Сайт жасау

Ақиқат

 

 «Тарихқа көз салсақ, қазақтың жеңіліп, біреуге бодандыққа түсуі тек қана іштен ыдырап, бірлігінен айырылған кезде болған.

Керісінше, қазақ біріккен кезде жеңіп отырған. Осыны ұмытпауымыз керек».

 Нұрсұлтан Назарбаев

 Рухани жаңғыру – «Қазақтың түбіне үнемі жетіп келген ішіміздегі алауыздық, бақталастық, көралмастықты жою, оның тамырына балта шабу рухани жаңғырудан да керемет, рухани төңкеріс болары анық. Егер олай жасай алмасақ Мәңгілік Ел болуымыздың өзі екіталай»

(Өмір ақиқатынан)

 АҚИҚАТ

 Біз Елбасымен біргеміз, Еліміздің елдігін, оның

Тәуелсіздігін қорғап, сақтаймыз.

 

-Атажұртын аңсап келген ағайындарға Отаны ыстық, Қазақ Елі, оның Тәуелсіздігі қымбат.

-Сол үшін отанына оралған 1,5 миллион, әлі де оралып үлгірмеген 5 миллион отандастар Қазақ елінің тұрғылықты қаһарман халқымен бірлесе отырып, Елімізді шеттің жауыздық іс-әректінен, іштің алаяқтарынан қорғап, сақтайтын боламыз.

-Бұл – әрбір қазақ баласының, Қазақстан азаматының абыройлы міндеті, болашаққа қалдырар ізгілігі.

«Тархи атажұрт» қоғамдық бірлестігі 2018 жыл

«Атажұрт» қоғамдық

бірлестігінің ұлттық ұраны

  • Ата жұртым, біз сенен аламыз емес,саған барымызды береміз, бір керпішің болып қаланамыз!
  • Мәңгілік елім, біз сені сынау емес, сыйлаймыз, мақтан тұтамыз!
  • Дана халқымызға ақыл айтып, жол сілтеу емес, Елбасы салған

сара жолды басшылыққа алып, бәрін де өзіміз жасаймыз.

  • Кемістікті өзгеден емес, өзімізден іздейміз, өзімізді түзеу арқылы өзгеге үлгі боламыз!
  • Елбасы ұсынған Мәңгілік Ел идеясын жүзеге асыруға көлеңке түсіретін алауыздық, көреалмаушылық, бақталастықтың жолын кесуге үлес қосамыз.
  • Кім берекені бұзса, ол бізге қасірет деп білеміз!
  • Мәңгілік Елдің болашағы – жастарды жасампаз, бір-біріне мейірімді болуға, өзара береке бірлігімізді нығайтуға, шеттің лаңкестік жымысқы әрекетінен, арандатушылық саясатынан сақ болуға шақырамыз!
  • Алдаға уақытта Қазақ Елінің дамуының дара да сара жолы Елбасының өзі ұстанып, Ата заңға кіргізген азаматтық қоғам құру яғни мейірімді қоғам, мейірімді мемлекет қалыптастыру арқылы қиындықтарды артқа тастап, алға ілгерлеудің оңтайлы жолын аша алатынын дәлелдейміз.
  • Біз Мемлекетімізді қорғаймыз, Елбасымызды қолдаймыз!

   «Тарихи Атажұрт» қоғамдық бірлестігінің төралқасы

 

Бізге Қазақ елінің елдігі, оның Тәуедлсіздігі қымбат

 Қазірдің өзінде Қазақстан қоғамында бей-берекетсіздік, анархизм пайда бола бастағанын аңғару қиын емес. Арандатушы жеке адамдар мен топтар халықты Мемлекетке, Билікке, әсіресе Елбасына қарсы қою арқылы елдігімізге, тәуелсіздігімізге қауіп төндіре бастады. Халық пен Мемлекеттің ара байланысы да Елбасы айтқан дәрежеде нығаймай отыр.

Енді міне, қоғамда мұнан да үлкен қауіп, кінарат пайда болды. Сырттың арандатушы күштеріне жаңа топ – солақай саясат белсенділері қосылды. «Сырттың он жауынан іштің бір жауы қауіпті» деген даналық сөз бар. Опазициялық күштер «Жаңа Қазақстан» атты ұйым құрып, Қазақстаннан тыс жерде форум өткізгендерін, қоғамды түбегейлі өзгертіп, бұрынғы жеткен жетістіктерімізді күйретіп, қара халықты арандатушылардың табанына салып беру үшін жұмыс жасай бастағаны жасырын емес болды. Олар бұл ойларын заңды Мемлекттен именбей еркін насихаттап, ғаламтор арқылы жар сала бастады.

Тұрғынбай Ержановтың «Оян, қазақ!» деп жар салған халыққа мәлімдемесі бүкіл ғаламтаторды шарлап жүр. Олар ендігі кезекте жаппай халық ортасына жүріп үгіт айтуды қолға алғандарын мәлімдеп отыр.

Мұндай қадамның қоғамға мемлекеттке аса қауіпті екені белгілі. Мемлекет, қауіпсіздік органдары тарапынан жұмыс жасалып жатқанына сенеміз. Бірақ мемлекеттік баспасөз органдары неге үнсіз? «Ауыруын жасырған өледі» деген қағиданың ақиқатын кем бағалап отырған жоқпыз ба? Бүкіл қоғам болып неге күреспейміз? Біз осы сауал төңірегінде ой түйіндеп көрдік.

Осы орайда қазаққа неге жақсылық жараспайды деген сұрақ туындайды. Бабаларымыздың мыңдаған жылдарғы арманы орындалып, Тәуелсіздік алдық, жеке Қазақ Елін құрдық. Соның нәтижесінде еліміз тыныш, халқымыз атасында көрмегенді ботасында көріп, тарихи тұрғыда қас қағым уақытта ешбір елден кем емес өркениетке жеттік. Елбасының кемеңгер саясаты негізінде халқымыздың, мемлекетіміздің жетер биігі, асар асуы, шығар шыңы, көрер қызығы әлі алда екеніне біз неге сенбейміз.

«Тарихи атажұрт» қоғамдық бірлестігі біз осы ұстаным негізінде елдің береке-бірлігін нығайтуға ат салысып келеміз. Ешқашан шеттен келген отандастарымыздың тұрмыстық тауқметін жоқтап, жыртысын жыртқан жоқпыз. Өйткені ол «көш жүре түзеледі» дегендей, бағыт айқын болған соң, уақыт ағымында шешімін табатын мәселе. Біз тек Тәуелсіздігіміздің берік болуына алыстан жеткен қандастардың қосар үлесін арттыру үшін алдымызға екі-ақ мәселе қойып, соны шешуге назар аудырып келеміз.

Біріншісі – қашанда қазақтың түбіне жетіп келген алтыбақан алауыздық, көралмастық, бақталастықтың тамырына балта шабу, халықты біртұтас береке-бірлік, ынтымаққа шақыру.

Екіншісі –береке-бірлікті сақтаудың түп негізі адамның санасында жатқанын ескеріп, рухқа мейірімділік қалыптастыру. Осы тұрғыда үгіт-насихатты қолға алу, арандатушы топтардың азғырындысынан қарапайым халықты аулақтауға қарлығаштың қанатымен су сепкеніндей болса да үлес қосу. Өкінішке орай біз күні бүгін басшылық органдардан қолдау таппай келеміз. Ал татулыққа жік салатын алауыз топтардың іс әрекеті асқына түскені анық байқалуда. Оларды ауыздықтамасақ, халықтың санасына береке-бірлік, мейірім шуағын қалыптастырмасақ, тарихта «мың өліп, мың тірілген» қазақтың тағы бір өлері, енді өлсе, қайта тіріле алмасы анық. Жаһандану заманының алапат өртінің құрбанына айналамыз.

Бізге қашанда сырттан келген жау өз қолымен қастандық жасаған емес. Өз ішіміздегі алауыздықты оңтайлы пайдаланған. Кешегі Кеңестік дәуірдегі қырғынды да отаршылдар өз қолымызбен ұйымдастыртқан. Халқымыздың сүт бетіндегі қаймағы зиялы қауымды «халық жауы» атап жақын ағайындар өзіміз ұстап бергенбіз.

Дәл сол сияқты бүгінгі алауыз топ та Мемлекетке, Елбасына жала жауып, лақап, өсек таратып, ішімізден шіріте бастады. Ғаламтор арқылы жүріліп жатқан үгіт насихат мақсаты – халықтың басын айналдыру, биліктің мысын басу, өздерін осы заманның «батыры» етіп көрсету арқылы ұпай жинау. Олардың айтуынша «бар билік Нұрсұлтан Назарбаевтың қолында, бар байлық соның меншігі, Парламент пен Үкімет қуыршақ.»

— Әлемнің демократиялық бағыттағы барлық елдері қолдап отырған Қазақ Елі демократия принциптерін осы құрлы аяққа таптап отыр дегенге кім сенеді. Әрине опазициялық топ «Бізді Европарламент қолдап отыр» деген сияқты мемлекетке құқай көрсетудің, халықты иландырудың неше түрлі айла-тәсілін жасап отыр. Мейлі, Европарламент қолдасын. Сонда сол Европарламет деген кім? Біздің екі туып бір қалғанымыз ба? Біздің Тәуелсіздігімізді кімнен қорғамақ? Кешегі қылышынан қан тамған Кеңес үкметін құлатқан батыстың алпауыттары екенін неге ойламаймыз. Ертеңгі күні бүгінгі Таяу Шығыс елдерінің кебін киіп, соғыс өртіне оранбайтынымызға кім кепіл.

Осының бәрін көріп біліп отырып,біз неге өзгенің сөзіне сенеміз?

— Ертең арандатушылар халықты көтеріліске шығарса, сырттағы жау бізге лап беріп, отарына айналдыра салары бізді неге алаңдатпайды. Оларға сылтау ғана керек. «Біз Қазақ тәуелсіз ел бола алмайды деп ерте айтқанбыз. Айтқанымыз айдай келді, қазақ өзін-өзі қырып жатыр, қарапайым халықтың қанын төкпес үшін қолтығымызға аламыз» деп «жанашырлық» жасайтындар жан-жақтан құшағын жайып, тағы да «бөліп ал да билей бер» дейтін саясатты жүзеге асырары анық.

Жоқ, бұған «Жаңа Қазақстан» сияқты опазициялық топтар алаңдамайды. Өйткені оларға Қазақ елінің Тәуелсіздігі, халықтың тағдыры қымбат емес. Керісінше өздері мансапқа, байлыққа қол жеткізу үшін шеттің арандатушыларымен ауыз жаласу – бәрінен қымбат.

Еліне, халқына бақытты өмір, бақуатты тіршілік сыйлап, әлемді шарпыған экономикалық дағдарыстан елін сүріндірмей бастап келе жатқан кемеңгер саясаткер Елбасын «елін тонап жатыр. Нұрсұлтан Назарбаев бірде-бір дұрыс іс атқарған жоқ» дегенге кім, қалай иланады. Басқаны қойғанда Нұрсұлтан Назарбаевтың кемел саясатымен ел Астанасын орталыққа көшіргенін, жай көшірмей, әлем көз тіккен, жаһандағы сәулеті мен дәулеті сай саяси, мәмілегер ақылды қалаға айналдырғанын қалай мойындамаймыз.

Сол сияқты Елбасының үш ғасыр бойы бодандықтан әлемнің 40 еліне тарыдай шашылып кеткен қандастарымызды Тәуелсіз Қазақ шаңырағының астына жинаған ерлігін қалай жоққа шығарамыз. Қазақстанның әлемдік дамудағы ретнгсін халықаралық сарапшылар мойындап отырғанғанда, ат төбеліндей аз топ қалай жоққа шығармақ.

Халқының қалауынан шыққан Елбасымызды қарапайым жұрт қатарынан 4 рет президенттікке сайлады. Бұдан артық қандай сенім керек. Ал дүйім жұрт өздері сенген Елбасын билік, байлық көксеген белгілі бір топқа жақпаған екен деп, қалай қарсы тұрмақ.

Алайда халықты ішінен ыдыратқысы келетіндердің әректіне тек санасы сайыз бір топ ерсе де қоғамға қауіпті екенін ойлайық, ағайындар! «Бір қарын майды бір құмалақ шірітеді» дейді дана халқымыз. «Тарихи атажұрт» қоғамдық бірлестігі билік басындағылар мен еліміздің баспасөз ұйымдарын осындай орынсыз жалаға жауап қайтарып, халықты алаңдатпау керек деп ойлаймыз.

Міне, осы сияқты «Жаңа Қазақтандықтардың», Тұрғынбай Ержановтың халықтың басын айналдырған іс әрекетіне тойтарыс беретін уақыт жетті. Бізді алаңдататыны жағдай бұл бүгін ғана басталған арандатушылық емес. Өсек-аяң бұлай жалғаса берсе түбі жақсылыққа апарып соқтырмайды. Қазақстанның тағдыры кім көрінгеннің қолында кетпеуге тиіс.

Қазір әлемді дағдарыс, күйзеліс, қырғын соғыс, бейберекетсіздік тәртіпсіздік, анархия жайлады. Капиталистік қоғам қағидасындағы демократия, еркіндік, теңдік, бостандық ұғымдары бос сөз болып қалды. Өйтсе, Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» идеясы негізінде Қазақ елінің дамуының тың жолын ұлттық менталитетімізден іздейтін кез жетті. Билікке, Елбасына айтылып жүрген сын, тағылып жүрген кіналарға байланысты халыққа дұрыс жағынан түсінік беру «Нұр Отан» партиясының, Қазақстан Парламентінің, Үкіметтің, мемлекеттік баспасөздің, жүздеген қоғамдық, бұқаралық ұйымдардың алдындағы ең келелі мақсаттың бірі болуын халық аңсап отыр. Әйтпегенде өтірікшілердің тасы өрге домалап, халық арасында екі ойлылық туғызады. Қазақ елінің қаһарман халық екеніне, оның Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының кемеңгер саясаткер екеніне күмәнмен қарап өздерін «батыр» танытқысы келетіндерден қарапайым халықты сақтандыратын уақыт жетті. Ал мемлекет, Президент әкімшілігі, Парламент, Үкімет, «Нұр Отан» партиясы тарапынан ондай пәрменді іс шаралар ұйымдастыру – өмір талабы. Мұндай іс шараны қолдауға «Тарихи атажұрт» қоғамдық бірлестігі дайын екенін мәлімдейміз.

«ТАРИХИ АТАЖҰРТ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІ

   Ой түйіні

***

 Қазақта жалғыз ғана ұлттық мүдде бар. Ол – Қазақ Елінің елдігін, Тәуелсіздігін қорғап сақтау. Сол мүддеге жұмылатын қазақтың жасампаз азаматтарын қалыптастыруымыз керек. Ол отарлаушы елдер бетперде қылып ұстайтын «адам құқы» деп айғайлайтын демократия заңдылығынан мүлдем басқаша. Ол – Елбасының «Болашаққа бағдар, Рухани жаңғыру» идеясы негізінде әуелі билік басындағыларға, онан соң зиялы қауымға, біртіндеп бүкіл халықтың санасына мейірімділік мінез-құлық, парасат қалыптастыру. Ірі капиталистік елдер ойлап тапқан, бүгіндері өз мүдделерін өзгеден жоғары қою үшін қалқан ретінде пайдаланып келе жатқан еркіндік, теңдік, демократияның түбегейлі тиімді жол еместігін қоғам танушы ғалымдар баяғыдан айтып келеді. Олар айтсын, айтпасын демократияның алдамшы қағида екені алпауыт елдердің кіші мемлекеттерге жасап отырған өктемдігі арқылы өмірде дәлелденген дүние.

***

Еркіндік, демократия – әлем елдерін бейберекесіздікке , анархияға айналдырды. Алпауыттар ойлаған мақсаттарына тек осылай жететінін әлем елдерін жайлаған соғыс өрті дәлелдеп отыр. Осыдан сабақ ала отырып, сақтануымыз қажет.

 ***

Билікке, Елбасына жала жабу арқылы қарапайым халықты қарсы қою ол қоғамға мемлекетке қауіп төндіру деген сөз. Қазақ елін, оның тәуелсіздігін қорғап сақтау – ата-бабаларымыздың асыл арманы, бізге қалдырған аманаты.

***

Қазақ елінің елдігіне, оның тәуелсіздігіне қиянат жасаған адам Алланың да, қаймана қазақтың да қарғысына қалары анық. Бізге, келешек ұрпаққа бәрінен де еліміздің тәуелсіздігі қымбат.

***

Осы заманғы Қазақстан Мемлекетін тәуелсіз ел ретінде құрып, әлемге танытқан Қазақ Елінің қаһарман халқына, оның Елбасына айтар алғысымыз шексіз.

***

Тарихтың қас қағым уақытында тәуелсіздікті бекемдеп, кешегі отар елдің келбетін танылмастай өзгерткен, өркениет биігіне көтерген, Мемлекетіміздің терезесін алпауыт елдермен теңестіріп, егей елдердің басшыларын аузына қаратқан көшбасшымыз Нұрсұлтан Назарбаевқа өз ішімізден өтірік айтып, жала жабу кешірілмес күнә. «Қазаққа жақсылық жақпау» деген осы болса керек.

***

Қазақ елі Тәуелсіздіктен соң екі ғасырлық өркениетке

жетті. Дегенмен жас мемлекеттің отарлық дәуір қалдырған жыртық-тесігі толықтай жамалмағаны рас. Аман болсақ, ғасырдың келесі ширегінде бай, алпауыт елдер қатарына да жетеміз. Сол үшін Елбасы айтқандай әрбір қазақ Тәуелсіз Қазақ Елінің жасампаз азаматы болып, бәрін өзіміз өндіретін, өңдейтін іскер, әрмен нақты иесі болуымыз қажет.

***

Тәуелсіз Қазақ Елінің бүгінгі жеткен жетістігі оның көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев деген асқақ тұлғамен біте қайнасқан, біртұтас ажырағысыз дүние. Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақ Еліне сіңрген еңбегі ұшан теңіз. Елін гүлдендіру жолындағы игілікті істерін санап айту мүмкін емес.

***

Билікке таласу – ол құрудың, өшудің белгісі. Осыдан сақ болайық. Мыңдаған жыл аңсаған Қазақстан мемлекеті, Тәуелсіз Қазақ елінен басқа «сүт піскенше құратын «Жаңа Қазақстан» деген жоқ. Ол – халықты алдау, арбау, қазаққа қайтадан құлдық қамытын кигізу деген сөз.

***

Қазақты «мың өлтіріп» келген алауыздық, бақталастық, көралмастықты біз дәл қазір жоя аламыз. Бұл қолдағы мүмкіндік. Кешіксек, кеш қаламыз. Өйткені жаһандану заманы жағамыздан алып тұр. Біз осылай етсек, Елбасы айтқан «рухани жаңғыру» емес, рухани төңкеріс жасағанымыз болып табылады.

***

Қазақ досқа күлкі, дұшпанға таба болмайтын үлкенді сыйлаған, дананың ақылына жүгінген, патшасын пір тұтқан парасатты халық екенімізді біз осыбір алмағайып заманда дәлелдей аламыз.

 ***

Бізге өзімізден басқа ешкімнің жаны ашымайды. «Бас жарылса, бөрік ішінде, қол сынса жең ішінде» теліміз бен тентегімізді өзіміз түзеп, өз-өзімізді сыйлап, жатты жанынан түңілтуіміз керек.

***

Халқы мен патшасы бір болған елдің бағы жанып, бақытқа бөленетінін, бөлінген елдің бағы қайтып, күлі көкке ұшатынын неге түсінбейміз.

