт алдына түскісі келмейтін, езін дүниеқорлықтан аулақ ұстаған, діни сенімі күшті, күманданған адамына ең кемінде маңын бастырмайтын сақ адам болған. Дұшпанына аяушылық істемейтін қатыгез өрі қорқуды білмейтін, қандай қиын-қыстау кезде қайғысын – қайратына, ашуын – ақылына жеңдіріп, жол тауып кете беретін ділі қатты, діні берік, езіне сенімі күшті, өткен ағаттығына өкіне бермейтін, ауыр тағдырына жасымайтын, тәуекелшілдігі басым, басқаны баурап әкетуге ұрынбағанымен де, бұқараны басқару қабілеті және әскери амал-шараға туа алымды болған адам.

Оспан 1899-жылы Көктоғай ауданының Өндірқара деген жерінде туған. 18 жасқа толар-толмас та Зуқа батырдың кезіне түскен. Зуқа – Оспанның қаруына, ерлігіне ақылы сай жігіт болатынын сезіп, оны қолына ұстағысы да келген. Оспанның әкесі Исламға кісі жіберіп, Оспанды тәрбиелегісі келетінін де білдірген. Бірақ Оспан өзінің сабырлылығымен, байыптылығымен, сезімділігімен Зуқаға қызмет етпеген. Зуқа адам танығыш болғандықтан, сол күннің өзінде оны қазақтың «Кер жақ батыры» деп атаған. Былайғы жұрт Оспанның ерлігін әлі жыға білмегендіктен, оның көрер көзге тұйық көрінетін мінезіне қарап, Зуқа қажының батыр деген сөзін қалдырып «Кер жақ Оспан» деп атаған.

Оспан көтеріліске 1939 жылы Ақыт қажыны ұстауға қарсылық көрсеткен алпыс адамның бірі болып аттанды да, 1940 жылы ақпанның бірінші аптасындағы өкімді өлтіру оқиғасына қатысты. Төңкерістің алғашқы кезінде Есімхан қосынының қолбасы болып келіп, 1940 жылы жаз шыға партизандар Қаптық тауында бас қосып, үш бағытпен қайта Көктоғайға қайтқанда, ат-көліктері арып, азық-түлік таусылып, оқ-дәрі азайып, қиын жағдайга кез болады. Оның үстіне жолды алған Шың шы цай әскерінің мықты-мықты бекіністерін арт-артынан бұзып, Көктоғайға жету Ырысханның қолына оңайлықпен түспеді. Осы кезде Оспан небәрі үш мылтық алып, қасына қырық жігіт ертіп, із тастап Шың шы цай әскерінің артына өтіп, ағаш басына шығып, тасып жатқан қу Ертістен сал буып, ат жалдап өтіп өзінің бұрынғы мекен-қыстауы Күртіге келеді. Күртіде бір почта бекеті бар еді. Партизандар осы бекетті бақылауға алып, қорғап жатқан әскерлердің атын жайылымнан қуып алады. Ат баққан бақташыдан бекетте он бір әскер барын біліп, түн жамыла басып кіріп, түгел жайғастырып, қару-жарақтарын олжаға алады. Өзі бас болып онға жуық адам әскер киімін киіп, бекетте жатып, қалған азаматтарын тұрғы-тұрғыға орналастырып, келер жаудың жолын тосады. Екі-үш күн өте бере «үкілі почта»5 алған екі адам келеді. Екеуін ұстап алып тексерсе, осы бекетке түсірілген бұйрықты алып келе жатқан бір әскер, бір бұқара екен.

Ертіске дейін қорғап, Көктоғайға жеткізу жайы ұқтырылған екен. Оспан «бұйрықты» алғаннан кейін әскерді аттырып тастайды да, бұқараны байлатып қойып, ертесі 200 түйе кірені қорғап келе жатқан он шақты әскерді тіл құтқармай құртып, олжаны (100 түйе ұн-күріш, 90 түйе киім-кешек, 10 түйе оқ-дәрі) шығынсыз қолға түсіріп, кірекештермен қолға түскен бұқараны қоя беріп, өздері жайлаудағы партизандарға барып қосылады. Қоршау соғысы басталып, қысыл-таяң кезде тұрған партизандарға бұл 200 түйе олжа қатты ес қатты.