***

Егер іштен бүлінсек, «қазақ, сен ел бола алмайсың» деп, «ақылшы, қорғаушы» болып отырған арандатушы күштер төбемізден түсіп келіп, құлдықтың қамытын кигізе салуға әзір отырғанын ұмытпайық.

 ***

 Биліктегі лауазым иелерін «бәрін сатқын, жемқорлар, ал нағыз батырлыр түрмеде» дейді. Ей, түрмеге кімдер отырады, ойланайық. Енді жетпегеніміз қазақтың дәулетін ұрлағандар, қылмыс жасағандарға, тәртіп бұзғандарға ел бастату керек болғаны ма!

 ***

 Қазақ қашаннан береке-бірлікті ту еткен, алауыздықтан аулақ болуды пір тұтқан халық. Мұны даналық сөздермен, мақал-мәтелдермен шегендеген.

Қазақ мақалы – қағида, қазақ мақалы – даналық

  • «Үй іші ала болса, кереге басы толған пәле болады»,
  • «Жау жоқ деме, жар астында»,
  • «Алтау ала болса ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса төбедегі келеді»,
  • «Шығасына иесі басшы болады»,
  • «Жаман айтпай жақсы жоқ»,
  • «Жауын аяған жаралы қалады».
  • «Бір қарын майды бір құмалақ шірітеді».
  • «Өлетін бала бейітке жүгіреді» дейді атам қазақ.

Жау жағадан алып, жан қысылған сәттерде туындаған осындай сөз асылынан үлгі алайық, ойланып, толғанайық.

***

Қазақ елі Мәңгілік Ел болу үшін ішіміздегі алауыздық, бақталастық, көралмаушылық кесапаттарының жолын қимайынша көздеген мақсатымызға жете алмаймыз. Ол жоя алмайтын туа біткен, бабадан қалған кесел емес. Бізді осылай итаршы етуді құлдық жүйеде ұстаған отаршылар санамызға сіңірген.Тек жүйелі жұмыс жасау арқылы «Рухани жаңғыру» идеясы арқылы, мейірімділік қалыптастыру арқылы құтылуға әбден болады.

 ***

Біз өз ішімізде береке-бірлікте тату болсақ, шеттің жауыздары бізге ештеме істей алмайды. Елімізді жаулап ала алмайды. Қытайдан қауіп төнбейді. Өткен тарихта шеттің жаулары, отарлаушылар қастандықтың бәрін бізге өз қолымызбен жасатқаны өкінішті- ақ. Соны неге түсінбейді екенбіз. Оның айқын мысалы ішіміздегі алауыздық, бақталастық, көралмаушылықты қоздырушылар 20, 30 жылдары қазақтың сорпа бетіне шығар зиялыларын тұтастай «халық жауы» етіп көрсетіп, атқызып, итжеккенге айдатып қырғызған еді ғой. Соның кесірін күні бүгін тартып отырғамыз жоқ па?

 ***

Дәл бүгін арандатушылардың Елбасына, биліктегілерге, депутаттарға, зиялыларға «жемқорлар», «сыбайластар», «сатқындар» деп ат қойып, халыққа қарсы қоя бастауы шетелдік жауыздардың айызын қандыра бастады. Ал қарсы шара қолданбасақ, айызы қанып қана қоймайды, армандары орындалып, игі жақсыларымызды тағы ұстатып қырғызулары әбден мүмкін. Ең негізгісі Қазақстан мемлекетін,Тәуелсіз Қазақ елін әп-сәтте жоқ етіп, қолдан шығарып алуға болмайды. Онда бізді тарих та, бабалар аруағы да кешірмейді.

 ***

Билікке, Елбасына, Мемлекетке түрлі жала жауып, халықты қарсы қою арқылы мақсатына жеткісі келетіндер кімдер? Олар – шеттің жауыздары, ішіміздегі алаяқ сатқындар. Бұлар қарапайым халықты алдап-арбауға келгенде алдына жан салмайтын, «өтірікті шындай ақсақты дыңдай» етіп көрсететіндер. Өткен тарихқа көз салсақ, ақыр соңында алаяқтар озып, қарапайым халық тозып, «әттеген-ай» болып келгеміз. Осылай «мың өліп, мың тіріліп» жүріп, бүгінгі күнге – тәуелсіздік таңына жеткенде тағы кесел басталмаса екен, Алла сабырлылық берсін деп тілейік!

***

Елді ішінен бүлдіру, тоздыру шеттің арандатушылары мен іштегі анархистерге өте оңай, елді құрып, оны кемеліне келтіру, халқын бақытқа бөлеу қиын. Бұны қазақ «өшу – оңай, өсу – қиын» деген екен. Сондықтан құзырлы Мемлекетпен, оның Елбасымен ойнауға әсте болмас. «екі елі ауызға төрт елі қақпақ» деп тегін айтылмаған.

Мемлекетке, билікке, Елбасына қарасы шығып,

жала жабушылардың мақсаты не?

 ***

Олардың көздегені Елімізді тәуелсіздігінен айырып, өздеріне бодан етуді көксеген сыртқы жауыз күштердің қолдауына сүйеніп, Мемлекет билігін тартып алу. Сол арқылы мансапқа жету, байлыққа кенелу. Оларға керегі – ұлттық мүдде, Қазақ Елінің тәуелсіздігі емес, қара бастарының қамы. Арандатушы алаяқтар үшін қазақ халқының құлға айналуының, тағы да азапты өмір кешуінің бес тиындық құны жоқ. Бұл – халықты мақсатына жету үшін пайдаланып, өзіме ғана болсын дейтін сасық пиғылдың көрінісі. Орлар шетелдің басқыншыларымен бірге халықты тонап, байлыққа кенелу арқылы шалқып өмір сүргілері келеді.

Сол үшін жеңіс пен жетістіктің бәрін жоққа шығарып, аққа қара күйе жағады. Өкініштісі әлемді билеп, дүниені түгімен жалмаған басқыншы жау олардың күштерін пайдаланып, мақсаттарына жеткен соң өздерін де лақтырып тастайтынын, ұрпақтарын құлға айналдыратынын түсінбейді.

   ***

Билікке, Елбасына жала жабу әректі бүгін ғана айтылып отырған жоқ. Қазақ Елі алғаш құрылған күнен бастап, бізге тұзағын құрып, жымысқы саясат жүргізгендер біртіндеп, мақсатын жасырын жолмен іске асырып, енді ашық күресе бастады.

Олар еркіндік, демократияны желеу етіп, қоғамдық тәртіпті бейберекетсіздік, аранхияға айналдыру арқылы халықты іштен тоздыру әдісін күшейте түсті. Дәл осындай жағдайда ең мықты күш, адамның санасын жаулау арқылы қарусыз соғысып, басып алу әрекеті.

Басқаша айтқанда Мемлекетке, Билікке, Елбасына жалған жала жауып, халықты қарсы қою арқылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігін жойып, Қазақ елін әпсәтте жоқ қылудың жолын қарастыра бастады. Ол – өздері ашық айтып отырғандай «Жаңа Қазақстанды сүт піскенше құрып» жайлы орынға өздері жайғасу.

Сондықтан шеттің құйтырқы саясатына ерген іштегі анахистердің әректіне тосқауыл қоя алмасақ , Мәңгілік Ел болмақ түгіл Таяу Шығыстың, отарға айналған, жойылып кеткен басқа да еллдердің кебін киюүміз әбден мүмкін.

***

Елбасын жамандау арқылы халықтың опа таппайтынын халқына бар жақсылықты аямай жасаған, байлыққа ораған Президенттері Омар Каддапиды жамандап, арандатушылардың сойылын соққан Ливия халқының қайғылы оқиғасынан көруге болады.

Каддапидың халқына жасаған жүздеген жақсылығынан үшеуін ғана атап айтсақ жетіп жатыр.

Ол жаңа туған әрбір нәрестенің есепшотына 20 млн АҚШ долларын салды. Жаңадан үйленген жастарға тегіннен-тегін сәні мен сәулеті келіскен пәтер сыйлады. Бүкіл халықтың көлігіне қайда барамын десе де жанармайды тегін беріп отырды. Ақыры не болды? «Семіздікті қой ғана көтереді» деген қазақ даналығының растығына көз жетті. Халқы іштегі арандатушылардың сөзіне ілесіп, Президенттеріне қарсы шықты. Тәуелсіз Ливияның күл талқаны шықты. Сириядағы «Дайеш» тобы, басқа да қарсы күштер Ливиядағы жағдайды қайталап отыр. Біз осындай қайғылы тарихтан неге сабақ алмай отырмыз.

Билікке, Елбасына айтылып жүрген сын шындық па әлде жабылған жала ма?

(Анық-қанығы халыққа қажет)

Соңғы кездері халықтың алаңдаушылығын тудырып, билікке, Елбасына жала жапқан келеңсіз деректерге әдейі тоқталып, оның анық-қанығына жетуді жөн көрдік. Сол үшін «Тарихи атажұрт» қоғамдық бірлестігінен Мемлекеттік заң, құжаттарға таныстық. Министрліктер мен облыс, аудандардың тиісті лауазым иелерімен жолықтық, қарапайым халықпен тілдестік. Билікке, Елбасы атына қатысты айтылып жүрген келеңсіз әңгімелер шындық па әлде жала ма дегенге көз жеткізуді мақсат тұттық.

  1. Екі жылдың алдында оралмандар атынан арнайы дайындалған түсірілім жарияланды. Мағынасы: «Мемлекет жерді шет елге сатты. Енді қатынымызды, қызымызды сат, сосын бәрін сат…. Атырауға 10 млн қытай кіріп алды, олар 20 жылда 40-50 млн-ға жетеді. Сөйтіп тәуелсіздігімізден айырылған деген осы» деп билікті қаралады, құдайға тапсырды.

-Бұл түсірілімді оралмандар жасамағаны анық болды. Оралмандардың атын жамылған өзгелер (арандатушылар) жасаған.

Атырауға 10 млн қытай кіргені рас болса, бүгін олар қайда? Атырауда қаптап жүрген қытай көрген жоқпыз.

Жердің шетелдіктерге, соның ішінде Қытайға сатылмайтынын Елбасы шегелеп отырып айтты. Күні бүгін Қытайға сатылған жер жоқ. Ал жерді ұтымды пайдалану үшін, ел экономикасын дамыту үшін игерілмеген жерді шетелдіктерге жалға беуге болады. Егер жерді жалға берсе, оны да облыс әкімі тұрғылықты халықпен ақылдаса отырып шешеді.

Жалдаушылар салық төлеудің сыртында сол елдімекеннің әлеуметтік саласына қомақты үлес қосады. Олар сол жерге тұрғызған қала, зауыт, өндіріс, салған жол бәрі жалдау мерзімі біткенде елімізге қалдырылады. Мұны да ҚР заңдары шеңберінде ұйымдастыруды, заң бұзылған жағдайда жерді қайтарып алуды келісім шартпен бекіткен. Жерді сату, жалға беру арқылы қаржы енгізуге болатынын дәлелдеген министр, оның орынбасарлары көптеген азаматтарға Елбасы сөгіс жариялап жұмысынан босатты, жер мәселесіне жеңіл қарамауды қатаң ескертті.

  1. «Шығыс Қазақстан, Павлодар, Алматы облыстарында қытайларға жер сатылды. Мұны Елбасының ҚХР-нан алған қарызы үшін берген» дейді.

-Жер сату, жалға беру мәселесі ҚР заңы бойынша облыс, аудан, ауыл әкімдерінің билігінде. Олар тек қана тұрғылықты халықпен ақылдасып, кеңесіп, өздеріне пайдалы болған жағдайда солай шешеді. Дәл осы мәселе Елбасы құлағына жеткен. Елбасы облыс әкімдеріне халықпен сөйлесіп шешулерін қайта талап етті. Жер мәселесін тіпті, өзге мәселелерді де егер халық қаламаса, мен де қолдамаймын дегенді ашық айтты. Қазақстанның жерін беріп, орнына ҚХР-нан қарыз ақша алған емес. Ондай келісім, айтылған сөз, берілген уәде болмаған. 

  1. «ҚХР-ның 50 компаниясы елімізге келіп, жұмыс жасап жатыр. Бұл елді, жерді қытайлықтарға беру деген сөз» дейді.

-Ел экономикасын өркендетуге аса қажет 50 зауыт, өндірісті олар салып, бізге өткеріп беріп кетеді. Мұның қандай қателігі бар. Ел экономикасына, ұлттық қауіпсіздігімізге қатер төндірмеуі жан-жақты ескерілген. Бұл –дамыған елдердің қатарына тез жетудің сара жолы. Қазақстан тек Қытаймен емес, Ресеймен, АҚШ-мен, басқа да елдермен осылай жұмыс жасап отыр. Ал Арабия, Ресей, АҚШ т.б елдердің өзі ҚХР мен бірігіп біріккен өндіріс орындарын көптеп ашты.

  1. Жала жабушылар «Қазақстан қарызға батты. Қазақстан халқының әрбір адамына шаққанда 10 млн. теңгеден айналады. Бұл ұрпақ қамын ойламау. Назарбаевқа ғана пайдалы» дейді.

-Жаңадан дамып келе жатқан елдердің өркендеуінің негізгі жолы – қарыз алу, инвестиция, қаржы енгізу. Әлемнің барлық елдері бір-бірінен қарыз алады. Әлемдегі ең өркенді мемлекет АҚШ-ның қарызы да жетіп артылады. Ресей де солай. Қазақстанның сыртқы қарыз мөлшері олардан ойлағанда түкте емес. Қарызды ала алмайтын елдер де бар. Экономикасы қуатты елдер мен халықаралық қаржы ұйымдары олардың тұрақтылығына сенбегендіктен қарыз бермейді. Қазақстанның экономикалық мүмкіндігін, қарызын әлем банктері бақылап, сеніп отыр. Қазақстан ел экономикасының заңдылығы, төлем қабілетіне сай ғана қарыз алып келді.Бұл – жаңадан дамушы елдердің экономикалық тұрғыда алға басуының сара жолы. Қарыз берген кейбір елдер жылдар өте келе қарызын кешіріп те отырады. Сондықтан олармен бүгінгі таңда қатынасымыз өзгермеуі абзал. Алынды деп жүрген, жала етіп жауып жүрген қарыздың көбісі Мемлекетке, халыққа ешбір байланысы жоқ, оны алған банкілер өздері жауап береді.

  1. Жалақорлар «Елбасы жемқорлыққа, сыбайластыққа жол берген.Халықты қанап, дәулетті шашып, жемеңқорлармен ауыз жаласып отыр. Үкіметті жемқорлар басқарып отыр» дейді.

-Қазақстан жемқорлықпен күресуде әлем елдеріне үлгі бола алады. Елбасы, арнайы ұйым, тіпті халық бұл індетпен үнемі күресіп келеді. Премьер министр, Елбасының сенімді адамы Ермегаевтардан бастап қанша адам сотқа тартылды. Тіпті, күйеу баласына да араша түспеді. Сол сотталған азаматтардың кешірім сұраған арыздарының бірін де Елбасы қабылдамағанын халық біледі. «Менің сенімімді ақтамау – халықтың сенімін ақтамау» деп тура кесіп айтып келеді.

  1. «Мемлекеттік тіл қазақ тілін тиісті орынға қоймады. Халықты тілінен, дінінен айырды».

 -Қазақ тілін дамытуға байланысты Елбасы барлық жағдайды жасады. «Әуелі екі қазақ бірімен-бірі қазақша сөйлесін» деп өз ұлтымызды қайрады. «Аюға намаз үйреткен таяқ» деп өзге ұлттарға талап қойды. Мемлекеттік тілді дамытуға жыл сайын қыруар қаржы бөліп келеді.

Соңғы шара крилл әліпбиін латынға көшірудің түп саясаты да қазақ тілін орыс тілінің ықпалынан шығару. Біз көп ұлтты елміз, сондықтан өзге ұлттардың мүддесін де ойлау, сыйлау Елбасының парызы. Сол себепті «қызым саған айтамын, келінім сен тыңда» деп айтып жүр. Елбасы: «Қазақ тілін дамытуға әрбір қазақ ұйтқы бол, үлгі көрсет, айтқызып емес, өздерің айтқызбай жасаңдар деген сөзін түсінейік. Енді қазақтың қолын ешкім қақпайды. Сол үшін су басынан тұнады, лауазым иелері баста, қарапайым халық қостасын, ананың тілінен артық әдемі, сүйкімді тіл жоқ» деп ескерткені ел жадында. 2018 жылдың ақпан айының соңында Үкіметке, Парламентке жиналыс, отырыстарды қазақ тілінде өткізуді, іс қағаздарды қазақша жүргізуді қатаң тапсырды. Елбасы ұлттық мүддемізге бұдан артық не жасауы керек.

  1. «Торғайда, Арқалықта көптеген жерді Ресейге беріп жатыр».

-Өткен жылдары Байқоңыр өңіріндегі көптеген жерлерді Ресей Қазақстанға қайта қайтарды. Ал жуықта Байқоңырдан көтерілген ғарыш станциясы құлап, Арқалықта ауыр жағдай болуына сәйкес Қазақстан жағына «Мұндай қауіп тағы да қайталануы мүмкін. Сондықтан белгіленген елдімекенге отырмау, мал жаймау, егін екпеуге сұраныс жасады. Бұл жерлер қауіпті зона деп есептеліп, Ресей жағы жерге тұрақты төлем төлеп отыратын болғаны бәрімізге белгілі.Бұл жерді Ресей бір жолата алып жатқан жоқ.

  1. «Бағаның өсуін, зат тауардың қымбаттауын мемлекет неге реттемеді?» дейді.

-Бұл нақты нарықтық экономиканың заңдылығы бойынша шешілуге тиіс. Қайта Елбасы бағаны ұзақ жылдар бойы ұстап келді. Жалпы бағаны мемлекет жасанды түрде күшпен ұстап отыра алмайды. Ал Елбасы бағаның өсімінен болып халықтың әлеуметтік жағдайы төмендеп кетпеу үшін мезгіл, жыл сайын жалақы, зейнетақыны, түрлі жәрдемақыны қосып келеді. Баға Елбасының ықпалымен емес, нарықтық экономиканың заңдылығымен реттеледі. Әлемнің барлық елдерінде солай. Нарық жолына түскен барлық мемлекет басында осындай қиыншылыққа тап болғанымен, соңы нәтижелі болатыны өмірде анықталып отыр.

  1. «Қазақстан халқының тұрмысы төмен. Бұл да Елбасының саясатының терістігінен халық жаппай кедейленді.Ешбір жақсылық көрген жоқпыз» дейді арандатушылар.

-Бұған ешкім де сенбейді. Бастысы жұмыс іздеген адамға еліміз көлемінде жұсыс көп. Сол жұмыстарды өзбек, қырғыз т.б. ағайындар келіп атқарады екен. Кім аянбай еңбек етсе, сол бай болатыны өмір шындығы. Бай болу, бақытты болу жеке адамдардың талабына, ізденісіне сай болады. Елбасы бізде бәрі бар, соларды игеріңдер, елдің, жердің иесі өздерің болыңдар деп үнемі ескертіп келе жатқанын ұмытпайық.

Қазақстан халқының әлеуметтік жағдайы 2030, 2050 жылдары толығымен шешіледі. Бұл Елбасы ұсынған жоспарда нақты белгіленген. Сол кезде мыңдаған жылғы тарихы бар дамыған, бай қуатты елдермен біз де теңесеміз. Қазақ елі 27 жылда кемтігін толтырып, жыртық-тесігін толығынан жамап үлгірмегенін әрбір саналы азамат түсінеді.

  1. Арандатушылар «Жер қойнауындағы байлықтың бәрін шетел компанияларына беріп, өзіміз далада қалдық» деп, байбалам салады.

-Тәуелсіздікке жаңадан қол жеткізген, нарықтық экономикаға жаңадан көшкен, жаңадан дамып келе жатқан ел болғандықтан әр салада кадр тапшы, ірі өндіріс орындары жоқ болғандықтан шетелдерге тәуелдіміз. Оны шешу жолдарын еліміз қолға алып жатыр. Елбасының Қазақстанды өркендетудегі индустриялды-иновациялық жобалары бойынша қарқынды даму жолына түстік. Іскер, білімд-білікті, бай-қуатты Қазақстан азаматтары құдайға шүкір, молайып келеді. Жер байлығын шетелдерге текке беріп отырған жоқпыз. Ұзақ жылдық келісім шартпен жалға беріп, акция арқылы үлесімізді алып отырмыз. Шарт мерзімі біткен кезде қалған байлық та, шетелдіктердің өндіріс орындары да бізде қалады. Елбасы болашақ бағдарламасынан бастап көптеген жолдармен ұрпақтарды білімді, білікті етіп, бәрін өздері жасайтын, өндіретін, иелік ететін мүмкіндік жасап отыр. Жалпы Қазақстан халқын жасампаз, әлемдегі ең білікті, бақытты халықтар қатарына қосудың жолын ашты. Ол – «Мәңгілік Ел» идеасы.

  1. «Елімізге, «ЭКСПО-2017»-ге арам ақша кіріп жатыр. Бізге мұндай арам ақшаның қажеті жоқ» дейді.

-Жеке адамның өзі бастабында қарыз алып барып алдын ашады. Сөйтіп барып бай, бақуатты болады. Мемлекеттер де солай. Соның ішінде 27 жылдың алдында колхоз, совхоздар тарап, өндірістер тоқтап, ел кедейленген кезде Қазақстан үшін алдағы мақсатына жету оңай болмады. Сол үшін Елбасы халқына серт беріп, орнында бар оңалады деген еді. Сөйтіп 27 жылда халқын 200 жылдық өркениетке жеткізді. Сол үшін Елбасы талпыныс жасап, шетелдерден қарыз алған. Мұның көбі өзінің бет-беделімен, өсімсіз алған қарыз. Ал көмек ретінде қыруар қаржы келгенін жала жабушылар білмейді. Білсе де айтқысы келмейді. Мысалы Астана қаласын салуға жұмсалған қаржының жартысын Елбасы өзінің бет беделімен тегін кіргізген. Мұны білетін адамдар Нұрекеңе таңқалып, «бұл адамның бетінің алмасы бар» деп тегін айтпаса керек. Нұрекеңнің арқасында әлемді жайлаған үш реткі дағдарыстан да қысылмай шықтық. «ЭКСПО-2017» көрмесі арқасында Елбасының жоқтан бар етуі арқылы әлемде теңдесі жоқ ғажайып қалашық тұрғызды. Елбасы бәрін өзінің елі, халқы үшін жасады. Көрмейтін түйені де көрмеуге болмас.

  1. «Бесік-кz”» сайтының тек бір бетінде: «…Жанарбек бауырым, дұрыс айтасың. Ойымыз бір жерден шықты. Қазақтың елдігін, бірлігін құртып жатқан сатқын билік кінәлі. Қазақтың ұлттық мүддесіне кеселін тигізіп жатыр. …Бізде обал жоқ, сезімталдық қасиетімізден айырылдық, немқұрайлылық дертіне ұшырадық. Қазаққа қарсылардың сөзін сөйлеп кеттік. Енді іске көшуіміз керек. Байлықты, жерді, мұнайды беріп қойдық. Қарызын алып, қытайды қаптатуға уәдені беріп қойды. Арам юанын берсе болды, бәрін сатуға әзірміз. Осылай бәрін Ресейге, Қытайға бердік» делінген.

Бұған байланысты жауапты ақыл парасатты ардагерлер, ғалымдар, қоғам қайраткерлері ағаларымыздан іздедік. Одардың пікірлері төмендегідей:

Қазақ елінің, Елбасының саясаты дұрыс. Мемлекетіміз ата заңымызға қарсы нәрсе істеген жоқ. Барлық елдермен, әсіресе, көрші елдермен тату, сыйластықта болу арқылы олармен тепе-теңдікті сақттап келеді. Өйтпесе болмайды: Ресейдің де, Қытайдың да экономикасы, әскери күш қуаты бізден көп артық. Біз жаңадан тәуелсіздік алған жас мемлекетпіз. Әлі өсіп, толғамыз жоқ. «Аяз би әліңді біл» деген. Сол үшін әуелі екі көршімізбен сыйластықта болған жөн. Олармен шектесетін де шендесетін де қалге жеткен жоқпыз. Елу жылда ел жаңа, бізде өсіп жетілеміз. Олармен араздасамыз деп жүріп, өкінішке қалмайық. Олардың пасық ойы бәрі бір іске аспайды, тозып жоғалады.

 Мысалы Қытайлар қазақ жерін Талдықорғанға дейін біздікі дейді. Жириновский қазақта елде жоқ, жер де жоқ, бәрі орыстікі дейді. Не айтса, соны айтсын, бәрі бір Қазақ елінің күш қуаты күн өткен сайын нығая береді. «Ит үреді, керуен көшеді.» Қазақтың елін, жерін қорғауға байланысты Елбасы саясаты өте дұрыс. Семей полигонын жабарда Ресейдің бір топ ғалымы Ельцинге кіріп, «Бұл деген бізді АҚШ-на жығып беру. Полигонды жабуға байланысты Н.Назарбаевпен келіспеңіз» деп қатаң талап етке екен. Н.Назарбаев Ельцинге «Сіз бәрін түсінесіз. Мен енді қазақтың баласын да, даласын да улата алмаймын» деген екен.

Тағы бір кездесуде ресейлік ғалымдар Ельцинге: Сіз Қазақстанға бәрін бердіңіз. Қазақстанның ауыр, жеңіл өрнеркәсіп орындары, фабрика, заводттар, тас жол, темір жолы бәрі Ресейге тиесілі. Тіпті Каспи теңізінің астындағы мұнайды да беріп отырсыз. Бұл – үлкен қателік» деген. Ельцин «Нұрсұлтанмен бәріміз отырып сөйлесейік, қайтарып алайық» депті. Ал кездесуде Нұрсұлтанға мәселенің мән-жайын түсіндірген соң Нұрекең өте сабырлылықпен: «Сіз не айтсаңыз, сол болады. Мен Каспи теңізіндегі Қазақстанға тиесілі жерді Ресейге қайтарайын. Сіз Қазақстанның тарихи астанасы Орынборды бізге қайтарыңыз» дегенде, Ресей Президенті: «Жарайды, ескі жараның аузын тырнамайық» депті.

Елбасының Астананы көшірудің өзінің саяси маңызын көбіміз түсіне бермейді екенбіз.

Ал Шығыс Қазақстан мен Семей облыстарын қосуға семейлік қанша адам, соның ішінде ақсақалдардың өздері қарсы болғанын білеміз. Сонда Семейде өткен бір жиналыста Н.Назарбаев «ымды түсінбеген дымды да түсінбейді». Мұның мәнін түсінетін күн жақын. Бұл болашақ үшінгі қадам деген болатын. Иә, бүгін түсініп отырмыз. Екі облыстың қосылуы арқылы қазір Шығыс Қазақстан, әсіресе Өскемен қаласы қазақтанды. Билік басындағылар мен халыққа қызмет жасайтын барлық ұйымдардың жұмысшы, қызметкелрінің көпшілігі өз ұлтымыздан болды. Қоғамда қазақ тілі орнықты.

Қазақтың берекесіздігіне, рухының төмендігіне билікті кінәлауға болмайды. Елбасы өзі бастама көтеріп, халқын 27 жыл бойы береке-бірлікке, өзара татулыққа шақырап келеді. Қазір Қазақ елін әлем біледі. Елбасын әлем халқы танып, құрметтейді. Қазақ елінің елдігі, абыройының асқақтауы Елбасының дана саясатының арқасы. Қазақ елі бірліктің арқасында әлемдегі мыңдаған жылдық тарихы бар, экономикасы дамыған ірі елдердің қатарына қосылды. Қазақстан саяси аренада әлемнің әртүрлі елдеріндегі ішкі және сыртқы қақтығыстар мен шиеленістерді шешуге, татуластыруға ара ағайындық жасайтын көшбасшы елге айналды.

Елбасының дамыған Қазақ елін құрып, жасампаз етуге, халқымыздың рухын асқақтатуға назар аударып отырғанына «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы куә.

 Ұзын сөздің қысқасы жер мәселесі шешілді, шетелдіктерге сатылмайды. Шетелден еліміздің дамуы үшін алған қаржысын түк таппағандардың «арам ақша алды» деп айтуының өзі кінә.

  1. «Нұрсұлтан Назарбаев Президентке өзінің мұрагерін қалдырмақ. Олай болса, халық көтеріліске шығады» дейді жала жабушылар.

-Елбасы еш жерде орнына өз мұрагерін қалдыру туралы айтқан емес. Ондай ойы да болмаған. Тіпті қызы Дәриғаның өзі өткен жылы мен мұрагер емеспін деп ресми мәлімдеген. 

  1. Жуықта ғана «Бесік-кz”» сайтында «Жана озен мой протест Назарбаеву руки прочь от Бекет Ата» атты түсірілім жариялады.

-Бұған жауап таппадық. Бұл тек билікке, Елбасына жасаған қиянат, көреалмаушылық, алауыздық, бақталастықтың айқын дәлелі. Бұл түсірілім жоспарлы түрде, қасақана әдейі ұйымдастырған. Сондықтан әрбір қазақ азаматы абай болайық. Осындайларға сеніп «мың өлген» қазақ тағы өліп жүрмейік. Өткеннен тағлым алайық.

  1. Күні кеше ғана 1,5 млн Қазақстан азаматы – зиялылар творчествалық Одақтар, оппазиция, журналистер, жұмысшылар, партиялар, 120-дан астам диаспара, халықаралық ұйымдар Үкметке қарсылық білдіріп, ашық хат жазды.

Жер мәселесі туралы осыдан екі жылдың алдында Елбасы шешімінің өзгермегенін, ары қарай өзгермейтінін жиынға қатысқандар өз құлақтарымен естіп, істің анық-қанығына жетті.

-Ал шетел банкне сақталған ақшаларды елімізге қайтартуға байланысты Елбасы өткенде нақты тапсырма берді. Соның нәтижесінде Қазақстан азаматтарының шетелде сақталған ақшаларының 40-тан астам пайызы қайтарылған. Қалғандары күн санап қайтарылып, ел экономикасына үлесін қосатын болады. Бірақ халық өз ақшасын қай елге, қайда сақтатады өз құқы. Шын мәнінде бұған Елбасы араласуға да тиіс емес, тек ел экономикасы үшін халқына ұғындырып, оларға түсінісушілікпен қарауын ұсынып отыр.

 16.Шеттің кейбір солақай саясаткерлері «Қазақ тарихта мемлекет құрып көрмеген» деп сандырықтайды.

Қазақтың қазақ хандығын құрғанын, тіпті «Алтын орда» мемлекетін құрушылардың өзі қыпшақтар болғанын ешкім жоққа шығара алмайды. Бұл – кешегі ғана тарих. Тарихи жазбаларда қалған, ғалымдар дәлелдеген шындық. Бірақ әлемге танылған, абыройы асқақтаған, мыңдаған жылдық тарихы бар алпауыт елдермен теңескен дәл бүгінгідей қуатты мемлекет болмағанын білеміз. Қалайда қазіргі заманының қуатты Мемлекеті болды. Сол мемлекеттік үрдісті алтын арқау еткен Қазақстан Респуликасын бүгін әлем елдері таниды.Қазақ мұндай жетістікке «мың өліп, мың тіріліп» жүріп жеткен. Ең маңыздысы 300 жыл өзгенің езгісінде отарда жүрсе де ұлттық тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін сақтап, тәуелсіздікке қол жеткізген қазақ халқы – қаһарман халық. Олар бабалар арманын орындағаны үшін асқақ. Әлем мойындаған шындықты арандатушылар жоққа шығара алмайды.

  1. «Мен Нұсұлтан Назарбаевты жек көремін» дейді Ержан Тұрғынбаев.

Қазақ елін құрып, тәуелсіздігін жариялағаннан бері 28 жылда елін екі ғасырлық өркениетке жеткізген Нұрсұлтан Назарбаевтан басқа әлемнің қай елінің, кім деген көсемін тарих біледі? Жоқ, ешкім де мұндай қарышты қадам жасаған емес. Олай Елбасына өтірік айтып, жала жаппайық, ғайбаттамайық, Елбасымызға алғысымыз шексіз болсын.

  1. Жалақорлар Қытай елінің саястының қауіптілігін бетке ұстап, халықты сонымен қорқыту арқылы билікке қарсы қоюды көздейді.ҚХР мен жасалған келісім,қатнастарды әдейі бұрмалап отыр.

 -Билікке таласушылар жұмыс жасаудың орнына қоғамнан, тіпті, Елбасынан пүшек іздеп, қандай да бір сылтаумен олардың іс қызметін жоққа шығаратынды тапты. Елін дамыту үшін жасаған әр қадамын теріс етіп, Елбасының кіргізген қаржысына «арам ақша» деген ат қойды. Қытайлармен бірлесіп орнатқалы жатқан 50 өндіріс орнын улы дейді. Олардың енгізген ақшасын арам, қытай қазақты жаулап, басып алады дейді. Бұл барып тұрған құйтырқылық. Еліміздің экономикалық саясатын бұрмалау. Әлем дамуының жаһандану заманындағы тенденциясы – басқамен алыс берісті мейілінше күшейту. Соның ішінде әуелі алыс-берістің экономикалық тиімділігі жоғары болатын жақын көршіңді қас қабағынан тану, орайына қарай іс жүргізу. Екінші кезекте әлемнің дамыған елдерімен алыс-беріс жасау.

Қай жағынан қарасақта әлемдегі алпауыт держава АҚШ- ның өзі санасуға мәжібір, еліміз іргелес Қытаймен біздің қатынасымыздың дұрыс болуы еліміздің тәуелсіздігінің кепілі.

  1. Опазициялық топ «Жаңа Қазақстанды» төменен сүт піскенше құрамыз» дейді.

 Жаңа Қазақстан деген біздің түсінігімізше қазіргі Қазақ Елі, қазіргі Тәуелсіз Қазақстан Мемлекеті. Мұны қазақ елі халқы қалаған. Қазақстан әлем мойындаған, БҰҰ-на мүше құзырлы мемлекет. Мұны қазақ халқы, Елбасы құрған. Бізге басқадай «Жаңа Қазақстанның» керегі жоқ. Бұл– халықты адастыру, тәуелсіздігін жою, қазаққа құлдық қамытын қайтадан кигізу. «Өлетін бала бейітке қарай жүгіреді» дейді. Сақ болайық, абай болайық.

  1. Арандатушылар «Қазақстан қарызға батты. Бұл ұрпақ қамын ойламау. Назарбаевқа ғана пайдалы» дейді.

 -Алдымен қарыз иесі кім, мемлекет тарапынан кепілдік берілген бе дегенді түсіну керек. Қазақстанның шетелдерге қарызының негізгі бөлігі мемлекет тарапынан кепілдік берілмеген жеке банктер секторына тиесілі. Ол халыққа да, мемлекетке де қатыссыз.

 Қазақстан ел экономикасының заңдылығы, төлем қабілетіне сай ғана қарыз алып келді. қиыншылыққа тап болғанымен, соңы нәтижелі болатыны өмірде анықталып отыр.

  1. «Қазақстан халқының тұрмысы төмен. Елбасының саясатының терістігінен халық жаппай кедейленді. Ешбір жақсылық көрген жоқпыз».

 Елбасы ДҚ құрылтайында статистикалық мәліметтерге жүгіне отырып, «Жалпы орташа өмір сүретін халықтардан озып, олардан жоғары шықтық. 40 пайыз кедейшілікті 3 пайызға төмендеттік» деп атап көрсетті.

Экономикамызды 22 есе өсірдік. Елдің табысы да осынша өсті. Бүгінгі қазақтың тарихында оның жағдайы мен тұрмысы еш уақытта мұндай болған емес.

Жұмыссыздық көп деген сандыраққа ешкім де сенбейді. Бастысы жұмыс іздеген адамға еліміз көлемінде жұсыс көп. Кім аянбай еңбек етсе, сол бай болатыны өмір шындығы. Бай болу, бақытты болу жеке адамдардың талабына, ізденісіне сай болады. Елбасы бізде бәрі бар, соларды игеріңдер, елдің, жердің иесі өздерің болыңдар деп үнемі ескертіп келе жатқанын тағы бір қайталап еске салу артық болмас.

 Қазақстан халқының әлеуметтік жағдайы стратегиядық жоспар бойынша 2030, 2050 жылдары толығымен шешіледі. Бұл Елбасы ұсынған жоспарда нақты белгіленген. Сол кезде мыңдаған жылғы тарихы бар дамыған, бай қуатты елдермен біз де теңесеміз. Қазақ елі 27 жылда кемтігін толтырып, жыртық-тесігін толығынан жамап үлгірмегенін әрбір саналы азамат түсінеді. 

  1. «Жер қойнауындағы байлықтың бәрін шетел компанияларына беріп, өзіміз далада қалдық».

-Тәуелсіздікке жаңадан қол жеткізген, нарықтық экономикаға жаңадан көшкен, жаңадан дамып келе жатқан ел болғандықтан әр салада кадр тапшы, ірі өндіріс орындары жоқ болғандықтан шетелдерге тәуелдіміз. Оны шешу жолдарын еліміз қолға алып жатыр. Елбасының Қазақстанды өркендетудегі индустриялды-иновациялық жобалары бойынша қарқынды даму жолына түстік. Іскер, білімд-білікті, бай-қуатты Қазақстан азаматтары құдайға шүкір, молайып келеді. Жер байлығын шетелдерге текке беріп отырған жоқпыз. Ұзақ жылдық келісім шартпен жалға беріп, акция арқылы үлесімізді алып отырмыз. Шарт мерзімі біткен кезде қалған байлық та, шетелдіктердің өндіріс орындары да бізде қалады. Елбасы болашақ бағдарламасынан бастап көптеген жолдармен ұрпақтарды білімді, білікті етіп, бәрін өздері жасайтын, өндіретін, иелік ететін мүмкіндік жасап отыр. Жалпы Қазақстан халқын жасампаз, әлемдегі ең білікті, бақытты халықтар қатарына қосудың жолын ашты. Ол – «Мәңгілік Ел» саясаты.

Нұрсұлтан Назарбаев ұлттық қорды «ұрлады, иемденді» дегеннің бәрі өтірік, бәрі жала, жала болғанда әдейі қасақана жасалып отырғаны осылай дәлелденіп отыр.

«Ерікті аузына бөрікті бас сыйған» Ержан Тұрғынбаев сөзіне кім сенеді?