Тарихта батырдың ерлігі шайқас барысында сынала келе байқалған. Күртіде шығынсыз соғыс жүргізіп, ел көзіне алғаш түскен Оспан, осыдан бір жыл кейін Таршатыдағы соғыста жауды тар сайға қашытқы салып кіргізіп, алды-артын оқпен тосып, мың адамнан тіл құтқармағанда, сайдың бір бетінде – Оспан, бір бетінде – Сүлеймен бастап шайқасып еді. Екеуінің мергендігі мен ерлігі ел көзіне ерекше түскендіктен, осыдан бастап халық Оспанға Зуқаның берген бағасын дұрыс түсініп «кер жақ Оспаннан» » батыр Оспан» атанып еді. Досына да, дұшпанына да өзін осылай танытқан Оспан кейбіреулер тікелей бағынып, төңкерістің басшылары қолды болып кеткенімен де, төңкерісті тоқтатып тастамады. Шың шы цай әскеріне ойламаған жерден соққы беріп, қансыратып отырды.

Үкіметтің қолына түспеген әрбір сай-салада қалып қалған ауылдар Оспанды таба бастады. Алғашқы жылдағыдай емес, бұл аудандардың әр ауылдарына дейін әскерін орналастырып, 1942 жылдың қараша айында Көктоғай ауданына «көз-құлағын» көбейтіп, бекіністерін салып тастағандықтан, халықтың көтеріліске ілесуі баяу болды. Жаз айы өте келе жау қысымына шыдамаған халық ілгерінді-кейін Оспан қолын толықтыра берді. Оның басты бір тобы болып, Көктоғайдан қарақас руының өзіне ілескен адамдарын бастап Сайып Халелұлы келіп қосылды.

Сайып – Шың шы цай үкіметіне ежелден сенімсіз адам, әкесі – Халел, ағасы – Рахат 1941 жылы құрал тапсырғанда, оларға қарсы шықты. Бірақ ел иесі болып отырған әкесі мен аудан әкімі ағасын тілге көндіре алмай, ақыры оларды алдап-ұстап әкеткенде, санын соғып қала берген. Сол жылдың қысында әкесінен хат келгеннен кейін, хал-ахуалын біліп келуге басқа да түрмедегілердің туыстарынан Қаби, Жәмшиттерге қосып немере інісі Қақашаны Үрімжіге жібереді. Олар бес түйемен түрмедегілердің тапсыруы бойынша азық-түлік, киім-кешек және түрме бастықтарын паралауға алтын-күміс алып аттанды. Қақашалар барғаннан кейін Үрімжідегі сақшы мекемесі ат-көлікпен апарған заттарын талап алып, өздерін мырза қамақта ұстайды. Арада бір ай өткеннен кейін өз бастарына қауіп төнген соң бұл үшеуі қашып шығып, жол бойындағы қоржалардан ат-көлік ұрлап алып үйлеріне қашып келеді.

1942 жылы қараша айында Көктоғай сақшы органы отызға жуық әскерді осы үшеуін және Сайыпты ұстап әкелуге аттандырады. Жәмшит пен Қабиды ұстап алған әскерлер Сайыптың аулына келгенде: Сайып әскерлердің алдыңғы келген екеуін қолындағы балтамен шауып жібергенде, жүрек тоқтата алмаған үшінші әскер тұра қашады. Өлген әскердің қаруын алған Сайып әскерлерді қуа соғысып, бес-алтауын оққа ұшырғанда, қалғандары байлаулы екі адамды тастап тұра қашады. Артынан жайдақ атқа міне қуып, тағы бірнешеуін оққа ұшырып, онға жуық мылтықты қолға түсіреді. Енді ел ішінде аялдауға шарасыз қалған Сайып сол күні атқа қонып, Қанобада жатқан Оспанды іздеп табады.