Ғылым мен техника қарыштап дамыған бүгінгі таңда ғаламтор желісіне үңілсеңіз небір бассыздықтарға куә боласыз. Қаптаған өсек-аяң, өрге жүрмес өтірік. Соңғы кезде Ержан Тұрғымбаев деген «саясаткер» шығыпты. Саясаткер деген сөзді тырнақшаға алуымыз да да мән бар. Ол өзі «мен саясаттан мүлдем алыс адаммын» деп бастайды сөзін. Ал айтып отырғаны саясат. Саясат болғанда Тәуелсіздіктің небәрі ширек ғасырдан астам қысқа мерзімінде кешегі өркениеттен қалыс қалған отар ел Қазақстанды әлемнің дамыған 50 елінің қатарына жеткізген Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлын тақтан тайғызуды үндеген нағыз құйтырқы саясат. Осы орайда саясаттан бейхабар болса, мемлекеттік жүйені, Елбасын жамандап не шаруасы бар деген ой келеді.

Белгілі саясаттанушы Дос Көшімнің бір сұхбатында: «Өкінішке орай қазақтардың саяси санасы төмен» деген болатын. Дос дұрыс айтса, сол санасы төмен қазақтың бірі осы Ержан Тұрғынбаев болса керек. Тіпті саясат түгіл адами этикадан жұрдай екені сөз саптауынан көрініп тұр. Бастан аяқ «сен» деп, семіз сөйлейді, небір анайы сөзбен жеке тұлғаның намысына тиеді. Ал саясатқа келгенде санасы төмен дейтініміз; оның айтқанының бәрі жала, көралмаған әлдекімдердің аузынан естіген факт, дәлел-дәйегі жоқ бос сөз. Қазақ «өтіріктің өзіне сенбе, ебіне сен» дейді. Елбасына жапқан жалаларының бірде-бірі болмағанда ебіне келіп тұрған жоқ. Халықтың басын айналдыру.

Ержанның сөзінің шындыққа жанаспайтынын дәлелдеу үшін оның басты-басты ойларын саралап көрелік:

«Назарбаев ел билігін уысында ұстап отыр. Парламент, үкімет, жоғарғы сот барлығы өз қолдарында билік жоқ қуыршақ» дейді. Ержан мырза Қазақстан Республикасы Президенттік мемлекет екенін, демократия заңдылықтарын, адам құқын қатаң басшылыққа алатын ел екенін естен шығарған сияқты. Қазақстанда ондай диктаторлық жүйе қалыптасқан болса, адам құқына қатысты қайшылықтарды қалт жібермей ауыздықтайтын Америка мен батыс елдері бізді не үшін демократялық ел ретінде бағалап отыр? Сан мәрте өткен Президент, Парламент сайлауларына қатысқан шетелдің бақылаушылары неге сайлау әділ өтті деген қортынды жасайды?

Ол Елбасы «өзін шексіз байыту» мақсатында Қазақстанның бар дәулетін меншігіне айналдырған бай адам етіп көрсетеді. Тіпті, «әкеңнің құны қалғандай құнығып жатырсың» деп соншалықты тұрпайы сөйлейді. Сонда әлемдегі алпаут байлардың тізімін жыл сайын нақты цифрлармен саралап, ретімен жариялап отырған тәуелсіз сарапшы ұйымдар аядай Қазақстанның Елбасы Н.Назарбаевтың атын атаудан қорқып, тайсалып отыр ма?

«Он сегіз миллион халықтың мүддесін қорғайтын Қазақстан Республикасының Атазаңы сенің мүддең үшін қайта жазылды» деп Елбасына дүрсе қоя береді. Бұған кім сенеді, қандай дәлелі бар? Дәлелі болса Қазақтан Республикасы конституциясының қай бөлім, қай бабы, қай тармағында жазылғанын неге айтпайды.

Қазақстанның әлем елдері алдындағы беделін өсірген, күллі әлем халықтарының бейбішілігіне ықпал етіп, әрі еліміздің мәртебесін асырып отырған халықаралық шараларды «Азия ойындары, самиттер сияқты түкке тұрғысыз» шаралар деп бағалайды.

Басқа шараларды қойғанда Сирия дағдарысына байланысты самиттердің халықаралық маңызын, «ЭКСПО 2017» көрмесінің экономикалық тиімділігін әлем елдері мойындап отырғанда Ержан мырза қалай жоққа шығарады?

«Жердің астын да, үстін де, судың астын да, Қазақстанның бар байлығын» шетелдіктерге сатып жібердің дейді. Бұл шындық болса, тек жерді шетелдіктерге жалға беру туралы ұсынысқа түгелдей қарсы болып, қаншама шу шығарған халық неге Ержаннан бұрын дабыл қақпайды. Ал Ержан біліп отырса, қандай жер, су сатылғанын неге атын атап, түсін түстеп айтпайды?

Жердің шетелдіктерге, соның ішінде қытайға сатылмайтынын Елбасы шегелеп отырып айтты. Күні бүгін қытайға сатылған жер жоқ. Ал жерді ұтымды пайдалану үшін, ел экономикасын дамыту үшін игерілмеген жер шетелдіктерге жалға беруге болады. Егер жерді жалға берсе, оны да облыс әкімі тұрғылықты халықпен ақылдаса отырып шешетінін Ержан білмей ме?

Жалдаушылар салық төлеудің сыртында сол елді мекеннің әлеуметтік саласына қомақты үлес қосады. Олар сол жерге тұрғызған қала, зауыт, өндіріс, салған жол бәрі жалдау мерзімі біткенде елімізге қалады. Тіпті халықтың пікірін құрметтеген Елбасы Жер кодексіне байланысты мароторий жариялағанын білеміз. Осындай басы ашық дүниені бұрмалап жала жапқандағы ойы, түпкі мақсаты не?

«Ұлттық қордың миллиярдтаған долларымен өзіңнің жеке банктерінің жыртығын жамадың. Зейнетақы қорының 1,5 триллион теңгесін өз банктеріңнің қарыздарын жабу үшін ұрладың» дейді. Халық Елбасы Нұсұлтан Әбішұлының жекменшік банктері бар екенін бірінші рет естіп отыр. Мұндай ешбір дәлел жоқ орынсыз жалаға кім сенеді.

Жалпы өсек-аяң таратындар, басшылыққа жала жабатындардың көбі халыққа үрей туғызу үшін мемлекеттің сыртқы қарызын тілге тиек етеді. Өйткені банк, финанс саласының ішкі заңдылықтарын, қаржы оперецияларын сол саланы жеттік меңгерген маманы болмаса, банктерден нақты есеппен қарыз (кредит) ала білмейтін қарапайым халық түгіл, өзге саланың зиялы азаматтары біле бермейтіндіктен, халықты өздері білмейтін дүниемен басын айналдырады. Бірақ сол саясаткер сымақтардың өздерінің де банк заңдылықтарынан хабары жоқ. Егер хабардар болса, Ержан мырза нақты дәлел келтірер еді.

Сондай-ақ, Жаңадан дамып келе жатқан елдердің өркендеуінің негізгі жолы қарыз алу. Қаржы енгізу. Әлемнің барлық елдері бір-бірінен қарыз алады. Әлемдегі ең өркенді мемлекет АҚШ-ның қарызы да жетіп артылады. Ресей де солай. Тіпті қарызға қол жеткізе ала алмайтын елдер де бар. Өйткені оларда кепілдік сенім жоқ. Бай елдер мен халықаралық ұйымдар әрқашан сол елдің экономикалық әлеуетіне, саяси тұрақтылығына зерттеу, талдау жасап, сенімді болған жағдайда ғана қарыз береді. Ал кедей елдерге экономикасына, саяси тұрақтылығына сенбегендіктен қарыз бермейді. Қазақстан қарызын әлем банктері бақылап, уақытылы қайтарылатынына сеніп отыр. Қазақстан ел экономикасының заңдылығы, төлем қабілетіне сай ғана қарыз алып келді. Бұл жаңадан дамушы елдердің экономикалық тұрғыда алға басуының сара жолы. Ал Ержан мырза мұны жоққа шығарып, «Кеңестер Одағы әлем елдері алдындағы 55 миллярд қарызын төлей алмағандықтан құлады. Қазір Қазақстанның сыртқы қарыз 170 миллярд доллар» деп сәуегейсиді. Мұндай ертегіге кім сенбек. Қазақстанның сыртқы қарызының мөлшерін еліміздің немесе шетелдің қандай органынан алыпты?

Міне, халқымыз «ерікті ауызға бөрікті бас сыяды» дегенді осындайдан айтса керек.

Қасихан Ахметұлы, Ардагер ұстаз, (Көкшетау)

 

 Қортынды

 Осы жетістікке «мың өліп, мың тіріліп» жүріп жеттік. Егер мемлекетке, Елбасына, билікке қарсы шығып, «Жаңа Қазақстан» құрамыз десек, қайта өлгеніміз сол. Онда енді қайтып ешқашан тірілмейміз. Ешқашан жеке ел, тәуелсіз мемлекет құра алмаймыз, құлдық қамытын қайта киеміз. Өзі жығылған өкінбейді деп, өмір бойы сорлап өтетін боламыз. Қазаққа жақсылық қайтсе жағатынын ойлауымыз керек.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен Қазақстанның қаһарман халқы бірігіп отырып, Қазақ елін құрды, тәуелсіз мемлекет жасады. 28 жылдың ішінде Қазақ Елі әлемге танылды, ірі елдер қатарынан орын алды, тіпті әлем елдеріне көшбасшылық етті. БҰҰ- на мүше, осы беделді ұйымға төрағалық етті. Еліміз аз жылда екі жүз жылдық өркениетке жетті. Бұл ел қазір ешкімге билетпейтін, төстетпейтін құзырлы мемлекетке айналып, әлем елдерін аузына қаратып отыр. Мұның бәрі кімнің еңбегі? Әрине, халықтың, ең бастысы Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі екенінде дау жоқ.

Нұрсұлтан Қазақ елін құрған әпсәтте даламыз түрленді, қаламыз гүлденді, халықтың әлеуметтік жағдайы түзеліп, адамдардың жасы ұзарды. Қазақ елінде денсаулық, спорт, әлеуметтік мәселе әлемде алдыңғы қатарға жетті. Қазір Қазақстанның кез келген қалаларында бүйрек, бауыр, жүрек алмастырып, ми тамырларына кеңінен ота жасайтын болды. Бұларды 50-60- жастағы жылғыз жарым академик, доктор, профессорлар емес, осыдан аз-ақ жылдың алдында Елбасының «Болашақ» бағдарламасымен шетелдерде білім алған қазақтың қара домалақ ұлдары мен қыздары өздері жасайтын дәрежеге жетті.

Тек Астанада «Ана мен бала орталығы», диогностикалық орталық, жүрек, ми, бауыр, қантамыр ұлттық орталықтары, жедел жәрдем ауыруханасы, ондаған емхана, зертхана, жүздеген аурухана бәр бәрі адам жаны үшін тәулік бойы қызмет істеп тұр. Бұларға шетелдікдіктер де ағылып келіп қаралып, диогназын анықтатып, күрделі оталар жасатып кетіп жатыр.

Адамның өмірі, тұрмыс тіршілігін жақсартуға бағытталған осындай жақсылықтарды айтып тауыспайсыз.

Қазақстан бойынша бөбекжай, балабақшадан бастап, орта жоғарғы мектеп. оқу орындары әлем елдері көрсеткіштерінің алдында.

Халыққа арналып, соңғы үлгімен салынған тұрғын үй, сауда орталығы, үлкенді-кішілі даяшылық орталықтары көздің жауын алады.

Қала ішінің бақша, ойын алаңдары демалыс орындарының өзі мерейіңді асқақтатып, төбеңді көкке жеткізеді. Міне, мұның бәрі кімнің арқасында қолға келді. Біткен іске біржақты сыншы болуға болмайды. Ең бергісі атажұртын пана тұтып келген Сайрагүл Сауытбайқызын Отанына қалдырған да, қытайдағы қазақтардың қыспақ, қиыншылықтарын дипломатиялық жолмен шешкен де АҚШ немесе Европарламент емес, Елбасы өзі екеніне көзіміз жетті.

Өткен жылғы «ЭКСПО»-ның өзі Астанаға бір үлкен қалашық әкеліп, ел дамысын он жылмен ілгерлетті. Астананың 20 жылджығына орай Елордамыз әлемнің қаржы орталығына айналды.

Осы Астана қаласының тек жартысын Назарбаев өз беделімен шетелдік байлардың қаржысымен тұрғызғанын екінің бірі біле бермейді. Білгендері Нұрекеңе таң қалып, «бұл адамның бетінің алмасы бар» деп тегін айтпаған.

Билікке, Елбасына қасақана өтірік жала жауып, дұшпандық жасаушылардың жаласы өрге жүрмейді.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев — ол құдай да, періште де емес. Ол өзіміздің ортамыздан шыққан қазақтың қарапайым ұлы. Бұл адам елін басқарған 28 жылда мынадай қателік жіберді деп, дөп басып айта алмаймыз. Ал қателік жіберген болса, қателігі мен қолға келтірген табысын таразының екі басына қойып, өлшеп көрелік. Жетістігі 90 пайыздан кем түспейтініне қарапайым халық сенімді. Бұл адам Абайдан кейін қазақтың маңдайына берген ұлы тұлға екеніне тарих куә.

Нұрсұлтан Назарбаевқа қатысты айтылған сын пікірлердің бәрі әдейі қасақана жабылған жала екеніне халқының көзі жетеді. Бүгінгі таңда арандатушылар өсекті желдей естіріп, Елбасын жерден алып, жерге салып жатса да халықтың өсекке еріп, бүлінбей тыныш отыруы осыны көрсетеді. Халық әлі де анық-қанығына жетіп, іш пен шеттің жауыздық әректіне тосқауыл қоятын болады.

Енді билікті сынап-мінеу емес, ақылын алып артынан еру қажет. Өмірдің шындығы осы. Айналып келгенде өз ішіміздегі алауыздықтан айықпайынша бәрі оңалмайды. Сондықтан ең алдымен Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы идеясына сай ішіміздегі алауыздық, бақталастық, көралмастықты жою – ұлттық мүддеміз. Сол үшін «Тарихи атажұрт» қоғамдық бірлестігінің бастамасы бізге ауадай қажет».

Міне, көптеген ардагер, қоғам қайраткерлері, ғалымдардың пікірлері осылай.

Елбасы есен, халқымыз аман, жұртымыз тыныш болғай!

«Тарихи атажұрт» қоғамдық бірлестігі

«Мың өліп, мың тірілген» Қазақ енді өлмейді, Қазақ Елі мәңгі жасай береді

«Тарихи Атажұрт» қоғамдық бірлестігінің құрылу себебін, алға қойған мақсатын жақсы түсінесіздер. Біз оралмандар өзгенің елінде, өзгенің жерінде туып өстік. Өмір бойы солардың жыртысын жырттық. Соның өзінде олардан артық болсақ, тең болып, тең болсақ, кем болып өмір сүрдік. Сөйтіп жүргенде Қазақстан Тәуелсіздігін алып, жеке ел болды. Осы сәтте Елбасы алыстағы ағайындарға ақ тілек хатын жолдап, атажұртымызға, қара шаңырағымызға шақырды, қанатының астына алып, шеттегі қандастарының тағдырын шешті. Ел басының бұл ерлігін отандастар мәңгілік ұмытпайды әрі өздерін қарыздар санайды. Сондықтан Қазақ Елінің елдігін, оның

Тәуелсіздігін қастерлеп, алда Қазақ еліне, оның қаһарман халқына бәрі-бәрі бола берсе екен деп Алладан тілейді. Сол себепті «ТарихиАатажұрт» қоғамдық бірлестігін құрды. Бірлестіктің алдағы мақсаты айқын. Біз өмір бойы басқа елдің өркеніне солардың өздерінен артық үлес қостық. Қазақтар біздер сол елдердегі ең ауыр өндірістерде жұмыс жасадық. Сонда кембаға болмаған біз бүгін атажұртымызда, қазақ Отанымызда жанымызды салып, терімізді төгіп, еңбек етпеске. Осының бәрін жан-жақты ойлап, ағайындардың ұстанымы мен мақсатын айқындадық.

  1. «Тарихи Атажұрт» қоғамдық бірлестігі демократияны желеу етіп, билікке таласуға, бүкіл халыққа құрғақ ақыл айтып, жол сілтеуге, үй ішінен үй тігіп бақталасуға бармайды. Керісінше береке-бірлік татулықты қалыптастырып, Елбасына, «НұрОтан» Партиясына, ДЖҚ Қауымдастығына көмекші, жәрдемші болуды мақсат тұтады. Сөйтіп, Елбасының «Мәңгілік Ел» идеясы, «Нұрлы жол» бағдарламасын, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру бағытын» жүзеге асыратын нақты күш болып қалыптасады.
  2. Еліміз өркеніне пайдасынан зияны молырақ болып келетін көлеңкелі істерге, әсіресе, пapтияға, жікке, топқа, жүзге, руға, жерлестікке бөлінетін іс, әрекеттердің зиянын түсіндіріп, жаңадан қалыптасқан Қазақ Елі әрбір азаматын жасампаз, білікті, білімді, мәдениетті, өнерлі, тәжірибелі етіп тәрбиелеуге үлес қосатын болады.
  3. Қоғамда қалыптасқан жемқорлық, парақорлық, бюрократтық, мансапқорлық, тәртіпсіздік, әділетсіздікке қарсы күресудегі Елбасының ұстанымын нақты жүзеге асыра отырып, Елімізді, Жерімізді, Отанымызды ішпен сырттан келетін қандайда бір қауіп-қатерден сақтауда «Атажұрт» қоғамдық бірлестігі ерекше қырағылық танытады.
  4. Отанына оралған Отандастардың ұлттық ұранын айқындап олардың осы ортаға беделді, іскері, үлгілі берекемен бірліктің, ынтымақтың ұйтқысы болуына жол ашады.

Міне, осындай идеяны ұстанған отандастар өз ұранын айқындады. (Ұран жоғарджа жеке тберілді)

Қадірлі ағайындар! Біздің үшінші мақсатымыз Қазақстанның тұрғылықты қаһарман халқымен бірлесе отырып Қазақ елін «Мәңгілік Ел ету». Осы тұрғыда Тәуелсіз мемлекеттің жасампаз халықтың рухын жаңғыртудағы Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы идеясын қолдап, оны толығынан жүзеге асыру басты міндетіміз болып отыр. Билікке, Елбасына қарсы шығып, елдігімізге, тәуелсіздігімізге қауіп-қатер төндіруге бет бұрған зұлым күштерге яғни ең алдымен ішіміздегі алауыздық, көралмастық, бақталастықтың жолын қию басты мақсатымыз болып отыр. Бұл шынына тоқталар болсақ, рухани жаңғыру жағынан тәуелсіздігімізден кем емес маңызға ие, тіпті, рухани төңкеріс болары даусыз. Егер рухани тұрғыда Қазақ елінің әрбір азаматы ішіміздегі алауыздық, көралмастық, бақталастықты түп тамырымен жоя алсақ, Қазақ Елінің болашағы баянды, халқы бақытты мемлекеті мәңгілік болары анық. Сол үшін құрылтайдан Қазақстан халқына арнап үндеу қабылданды.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай Қазақ халқы ежелгі ғұндар мен сақтардан, түркілерден өсіп-өніп, қазақ деген халық болып қалыптасқан кезеңнен бастап тарихтың талай жайдары жаз, қытымыр қыстарын бастан кешу арқылы бүгінгі күнге жеткен. Бір сөзбен айтқанда “мың өліп, мың тірілген”.

Бұрынғыларын айтпағанның өзінде қазақтарға жоңғар шапқыншылығы, шүршіт басқыншылығы, орыс отаршылдығы, ашаршылық, саяси нәубет, қанды соғыс бәрі-бәрі қандай да бір апаттан, жұқпалы індеттерден артық кесірін тигізген. Соның салдарынан қазіргі жан санынан әлденеше есе асып түсетін қазақ баласы Алладан келетін ақ өлімнен емес, адам қолымен жасалған айуандық әрекеттің салдарынан қынадай қырылған. Қазақ халқының бастан кешкен азабын, қайғысымен қасіретін ендігі ұрпақтың басына бермеуін тілейміз.