Шіңгіл ауданынан өздерін қайта ұстауға айналғанда Сұлубай, Тескенбай бастап бірсыпыра адам қосылады, онан кейін Молғаждар, Мәсей бастаған бір топ көтерілісші ұсталу қаупі көрінгендіктен қашып шығып Оспанды табады. Сарысүмбе түрмесінен қашып шыққан – Кәдірбай, Тоқтаған, Жаңбырбай, Сендиков (орыс), Баркөлден — Қуанышбай бастап, Фукан ауданынан – Жолдыбай, Үрімжі түрмесінен – Қалман қазы6 бастаған адамдар арт-артынан Оспанға келіп қосылды. 1942 жылы ақпан айында Құбының құмына бекінген көтерілісшілерге үкімет Шіңгілден – Уатқанды, Көктоғайдан – Мағауия залынды, Сарысүмбеден – Мәмила зәңгіні келісімге жібереді. Оларға Оспан: «Үкімет келісіміне қиянат етті. Қара бет қандықол болды. Бұрыңғыларды қоя бергенді қойып, үсті-үстіне тұтқындады. Дұшпанның осы әрекетін көре-біле отырып, бізді алдап келген сендер барып тұрған зымиян, мынапық адамсыңдар! Енді ұсталмаған біз қалдық. Осыларды ұстап берейік деп келіп отырсыңдар ма?!», – деп ат-көлігін алып, өздерін байлап, көкала қойдай сабап, жалаң аяқ, жалаң бас айдап салды.

6 Қалман Ақытұлы — 1941 жылы көтеріліске қатысқаны себепті сол жылы күзде Халел тәйжімен бірге, Көктоғайдан ұшаққа салып, Үрімжі түрмесіне әкеткен болатын.

Осыдан бастап жаз бойына Шың шы цай үкіметі Оспанды талай қыспаққа алып, талай шабуылдап, талай келіссөзге шақырды. Оспан соғысқан жерде — соғысты, тұрысқан жерде — тұрысты, бірақ келісімге келмеді. 1942 жылдың қысы мен 1943 жылдың көктемі қиян-кескі соғыспен өтті. 1943 жылы мамыр айында Кеңес одағының инженері болып жасанған бір топ адам Оспан тобын іздеп тауып, тілдесті. Олар:

– Жергілікті халықтың бүл көтерілісі – езушілікке, қанаушылыққа қарсы күрес. Біз бүл күресті қолдаймыз, – деді.

Көтерілісшілерге біраз құрал беріп: «Ендігі кездесу — тамыз айында, Көктоғайдың басыңдағы «Жалғыз ағаш» шекарасында болсын», – деді.

1941 жылы Кеңес одағының фашизммен соғысында Кеңес одағының жеңілісінен қорыққан Шың шы цай 1942 жылы өзінің ептеп гоминданға беріле бастағанын байқатты. Сонымен бірте-бірте билігін гоминдаңға өткізіп, екі беткей саясаттың ШЫНДЫҒЫН әшкереледі. Халықтың алға басар азаматтарымен кездесіп коммунистік партиясының Шинжаңда қызмет істеп жатқан адамдарын тұтқындап, гоминдаңға табыс етті де, өзі Шинжаңнан табанын тайдырды.