Қазақ халқы неліктен ұзақ жылдар бойы осылайша қанды қасірет шегіп, азап тартты? Мұның көптеген себебі бар екенін бәріміз білеміз. Дегенмен солардың ең үлкені өзіміздің тарапымыздан болғанын ескере бермейміз. Дана халқымыз: “Шығасыға иесі басшы”, “Алтау ала болса ауыздағы кетеді», ”Үй іші ала болса, кереге басына пәле толады” деген ұлағатты сөздерді бекер айтпаған. Жау жағадан алып, жан қысылған қайғылы шақта өмір сабақтарынан туындаған тәмсілдер. Халқымыз өз ішінен береке-бірлік кеткен кезде әлсіреп, сол кезде жаудың қырына алынып, құрығына іліп отырғанын тарихтан анғарамыз. Іште іріткі жасайтын алауыздық, көреалмастық, бақталастық әрекеттер өрши келе ауыл арасы, ру, тайпа, ұлт ішінде араздықтар, наразылықтар бас көтеріп, ақыры түбімізге жетіп отырған.

Енді міне, Тәуелсіздік, егемендік қолға келген ширек ғасырда біздің ұлттық мемлекетіміз өз жеріне өзі қожалық етіп, ұлттық-мемлекеттік өз тілін қалпына келтіріп, ұлттық байлықтарын өзі билеп, өзі игілігіне асырып, ел елге телім болып бытырап, ыдырап кеткендері керуен-керуен, тізбек-тізбегімен тарихи отанына қайта оралып, бір шаңырақ астына жиналып, осы шаңырақты биіктету, іргені бекемдеу жолында бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, білек сыбана қажырлы күрес жүргізіп жатырмыз. Осындай ғана қысқа мерзімде екі ғасырлық өркенге жеттік.

Кешегі күдік пен күмәннің бәрі артта қалып, халқымыз «атасында көрмегенді ботасында көріп», бейбіт, бақытты өмірге жетіп, ешкімге тәуелсіз жеке ел болды. Қазақстан Республикасы қазірде күн санап дамып келе жатқан елдердің қатарына қосылды. Бұл – біздің үлкен мақтанышымыз.

Ал, жиырмадан астам жылда жүздеген жылдарға тең келетін жеңістер мен жетістіктерге қол жеткізген Қазақстанның қаһарман халқының алдағы мақсаты 2050-жылға дейін әлемдегі өркениет биігіне көтерілген ірі мемлекеттермен терезесі теңеліп, ғасырлық өркенге жету екені бәрімізге белгілі. Әрине, бұл – тек қана ішкі және сыртқы жақтан нендей бір тосын қырсыққа тап болмасақ ғана жүзеге асатын мақсат. Әсіресе, ішкі жақтан ешқандай қырсық ұшыраспаса, ондай ел сыртқы қырсықтың қандайына да төтеп бере алады. Ал егер іштен ұшық шалып, қырсық туындаса, сыртқы жақтан келетін қырсық өрттей қаулап, отқа орайды. Ондай қатер бола қалған күнде ел дамуының шапшаңдығына сәйкес ертең қолға келетін игіліктер, дәлірек айтқанда халықтың нақты табысы, өскелең өркен, өміршең істер қайта сөніп, аһ ұрғызумен ғана шектеліп қалмайды, бүгінгі жеткен деңгейіміздің өзінен айырылып қаламыз. Қазір әлемде қаншама елдің халқын өзара жауластырып, көптеген ұлт-ұлыстардың күлін көкке ұшырып, шаңырағын ортасына түсірген, көре алмайтын қаскүнемдердің жымысқы саясатынан, жауыздық әрекетінен сақтанатын күннің жеткені де жасырын емес. Мұны Елбасы үнемі ескертіп келеді. Алайда жалпы халықтың әлі де бейғамдығы, осындай маңызды мәселеге салғырттық танытуы – өкінішті.

Сондықтан “Тарихи атажұрт” қоғамдық бірлестігі алғашқы құрылтайынан Қазақстанның барлық халқын “ҚАЗАҚ ЕЛІМ МӘҢГІ ЖАСАСЫН!” атты үндеуге шақырды.

Үндеудің мәтіні ішіміздегі алауыздық, бақталастық, көралмаушылық мәңгі жойылсын!

   Үзбен Құрманбайұлы, Қоғам қайраткері

 «Тарихи атажұрт» Қоғамдық бірлестігінің

I құрылтайының

Қазақстан халқына жолдаған

ҮНДЕУІ

  2017 жыл 29 қараша Астана қаласы

«ҚАЗАҚ ЕЛІМ МӘҢГІ ЖАСАСЫН!»

 

Тәуелсіз қазақ мемлекетінің бүгінгі алтын ғасырында халқымыз «атасында көрмегенді ботасында көріп», бейбіт, бақытты өмірге жетті.

27 жылда жүздеген жылдарға тең келетін жеңістер мен жетістіктерге қол жеткізген Қазақ елі 2050 жылға дейін әлемдегі өркениет биігіне көтерілген ірі мемлекеттер қатарына өтуге бет бұрды. Әрине, бұл – тек қана береке-бірліктің, бір ниет, бір тілектің арқасында ғана жүзеге асатын мақсат. Әсіресе, ішкі жақта «алтау ала болмай, төртеу түгел болсақ», онда еліміз сыртқы арандатушылықтың қандайына да төтеп бере алады. Ал егер іштен алауыздық, көралмастық, бақталастық туындаса, сырттан келетін қауіп өрттей қаулайды. Ондай қатер туса шаңырағымыз шайқалып, ел іргесі сөгілуі мүмкін.

Қазір әлемде қаншама халық өзара жауласып, көптеген ұлт-ұлыстардың күлі көкке ұшып, арам пиғылдыларға жем болды.

Мұны Елбасы үнемі ескертіп, рухани тұрғыда жаңаруды талап етіп келеді. Алайда жалпы халықтың әлі де бейғамдығы, осындай маңызды мәселеге салғырт қарауы бізді толғандырады.

Сондықтан «Тарихи атажұрт» қоғамдық бірлестігі алғашқы құрылтайынан Қазақстанның барлық халқына «ҚАЗАҚ ЕЛІМ МӘҢГІ ЖАСАСЫН!» атты үндеуін жариялайды:

  1. 1. Қазақ Елінің күш қуатын арттырып, «Мәңгілік Ел» болу үшін ішіміздегі көралмаушылық, бақталастық, алауыздықты түп тамырымен жойып, халқымызды береке бірлікке, өзара тату болуға үндейміз!
  2. 2. Еліміздің Егемендік алғаны, Тәуелсіз Мемлекет құрғаны, өркениетті елдер қатарына жетуі, Арқа төсіне орнаған Елордасының айдай әлемге танылуы, ел экономикасының дамуы сынды барлық жетістіктері – Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев деген асқақ тұлғамен біте қайнасқан, бір ұғым деп тануға; Елбасымыздың еліміз үшін жасап жатқан әрбір игі бастамасын қуана құптауға шақырамыз!
  3. 3. Елбасының Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының құрылтайларында сөйлеген сөздерін басшылыққа ала отырып, «бір отан, бір ел, бар қазақ – бір қазақ» идеясын тереңдетуге; әр қазақ қазақ елінің тағдырына жауапты болу» сынды ортақ идеяға жүгінуге, қаны қазақтың бәрін бауырымызға тартуға үндейміз!

 «Тарихи Атажұрт» қоғамдық бірлестігінің алғашқы құрылтайын басқарушылар: 

  1. Мырзатай Жолдасбеков Мемлекет, қоғам қайраткері
  2. Өмірзақ Озғанбаев ҚР Ардагерлер кеңесінің бірінші орынбасары, Академик
  3. Бекболат Тілеуханов ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты
  4. Дихан Қамзабек Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің проректоры, Академик
  5. Баһаргүл Төлегенқызы «Әдемі-ай» компаниясының Президенті, ҚР мәдениет қайраткері
  6. Үзбен Құрманбайұлы «Тарихт атажұрт» қоғамдық бірлестігінің директоры, қоғам қайраткері
  7. Ғалым Пернебаев Республикалық Медицина Академиясының ректоры

 «Тарихи атажұрт» қоғамдық бірлестігінің мәлімдемесі

2.07.2018       Астана

Іш пен шеттің жауыздық әрекеттерінен Елдігімізді, Тәуелсіздігімізді қорғап сақтау – бабалар аманаты

Қымбатты Қазақстан халқы, қандас туысқандар! Елбасы, кемеңгер көшбасшымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен Қазақстан халқы 300 жылдық отарлау саясатын келмеске кетріп, Тәуелсіздікке қол жеткізгенен бергі небәрі ширек ғасырдан астам уақытта өркениет көшінде арғымақтың шабысымен алға озғанымызды қарапайым халық біз өз көзімізбен көріп, тұрмысымызбен сезініп отырған ұрпақпыз. Дамудың ең төменгі деңгейінен әлемдегі дамыған 50 елдің қатарына қосылдық. Арқа төсінен Астана тұрғызып, айдай әлемге таныттық. Сол отарлау саясаты салдарынан әлемнің түкпір түкпіріне тарыдай шашылып кеткен қандастармыздың басын ата жұртта қосты. Ең бастысы сан ұлттың береке-бірлігі ұйып, бейбіт те бақытты тұрмыс кешіп жатырмыз.

Алайда біздің аңызға бергісіз жетістігімізді көре алмайтын, ен даламыздың асты-үсті толы байлығымызға қызыққан шеттің арандатушы тобы тәуелсіздіктің алғашқы күнінен бастап қызғанышпен қарап, түрлі құйтырқы әрекеттерге көшкенін білеміз. Олар біздің ұлттық менталитетімізге отарлушылар қалыптастырған алтыбақан алауыздық, көралмаушылық, бақталастық сияқты жағымсыз қасиеттерімізді баяғысынша тағы шебер пайдаланып іштен ірітуді көздеді. Қасиетті дінімізді бұрмалап, жастарымызды лаңкестік әрекетерге итермеледі. Бірақ мемлекетіміз бұл құйтырқылықтың жолын кесуге қолдан келгеннің бәрін жасап жатқанын білеміз. Ең бергісі жүздеген лаңкестік топ құрықталды.

Енді міне, қоғамға мұнан да үлкен қауіп төне бастады. Сырттың арандатушылары күштеріне ішкі алауыздардың жаңа тобы солақай саясат белсенділері қосылды. Пысықай топ «Жаңа Қазақстан» атты ұйым құрып, форум өткізгендерін, қоғамды түбегейлі өзгертіп, мемлекетті төменнен қайта құратынын мәлімдеуде. Олар Қазақстанның осы күнге дейінгі барлық жетістігінің тұтқасы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың істеген істерін түгелдей жоққа шығарып, отанын сатқан сатқын ретінде насихаттап ғаламтор арқылы жар сала бастады. Әрине бұл бір адам емес, алыста жатып-ақ айласын асыруды көздеген Мұхтар Әбілазов сынды шетелдің алпауыттарымен ауыз жаласып, отанын сатқандардың айқайшылары, жандайшаптары. Олар кек қайтаруды, оған қойдан қоңыр қарапайым халықты, дәлірек айтсақ қара қазақты пайдаланғысы келеді.

Сонда қарапайм халық біз кімбіз. Қайдағы бір ел байлығын еселеп жеп, шетке қашқан қашқынның жыртысын жыртуымыз керек пе? Бұлай етті дегенде ертеңгі күніміз не боларын ойлауымыз керек шығар. Қазақ «өтіріктің өзіне сенбе, ебіне сен» дейді. Халықтың бүгінгі шаттық тұрмысын, алаңсыз өмірін көріп отырып Назарбаев ешқандай игілікті іс істеген жоқ дегенге қалай сенеміз, ағайындар.

Әрине, пенде болған соң бір мемлекеттің барлық тауқыметін арқалаған қоғамдық ауқымды шаруа да Елбасының да қателіктері болуын ешкім жоққа шығармайды. Бірақ басқаны қойғанда Назарбаевтың кемел саясатпен ел Астанасын орталыққа көшіргенін, жай көшірмей, әлем көз тіккен, жаһандағы сәулеті мен дәулеті сай ақылды қалаға айналдырғанын қалай мойындамаймыз. Сол сияқты Елбасының үш ғасыр бойы бодандықтан әлемнің 40 еліне тарыдай шашылып кеткен қандастарымызды Тәуелсіз Қазақ шаңырағының астына жинаған ерлігін қалай жоққа шығарамыз. Халықаралық сарапшылары мойындап отырған Қазақстанның әлемнің дамыған 50 елдің қатарындағы ретнгсін ат төбеліндей аз топ қалай жоққа шығармақ. Халқының қалауынан шыққан Елбасымызды қарапайым жұрт қатарынан 4 рет президенттікке сайлады. Бұдан артық қандай сенім керек? Әлем тынысын әр елдің қан тамырының соғуы арқылы бақылап отырған БҰҰ бізді неге осы ұйымның қауіпсіздік кеңесіне мүшелікке қабылдады.

Жоқ, ағайын, қателеспейік мұның бәрі айпара шындық. Тарих жоққа шығарамайды. Осындай шындықты мойындамасақ, өз ішімізден алтыбақан алауыз болсақ баяғы «мың өлген» қазақ, тағы өледі. Қайта өлсек ешқашан тірілмейміз. Өйткені бүгінгі заман басқа. Жаһанданудың құрдымына жұтылып кетсек, ұлттық рухымыздан жұрнақ қалмайтын заман. Аспандағы айды көксейміз деп жүріп, қолымыздағы Алла несіп еткен, Елбасының қажыр-қайратымен, маңдай терімен жинақталған барымыздан айырылып қалмайық.

Сіздердің саналарыңыздағы Елбасына, мемлекет саясатына деген күдікті сейілтуді мақсат тұтып, үндеу жолдаушы «Тарихи атажұрт» қоғамдық бірлестігі ешқашан Қазақ Елінің әлем таныған бүгінгі жетістігін, ұлттық мүдде жолындағы ұлы істерін жоққа шығаруға жол бермейді. Біз ата-баба арманын арқалап, Тәуелсіз еліміздің топырағына жеткеніміздің өзін бақыт санаймыз. Барды жоққа шығару үшін емес, керісінше сол барымызды бағалау, алға жылжыту үшін жұмыс жасаймыз.

Қазақстанның болашағы әлі алда екеніне күмәнданбаймыз. Біз Қазақстанның қаһарман халқымен, Мемлекетімен, Елбасымен біргеміз. Елдігімізге, Тәуелсіздігімізге,Елбасына ешкімді қиянат жасатпаймыз.

«Тарихи атажұрт» қоғамдық бірлестігі

Қоғам қайраткелері не дейді?

 Ислам ҚАБЫШҰЛЫ, академик: Күллі қазақтың мұраты – ортақ, мұңы еншілес

 Ислам Қабышұлы – Моңғолия Ғылым Академиясының академигі, тарих ғылымдарының докторы. Қазақ халқының 2200 жылдық тарихын қамтыған «Қазақ қауымы» және түркі-моңғол жұртының 2300 жылдық тарихынан сыр шертетін «Тұран әлемі» атты көп томдық туындылардың авторы, Ұланбатырдағы халықаралық түркі-моңғол зерттеу орталығының директоры. Баспасөз саласында жарты ғасыр журналистік қызмет атқарған байырғы қаламгер.

Заман өзгерді. Атам қазақ: «Елу жылда ел жаңа, жүз жылда қазан жаңа» демей ме. Қазір адамзат тарихында өркениеттердің тоғысу процесі жүріп жатыр. Жаһандану дегеніміз – жұмыр жерді бір жұдырыққа бағындыру. Мынадай аласапыран заманда кешегі алған тәуелсіздігімізді қалай баянды етеміз?

Құдайға шүкір, Қазақстан жеке мемлекет болды. Ғалам таныған Елбасы бар дегендей… Қазақстан Республикасы құрылып, Ата Заңын мақұлдап, Елбасын сайлады. Бұрынғы қазақтың хандары қандай болғанын көргеміз жоқ, ал Нұрсұлтан Назарбаевтың Президент болғанына төрт түстік, сегіз қиырда қуанбаған қазақ кемде-кем. Өйтткені ол Қазақстанның ғана емес, әлем қазақтарының көш басшысы. Атажұртындағы қазақтарды қойып, шеттегі қандастарамызға қанша қамқорлық жасап келеді.Тәуелсіздіктен кейінгі аз жылдың ішінде Моңғолия қазақтары Нұрекеңнің нұр дидарын үш дүркін көріп, оның көрегендігі мен көсемдігіне тәнті болды. Осындай әлем сыйлаған Елбасымызды өзіміз мүйіздеп жатамыз, Бұл масқара ғой. Ішіміз сонша неге тар, неткен береке тимеген халықпыз. «Қазаққа жақсылық неге жараспайды.

Бірақ Нұрсұлтан Назарбаевтың тәуелсіз Қазақ Елін құру жолындағы ерен еңбегін ел ішіндегілерден гөрі шеттегі қазақтар артық бағалайды.

Дүние бөліске түсіп, дүрлігіп жатқан заманда қазаққа Нұрсұлтанды берген тағдырға рахмет. Әрине, мұндағы саяси элита Қазақстанды Орта Азиядағы көшбасшы мемлекет деп таниды. Ағылшын тілінде шығатын Моңғолияның бір газеті: «Шығыс пен Батыстың тоғысқан жаңа өркениетін көргісі келген адам Астанаға барсын!» деп жазыпты. Алайда Қазақстан бір күнде Американың қатарына жете қоймады, оған Елбасының саясаты кінәлі деп жала жауып жүрген өз қазағымыздың парықсыздығы жүрегіңді сыздатады. Тіпті Америка бізден несімен артық. АҚШ даңғаза дүниелерімен халықтың рухани сұранысын жаулап алған. Сол америкалықтардың 46 пайызының білімдері төмен екенін, жоғары оқу орындарында әлемнің 5 құрлығын әзер айыратын дүмшелер оқып жүргенін былайғы жұрт білсе ғой? «Біреудің қаңсығы біреуге таңсық» деген осы.

Осындай дүмше елді демократияның «атасы» деп үлгі тұтамыз. Моңғолия да осылайша демократияны асыра дәріптеуден, ұлттық құндылықтың қадірін білмеуден тұрақсыздыққа ұрынып, бүгін өкініп отыр. Мұндай ұлт қадіріне жетпеу біздің қазақтарға да жат емес. Ұлы Абайды түңілдірген өз ішіміздегі алауыздық Қазақстанда Нұрсұлтан Назарбаевқа жала жабудан басталса, Моңғолиядағы ұлт аймағы

Бай-өлкедегі қазақтар екі партияға бөлініп алған. Жақ-жақ болып тартысып жатады. Ақыры арттарында Қазақ Елі, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бар екенін еске түсіріп, тәубаға келеді.

Алайда, шалғайда жүрген 5 миллион қазақтың арқа тұтар тірегі, қара шаңырағы – Қазақстан. Атажұрттағы жалпақ қазақ аман болсын. Біз ең батысы атажұрттағы сіздердің береке-бірліктеріңізді тілейміз. Біздерді бөліп тастаған асқар таулар емес, ата жаулар. Жер бетіндегі қазақтар қайда жүрсе де, мұраты ортақ, мұңы еншілес еді ғой. Биенің қос емшегіндей, түйенің қос өркешіндей, егіздің сыңарындай өсіп- өнгенбіз. «Бөлінгенді бөрі жейді», бөлінбейік ағайын!