Шың шы цай үкіметінің гоминдаң үкіметіне айналып бара жатқанын бақылап отырған Кеңес одағы, ендігі жерде Гоминдаң үкіметіне қарсыласып соғысып жатқан Алтай ақ армиясы алдауға кірісті. Сонымен Монғолия шекарасы армия көтерілісшілерімен байланыс жасай бастайды. Бұрын екі арада Монғолия әскерінен қысым көріп келген армиялар енді олардан қолдау таба бастағаннан кейін өрісі кеңейіп, қатары шұғыл молайды. 1943 жылы тамызда «Үш өргішек» шекарасы арқылы Моңғолияның Шегіртай деген жеріне арнаулы адам барып, нақты мәселелерге қол қойып, келісім жасасты. Осыдан кейін қару-жарағы сәл толықтанып, жеңіске сенімі арта бастаған партизандар Шықынты, Қаражалаты, Ұша соғыстарында гоминданды арт-артынан жеңіліске ұшыратты. Шықынты соғысында бес жүз таңдамалы қытай әскерін тіл құтқармай қырып салды. Осыдан кейінгі жерлерде көтерілісшілер қатары үздіксіз молайып, жоғарғы үш аудан халқы түгелдей көтеріліске қатынасты. Гоминдаң үкіметінің әскерлері бекіністер мен аудан жамбылдарында ғана өмір кешті. Жаралы андай жыртқыштығы да еселеп артқан гоминдаң әскерлері Сарысүмбе ауданының Тұлты, Қарасу, Ноғайты деген жерлерінде Көктоғай, Шіңгіл аудандарының бейбіт халқын топ-тобымен оққа ұстады.

1944 жылы Монголия үкіметінің басшысы Шойбалсан, генералдары – Доржы, Попов және екі министрін бастап шекараға келіп, көтерілісшілермен кездесіп, екі жақ тоқтамға қол қойды. Шойбалсан: Оспанға әскери-саяси нұсқау берді және жол-жорық көрсетті әрі мың бесатар, жүздей ауыр-жеңіл пулемет, оқ-дәрі көмек берді. Сол жерде Оспанды ақ киізге орап, патша сайлап, Сүлеймен, Келес, Қазанқап, Мұхамеджан сияқты бес уәзірін белгіледі. Партизандардың қолбасшылық штабы құрылып, қолбасшысы – Сұлубай, орынбасары – Кәмел болып белгіленіп, бүкіл партизан алты үлкен отрядқа бөлінді. Жаңа сайланған партизан отрядының үлкен-кіші басшылары Оспан патшаға адалдық сертін білдірді. Сонымен бірге «халықтың Шың шы цайға қарсы ұйымы» құрылды.

Партизандық штабтың бас қолбасшысы Сұлубай әрі батыр, әрі ұйымдастырушы, әрі ақын, әрі композитор, сегіз қырлы, бір сырлы жігіт еді. Ол негізі Сарысүмбе ауданының адамы, руы — тасбике. Жастай әкесінен айырылып жетімдік көрген Сұлубай қаршадай кезінен шешесімен бірге өзімен аталас келетін бір байдың малын бағып күнін кешіреді. Жиырманың үстіне шығар-шықпастан еті тірі өжет бала Сұлубай жалға жүріп, туыс болса да байдың қорлауы мен жаласына ұшырап, көз түрткі болып күн көруді ар санады. Тәуекел деп тас жұтуға бел байлап елінен бөлініп, бір өгізге төсек-орнын артып, шешесін мінгізіп, жалғыз бұзаулы сиырын байлап өp Алтайға қарай сапар шегеді. Ол кезде көптеген адамдар кәсіп істеп, тіршілік көру үшін әр түрлі әрекетке кірісетін. Соның бірі – Құты би, Шонжы, Мәри, Баркөл, Үрімжі секілді жерлерге барып, әр түрлі кәсіп жолын қарастырады. Енді кейбірі тау асып Моңғолияға да кетіп қалады. Осыны көзде ұстаған Сұлубай да жаңа бір сапарға бел байлайды.

Бұл 1928 жылы күз айы еді. Осылай тәуекел деп сапар шегіп келе жатқан Сұлубай талай жолды басып, Бурылтоғай бойындағы бір жерге келгенде, бір ақсақалға жолғасады…

Бұл – 1940 жылға көтеріліс басшысы Ырысхан батырдың әкесі Ноғайбай үкірдай еді. Жол жөнекей Сұлубайға кезіккен үкірдай бет алдына қаңғырып келе жатқан жалғыз жігітке жаны ашып, әрі ұнатып, әрі жақын тартып, өз аулына алып кетті.

Міне, осы күннен бастап Сұлубай Шақабай руының ішінде болады. Ноғайбай үкірдай Сұлубайды мал соңына салып жасытпады, ақысын бермей қақсатпады, ел қатарлы күн кешіп, ер қатарлы азамат болып, ойын-тойда ән айтып, ел жұртты аузына қаратып өсе берді де, Ырысхан 1940 жылы ақпан айында көтеріліс бастаған күні атын ұстатып жанына ертті. Осы күннен бастап ел көзіне түскен ер болып аты шыға бастады. Сұлубай — Ырысхан өліп, Есімхан тұтқындалғаннан кейін, көтеріліс басшыларының біріне айналып, ел сөзіне тоқтаған жігіт ағасы болып, қиын-қыстау кездерде де талай елді құтқарып, алдынан жау қайтқан жеңімпаз болды.

Жалаты қысаңындағы бір шайқаста Сұлубай небәрі отыз адаммен бес жүз әскерге қарсы шайқасты. Көк құрышпен қаруланған жау оңайлықпен жан берсін бе, қырылғанына қарамай тұрғыға өрледі. Осы кезде жау күшін шоғырландырып, ең биік бір тұрғыға шабуыл жасады. Бұл тұрғыға Оспан батыр жалғыз атыс беріп жатыр еді. Қалың жау қаптағанда, жан-жағына от шығарып жүрген Оспанның тізесіне оқ тиіп, ортан жіліктің тобығын аударып кетті. Қатар тұрғыда отырған Сұлубай Оспанға оқ тигенін көріп, өз тұрғысын жолдастарына қалдырып, Оспанға жан ұшыра жетті. Ол келгенде Оспан жараланып, жүруден қалса да, отырған орнында атысып жатыр еді. Тұрғының енді бір жағынан өрмелеген жаудың бетін қайтарған Сұлубай жаумен атыса жүріп, Оспанды оқ астында қоршаудан алып шығып кетті. Етіктерін шешіп, ұзын байпақтың қонышын бажырдан жоғары буып тастап, жалаңаш пышақтарын аузына тістеп, жау пулеметшыларының ту сыртынан жақындап, атылып барып дыбысын өшірді. Талай қан майданда бірге болған екі арыс бірін-бірі сынап келген еді. «Осы күннен бастап ақиреттік доспыз», – деп ант ішті.

Оспан патша болғанда, Сұлубай бас қолбасшы болып, халық болып жұмылып «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып», басшылығын сайлап, ұйымын құрып, сайлауыттарын реттеп бола сала, уақыт ұттырмай 1944 жылы көкектің басында партизандардың бас қолбасшысы Сұлубайдың бастауында Шіңгіл ауданының Алатөбе деген жеріне орналасқан гоминдаң әскерімен соғысуға аттанды. Алатөбе – гоминдаңның Шіңгілдегі жиырма мың әскері орналасқан бекінісі берік, ең үлкен базасы. Партизандар алдымен Дабысын, Қаратүңке, Сарыноғай және басқы жақтардан келетін жау байланысын үзіп, едел-жедел Алатөбе бекінісіне бет алды.

Алатөбе шайқасына партизандардан сұрыпталған – 500, моңғолиядан – 200, жиыны 700 адам соғысқа қатысты. Соғыс бір жұмаға жалғасқанда Моңғолиядан келген жеті ұшақтың соғысқа қатысуымен, Алатөбе қамалының тас-талқаны шығып, партизандар қамалды тартып алды. Және қашқан жаудың алдын орап, Сарытоғайға дейін жеті жерден тосқауылдап соғысып әрі артынан екшелеп қуғандықтан, жаудың мыңға жетер-жетпес адамы Сарытоғай бекінісіне әрең жетті. Осы қашқан дұшпанның алдын орап соғысып жүргенде де Дөңті деген жерде (қазіргі Сұлубай шоқысы) партизандардың қолбасшысы Сұлубайға оқ тиіп, шейіт болады. Бес жыл бойы қанды соғыс көрген Оспан екі рет қана көзіне жас алған деседі жұрт. Соның бірі Сұлубайдың қазасы екен.