Қортып айтар болсақ, қазақтың осындай алтыбақан алауыздығы қайда да бар екені шындық. Бірақ ол жазылмайтын дерт емес деп ойлаймын. Ұлы Абай: «Егер мен заң қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім» деген екен. Елде тәртіп болса, бір басшылыққа бас исе, барды бағалап, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың дара да, сара жолымен жүрсе, алауыздық жойылады деп ойлаймын. Осы тұрғыда игі бастама көтеріп, халықты береке-бірлікке, билік басындағыларды мейірімділікке шақырып жатқан «Тарихи Атажұрт» қоғамдық бірлестігін қадамына сәттілік тілеймін.

 

Абдрахман Шетин, Қоғам қайраткері: Бізге береке-бірлік керек, ағайын

Біз Түркияда тудық, өстік, түріктің тәрбиесін алдық, сол жерде әскер қатарында болдық. Кейін Австрияға келдік, ұлтымызды ешкім танып білмейді, көшеде көрген адам сұрайды:

– Сіздер қай елсіздер? — деп. Біз түрікпіз дейміз. Сендердің түрлерің түрікке ұқсамайды, — ғой дейді. Содан соң, оларға түсіндіреміз, біздің арғы ата-бабаларымыз орта Азиядан келген, — дейміз. Олар айтқанымызды түсінеді. Ол уақытта қазақпыз деп аузымызды толтырып айта алмадық. Қазақстан деген жеке мемлекет болмады. Ресейдің отары болып келді. Ата-бабаларымыздың туған жерінен жырақтауы да сол орыс пен қытайдың басқыншылық, отарлау салдарынан болғаны айтпаса да түсінікті.

Кейін 1991-ші жылы Қазақстан егемен ел болғанда, жүрегіміз дір етіп шығысқа қуана қарадық. Бұл біздің – қуанышымыз, мақтанышымыз болды. Батыстағы ақпаратқа көшедегі европалықтарға иығымызды көтеріп тұрып, біз қазақпыз, осындай елміз деп, қуана айтатын болдық, құдайға шүкір. Бұл сол кездегі алаш азаматтарының арманы еді-ау.

Бұрын Отаны жоқ, ұраны жоқ, жалауы жоқ қазақтар, енді көк байрақтың мәңгілік болуын тілеп, өз алдына еліміз бар, жеріміз бар, жеке шаңырақ болдық деп қуандық. Әсіресе Нұрсұлтан Назарбаевтың тәуелсіздіктің алғашқы таңында шетелдегі қандастарына жолдаған «Ағайынға ақ тілек» ұшпу хаты ерекше әсер етті. Кейін Нұрсұлтан Назарбаевқа жолығу бақытына ие болдым. Ол кісінің ұлтына деген шексіз сүйіспеншілігін өз аузынан тыңдадым. Қайран қалдым. Мен Қазақстанға жиі келіп тұрамын. Елдің керемет дамуына, халықтың жақсы тұрмысына дән риза боламын. Мұндай тыныштық, тамаша өмір Түркияда да жоқ. Бәрі де Елбасының ерен еңбегінің арқасы екенін әлем елдері мойындап отыр. Өкініштісі осындай қазақтың маңдайына біткен біртуар ұлын өсектейтін, жала жабатындарды естігенде қайран қалмасқа не лаж. Қайран қазағым, қалай ел боламыз. Алтыбақан алауыздықтан қашан құтыламыз деген ой жүрегіңді қариды. Мұндай көралмаушылық кімге бәсіре әпермек. Өстіп жүріп үш ғасырдан соң рең қолжеткізген тәуелсіздігімізден айырылып, тағы да біреудің табанына түспесімізге кім кепіл. Айналайын қандас бауырларым, береке-бірлікте болайық. Береке бұзғандарды қатаң сынға алып, тентектерімізді өзіміз түзетейік.

Жүгенбай Қайдарұлы, ардагер: Қара бастарының қамы үшін халықты адастырмасын

 Мен сонау 1990 жылдардың басында Қазақ Елі бодандықтан құтылып, егемендігін алды дегенде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ағайынға ақ тілек» ұшпу хатының рухымен Атажұртыма оралған шеттегі қандастардың бірімін. Біз нарықтың өтпелі кезеңіне тап болып, алғашқы жылдары қиыншылықтың жоқтығын тұрғылықты халықтан артық сезіндік. Өйткені қарайласатын ағайын артта қалды, мұнда таныс, туысымыз жоқ, қанша дегенмен жат елде туып өскендіктен біршама өгей күн көрдік. Бірақ сонда да қажығамыз жоқ, тырбанып жан сақтадық. Жергілікті ағайындармен де тіл табысып кеттік. Сол күндерді бүгінгі өмірмен салыстырсақ айырмашылығы жер мен көктей. Елбасының салиқалы саясатының арқасында Қазақстан тәуелсіздіктің ширек ғасырлық уақытында кешегі отар елден индустриалды мемлекетке айналды. Әлемдегі дамыған 50 елдің қатарына қосылдық. Халықтың тіршілігі жақсарды. Көпшілік қауымның көйлегі көк, көңілдері тоқ. Бастысы істеймін деген ниет болса, екі қолға бір күрек қайданда табылады. Аз жылда осындай тірлікке жеткенімізге қарттар біздердің көңіліміз марқаяды.

Алайда тәуелсіздікті алудан қорғап, сақтап, Елбасы айқындаған Мәңгілік Ел болып қалу оңай шаруа емес екенін түсінеміз. Өйткні әлемді жалмағысы келетін алпауыт елдердің арандатушылары біздің тарихи қас қағым уақыттағы жетістігімізді көре алмайтынын тәуелсіздіктің алғашқы күнінен жарыса айтқаны, күмәнмен қарағанын жақсы білемін. Олар «Қазақ тарихта ел болып, мемлекет құрып көрмеген. Жеке дара ел болуға тәжірибелері жетіспейді. Әлі-ақ біздің қолтығымызға келіп паналайды» деп тантыған. Ол бізді аяу емес, ен даламыздың асты-үсті толы байлығымызға қызыққан қызыл көздік қызғаныш екені белгілі. Сөйтіп олар тәуелсіздігіміздің алғашқы күнінен бастап қызғанышпен қарап, түрлі құйтырқы әрекеттерге көшкенін білеміз. Сырттың арандатушыларының отарлау жолында баяғыдан бері ұстанып келген тәсілі алтыбақан алауыздық, көралмаушылық, бақталастық сияқты жағымсыз қасиеттерімізді пайдаланып, түрлі өсек-аяң, жала жолымен халықты бір-біріне қарсы қойып іштен ыдыратуды көздеді. Қасиетті дінімізді бұрмалап, жастарды еліне, халқына, ата-анасына қарсы қойды. Лаңкестік әрекетерге итермеледі. Құдайға шүкір, құқық қорғау орындары тыныштығымызды шырқымызды бұзуға жол бермеді .

Соңғы кездері қоғамға қатер төндіретін арандатушылар ғалам тор арқылы жар сала бастады.

Бұлар сырттың арандатушылардың айтағына ілескен іштегі алауыздар екенін түсінемін. Сонда олар не уәж айтады. Кәрі құлағымыз еркісіз солардың сөзіне ауады. Елбасына, мемлекет билігіне адамның аузы барып айтпайтын қып-қызыл жала жауып, халықты көпе-көрнеу адастыруға жанталасуда. Елбасының тәуелсіздіктен бергі жарғақ құлағы жастыққа тимей істеген ісін түкке алғысыз етіп, жоққа шығарады. Тіпті, отанын сатқан сатқын ретінде көрсету үшін ауыздарына ақ ит кіріп көк ит шығып жатыр. Бұған қой дейтін қожа, ай дейтін ажа жоқ. Басшылық, мемлекеттік ақпарат құралдыры қайда қарап отырғанын білмейсіз. Әлде халық мұны естімей білмей отыр деп ойлайма? Енбектеген баладан еңкейген кәріге дейін ұялы телефонды ермек еткен бұл заманда өсек-аяң, қаңқу сөз әуелі отбасындағы кемпірлер мен шалдарға жететінін ескерсек, арандатушылар өз пәтуаларын көптің құлағына құйып жатқаны анық.

Олар Қазақстанның осы күнге дейінгі барлық жетістігінің тұтқасы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың істеген істерін түгелдей жоққа шығарып, ғаламтор арқылы жар сала бастады. Әрине бұлардың отанын сатқан сатқан Мұқтар Әбілазовтың, Әбілазыпты пайдаланып, тәуелсіздігімізді жойғысы келетін шетелдік арандатушылардың қол аяғы екенін зиялы қауым білгенмен қарапайым халықтың шетінен біле бермейтіні белгілі жай.

Сонда қарапайм халық біз қайдағы бір ел байлығын еселеп жеп, шетке қашқан қашқынның жыртысын жыртуымыз керек пе? Бұлай етті дегенде ертең олар ел билігі қолына тисе, баяғы түйені түгімен, биені бүгімен жұтатын қорқау кеңірдектігін істейтінін неге түсінбейміз. Қазақ «өтіріктің өзіне сенбе, ебіне сен» дейді. Әлемнің әр түкпірінде біз сияқты жаңадан дамушы елдер зорекер елдердің құрығына ілініп соғыс өртіне орнып жатқанда Қазақстан халқының береке-бірлікте алаңсыз бейбір өмір кешуін, халықтың бүгінгі шаттық тұрмысын, өз көзімізбен көріп отырып Назарбаев ешқандай игілікті іс істеген жоқ дегенге қалай сенеміз.

Назарбаевтың ешкім жоққа шығара алмайтын, өзімізден бұрын әлем елдері, саясаттанушылар мен қоғам қайраткерлері мойндаған ғажайып ұлы істерін ешқашан ешкім жоққа шығара алмайды. Ондай игілікті істі Елбасының әр қадамынан көруге болады. Тек басты-бастысын атсақ:

1.Назарбаев болашақты болжаған кемел саясатпен ел Астанасын орталыққа көшірді, жай көшірмей, әлем көз тіккен, жаһандағы сәулеті мен дәулеті сай ақылды қалаға айналдырды.

2.Үш ғасыр бойғы бодандықтан әлемнің 40 еліне тарыдай шашылып кеткен қандастарымызды Тәуелсіз Қазақ шаңырағының астына жинап, ұлттық рухымызды биіктетті.

3.Бәзбір елде айналдырған екі халықтың басы бір қазанға сыймай дау жанжал азаматтық соғыс өртіне ұласып жатқанда Қазақстан әр діндегі 130 ұлттың береке-бірлігін сақтатып, айрандай ұюына мұрындық болып отырған Елбасымыз екендігінде шүбә жоқ.

4.Өзінің Қазақ елін дамыту жолындағы ерен еңбегімен халқының қалауынан шыққан Елбасымызды қарапайым жұрт қатарынан қанша рет президенттікке сайлады. Ол сенімді Елбасы абыроймен орындап келеді.

Міне, осылайша тізбектей берсек, Елбасымыздың игілікті істерін айтып тауыспаймыз. Мансапқа жетуді көксейтіндер ертең қолына билік тисе осының бәрін жасай алар ма? Опазициялық топ «Бізді Европарламент қолдап отыр» деп кеудесін қағып мемлекетке құқай көрсетудің, халықты иландырудың неше түрлі айла-тәсілін жасап отыр. Кешегі кеңес үкметін құртқан батыстың алпауыттары екенін неге ойламаймыз. Арандатушылардың осындай аса қауіпті әректіне тосқауыл қоятын, қарапайым халықты олардың арбауына түсірмеудің насихаттық шараларын ашық ұйымдастыратын кез жетті.

Тек мемлекеттік басшылық органдар ғана емес, бұл маңызды іске әрбір ұжым, мемлекттік емес қоғамдық ұйымдар ат салысу керек. Бұл орайда «Тарихи атажұрт» қоғамдық бірлестігі бастама көтеріп отыр. Осы бастаманы барлық бұқаралық ұймдар қолдауы, өз беттерімен жаңа жұмыстар ұйымдастырудың маңызы зор.

Бастысы «ауыруын жасырған өледі» дейді атам қазақ. Бұл арандатушылық нағыз баурға шыққан беріш сияқты қауіпті дерт. Дертті індетке айналдырып алмайық.

Амангелді Құсайынов, Ақмола облысы ақсақалдар алқасының төрағасы:  Орта тыныш болғанға не жетсін

 Соңғы кездері тәуелсіздікке жаңадан қол жеткізген жас мемлекетімізді көралмайты, халқымызға тағы да құлдықтың қамытын кигізуді аңсайтын сыртттың жауыз күштері іштің алауыз топтарымен ауыз жаласып қоғамға іріткі салу әректін күшейте түскені халыққа айқын сезілуде. Әрине, мұны Елбасы ерте аңғарып, мұндай келеңсіздік «Лаңкестік әрекеттерден, көшеге шығып шулаудан басталады. Одан конституцияға қарсы шығады да, аяғында мемлекет күйреп, халық аш-жалаңаш қалады. Мұның бәрін біз көріп, біліп байқап отырмыз» деп сан мәрте ескертіп, бүкіл халықты сақтыққа шақырып келеді.

Атажұртын аңсап шеттен келген бір топ зиялы отандастар Елбасының ел тәуелсіздігін қорғап сақтауға байланысты идеяларын жүзеге асыру мақсатында «Тарихи атажұрт» қоғамдық бірлестігін құрып, нақты іс шаралар ұйымдастырып жатқанын жақсы білеміз. Алғашқы құрылтайын өткізіп, отанына оралған бір миллион жарым азамат елімізден, қара шаңырағымыздан алсақ емес, барымызды берейік, бір кірпіші болып қаланайық, септігімзді тигізейік, сынамайық, тек сыйлайық , ақыл айтып көсемсімей ақылын алайық, өзіміз ортаға сыйымды болайық. Отанның қадір қасиетін, тәуелсіздіктің құндылығын өзгеге түсіндірейік. Сөйтіп ортаға татулықтың, береке бірліктің ұйытқысы болайық деген ұран көтеріп отырғаны аса бір құптарлық парасатты іс деп білемін. «Тарихи атажұрт» қоғамдық бірлестігі Еліміздің тәуелсіздігін арандатушы топтардың түрлі әректінен қорғап сақтау үшін отандастарды тұрғылықты халықпен бірлесіп, күш жігер жұмсауға, Елбасы, «Нұр Отан» партясы айналасына нық топтасуға шақырып келеді.

Соңғы кездері әлеуметтік желілер арқылы Мемлекеттік билікке, Елбасына жала жауып, мемлекетімізді күйреуге шақ тұрғандай етіп көрсетіп, халықты сендіруге, қарсы қоюға, Елбасына деген жек көрушілік туғызуға әрекеттенуші арандатушылардың белсенділігі артып кетті. Олар тіпті, «Жаңа Қазақстан» құру туралы ашық айтатын болды. «Тарихи атажұрт» қоғамдық бірлестігін әлеуметтік желі арқылы бұл әрекеттерге де тойтарыс беріп, орынсыз жалаға нақты дәлелдермен жауап қайтарып, көпшілік қауымның көзін жеткізуге күш салуда. Отан тыныш болғанға не жетсін!

Осы орайда Президент аппараты, Парламент, Үкіметтік ұйымдар, «Тарихи атажұрт» қоғамдық бірлестігінің іс қызметіне назар аударып, қолдау көрсету керек деп ойлаймын. Өйткені олар нақты өзекті мәселе Отан тыныштығын сақтауға қызмет етіп отыр.

 Меруеш Башайқызы ҚР мәдениет, өнер қайраткері: Бағы қайтқан ел патшасын жамандайды

 Мен ана адаммын. Алты бала тәрбиелеп өсіріп отырмын. Ұрпағымды, әулетімді ойлайтыным шындық. Еліме, атажұртыма сол ұрпақ қамы үшін оралдым. Мен отанның қаншалықты ыстық екенін ерекше сезінемін. Қазір Қарағанды облысында тұрғылықты халықтан ешбір кем емес тіршілік етіп жатырмын. Өзім де, күйеуім де өнер саласында. Екеуіміз де өнер қайраткеріміз. Жолдасым Ерлан Бақтыгереев таяуда ғана еліміз көлеміндегі сараптаудан өткен «100 жаңа есім» жобасы бойынша жеңімпаздар қатарына кірді. Мұның бәрі Алланың берген бағы, тәуелсіздігіміздің арқасы деп білемін. Мен не үшін қуанамын. Қазақ елінің елдігіне, тәуелсіздігіне қуанамын. Яғни қазақтың бейбіт, шат-шадыман тірлігіне қуанамын. «Мың» өлген қазақ енді өлмесе екен деп Алладан тілеймін.

Халқымыз ғасырлар бойы неге мың өліп, мың тірілді, өлтірген дұшпандарымыз кімдер болды екен деген сауал сонау бала күнімізде Жұбан ағамыздың өлеңін жаттаған кезден мазалайтын. Енді міне, сол сауалдың жауабын түсінетін жасқа келіппін. Азды-көпті оқыдым, тарихтан да хабардармын.

Мың-мыңдаған жылдық тарихы бар қазақ деген халықты ешкім сырттан келіп жауламапты. Көбінде өзіміз себепші болыппыз. Өз ішімізде алауыздық, көреалмастық, бақталастық өрши келе халық ішінен тозып, береке-бірліктен айырылған сәтте аңдыған жау алқымымыздан алғанын, құлына айналдырғанын тарихтан хабардар адамның бәрі де біледі деп ойлаймын. Мұны Елбасымызда ұдайы айтып келеді. Сол үшін өткенді естен шығармаудың, сабақ алудың маңызы зор.

Қазақ елінің ішінен бүлінуін, айрандай ұйыған береке-бірлігінен айырылуын көздеген іш пен сырттың жымысқы саясаты бүгінгі таңда белсенді жүріліп жатыр. Олар қарапайым халықты билікке қарсы қоюдың сан түрлі жолдарын қарастырып, өз пайдаларына жаратуда. Тіпті, Қазақ елім, жерім, халқым деп тынымсыз еңбек етіп жүрген Елбасына жала жабудың неше түрін ойлап тапқан. Егер осылардың айтып жүргені жала емес шындық болса, дәлелдей алса, қазақ айтады ғой «мұрнымды кесіп беруге» дайынмын. Бұлай жасап жүрген арандатушылар ертең бәрін бүлдіреді. Халықты билікке қарсы қою арқылы Қазақты елдігінен, тәуелсіздігінен айырады. Бір-ақ күнде бұрынғы кебімізді киіп, басқаның боданы, құлы болып шыға келеміз. Елді бүлдірген алауыздық жасаған топ, жалғыз-жарым адам дұшпандарымыздан сый-сыяпат алады да, түк білмегендей алшаң басып жүре береді. Бар ауыртпалық, қиындық қайтадан қарапайым халықтың басына түседі. Қазақ осылайша қайта өлмеуі керек. Түптің түбінде түбімізге жететін алауыздық, көралмаушылық, бақталастықтың тамырына балта шауып, бір жолата құртып алмасақ, қазақ ел болып, тәуелсіздігімізді сақтап тұра алмаймыз. Біздің осылай тұа алауымызды армандағандар қолайлы сәтті асыға күтіп отыр. Егер ішімізде алауыздық, көралмаушылық, бақталастық жоқ болса қазақ еліне, халқына тісі бататын жау жоқ. Елбасының «Мәңгілік Ел» саясаты сонда ғана жүзеге асады. Сол үшін бәрін парасаттылықпен ой елегінен өткізейік, түсінейік. Ел басына жабылған жалаға талдап отырып жауап беруге болады деп ойлаймын. Мұны Президент әкімшілігінен бастап қолға алу керек. Егер шындық болса, шешімін тауып реттеу керек, егер жала болса жалақорларды ауыздықтайтын кез жетті деп ойлаймын.