Сұлубайдың адамгершілігі, азаматтығы, жомарттығы, ел бастаған батырлығы бір төбе, қолбасшылық қабілеті бір төбе болса, оның ақындығы, әншілігі, домбырашылығы, композиторлығы үшінші бір төбе. Оның осы кезде туған ел мен туған жердің тағдырына күйініп:

Атымды Сұлубай деп әкем қойған,

Руым жәнтекейде ортаны ойған.

Таршылық қолды байлап бір қоймадың,

Бұл ісің кетер емес, сірә да, ойдан.

Секпілтай, Шаңқан, Тұрғын-ай,

Есен бол ел-жұрт, құрбым-ай!

Басында мәуесі жоқ қу қайыңның,

Адамға пайдасы жоқ уайымның.

Сан жердің дәмін татып, суын іштім,

Білмеймін қайда аларын құдайымның.

Қайқая шапқан Қаракер,

Қайырылар ма екен қайран ел?!

Басы еді Секпілтайдың Қарашора,

Айырылған ел-жұртынан мен бишара.

Қайырылып туған жерге қарағанда,

Ағады көздің жасы сора-сора.

Қалдырып туған жерді ел кешті ғой,

Бойынан ақ даланың оқ есті ғой.

Қаражарға жығылып қара тұлпар,

Бұйдасын қара нардың оқ кесті ғой, –

деп шырқаған «Сұлубай батырдың әні» бүкіл көтерілісші халықтың арман-тілегі, мұң-мұқтажы, жан күйзелісі еді.

Халық бүл әнді талай қанды-сойқанды жылдардан туын жықпай алып шығып, бүгінгі күнге жеткізіп отыр. Сұлубайға оқ тиген Дөңкідегі сол шоқыны халық қимас батырдың атымен «Сұлубай шоқысы» деп атады.

Алатөбе шайқасында жиырма мың әскерді екі аптаға жеткізбей өптер-тәптерін шығарған партизандар қимылын жию оған көмектескен сыртқы күштің тегеуірінін көріп-біліп, жанын қоярға жер таппаған Шіңгіл ауданының өкімі Тау мен сақшы бастығы – партизандардың Алатөбеден Сарытоғай бекінісіне қашқан әскерлерді қуып кеткен орайын пайдаланып, аудан қалашығын өртеп, түрмеде отырған жиырма шақты адамды өлтіріп, аудан маңына көшіріп апарған елден сегіз жүз түтінді қорқытып күшпен айдап Шонжыға қарай қашты.

Шіңгілдегі гоминдаң үкіметінің әрекетінен хабар тапқан партизандардың қолбасшылық штабы – Қапас, Тоқтыбай, Кескенбай бастаған жетпіс адамды аттандырды. Олар гоминдаң әскерлері айдап бара жатқан елді тал түсте дамылдап отырған жерінде қуып жетеді. Аудан әкімі мен мекеме бастығы – ел бастығы Латиптің үйінде отырғанын ұғады да, партизандарды елді қоршап тұрған әскерлермен айқасуға бұйырып, Тоқтыбай мен Қапас екеуі елді қақ жарып, Латиптың аулына қарай тартады.

Латип үйіне келе жатқан бетінде үй сыртындағы екі күзетші әскерді атып-атып жіберген екеуі аттарынан секіріп түсіп, екі босағада тұра-тұра қалып, үйдегілерге құрал тапсыруды бұйырады. Шошып кеткен Тау өкім Латиптің бәйбішесінің ту сыртын паналайды. Сырттағы постарының өліп кеткенін сезген олар, еріксіз құралдарын есіктен сыртқа лақтырып тастайды.

Партизандар бір-бірден шығуды бұйырған соң бәрі шығады. Ең артынан шыққан сақшы бастығын екеуі екі бүйірінен найзалап, тік көтеріп лақтырып жібереді де, Шіңгілден аттанғанда халықты қырып, қаланы өртеп кеткендігі үшін Тау өкімді де атып тастайды. Бұларға аудармашы әрі халықты алдап-сулап, қорқытып Шонжыға көшіріп бара жатқан гоминдаң офицері Махмұд Шөкмановты та атпақшы болғанда Латип ара түсіп, алып қалып, артынан қашырып жібереді. Партизандар алғаш келіп тиіскенде-ақ сұрқыға ұшқан гоминдаң әскерлері белдесіп атыса алмай, елді тастап, Гушыңға бір-ақ тартқанда партизандар сегіз жүз үйді тұтастай жаудан аман алып қалады.

1944 жылы көкекте Шіңгіл ауданы гоминдаңнан тұтастай азат етілді. 1944 жылы мамыр айының соңында партизандар Көктоғай ауданына жақын келіп, қоршауға алды, бірақ әскер саны мол, бекінісі берік болғандықтан да басып ала алмады.

Көктоғайды қоршауға алған күннің ертесі партизандарға қатты өштескен гоминдаңның әскерлері өткен жылы тұтқында отырған Оспанның екінші әйелі Мәми мен онан туған алты баласын, Сүлейменнің әйелі Қойтубақпен келінін және үш баласын, барлығы қырық адамды партизандарға көрсете отырып қылыштап жөне тірідей зынданға тастап өлтіреді. Осы қырық адамның арасынан Оспанның әйелі Мәми жан ұшырып, қолы байлаулы қалпы қашып барып Көктоғай өзеніне түсіп кетеді. Соңынан оқ тигізе алмаған гоминдаң әскерлері қаланы қоршап отырған партизандардан қорқып, қорғаннан шығып ата алмады. Өзенге өзін атқан әйелді көріп отырған партизандар бір сеңгір айналған жерден талықсып келе жатқанда аман-есен құтқарып алды. Сөйтіп, Оспанның алды 18 жасқа толмаған алты баласын, Сүлейменнің отбасынан бес адамды, барлығы Көктоғай қаласында бейуаз бұқарадан қырық адамды қанқұйлықпен қинап өлтірді. Бұл қорлыққа шыдамай, баса-көктеп кірмекші болған партизандарды Оспан өзі келіп ақыл айтып:

– Бұл асқан зұлымдық. Гоминдаң бұл қаныпезерлікті әшкере істеп отыр. Туысына күйінген бізді орға жығып, қақпанына түсірмекші. Жаудың мұндай шырғасына аранданып қайрылу – есе қайтару болмайды. Ақылын тауып, бодау бермей отырып, жаудың тауын шағып, күлін шашу керек, сонда ғана жеңіске жетеміз, кек те қайтады, – деп тоқтатты.

1941 жылы қыркүйектің басында «жоғалып кеткен» Дәлелхан Сүгірбаевтің Кеңес одағында екендігі жөнінде 1943 жылдан бастап ел ішіне аңыз тарады. Сонымен бірге Дәлелхан сол жылы өр түрлі амалдармен ел ортасындағы құдандас, дос-жарандарына хат жазып, өзінің тірі екендігін хабарлай келін, гоминдаңның жеңілетіндігін, оны сез жоқ Алтайдан қуып шығу керектігін үгіттей бастады…

Екінші дүниежүзілік соғысы – Кеңес одағының территориясында жүріп жатқан фашисттердің тебінінен қорыққан Шың шы цай «алты ұлы саясатынан» жалт бұрылып, гоминдаңға ойыса бастады. Осыны сезген Кеңес одағы Алтай халқының көтерілісін қолдауға бекінді. Әрине, көтерілісті қолдау үшін көтеріліске басшылық ететін адамды таңдап алу керек. Міне, осы мақсаттан шығатын адам Дәлелхан болатын.