Адамдар не үшін алауыздық, көралмаушылық, бақталастыққа барады, елді неге бүлдіреді? Турасын айтқанда бағы қайтқан адам патшасының аяғынан шалады. Бәлкім құранды, хадистерді менен солар көп оқығандар болар. Хадистерде патшасын жамандаған адамға жаназа шығарылмайды деп жазылғанын олар білмей ме? Сондай ауыр күнә жасағандары үшін олар оңбауы тиіс. Керісінше халыққа, ұрпаққа береке-бірліктің, ізгіліктің ізін қалдырса, қандай тамаша.

Осы орайда тағы бір айта кететін жай; жымысқы, арандатушы топтар өздерінің саясатына шеттен келген ағайындарды көбірек тартқысы, пайдаланғысы келетіні байқалуда. Мәселен бірер жылдың алдында жоғарыда айтқанымыздай Елбасына жала жапқан түсірілім ел арасына таралды. Түсірілімде «Кеше бізді оралман деп шеттеттіңдер, енді бүгін оралманнан өзіңнің күнің төмен болды. Қытайға жерді саттың, енді қатыныңды, қызыңды сат… Атырауға 10 млн қытай кіріп алды, олар аз жылда 40-50 млн болады» деп билікті қорлап, құдайға тапсырып жазған еді. Мен бұл таспаны қай оралман, кімдер дайындағанын қанша іздесем де таппадым. Сондықтан «Тарихи атажұрт» қоғамдық бірлестігіне ақпарат бердім. Қысқасы оралмандар еместігіне көзім жетті. Өйткені оралмандар Қазақ елі қарашаңырағына ақыл айтайын деп келген жоқ. Елді бүлдірейін, халықты аздырайын, ішінен тоздырайын деп те келген жоқ. Керісінше береке-бірлікте болып, еліміздің өркеніне үлесімізді қосайық, тәуелсіз мемлекетіміздің жамалмаған жыртық тесігін жамасайық, қысқасы отанымыздың бір кірпіші болып қаланайық деп келді. Сол үшін ақ тілек хатын жолдап, атажұртына шақырған, қанатының астына алған Елбасына, Мемлекетімізге, «Нұр Отан» партиясына әрбір оралман разы екенін мен үнемі айтып жүрмін, қайталап айтайын.

Мен Елбасы саясатын жақсы түсінемін.Осы тақырыпта жазу үшін біраз ізденіс жасадым. Елімізде Қытайға бір шаршы метр жер сатылмаған. Ал елімізді дамыту, халықтың тіршілігін жақсарту үшін игерілмей жатқан жерлерді шетелдік компанияларға жалға беріп, оларға өндіріс, зауыттар салдырып, қала тұрғызуына болар деп ойлаймынып жатыр. Бұл обьектілердің бәрі 20-30 жылдан соң халықтың игілігіне қалады ғой. Еліміздің заңы солай. Шартта да солай көрсетіліпті. Шетел компанияларына жалға берілген жерледі тек облыс, аудан әкімдері тұрғылықты халықпен ақылдаса отырып, өздеріне пайдалы болған жағдайда ғана шешеді екен. Бұл шешім мемлекетіміздің, Қазақ елінің қауіпсіздігіне зиян келтірмеуі тиіс екеніне де көзім жетті. Егер тиімсіз болса Елбасы тыйым салуына болады екен.

Алайда өмір тіршілікті өшіре салу оңай, ал 27 жылда жеткен 200 жылға татитын өркениетіміз, бүгінгі жеткен жетістігіміз халық бізге қымбат. Бастысы тәуелсіздігімізден айырылмауымыз қажет. Айырылсақ, қайтадан жеке ел, тәуелсіз мемлекет бола алмаймыз. Жаһанданудың құрдымына батып кетеміз. Сондықтан алаяқтар елдің тәуелсіздігімен ойнамауы керек, біз ойнатпауымыз керек. Ойнатпау үшін ойлануымыз керек.

Әрине, біз парасатты халықпыз, ақылды халықпыз. Елбасы, Мемлекет, билік ғана емес, қарапайым халықтың ортасында жүрген зиялы азаматтар да ойлана, сөзден нақты іске көше бастады. Мәселен жаңадан құрылған «Тарихи атажұрт» қоғамдық бірлестігі таяуда алғашқы құрылтайын өткізіп, осы бір өткір мәселені шешудің жолдарын талқылады. Құрылтайға қатысқан 300-дей қауым ақылдаса келе, ұлтымыздың ұюына кедергі келтіретін алауыздық, көралмастық, бақталастықтың тамырына балта шабуды үндеген «Қазақ елім мәңгі жасасын» атты үндеу қабылдады. Құрылтай өкілі ретінде мен бұл үндеуді уақытын тапқан шара деп көріп, шын ниетіммен қолдадым. Әрбір адамға тек жақсылық қана әкеледі, пайдасы зор болады. Сол үшін осыбір жаман қасиетті қайтеміз деп талқыға салу емес, бұдан ада-гүде безуіміз қажет. Ең бергісі отбасына, ағайын-туыс арасына тыныштық орнайды.

Тәуеліздігімізді қорғауға, Қазақ елін «Мәңгілік ел» етуге бәріміз атсалысайық.

Байболат Бүтікейұлы: Еліміздің елдігіне, оның Тәуелсіздігіне ешкім қиянат жасай алмайды.

 Елағасы Байболат Бүтікейұлымен «Атажұрт kz» тілшісі сұхбаты

 — Сіз бүгінгі қоғамның саяси ахуалына қанықсыз. Соның ішінде соңғы кездері билікке, Елбасына қарсы түрлі пікір айтушы жеке адамдар мен топтардың көзқарасына қалай қарайсыз?

— Әрине, бұқаралық баспасөз ақпарат құралдарын, соның ішінде ғаламтор сайттарына көз жіберіп, оқып отырамын. Бүгінгі өркениет жетістігі – төңіректің төрт бұрышын байланыстырған ғаламтор желісі адамдардың барлығын саясаткер қылып жіберді десек те болғандай. Мұның адамдарға пайдасы мен зияны бірдей болып тұр ғой. Ең бастысы халықты бүлдірмесе болғаны.

Мен өзбасым сол ғаламтор арқылы елді дүрліктіргісі келіп, билікті, Елбасын сынап, сынап емес жала жауып жатқандарды әсте қолдамаймын. Неге бізге жақсылық жараспайтынына таң қаламын. Сонша жаман болғанымыз ба? Қазіргі пыш-пыш, тіпті кейде гу-гу өсек 1930 жылдарды елестетеді. Сол жылдары билікте жүрген қазақтың сорпа бетіне шығар білімді, білікті азаматтар түгел «халық жауы» деп ұсталып, көбі атылып кетті. Ұсталып емес, өзіміз ұстап бердік. Ұлы десе, ұлымыз, ел бастаған ұлық десек, ұлығымыз хакім Абайға не көрсетпедік. Шәкәрімді өз қолымызбен өлтірдік. Осылайша сонау Керей, Найман мемлекеттері кезінен бастап, күні бүгінге дейін өз түбімізге өзіміз жетіп келген жиіркенішті пиғылдан туындаған қасіретті тарихтан неге сабақ алмаймыз. Тіпті, соңғы кездері тағылым алғанды қойып, онан ары ушығып бара жатқанына алаңдамасқа лажың жоқ.

 Елбасы жайлы ой пікіріңізді толықырақ айта кетсеңіз.

— Қазақ елі, Тәуелсіз Қазақстан мемлекеті, оның билік басшысы ешкімге ойыншық емес. Бұл БҰҰ-на мүше, айдай әлемге танылған ұлы ел, басшысын әлемнің ықпалды лидрлері таныған, солар пікірімен санасатын кемеңгер тұлға. Біз өзмізді өзіміз сыйласақ, жат жанынан түңілері хақ. Әйтпегенде «пысық боламыз деп жүріп, пұшық болуымыз әбден мүмкін. Сондықтан мемлекетке, билікке, әсіресе Елбасына қарсы шығып, жала жабуды доғаруымыз қажет.

Егер доғармасақ, түбі өте жаман болады.

— Бұл заман еркіндік заманы. Кімнің аузына қақпақ боламыз. Бүкіл халыққа қалай тыйым саламыз?

— Гәп осында, әлгі жалаққорлар мен олардың сөзін желдей ескізіп жүрген өсекші топтың сөзін халықтың сөзімен шатастырып жүрміз. Олар әсте бар халықтың атынан сөйлей алмайды. Қазақ халқы қашаннан сабыр сақтай білетін, әліптің артын баққан, жақсы мен жаманды, шындық пен жаланы айыра білетін, бәрін түсінетін халық. Ішімізде алауыздық, алаяқтық танытып жүрген азғана адам, шағын топ бар. Олар өзгенің қолаяқтары. Қазақ Еліне, жеріне, оның байлығына қызыққандардың әдейі қасақана жүргізіп отырған саясаты. Егер жағдай ушықса, бізге кімдер көмектеседі? Ешкім де көмектеспейді. Керісінше қайтадан боданы етіп, халқымызды құлға айналдырудың қамына кіріседі. Қазіргі заманда мемлекетке, билікке жала жабу өте-мөте оңай болып тұр ғой. Сол үшін барлық пәлені Елбасына жабуға, оған халықтың атын сатуға ешкімнің қақысы жоқ. Жалпы халықта жаман ой, теріс пиғыл жоғына сенуіміз керек. Тек ішіміздегі «тентектерге» жол бермеуді айтып отырмын. Осындай жалғыз-жарым тентектер жүздеген жыл бойы түбімізге жетіп келгенін ұмытсақ үлкен қателік болады.

— Елімізде бағаның өсуі шарықтап барады. Халық осыған алаңдаулы. Жоғардағы жалақорлардың да билікті жамандағанда айтатын негізгі уәжі осы. Сіз не дейсіз?

— Әлемді жайлаған экономикалық дағдарысты біз аттап емес, басып өтетініміз заңдылық. Бұдан да шығымыз. Жалпы бұл үшін Елбасын, билікті кінәлауға болмайды. Бұл қиындықтар нарықтық экономика заңдылығы бойынша шешіледі. Бүгін қымбаттайды, ертең арзандайцды. Сөйтіп бәрі өз орнына келеді. Егер оған Елбасы араласып, нарық заңдылығына қарсы тұрса, экономиканың заңы бұзылады. Сосын оны түзеу қайта қалпына келтіру қиындықтан шығу тіпті қиын болады. Қазір өркенді елдің басшы, президенттері бұл мәселеге мүлде араласпайды. Қайта біздің Елбасымыз халықтың қамын ойлап, бағаны көтермеуге шақырып, ауыртпалықты үкметке жүктеп келеді. Тіпті билікке қарсы шығушылардың өзіне пәлендей қыспақ, шектеу жасамауды үкметке тапсырып отыр. Сонау тәуелсіздікке алғаш қол жеткізген 1990 жылдары қанша халық көшеге шығып, «бұрынғы күнімізге зар болдық. Кеңес заманында болмағанда аяғымызда керзі етігіміз, аузымызда қара нанымыз болып еді» деп шулағанын көзімізбен көрдік. Осы кезде билік ішіндегілер «бейберекетсіздік шектен, бақылаудан шығатын болды, тәуелсіздігімізге қауіп төне бастады, сол үшін төтенше жағдай жариялау дұрыс» деп көргендер де болды. Сол тұста да Елбасы халық жағында болып, өмір бойы қақпайланып өткен халық теңдікті, еркіндікті сезінсін, айтсын, айғайласын, біздің тәуелсіз елдің, тәуелсіз қоғамның артықшалығын аңғарсын деген ұстанымда болғаны күні бүгін есімізде. Сондықтан сабыр сақтайық, билікті, Елбасын орынсыз кіналай бермейік. Ауыртпалықтың бәрін жалғыз адамға жауып, басқамыз басымызды баса беретіндей жәдігөй, жаман халық емеспіз. «Көппен көтерген жүк жеңіл» болатынын түсінетін халықпыз

— Халық билікке, билік халыққа сенбейді деген пікірлер айтылып, мақалалар жазылып, халықты екі ойлы етіп жүрген жоқ па?

— Мен Елбасына да тіпті, министр, әкімдердің де біріне кезігіп көрген жоқпын. Ауыл әкімінен басқасын танымаймын. Тек қарапайым халықтың ортасында жүрген қарапайым қариямын. Сол тұрғыда айтсам халық Елбасын қолдайды. Ол кісіге деген ниеттері түзу, ел игілігі жолында атқарып жатқан ісіне риза. Егер халқын, елін, жерін шексіз сүйетін бір адам болса, ол – Нұрсұлтан Назарбаев. Ал Министрлер, облыс әкімдері Елбасының көңілінен шығып, халықтың қалауына, талабына сәйкес жұмыс істеулері қажет. Халық пен мемлекеттің ара байланысын нығайту керек. Сонда ғана мемлекет, атқарушы билік халықпен бірге бола алады. Бұл тұрғыда барлық сатылы басшылар Елбасының тапсырмасын сөз жүзінде емес, нақты іс жүзінде орындап, халыққа үнемі есігін айқара ашып, әрбір азаматпен қоян қолтық жұмыс жасаса, бәрі дұрыс болғалы тұр.

— Сіз Қазақ елі, оның тәуелсіздігі туралы ой пікіріңізді ортаға салып, Қазақ елі, оның тәуелсіздігін қуана құптап отыратын ағалардың бірісіз. Әрине, сіз ұзақ жылдар бойы Моңғолияда аудан басқардыңыз, көпке ақылшы болдыңыз, енді Қазақ елінің болашағын қалай ойлайсыз?

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы айтқандай Қазақ халқы ежелгі ғұндар мен сақтардан, түркілерден өсіп-өніп, қазақ деген халық болып қалыптасқан кезеңнен бастап тарихтың талай жайдары жаз, қытымыр қыстарын бастан кешу арқылы бүгінгі күнге жеткен. Бір сөзбен айтқанда “мың өліп, мың тірілгенбіз”.

Бұрынғыларын айтпағанның өзінде қазақтарға жоңғар шапқыншылығы, шүршіт басқыншылығы, орыс отаршылдығы, ашаршылық, саяси нәубет, қанды соғыс бәрі-бәрі қандай да бір апаттан, жұқпалы індеттерден артық кесірін тигізген. Соның салдарынан қазіргі жан санынан әлденеше есе асып түсетін қазақ баласы Алладан келетін ақ өлімнен емес, адам қолымен жасалған айуандық әрекеттің салдарынан қынадай қырылған. Қазақ халқының бастан кешкен азабын, қайғысымен қасіретін, көрген қорлығы мен зорлығын ендігі ұрпақтың басына бермеуін тілеймін.

Қазақ «жаман айтпай, жақсы жоқ» дейді. Сол үшін алаңдаймын.

Қазақ осылайша неліктен ұзақ жылдар бойы қанды қасірет шегіп, азап тартты? Басты себеп не деп ойлайсыз?

— Өзіңіз айтқандай мұның көптеген себебі бар екенін бәріміз білеміз. Дегенмен солардың ең үлкені өзіміздің тарапымыздан болғанын ескере бермейміз. Дана халқымыз: “Шығасыға иесі басшы”, “Алтау ала болса ауыздағы кетеді», ”Үй іші ала болса, кереге басына пәле толады” деген сияқты ұлағатты сөздерді бекер айтпаған. Жау жағадан алып, жан қысылған қайғылы шақта өмір сабақтарынан туындаған тәмсілдер. Халқымыз өз ішінен береке-бірлік кеткен кезде әлсіреп, сол кезде жаудың қырына алынып, құрығына ілініп отырғанын тарихтан анғарамыз. Іште іріткі жасайтын алауыздық, көреалмастық, бақталастық әрекеттер өрши келе ауыл арасы, ру, тайпа, ұлт ішінде араздықтар, наразылықтар бас көтеріп, ақыры түбімізге жетіп отырған.

— Алауыздық, көреалмастық, бақталастықтың тамырына балта шабу үшін не істеуіміз қажет деп ойлайсыз?

— Енді міне, Тәуелсіздік, егемендік қолға келген ширек ғасырда біздің ұлттық мемлекетіміз өз жеріне өзі қожалық етіп, ұлттық-мемлекеттік өз тілін қалпына келтіріп, ұлттық байлықтарын өзі билеп, өзі игілігіне асырып, ел елге телім болып бытырап, ыдырап кеткендері керуен-керуен, тізбек-тізбегімен тарихи отанына қайта оралып, бір шаңырақ астына жиналып, осы шаңырақты биіктету, іргені бекемдеу жолында бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, білек сыбана қажырлы күрес жүргізіп жатырмыз. Осындай ғана қысқа мерзімде екі ғасырлық өркенге жеттік. Кешегі күдік пен күмәннің бәрі артта қалып, халқымыз «атасында көрмегенді ботасында көріп», бейбіт, бақытты өмірге жетіп, ешкімге тәуелсіз жеке ел болды. Қазақстан Республикасы қазірде күн санап дамып келе жатқан елдердің қатарына қосылды. Бұл – біздің үлкен мақтанышымыз.

Ал, жиырмадан астам жылда жүздеген жылдарға тең келетін жеңістер мен жетістіктерге қол жеткізген Қазақстанның қаһарман халқының алдағы мақсаты 2050-жылға дейін әлемдегі өркениет биігіне көтерілген ірі мемлекеттермен терезесі теңеліп, ғасырлық өркенге жету екені бәрімізге белгілі. Әрине, бұл – тек қана ішкі және сыртқы жақтан нендей бір тосын қырсыққа тап болмасақ ғана жүзеге асатын мақсат. Әсіресе, ішкі жақтан ешқандай қырсық ұшыраспаса, ондай ел сыртқы қырсықтың қандайына да төтеп бере алады. Ал егер іштен ұшық шалып, қырсық туындаса, сыртқы жақтан келетін қырсық өрттей қаулап, отқа орайды. Ондай қатер бола қалған күнде ел дамуының шапшаңдығына сәйкес ертең қолға келетін игіліктер, дәлірек айтқанда халықтың нақты табысы, өскелең өркен, өміршең істер қайта сөніп, аһ ұрғызумен ғана шектеліп қалмайды, бүгінгі жеткен деңгейіміздің өзінен айырылып қаламыз. Қазір әлемде қаншама елдің халқын өзара жауластырып, көптеген ұлт-ұлыстардың күлін көкке ұшырып, шаңырағын ортасына түсірген, көре алмайтын қаскүнемдердің жымысқы саясатынан, жауыздық әрекетінен сақтанатын күннің жеткені де жасырын емес. Мұны Елбасы үнемі ескертіп келеді.

— Сонда қалай сақтануға болады деп ойлайсыз?