Дәлелхан Әбдірахманмен жасалған келісім бойынша қыркүйек айының орта шенінде Кеңес одағының Алтай аймағындағы елшілігіне жасырынып, көп өтпей Жеменей шекарасынан жасырын өткізіліп, Алматы қаласында екі жылға жуық тәрбиеленеді.

1944 жылы ақпанда Дәлелхан ашық сахнаға шығып, монғолия арқылы жанына бірнеше Кеңес одағы ақылшыларын ертіп, Шіңгілдегі Оспанға келіп көтерілісті жүргізді. Дәлелхан қызметке араласқаннан кейін Оспан патшаның ауылында моңғолиялық ақылшылардың басқаруымен жиналыс жасап, қайтыс болған бас қолбасшы Сұлубайдың орнына Дәлелхан тағайындалды. Қуанышбай бастаған төрт жүздей адам Моңғолия шекарасынан өтіп, Сарысүмбе, Буыршын аудандарының жайлауындағы елге10, Қаби бастаған алты жүздей адам Қарайты асуы арқылы Қаба жайлауындағы елге барып үгіт-насихат жүргізді. Бүл қызметтің нәтижесінде онсыз да гоминдаңнан қысым көріп отырған ел сел суындай тасқынмен бөгеуді бұзып шықты. Сарысүмбе, Буыршын ауданының бір бөлік елі Ермегейді, Ботамойын, Жағаштай асулары арқылы Моңғолияға асып, Шіңгілге барды. Бір бөлігін күз соңында – Нұрғожай, Қапас, Манат бастаған бес жүздей партизан келіп Сарысүмбе, Көктоғай, Бурылтоғай, Сарытоғай, Қаратүңке бекіністерінің ортасын қақ жарып, Шіңгіл ауданына өткізіп әкетті. Көлеңкесінен қорыққан гоминдаң әскерлері бір де бір жерде оқ шығарып, қарсылық білдіре алмады.

10 Ол кезде егіншілікпен шұғылданушылар аз болғандықтан да, Алтай елінің 85-90% мал бағып, жайлауға шығатын.

Қаба ауданының халқын Кеңес одағына өткізіп әкетті де, Алтай аймағының (Буыршын ауданының біраз елінен тыс) бүкіл жерін, халқын көтерілісшілер еткізіп алды. Ал қала-қыстақ тұрғындары болған қытайлар мен ұйғырлардың көбі 1941 жылдан бастап ішкі өлкелерге — Үрімжі, Құлжа секілді қалаларға қоныс аударып кеткендіктен, гоминдаң үкіметі мен әскерлері тек аудан орталығындағы жамбылдар мен бекіністерде ғана қалған. Алтай көтерілісшілері Алтай аймағымен ғана шектеліп қалмай, басқа аймақтарға да өз ықпалын өткізе бастады. Қобық ауданынан Зұңғырып келең бастаған 200 түтін көтеріліс жасап шықты. Зұңғырып Шіңгілдегі көтерілісшілер арасында аз уақыт тұрғаннан кейін Оспан мен Дәлелханның Жеменейге жіберген партизандарына қосылып, Жеменей партизандарының Қобық жүздігін құрды. Көтерілісшілер және жүз елуге жуық партизандар Мори, Шонжы, Жемсары аудандарына барып, үгіт айтып, нәтижеде бес жүздей түтін көтеріліс жасап, Бәйтік тауының Алтай жақ бетіне өтіп шықты.

Алтай көтерілісі – Тарбағатай, Үрімжі аймақтарында ғана тарап қалмай, солтүстік Шинжаңның бар жеріне ықпал етіп, тұтас Шинжанда дүмпу тудырды.

 

(«Тарихи дерек, келелі кеңес», 2-кітап, Үрімжі. Шинжаң халық баспасы. 1996 жыл. 60-150-беттер. Үзінділер)

 

 

Facebook арқылы пікір жазыңыз

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды. Required fields are marked *

*