-Ол оңай, ешбір оқудың да, тоқудың да қажеті жоқ. Тек қана өз ішімізде тату, береке-бірлікте болсақ, барлығы дұрыс болады. Біз өз ішімізде бірауыз болсақ, бізге ешкім тиіспейді. Көршілеріміз Ресей де, Қытай да, Алыстағы АҚШ- та жолай алмайды. Ал өз ішімізден алтыбақан алауыз болсақ оны өзгелер, әрине, олар аса шеберлікпен ұтымды пайдаланады. Бұл менің мақалаларымда жазылған. Өмірде шындық дейтін болса, ол біздің Тәуелсіздік алғанымыз, Қазақ елін құрғанымыз. Осы 27 жылда екі ғасырлық өркенге жетіп, айдай әлемге танылғанымыз. Бұл – Қазақ елін Мәңгшілік ел етудегі Елбасының ерен еңбегі. Елбасының сара жолынан таймасақ барлығы ойдағыдай бола береді. Қазақстанда жер сатылмайды, Қазақ елі қарызға батпайды. Билік әруақыт халықпен санаспайды емес, санасады. Бұл да – шындық. Мемлекетін дамыту үшін қарыз алу – ол әлем елдерінің бәрінде бар құбылыс. Өйтпесе өркен де болмайды. Дамыған елдердің бәрінде қарыз бар. Көршіміз Ресейдің, тіпті АҚШ-тың да қарызы жетеді. Мұны биліктің терістігі деп көрмейді. Бүгінгі қазақ елінде де билік пен халық бірге екенін бәріміз білеміз. Келешекте де солай болуын қара орман халық қалап отыр.

— Сонда сіз неге алаңдайсыз?

Мен қазақтың «мың өлсе де» қайта тірілгеніне қуанамын. Ал керісінше мың бірінші рет өлмесе екен деп алаңдаймын, өлмеуін қалаймын. Біздің неліктен өлгенімізді жоғарда айттым. Біз өз ішіміздегі алауыздық, көреалмастық, бақталастықты жойып алмайынша көзіміз ашылмайды. Бұл біздің басымызға қонған бағымызды ұшырып, бақытымыздан айырып, түбімізге жетіп отырған.

— Бұл қазақтың қанына сіңген, тарихтан жалғасып келген ғой. Оңай айыға аламыз ба?

— Әрине, оңай айығамыз. Қазақтың қанына да, сүйегіне де сіңген жоқ. Бұл жалғыз-жарым адамның елді бүлдірген құйтырқы іс әрекеті. Бұған халықтың көбі анық-қанығына бармай алдана берген. Ал қазір біз жеке мемлекет құрдық, тәуелсіз ел болдық. Енді елімізді Мәңгілік ел етіп, ұрпағымыздың жолын ашқан дәл осы кезеңде, осы қарсаңда қазақтың түбіне жетіп келген атың өшкір осы бір алауыздық, көреалмастық, бақталастық деген пәледен құтылсақ Қазақ елінің мәңгі жасап тұрары анық. Біз отандастармыз, бұрынғы қалыптасқан атаумен оралманбыз. Бізге Қазақ елі, оның Тәуелсіздігі қажет. Біз отанның, туған жердің, атажұрттың қаншалықты ыстық, қымбат екенін өзгеден артық сезінеміз. Біз өзге ұлттан өгейлік көрдік, өзгенің жыртысын жырттық. Көрген қиындықтан запыс болдық, әрі тағылым алдық. Сондықтан енді олай болуын қаламаймыз.

— Сіз сол үшін «Тарихи атажұрт» қоғамдық бірлестігін құру туралы алғашқы пікірді ұсынғансыз ғой.

— Дәл солай.

— Онда қорғамдық бірлестіктің мақсатына қысқша тоқталсаңыз.

— Атажұртына оралған 1,5 млн, әлі де орала алмаған 5 млн. қазақ жергілікті халықпен бірге болып, Қазақ елін мәңгі жасатуға дайынбыз. Сол үшін отандастар арасынан бір топ зиялы азаматтар ақылдаса отырып «Тарихи атажұрт» қоғамдық бірлестігін құрған дұрыс деп көрдік. Қоғамдық бірлестікті Әділет министрлігіне ресми тіркетуге көп уақытымыз кетті. Ақыры ойлаған ойымызға жеттік. Өткен жылдың 29-қарашасында алғашқы құрылтайымызды өткіздік. Жоғарыда айтқан алауыздық, бақталастық, көралмастықты жоюға арнап, құрылтайдан Қазақстан халқына үндеу жолдадық. Сондай-ақ құрылтайдан шеттен келген отандастар Қазақстанның қаһарман халқымен, оның Елбасымен бірге болып, Қазақ елін дамытуға нақты үлес қосуына қоғамдық бірлестік тарапынан ықпал ету идеясын жүзеге асыру мақсатын қойдық. Анығырақ айтсам:

  1. Бүгінгі қолға келген табыстарымызды баянды ете отырып, Тәуелсіз Қазақ елін “Мәңгілік Ел” етіп, халқын бақыт пен шаттыққа бөлеу жолындағы Елбасымыздың «Қазақстан-2050» стратегиясын, “Мәңгілік Ел”, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» идеяларын, “Нұрлы жол” бағдарламасын толығынан қолдап, дамыған отыз елдің қатарына қосылуына отандастар тұрғылықты халықпен күш біріктіріп, Еліміз дамуын жеделдетуге іскерлік танытуын қалаймын.
  2. Салаутты, жасампаз Қазақ елінің әрбір азаматын өнерлі, білімді, іскер, тәжірибелі, сабырлы, ақыл-парасатты, мейрімді, жасампаз болып, қалыптасуына отандастарға тілеулес болудан өзге не керек.
  3. Қазақ Елінің күш қуатын арттырып, Мәңгілік Ел болу үшін ішіміздегі көралмаушылық, бақталастық, алауыздықты түп тамырымен жойып, халқымызды береке бірлікке, өзара тату болуға шақырған үндеуді қолдап, оны іске асыру қажет.
  4. Еліміздің күш қуаты артып, қалыпты дамуының негізі болған Үкімет пен халықтың ара байланысын нығайтып, облыс, аудан, ауыл әкімдерінен бастап министрлерге дейінгі әр саладағы лауазым иелерін халықпен бірге болып, бұқара қауымға есігін айқара ашу арқылы халық пен Мемлекет арасының арабайланыс, ынтымағын арттырудағы Елбасының тапсырмаларын аброймен орындаудың пайдасын түсіндіріп отыру өте-мөте дұрыс.
  5. Өзге ұлт өкілдерін қадірлей отырып, олармен орыс тілінде ал, қазақ ағайындар, әсіресе жоғарғы лауазым иелері өзара тек қазақ тілінде сөйлеп, Мемлекеттік тілді дамытуға, ұлттығымызды қорғап, Елбасы идеясына сай қазақтың рухын жан-жақты жаңғыруға отандастар үлесін қосып , септігі тисе екен деп ойлаймын.
  6. Қоғамда қалыптасқан сыбайлас жемқорлық, пәреқорлық, бюрокаттық, мәнсапқолық, тәртіпсіздік, әділетсіздікпен күресудегі Елбасының ұстанымын нақты жүзеге асыра отырып, Елімізді, Жерімізді, Отанымызды іш пен сырттан келетін қандай бір қауіп, қатерден сақтап, қырағы болуды отандастар өз парызы, басты міндеті санайтыны анық.
  7. Еліміздің Егемендік алғанын, Тәуелсіз Мемлекет құрғанын, әлемдегі дамыған елдер қатарына жеткенін, Елордасы Астана қаласының жаңадан орнағанын, еліміздің өндіріс, шаруашылық, экономика саласының аса шапшаңдықпен дамуының бәр-бәрі Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев деген асқақ тұлғамен біте қайнасқан, ажырағысыз бір тұтас дүние деп тануға, Елбасымыздың еліміз үшін жасап жатқан әрбір игі бастамасын қуана құптауға 80 жасымды, ақ сақалымды алға ұстай отырып, барлық халықты шақырамын. Әсіресе еліміздің елдігіне, оның тәуелсіздігіне қатер төндіріп алмайық, ағайын.

Басты мәселе Мемлекетімізді қорғаймыз, Елбасымызды қолдаймыз десек Министірлер,Облыс,Аудан Әкімдерінен бастап барлық сатылы лауазым иелері халыққа есігін айқара ашып, олармен қоян қолтық жұмыс жасасын. Ең алдымен өздеріне мейрімділік қалыптастырсын,сонан халыққа мейрімділік жасап шыдайтын шыдамды болсын. Сөйтіп халықпен мемлекетті бірге етуге байланысты Елбсының тапсырмасын барлық басшылар орындап Халыққа да Елбасына да есеп беретін болсын.

Әрбір Министір бір айда халықпен кездесуге екі-ақ сағатын бөледі екен. Бұл масқара ғой!. Шындықты Елбасына жеткізбейді, кейбір саналы азаматтардың өзін кезіктірмейді, содан болып Халық пен Мемлекет ара байланысы нығаймай отырғанын да ойлану керек.

    Сұхбаттасқан: Бақытбек Қазымай

«Ата Жұрт» қоғамдық бірлестігінің Қазақстан

халқына ашық хаты

04.06.2018       Астана

Алғашында қазақ деген атау алмаса да халмыз сонау Нұқ пайғамбар заманынан жалғасып, бүгінге жетті.

Бізді қазақ болып қалыптаспаған сонау бағзы дәуірден бері сақ, ғұн тайпаларының ұрпағы ретінде әлем таниды. Алтай десе, кімнің де болмасын ойына Қазақ оралатын егіз ұғымға айналдық. Ал Шыңғысхан десе, кімнің де болмасын көкейінде Керей, Найман, Қоңырат тайпалары сайрап жатады. Өйткені Шыңғысханның аузына ас, астына тақ сыйлаған керейдің Тұғырыл ханын кім білмейді. Ғұндар патшасы Еділ (Атилла) бабамыз күллі Еуропаға қамшы үйіріп өзіне бағындырса, Томирис анамыз Парсының қанпезер патшасы Кирді қанға «тойғызғаны» әлем тарихында алтын әріппен жазылып қалды. Біз – адамзаттың алғашқы баспанасы кигіз үйдің шаңырағын көк аспанға көтерген халықпыз. Біз – әлем тарихында жылқыны қолға үйреткен, адам баласының аяғын үзеңгіге жеткізген ержүрек халықпыз. Сондықтан біз әлем таныған Ұлы дала елі, ұлы халық екеніміз анық. Құлдықтың құрсауында қалсақ та бәз бір ұлттай құрып кетпей, «мың өліп, мың тіріліп», арпаласып жүріп Аллаға шүкір, азаттыққа, Тәуелсіздікке қол жеткіздік. Сол тәуелсіздіктің небәрі 27 жылында аспайтын асуларды бағындырдық, екі ғасырлық өркеге жетіп, құлдық дәуірге кеткен есемізді қайтардық.

Енді осы орайда қазақ халқының болашағы қалай болмақ, Тәуелсіздігімізді қалай баянды етеміз,Елбасымыз көтеген Мәңгілік Ел идеясын жүзеге қалай асырамыз деген сауал зиялы қауымды еріксіз толғандырады. Өйткені өркениеттің өзі тудырған жаһандану заманы әлемді жаналқымнан алып тұр. Жаңадан құрылған, қарқынды дами бастаған ұсақ мемлекеттер түгіл сонау пайғамбар заманынан жалғасып келген Йемен, Сирия, Паластина сияқты елдердің өзі құрудың аз-ақ алдында тұр. Әлемнің барлық елдерін соғыс өрті жайлап, адамзат баласы өміріне қауіп төнуде. Бүкіл халықты имандай сендірген еркіндік, демократияның өзі қой терісін жамылған қасқыр екенін, әсіресе жаңадан құрылып, даму жолына түскен ұсақ елдердің халқын бір-біріне қарсы қою, іштен ірітіп, қоғамда анархихзм, бей-берекетсіздік пайда болдырып, ақыр соңын қырғын соғысқа айналдыру арқылы арандатушылар көздеген мақсатына жететін заман келді.

Ірі алпауыт елдер Қазақ елінің маңдайына біткен бағы жерінің байлығына қызығып, көз алартып отырғанын ешкім де жоққа шығармайды. Олар біздің халқымыздың айрандай ұйыған береке-бірлігіне ірткі салу, менталитіміздегі құлдық қоғам қалыптастырған алауыздық, бақталастық, күншілдікті пайдаланып, ішімізден іріту арқылы тәуелсіздігімізді жоюдың барлық айла-тәсілін қолданып бағуда. Арандатушылардың осындай құйтырқылығна қалай төтеп бермекпіз. Қазіргі қоғамдық беталысымызға қортынды жасасақ, бүгінгі әлемді жайлаған жаһандану үрдісі біздің елде де адамдардың қайырымдылық, мейірімділік қасиеттерін қатыгездікке айналдыра бастағаны ащы шындық. Ұлттық салт-дәстүр, құндылықтарымыз, ата-бабадан қалған асыл қасиеттеріміз аяқасты болып барады. Бастан кешкен бодандық, құлдық жүйе қазақ халқын мәңгүрттендіріп, адамдарын қатыгез ету бергісі болды. Қазіргі жүйе адамдарды, әсіресе жастарды таңнан кешке дейін құлақта құлаққап, қолда ұялы телефон, тіпті тамақ шіуден қалып, нағыз мәңгүртке айналды. Бұл ұлы әкесін, қызы шешесін аямайтын, адамдар бір-бірін құрметтемейтін, кішілері үлкендерді сыйламайтын нақты қатыгездік пайда болды. Мейірімді дінімізді дүмше сефаратистер лаңкетік қаруға айналдыруда. Қазақ тілі – қасиетті ана тіліміз, Тәуелсіз елдің Мемлекеттік тілі ретінде салтанат құра алмай келеді. Күллі мемлекет түгіл екі қазақ бір-бірімен қазақша сөйлесуді ар санайтын болды. Адамдар өзінің туған анасын, сүйген жарын, бауыр еті баласын айуандықпен пышақтап немесе өртеп өлтіру сияқты жан түршіктірелік қылмыстар белең алып барады. Халық арасында өсек-аяңға құмарлық күшейді. Тіпті елімді қалай бақытқа кенелтемін, тәуелсіздігімізді қалай баянды етемін деп жарғақ құлағы жастыққа тимей жүрген Елбасын жамандау етек алып бара жатқаны жасырын емес.

Біз бұл бағытпен кете берсек Мәңгілік Ел бола алмайтынымыз айдан анық. Осы алаңдаушылық Ата заңымызда айқындалған, Елбасымыз көтерген мейірімді қоғам, мейірімді Мемлекет құру идеясын іске асыратын бағдарлама, тұжырымдама әзірлеу қажет екен деген ойға жетелейді. Бұл ретте мейірімділік қайда, ол қалай қалыптаспақ деген сұрақ туындайтыны анық. Мейірімділік қазақ деген халықтың жүрегінде, ұлттық рухымызда, бабаларымыздың даналық философиясында жатқанына көзімізді жеткіздік.

Сондықтан бүгінгі өркениет биігіне қол созған Қазақ Елінде мейірімділіктің салтанат құру жолын өз кіндігімізден, ата-бабаларымыздан жалғасқан рухани құндылықтарымыздан, ділімізден, дінімізден іздеуді жөн деп көрдік. Қазақ Еліне мейірімді мелекет қалыптастыруды Бас Шаһарымыз Астана қаласынан бастаудың жүйелі тұжырымдамасын жасап, Үкіметке ұсынып отырмыз.Әрі қарай іске асыруға қазіргі адамдардың ой өрісі де, мемлекеттің экономикалық потенциялы да жетеді деп ойлаймыз.

Басшылардың жылы мейірімділігін, жылы қамқорлығын сезінген халықттың билікке, Елбасына деген сенім артып, шеттің арандатушы іс әрекетіне сенбейтін, оларға жол бермейтін болады. Мейірімділік – ол Алладан адамзатқа берілген ерекше қасиет. Ал еркіндік, демократия оның жоқ екенін, тек алдау-арбау арқылы ұсақ ұлттарды өзіне-өзін жойдырып отыратын нақты жексұрын саясат. Мейірімділік пен еркіндік, демократияның айырмашылығы жер мен көктей. Мейірімділік – ол Аллаға тән, жаратылыстың өзі мейірімділіктің арқасы. Ал қоғамды да мейірімділік қағидасымен дамытуға болады. Бұл Қазақ елінің негізгі ұстанымы болып қалыптасады.

Сол үшін:

Еліміз көлемінде балабақша тәрбиешісінен бастап аудан, облыс әкімдерін, министірлер, барлық саланың басшы лауазым иелерін дейін мейірімді ету арқылы халық пен мемлекеттің ара байланысын нығайтуды ұстанып отырмыз. Өйткені басшылар мейірімді болса, халыққа есігін айқара ашып, әрбір азаматты жылы қабылдап, қамқорлығына алса, қолынан келгеннің бәрін жасап, кезіккен адамдардың бәрін риза, хош етіп, қуантып қайтаратындай ізгі ниет жасап отырса, мелекет пен халықтың арасында ине өтетіндей кеңістік қалмайды. Сонда ғана қарапайым халық пен мемлекет бірге болып, қоғамда тыныштық орнайды. Билікке, Елбасына кінә тағып жала жаппайтын болады. Ішкі және сыртқы дұшпандарымыздың сағы сынып, мысы басылады. Халық қауесет, өсекке ермейді. Керісінше мемлекетін қорғап, аялайтын қайырымдылық сезім қалыптасып, халқымыз жасампаздыққа бет бұрады. Бұл қазақ елінің дамуының жаңа жолы, бағыт-бағдары болады. Адамдар бір-біріне мейірімді болып қалыптасқан жағдайда оның келешегі зор, ешбір үрейсіз, алаңсыз өмір сүріп, Елбасының Мәңгілік Ел құру идеясы толығынан іске асатын болады.

Басшылардың мейірімділігін, жылы алақанын, қамқорлығын сезінген халықтың билікке, Елбасына деген сенімі артып, шеттің жауыздық іс әрекетіне сенбейтін, жол бермейтін болады.

Сондықтан әлемді жайлаған әділетсіздіктен, бей-беректсіздіктен шығатын тың жол тек қана халқымызды мейірімге шақыру деп білеміз. Ол үшін:

  1. Біз үлгісін ұсынған «Астана қаласын әлемнің ең мейірімді қаласына айналдыру» концепциясын еліміздің парасатты зиялы қауымы ой елегінен өткізіп, біздің ұлттық бірегейлігімізді сақтап, Мәңгілік Ел болуға арналған Елбасы саясатын мейірімді қоғам ғана жүзеге асыра алатынын қарапайым халыққа түсіндіруге, жүзеге асыруға атсалысайық.
  2. Мейірімді қоғам құруға басты кедергі сан ғасыр бойы санамызға сіңген алауыздық, көралмастық, бақталастық, күншілдікті жоюды, Елбасына, Мемлекетке шынайы сенім артып, түрлі өсекке еруден бойымызды аулақ ұстап, жүрегімізді, ниетімізді тазартайық. Береке-бірлікке бекем болайық.
  3. Біздің Тәуелсіздігімізге қауіп төндіріп тұрған негізгі күш іш сырттың ел бірлігіне іріткі салушы сефаративтік арандатушы, күштері екенін терең түсініп, солардың жетегінде кетушілерді ортамызға қайтаруға, әрбір азамат үлес қосайық.
  4. Әрбір азамат Қазақ Елінің, киелі Қазақ жерінің нақты иесі екенін жүрегімен сезініп, оның тәуелсіздігін қорғауға қолынан келгеннің бәрін жасайтын ізгі ниет қалыптастырайық.
  5. Жаһанданудың ұлттық мүддемізге қайшы тұстарын аластаудың сыртында, әлемдік өркениет көшінен қалмай, әрбір азамат жаңа заманның жасампаз, салауатты мүшесі бола білейік.

 

«Тарихи атажұрт» қоғамдық бірлестігі

Facebook арқылы пікір жазыңыз

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды. Required fields are marked *

*